"Автокөлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 11 желтоқсан N 1612

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      "Автокөлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін. 

      Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі

                                                         жоба

                    Қазақстан Республикасының Заңы 
 
             Автокөлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық 
             жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы 

      Осы Заң автокөлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлігін мiндеттi сақтандырудан туындайтын қатынастарды реттейдi және оны жүргізудiң құқықтық, қаржылық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi. 

                     1-тарау. Жалпы ережелер 

         1-бап. Автокөлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық 
             жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы заңдар 

      1. Автокөлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру туралы заңдар Қазақстан Республикасының Азаматтық  K941000_ кодексiнен, "Сақтандыру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының  Z000126_ Заңынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. 
      2. Автокөлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудан (бұдан әрi - мiндеттi сақтандыру) туындайтын және өзге де заң актiлерiнiң қолданылу аясына қатысты қатынастар, осы Заңмен тiкелей реттелген қатынастарды қоспағанда, осы актiлермен реттеледi. 
      3. Осы Заң заңды және жеке тұлғалардың автокөлiк құралдарын пайдалануға байланысты азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн қосымша сақтандыруды ерiктi түрде жүзеге асыру құқығын шектемейдi. 

                  2-бап. Мiндетті сақтандыру объектiсi 

      Сақтандырылған адамның Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында көзделген мiндетiне байланысты күшейтiлген қатер көзi болып саналатын автокөлiк құралын пайдалану нәтижесiнде үшiншi тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеуге мүлiктiк мүддесi мiндетті сақтандыру объектiсi болып табылады. 

               3-бап. Мiндеттi сақтандырудың мақсаттары 
                       және негiзгі принциптерi 

      1. Мiндеттi сақтандыру автокөлiк құралдарын пайдалану нәтижесiнде өмiрiне, денсаулығына және мүлкiне зиян келтiрiлген үшiншi тұлғалардың мүлiктiк мүдделерiн қорғау мақсатында сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру арқылы жүзеге асырылады. 
      2. Мiндеттi сақтандырудың негізгі принциптерi мыналар: 
      зардап шеккендердiң мүлiктiк мүдделерiн осы Заңда көзделген тәртiппен және мөлшерде қорғауды қамтамасыз ету; 
      иесiнде мiндетті сақтандыру шарты болған жағдайда автокөлiк құралын пайдалану; 
      тараптардың мiндеттi сақтандыру шарты бойынша өз мiндеттемелерiн орындауын қамтамасыз ету. 

              4-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгі ұғымдар 

      Мiндеттi сақтандыру мақсаттары үшiн осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 
      автокөлiк құралы - басқа мемлекеттерде тiркелген және Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелiнгендерiн қоса алғанда Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiнiң жол полициясы органдарында мемлекеттiк тiркеуден өтетiн және есепке алынатын жеңiл, жүк автомобильдерi, автобустар, шағын автобустар және олардың негізiнде жасалған көлiк құралдары, мотокөлiк, өзi жүретiн және басқа да доңғалақты жол техникасы мен олардың тiркемелерi (жартылай тiркемелерi), сондай-ақ трамвайлар мен троллейбустар; 
      автокөлiк құралының иесi - автокөлiк құралына меншiк құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы, жедел басқару құқығы бар немесе кез келген басқа да заңды негiзде (мүлiктік жалдау шарты, автокөлiк құралын жүргiзуге сенiмхат, автокөлiк құралын беру туралы құзыреттi органдардың өкiмi және т.б.) иеленушi заңды немесе жеке тұлға; 
      пайда алушы - зардап шеккен болып танылған және осы Заң мен мiндеттi сақтандыру шартына сәйкес сақтандыру төлемiн алуға құқығы бар тұлға, сондай-ақ зардап шеккен адамға мiндеттi сақтандыру шартында көзделген сома шегiнде келтiрiлген зиянды дербес өтеген сақтанушы (сақтандырылған адам) немесе басқа да тұлға; 
      автокөлiк құралы иесiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгі - заңды және жеке тұлғалардың күшейтiлген қатер көзi саналатын автокөлік құралын пайдалануы нәтижесiнде үшiнші тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына немесе мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеуге Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарымен белгіленген мiндетi; 
      жол-көлiк оқиғасы - бiр немесе бiрнеше автокөлiк құралы қозғалысының, сондай-ақ автокөлiк құралынан бөлiнiп кеткен бөлшектер мен ондағы жүктiң қозғалысы нәтижесiнде туындаған, сөйтіп үшiншi тұлғаларға зиян келтiрiлген оқиға; 
      сақтандырылушы - азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi мiндетті сақтандыру шартын жасасу арқылы сақтандырылған автокөлiк құралының иесi; 
      кешендi шарт - сақтандыру шартында көрсетілген бiрнеше автокөлiк құралын пайдалануды жүзеге асырушы сақтандырылған жеке тұлғаға қатысты қолданылатын мiндетті сақтандыру шарты; 
      жолаушы - тасымалдаушымен тасымалдау шартын жасасқан жеке тұлға; 
      тасымалдаушы - жолаушылар мен олардың мүлкiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ақы үшiн немесе жалдау бойынша тасымалдауды жүзеге асыруға құқығы бар автокөлiк құралының иесi; 
      зардап шегушi - сақтандырылған автокөлiк құралын пайдалану нәтижесiнде өмiрiне, денсаулығына (жеке тұлға үшiн) немесе мүлкiне (заңды және жеке тұлға үшiн) зиян келтiрiлген тұлға; 
      стандартты шарт - сақтандыру шартында көрсетілген бiр автокөлiк құралын пайдалануды жүзеге асырушы бiр немесе бiрнеше сақтандырылған жеке, заңды тұлғаларға қатысты қолданылатын мiндеттi сақтандыру шарты; 
      сақтандырушы - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мiндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына тиiсті лицензиясы бар сақтандыру ұйымы; 
      сақтандыру оқиғасы - сақтандыру жағдайы ретiнде қаралуы мүмкiн және танылуы мүмкiн оқиға; 
      сақтандыру жағдайы - сақтандырылған адам автокөлiк құралын пайдалану нәтижесiнде зардап шеккен болып танылған тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеу жөнiнде сақтандырылған адамның азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталуы. 

               5-бап. Мiндетті сақтандыруға жататын тұлғалар 

      1. Мына тұлғалардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлігі мiндеттi сақтандыруға жатады: 
      1) автокөлiк құралдары иелерiнiң - өз қызметiн Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын заңды тұлғалардың; 
      2) автокөлiк құралдары иелерiнiң - Қазақстан Республикасының аумағында, Қазақстан Республикасында тiркелген автокөлiк құралдарын пайдаланатын Қазақстан Республикасының азаматтары сияқты шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар болып табылатын жеке тұлғалардың; 
      3) Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын, үшiншi тұлғалардың алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыру шарты болмаған жағдайда Қазақстан Республикасынан тыс жерде тiркелген, Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келетiн автокөлiк құралдары иелерiнiң. 
      2. Автокөлiк құралының иесi өзi пайдаланатын әрбiр автокөлiк құралы бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыруға мiндетті. 
      3. Автокөлiк құралы иесiнiң шет мемлекет пен Қазақстан Республикасы арасында жасалған халықаралық шарттың талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында танылатын үшiншi тұлғалар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгін сақтандыру шарты бар, осы мемлекетте тiркелген автокөлiк құралы Қазақстан Республикасының аумағына кiрген кезде мiндеттi сақтандыру шарты жасалмайды. 
      4. Қазақстан Республикасының Iшкі iстер министрлiгінiң жол полициясы органдарында тiркеуге және есепке алуға жатпайтын автокөлiк құралдарының иелерi (осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда) мiндеттi сақтандыру субъектілерi болып табылмайды. 
      Осы тармақта көрсетiлген көлiк иелерiнiң автокөлiк құралдарын пайдалану нәтижесiнде үшiншi тұлғаларға келтiрген зияны Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген тәртiппен өтеледi. 

              6-бап. Автокөлiк құралын мiндетті сақтандыру 
                  шартынсыз пайдалануға жол бермеу

     1. Иесi мiндетті сақтандыру шартын жасамаған автокөлiк құралын пайдалануға болмайды.
     2. Автокөлiк құралын жүргiзетiн тұлғаның мiндеттi сақтандырудың сақтандыру полисi болуы мiндеттi.
     3. Автокөлiк құралын мiндетті сақтандыру шартын жасаспай пайдалануды жүзеге асыратын автокөлiк құралының иесi Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы  кодексінде көзделген тәртiппен әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылады.

                   2-тарау. Мiндеттi сақтандыру шарты

       7-бап. Мiндеттi сақтандыру шарты және оны жасасу тәртiбi

      1. Мiндеттi сақтандыру шарты өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне күшейтiлген қатер көзi ретiндегi автокөлiк құралын пайдалану нәтижесiнде зиян келтiрiлуi мүмкiн үшiншi тұлғаның пайдасына сақтандырушы мен сақтанушының арасында жасалған келiсiм болып табылады. 
      Мiндетті сақтандыру сақтанушы мен сақтандырушы арасында жасалынатын шарт негізiнде жүзеге асырылады. 
      Сақтанушы сақтандырушыны таңдауға ерiктi. 
      Сақтандырушының сақтанушының мiндетті сақтандыру шартын жасауына қарсы болуға құқы жоқ. 
      2. Мiндетті сақтандыру шарттары стандартты және кешендi болып бөлiнедi. 
      3. Мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлеуге мiндеттенедi, ал сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде пайда алушыға осы Заңда көзделген тәртiппен және мөлшерде сақтандыру төлемiн жүзеге асыруға міндеттенедi. 
      4. Мiндетті сақтандыру шарты сақтанушының жазбаша өтiнiшi негiзiнде жасалады. Сақтандырушы сақтанушыдан осы Заңның талаптарына сәйкес мiндеттi сақтандыру шартына енгізу үшiн қажеттi мәлiметтер беруiн талап етуге құқылы. 
      5. Мiндетті сақтандыру шартын жасасу сақтандырушының сақтанушыға сақтандыру заңдарының талаптарына сәйкес ресiмделген сақтандыру полисiн беруiмен куәландырылады. 
      Сақтандыру полисi жоғалған жағдайда сақтандырушы сақтанушыға (сақтандырылған адамға) оның жазбаша өтiнiшi негізiнде сақтандыру полисiнiң көшiрмесiн беруге мiндетті. Мұндай жағдайда сақтандырушы сақтанушыдан (сақтандырылған адамнан) сақтандыру полисi бланкiсінің дайындау құнының және көшiрмесiн ресiмдеуге жұмсалған шығыстың өтелуiн талап етуге құқылы, бiрақ 0,1 айлық есептiк көрсеткiштен артық емес. 
      6. Сақтандыру полисiнде шарттың түрi (стандартты немесе кешендi түрi) көрсетiлуi тиiс. 
      Сақтандыру полисi бланкiсiнiң нысаны мен әзiрлеу тәртiбiне қойылатын талаптарды сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегі уәкiлетті мемлекеттiк орган белгілейдi (бұдан әрi - уәкiлетті мемлекеттік орган). 
      7. Сақтандырушы сақтанушыға осы Заңда көзделмеген сақтандыру сыйлықақысын төлеу жөнiндегі жеңiлдiктерден басқа неғұрлым пайдалы сақтандыру талаптарын ұсынуға құқылы. 

                       8-бап. Стандартты шарт 

      1. Стандартты шартта сақтандырылған адам (сақтандырылған адамдар) туралы және оны пайдаланған кезде қолданылатын автокөлiк құралы туралы мәлiметтер болуы тиiс. 
      2. Стандартты шарт шартта көрсетiлген автокөлiк құралын автокөлiк құралының иесi болып табылмайтын тұлға жүргізген жағдайда: 
      1) жеке тұлға автокөлiк құралының иесiмен - заңды тұлғамен (сақтандырылған адаммен) еңбек қатынастары негізiнде автокөлiк құралын жүргiзген кезде; 
      2) жеке тұлға автокөлiк құралының иесiмен - жеке тұлғаның (сақтандырылған адамның) қатысуымен оның ерiк бiлдiруi негізiнде, мәмiленi жазбаша түрде ресiмдемей-ақ автокөлiк құралын жүргiзген кезде қолданылады. 
      3. Сақтанушы шарт жасасқан кездегiдей, оның қолданылу мерзiмi iшiнде сақтандыру полисiнде сақтандырылған адам ретiнде автокөлiк құралының иелерi болып табылатын адамдардың бәрiн көрсетуге құқылы. 
      Қолданылып жүрген стандартты шарттың сақтандыру полисiне сақтандырылушы туралы деректерге өзгерiстер (толықтырулар) енгiзудi сақтандырушы сақтандырушының не бұл жағдайда сақтандырушы мәртебесiне ие болатын сақтандырылған адамның өтiнiшiнiң негiзiнде жүргізеді. 
      Сақтанушы болып табылатын сақтандырылған адам тек өзiнiң еркiн бiлдiру негiзiнде ғана ауыстырылады. 
      4. Осы баптың 3-тармағында көзделген сақтандырылған адам туралы деректерге өзгерiстер (толықтырулар) енгізу сақтандыру сыйлықақысын көбейтуге не азайтуға әкелiп соқтырған жағдайда сақтандырушы сақтандыру сыйлықақысының мөлшерiн осы Заңның талаптарына сәйкес қайта есептеуге және сақтанушыдан қосымша ақы төлеудi немесе сақтандырушының iс жүргізуге кеткен шығынын өтеудi ескере отырып сақтанушының артық төлеген ақша сомасын қайтаруды талап етуге мiндеттi. 

                           9-бап. Кешендi шарт 

      1. Кешендi шартта оны пайдалану кезiнде қолданылатын сақтандырылған адам туралы және автокөлiк құралы туралы мәліметтер болуы тиiс. 
      2. Кешендi шарт бойынша тек бiр автокөлiк құралының иесi - жеке тұлғаның жауапкершiлігі ғана сақтандырылуы мүмкiн. 
      Кешендi шартта оны пайдалану кезiнде қолданылатын небары үш автокөлiк құралын көрсетуге болады. 
      3. Кешендi шарт автокөлiк құралы иесiнiң (сақтандырылған адамның) қатысуымен, оның еркiн бiлдiруi негiзiнде, мәмiленi жазбаша түрде ресiмдемей-ақ жеке тұлға автокөлiк құралын жүргiзген жағдайда қолданылады. 

              10-бап. Мiндетті сақтандыру шартының қолданылуы 

      1. Мiндеттi сақтандыру шарты сақтанушы төлеуге тиiс барлық сақтандыру сыйлықақысын төлеген сәттен бастап күшiне енедi және тараптар үшiн мiндеттi болады. 
      2. Сақтандырушы сақтандыру шартында сақтандыру сыйлықақысының мәулетпен төленуiн көздеуге құқылы. Бұл ретте мiндетті сақтандыру шарты сақтанушының бiрiншi сақтандыру жарнасын төлеген сәтiнен бастап күшiне енедi және тараптар үшiн мiндеттi болады, ал сақтандырушы мiндетті сақтандыру шартының барлық қолданылу мерзiмi iшiнде сақтанушы алдында жауапты болады. Сақтанушының кезектi сақтандыру жарнасын төлемеуi сақтандырушы үшiн мiндетті сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын бұзуға негіздеме бола алмайды. 
      3. Мiндеттi сақтандыру шарты күшiне енгізiлген күннен бастап 12 ай мерзiмге жасалады. Автокөлiк құралы Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кiрген жағдайда мiндеттi сақтандыру шарты уақытша кiру мерзiмiне, бiрақ кемiнде бес күнге жасалады. 
      4. Қазақстан Республикасы жасаған халықаралық шартта басқаша көзделмеген болса, мiндетті сақтандыру шартының қолданылуы Қазақстан Республикасының аумағымен шектеледi. 

            11-бап. Мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуын 
                         мерзiмiнен бұрын тоқтату 

      1. Мiндеттi сақтандыру шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық  K941000_ кодексiнде көзделген жағдайларда мерзiмiнен бұрын тоқтатылады. 
      2. Мiндетті сақтандыру шарты сақтанушының (ал ол қайтыс болған жағдайда - оның мұрагерлерiнiң) жазбаша өтiнiшi негiзiнде тоқтатылуы мүмкiн. Өтінiшке сақтандыру полисi не оның көшiрмесi және мiндетті сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату үшiн негіздеме болып табылатын жағдайлар болғанын растайтын құжаттар қоса берiледi.
      3. Мiндетті сақтандыру шарты мерзiмiнен бұрын тоқтатылған кезде сақтанушы сақтандыру сыйлықақысының бiр бөлігін N 1 кестеге сәйкес қайтаруға құқылы. Сақтандырушының іс жүргiзуге жұмсаған шығыны ұсталынатын ақша мөлшерiне кiргiзiлген.

          N 1 кесте. Мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын
            тоқтатқан кезде сақтандырушының жылдық сақтандыру
             сыйлықақы сомасының бiр бөлігінен ұстау мөлшерi

Р/с!Мiндетті сақтандыру!  Ұсталыну  ! !Р/с!Мiндетті сақтандыру!  Ұсталыну
N !шарты күшiне енген !  мөлшері   ! ! N !шарты күшiне енген !  мөлшері
   !күннен бастап      !(процентпен)! !   !күннен бастап      !(процентпен)
   !мерзiмiнен бұрын   !            ! !   !мерзiмiнен бұрын   !
   !тоқтатылғанға дейiн!            ! !   !тоқтатылғанға дейiн!
   !өткен күндер саны  !            ! !   !өткен күндер саны  !

1 !         2         !     3      ! ! 1 !         2         !     3     

1            1               5          49       154-156            53
2            2               6          50       157-160            54
3            3-4             7          51       161-164            55
4            5-6             8          52       165-167            56
5            7-8             9          53       168-171            57
6            9-10            10         54       172-175            58
7            11-12           11         55       176-178            59
8            13-14           12         56       179-182            60
9            15-16           13         57       183-187            61
10           17-18           14         58       188-191            62
11           19-20           15         59       192-196            63
12           21-22           16         60       197-200            64
13           23-25           17         61       201-205            65
14           26-29           18         62       206-209            66
15           30-32           19         63       210-214            67
16           33-36           20         64       215-218            68
17           37-40           21         65       219-223            69
18           41-43           22         66       224-228            70
19           44-47           23         67       229-232            71
20           48-51           24         68       233-237            72
21           52-54           25         69       238-241            73
22           55-58           26         70       242-246            74
23           59-62           27         71       247-250            75
24           63-65           28         72       251-255            76
25           66-69           29         73       256-260            77
26           70-73           30         74       261-264            78
27           74-76           31         75       265-269            79
28           77-80           32         76       270-273            80
29           81-83           33         77       274-278            81
30           84-87           34         78       279-282            82
31           88-91           35         79       283-287            83
32           92-94           36         80       288-291            84
33           95-98           37         81       292-296            85
34           99-102          38         82       297-301            86
35           103-105         39         83       302-305            87
36           106-109         40         84       306-310            88
37           110-113         41         85       311-314            89
38           114-116         42         86       315-319            90
39           117-120         43         87       320-323            91
40           121-124         44         88       324-328            92
41           125-127         45         89       329-332            93
42           128-131         46         90       333-337            94
43           132-135         47         91       338-342            95
44           136-138         48         92       343-346            96
45           139-142         49         93       347-351            97
46           143-145         50         94       352-355            98
47           147-149         51         95       356-360            99
48           150-153         52         96       361-365           100
---------------------------------------------------------------------------            12-бап. Мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуын тоқтату

     1. Мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуы мынадай жағдайларда тоқтатылады:
     1) шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғанда;
     2) шарттың қолданылуы мерзiмiнен бұрын тоқтатылғанда;
      3) сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған бойда мөлшерi 100 айлық есептiк көрсеткiштен асқан сақтандыру төлемiн жүзеге асырғанда. 
     2. Сақтандыру төлемi жүзеге асырылған жағдайда сақтандырушы сақтандыру полисiн алуға тиiс, ал автокөлiк құралының иесi өзiнiң таңдауы бойынша жаңа кезеңге мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар кез келген сақтандырушыдан сақтандыруды жүзеге асыруға мiндетті (егер автокөлiк құралы жойылмаса). 

               13-бап. Сақтанушының құқықтары мен мiндеттерi 

      1. Сақтанушы: 
      1) сақтандырушыдан мiндеттi сақтандыру шарттарын, сақтандыру шарты бойынша өзiнiң құқықтары мен мiндеттерiн түсiндірудi талап етуге; 
      2) сақтандыру полисiн жоғалтып алған жағдайда оның көшiрмесiн алуға; 
      3) осы Заңның 19-бабында көзделген жағдайларда келтiрiлген зиянның мөлшерiн бағалау үшiн тәуелсiз сарапшы тартуға; 
      4) сақтандырушының немесе ол уәкiлеттiк берген сарапшының келтiрiлген зиянды бағалау деректерiмен және сақтандыру төлемiнiң мөлшерiне жасалған есебiмен танысуға; 
      5) мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын бұзуға; 
      6) сақтандырушының сақтандыру төлемiн жасаудан бас тарту немесе оның мөлшерiн азайту туралы шешiмiне заңдарда көзделген тәртiппен қарсы болуға құқылы. 
      2. Мiндетті сақтандыру шартында сақтанушының басқа да құқықтары көзделуi мүмкiн. 
      3. Сақтанушы: 
      1) сақтандыру сыйлықақысын мiндеттi сақтандыру шартында көзделген мөлшерде және тәртiппен төлеуге; 
      2) мiндеттi сақтандыру шартын жасаған кезде осы Заңның талаптарына сәйкес мiндеттi сақтандыру шартына кiргiзуге қажеттi мәлiметтердi сақтандырушыға хабарлауға; 
      3) сақтандыру оқиғасының басталғаны туралы белгiлi болғаннан бастап үш күннен кешiктiрмей өзiне қолайлы әдiспен (ауызша, жазбаша) бұл жөнiнде сақтандырушыға хабарлауға мiндетті. Сақтанушының дәлелдi себептермен көрсетiлген әрекеттердi орындауға мүмкiндiгi болмаған жағдайда, ол мұны құжаттар арқылы растауы тиiс; 
      4) сақтандыру оқиғасы туындаған жағдайда зиян мөлшерiнiң көбеюiне жол бермеу мүлiктi сақтау және зардап шеккен адамдарға көмек көрсету үшiн ықтимал шаралардың бәрiн қабылдауға; 
      5) сақтандыру оқиғасы туралы және зардап шеккен адамдар жайында тиiстi органдарға олардың құзыретiне қарай (жол полициясы және өртке қарсы қызмет органдарына, жедел медициналық жәрдем қызметiне, апатпен күрес қызметiне) хабарлауға мiндетті. 
      4. Сақтандыру оқиғасының басталуына байланысты туындаған сақтанушының мiндеттерi сақтандыру оқиғасы басталған кезде автокөлік құралын тiкелей жүргізушi адамға жүктеледi. 
      5. Зардап шеккен адам немесе басқа да мүдделi адам сақтандыру оқиғасының басталғаны туралы сақтандырушыға хабарлауға құқылы. 

             14-бап. Сақтандырушының құқықтары мен мiндеттерi 

      1. Сақтандырушы: 
      1) мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтанушыдан осы Заңның талаптарына сәйкес мiндеттi сақтандыру шартына енгізуге қажеттi мәлiметтер беруiн талап етуге; 
      2) құзыреттi органдардан сақтандыру жағдайының басталғанын және үшiншi тұлғаларға келтiрiлген зиянның мөлшерiн растайтын құжаттарды сұратуға; 
      3) мiндетті сақтандыру шартында көрсетiлген автокөлiк құралын пайдалану кезiнде сақтандырылған адам келтiрген зиянды өтеу туралы үшiншi тұлғалардың талап арыздары бойынша сақтандырылған адамның мүддесiн сотта қорғауға; 
      4) сақтандыру жағдайының басталуы салдарынан үшiншi тұлғаларға келтiрiлген зиянның мөлшерiн және сақтандыру төлемiн белгілеу үшiн тәуелсiз сарапшылардың есебiн пайдалануға; 
      5) келтірiлген зиянның мөлшерiн, себептерiн және сақтандыру жағдайы басталуының басқа да жағдайларын анықтау үшiн зардап шеккен адамның мүлкiн қарауға және зерттеуге; 
      6) осы Заңның 24-бабында көзделген жағдайларда келтiрiлген зиянға жауапты адамға керi талап қоюға; 
      7) осы Заңда көзделген негiздемелер бойынша сақтандыру төлемiн толық немесе iшiнара жүзеге асырудан бас тартуға құқылы. 
      2. Сақтандырушы: 
      1) сақтанушыны мiндеттi сақтандыру шарттарымен таныстыруға, мiндетті сақтандыру шартынан туындайтын құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiруге; 
      2) мiндеттi сақтандыру шартын жасағаннан кейiн сақтанушыға сақтандыру полисiн, ал оны жоғалтқан кезде - көшiрмесiн беруге; 
      3) стандартты шартты жасасқан кезде және оның қолданылу кезеңiнде сақтанушының тиiстi өтiнiшi негізiнде мiндеттi сақтандыру шартында көрсетiлген автокөлiк құралдарын пайдаланатын автокөлiк иелерiнiң бәрiн сақтандыру полисiне кiргізуге; 
      4) осы Заңның 17-бабының 1-тармағының бiрiншi бөлiгінде көрсетілген адамдарға сақтандыру сыйлықақыларын төлеу бойынша жеңiлдiк жасауға; 
      5) сақтандыру оқиғасы туралы хабар алған кезде оны тiркеуге және хабар алған кезден бастап жетi жұмыс күнi ішiнде бүлiнген (жойылған) мүлiктi қарап шығып, сақтандыру актісiн жасауға; 
      6) келтiрiлген зиянды бағалауға және сақтандыру төлемiнiң мөлшерiне есеп жасауға және оларды сақтанушыға (сақтандырылған адамға) және зардап шеккен адамға танысу үшiн ұсынуға; 
      7) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемiн осы Заңда көзделген мөлшерде, тәртiппен және мерзiмде жүзеге асыруға; 
      8) сақтанушыға (сақтандырылған адамға) және басқа адамға олардың сақтандыру жағдайында шығындарды азайту үшiн жұмсаған шығыстарын өтеуге; 
      9) сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге мiндетті. 
      3. Мiндеттi сақтандыру шартында сақтандырушының басқа да міндеттерi көзделуi мүмкiн. 

                  15-бап. Зардап шеккен адамның құқықтары 

      1. Зардап шеккен адам: 
      1) сақтанушының (сақтандырылған адамның) автокөлiк құралын пайдалану нәтижесiнде болған сақтандыру оқиғасының басталғаны туралы сақтандырушыға хабарлауға; 
      2) сақтанушының (сақтандырылған адамның) орнына сақтандыру төлемiн жүзеге асыру үшiн қажетті құжаттар жинап, оны сақтанушының (сақтандырылған адамның) мiндеттi сақтандыру шартын жасаған сақтандырушыға беруге, сақтандыру төлемiн осы Заңда белгiленген мөлшерде және тәртiппен алуға; 
      3) сақтандырушының немесе ол уәкiлеттік берген сарапшының келтiрiлген зиянды бағалау деректерiмен және сақтандыру төлемiнiң мөлшерiне жасалған есебiмен танысуға; 
      4) осы Заңның 19-бабында көзделген жағдайларда оның денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянның мөлшерiн бағалау үшiн тәуелсiз  сарапшыны тартуға;
      5) сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тарту немесе оның мөлшерiн азайту туралы шешiмiне заңдарда көзделген тәртiппен қарсы болуға;
      6) келтiрiлген зиян сомасы сақтандырушы жауапкершiлігінiң шектi көлемiнен асып кеткен жағдайда автокөлiк құралының иесiне келтiрiлген зиянға қосымша өтем жасау туралы талап қоюға құқылы.
      2. Зардап шеккен адам қайтыс болған жағдайда оның құқықтары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен мұрагерiне көшедi.

                   3-тарау. Сақтандыру сыйлықақылары

     16-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi

     1. Мiндеттi сақтандыруды жүзеге асырған кезде N 2 кестеде келтiрiлген бiр автокөлiк құралына арналған жылдық сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерi пайдаланылады.

               N 2 кесте. Бiр автокөлiк құралына арналған
                жылдық сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi
                    (айлық есептiк көрсеткiштермен)     

---------------------------------------------------------------------------
           Автокөлiк құралының түрi        !      Жылдық сақтандыру
                                           !   сыйлықақысының мөлшерi
                                           !-------------------------------
                                           ! жеке тұлға үшiн !    Заңды
                                           !                 ! тұлға, жеке
                                           !                 ! тұлға* үшiн
---------------------------------------------------------------------------
                    1                      !         2       !      3
---------------------------------------------------------------------------
1. Жеңiл автомобильдер және олардың 
негiзiнде жасалған қозғалтқыш көлемi 
мынадай автокөлiк құралдары:                        
1 200 текше см-ге дейiн                             1,5            3,0
1 200 - 1 600 текше см аралығында                   2,0            4,0
1 600 - 2000 текше см аралығында                    3,0            5,0
2000 - 2500 текше см аралығында                     5,0            7,0
2500 - 3500 текше см аралығында                     7,0            9,0
3 500 текше см-ден жоғары                           8,0           10,0
 
      2. Автобустар, шағын автобустар және 
олардың негізiнде жасалынған көлiк 
құралдары:
отыратын орны 20-ға дейiн                           5,0            6,0
Отыратын орны 20-дан көп                            6,0            7,0     

3. Жүк автомобильдерi және олардың 
негізiнде жасалған жүк көтергіш көлiк 
құралдары:
2 тоннаға дейiн                                     6,0            9,0
2 тоннадан жоғары                                   7,0           10,0     

4. Троллейбустар, трамвайлар                         -             7,0

5. Өзi жүретiн және басқа да
   пневможүрісті жол техникасы                      3,0            5,0

6. Мотокөлiк                                        1,0            1,0

7. Тiркемелер                                  Автокөлiк құралы тарифiнiң
                                               10 %-i

* жолаушылар тасу және жүк тасу бойынша кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырушы
жеке тұлға
---------------------------------------------------------------------------
      2. Мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан кезде төленуге тиiс сақтандыру  сыйлықақысын есептегенде, осы баптың 1-тармағында белгiленген жылдық сақтандыру сыйлықақыларына автокөлiк құралының тiркелген жерiне қарай N 3  кестеде келтiрiлген аумақтық коэффициенттер қолданылады.

                N 3 кесте. Аумақтық коэффициенттер мөлшерi
---------------------------------------------------------------------------
       Облыстың, республикалық       !    Аумақтық коэффициент мөлшерi 
      дәрежедегі қаланың атауы       ! (жылдық сақтандыру сыйлықақысының   
                                     !             мөлшерiне)
                                     !-------------------------------------
                                     !  Облыс орталығы,  !  Басқа қалалар
                                     !облыстық дәрежедегi!    және елдi
                                     !       қала        !    мекендер
---------------------------------------------------------------------------
                  1                  !         2         !        3
---------------------------------------------------------------------------
Батыс Қазақстан, Атырау, Қызылорда 
және Маңғыстау облыстары                      0,80               0,70

Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстары         0,85               0,75

Ақмола, Жамбыл, Қарағанды,                    0,90               0,80
Қостанай және Павлодар облыстары       

Оңтүстiк Қазақстан, Шығыс                     0,95               0,85
Қазақстан және Алматы облыстары         

Астана қаласы                                            1,0     

Алматы қаласы                                            1,1
---------------------------------------------------------------------------

     3. Мiндеттi сақтандыру шартын бiр жылдан аз мерзiмге жасасқан кезде (автокөлiк құралы Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келген жағдайда) N 4 кестеде келтiрiлген бiр автокөлiк құралына арналған сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерi пайдаланылады. Сақтандыру сыйлықақыларының бұл мөлшерi N 3 кестеде келтiрiлген аумақтық коэффициенттердiң мөлшерiн есепке алу мақсатында түзетiлмейдi.

             N 4 кесте. 12 айдан аз мерзiмге сақтандыру кезiнде
                      бір автокөлiк құралына арналған
                     сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi     

---------------------------------------------------------------------------
           Сақтандыру мерзiмi           !     Сақтандыру сыйлықақысының
                                        !    мөлшерi (жылдық сақтандыру
                                        !    сыйлықақысынан процентпен,
                                        !     аумақтық коэффициенттердi
                                        !           есептемегенде)
---------------------------------------------------------------------------
5 күн                                                    10
6-15 күн аралығында                                      15
1 айға дейiн                                             20
1 айдан 2 айға дейiн                                     30
2 айдан 3 айға дейiн                                     40
3 айдан 4 айға дейiн                                     50
4 айдан 5 айға дейiн                                     60
5 айдан 6 айға дейiн                                     70
6 айдан 7 айға дейiн                                     75
7 айдан 8 айға дейiн                                     80
8 айдан 9 айға дейiн                                     85
9 айдан 10 айға дейiн                                    90
10 айдан 11 айға дейiн                                   95
11 айдан асса                                           100
---------------------------------------------------------------------------

      4. Кешендi шарт бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi сақтандыру шартында көрсетілген бiр автокөлiк құралы үшiн белгiленген ең көп сақтандыру сыйлықақысымен белгiленедi. 
 
        17-бап. Сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерiн азайту және көбейту 

      1. Автокөлiк құралдарын әлеуметтiк қорғау органдары арқылы тегiн алған автокөлiк құралдарының иелерi, I және II топтағы мүгедектер, Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестірiлген адамдар стандартты шарт жасасу кезiнде осы Заңның 16-бабына сәйкес есептелген, төленуге тиiстi сақтандыру сыйлықақысының елу процентi мөлшерiнде сақтандыру сыйлықақысын төлейді. 
      Егер автокөлiк құралын аталған адамдар санатына жатқызылмаған басқа автокөлiк иелерi пайдаланатын болса, онда мiндетті сақтандыру аталған жеңiлдiк берiлмей жүзеге асырылады. 
      2. Егер сақтандыру полисiнде көрсетiлген автокөлiк құралының иесi осыған дейiнгі мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуы кезiнде оны пайдалану нәтижесiнде үшiншi тұлғаларға сақтандыру төлемiн жасауға әкелiп соқтырған зиян келтiрсе, сақтандырушы осы Заңның 16-бабына сәйкес есептелген сақтандыру сыйлықақысын өз мөлшерiмен 50 процентке дейiн көбейте алады. 
      Бұл тармақтың күшi осы баптың 1-тармағының бiрiншi азатжолында көрсетiлген автокөлiк құралдарының иелерiне қолданылмайды. 
      3. Сақтандырушы осы бапта көзделгеннен басқа негіздер бойынша төленуге тиiстi сақтандыру сыйлықақысының мөлшерiн азайтуға немесе көбейтуге тиiс емес. 

               4-тарау. Келтiрiлген зиянның және сақтандыру 
                        төлемiнiң мөлшерiн анықтау 

               18-бап. Келтiрiлген зиянның мөлшерiн анықтау 

      1. Yшiншi тұлғаның өмiрiне және денсаулығына келтiрiлген зиянның мөлшерi осы Заңға сәйкес медициналық ұйымдар берген құжаттар негізiнде айқындалады. 
      2. Мүлiк бүлiнген кезде келтiрiлген зиянның мөлшерi оның сақтандыру оқиғасы болғанға дейiнгi құны, мүлiктің тозуы ескерiле отырып, қалпына келтiру есебiне қарай айқындалады. 
      Қалпына келтiру құны сақтандыру оқиғасы болған кезде қолданылған орташа рыноктық құн мен тарифтердiң негізiнде анықталады. 
      3. Мүлiк жойылған кезде келтiрiлген зиянның мөлшерi сақтандыру оқиғасы болған күнгi мүлiктiң тозуын ескере отырып іс жүзiндегi құнына қарай анықталады. 
      Егер мүлiктi қалпына келтiру техникалық жағынан мүмкiн болмаса немесе экономикалық тұрғыдан негізделмесе мүлiк жойылған деп есептеледi. Мүлiктi қалпына келтiру кезiнде күтiлетін шығыстар (қалпына келтiру құны) мүлiктiң сақтандыру оқиғасы болған күнгі тозуын ескергенде мүлiктiң iс жүзiндегi құнының сексен процентiнен асып кетсе, мүлiктi қалпына келтiру экономикалық тұрғыдан негiзделмеген болып есептеледi. 
      4. Мүлiк бүлiнген кезде келтiрiлген зиян мөлшерiн сақтандырушы немесе ол тартқан сарапшы бүлiнген мүлiктi қалпына келтiруге жұмсалатын шығысты есептеу (калькуляция жасау), ал мүлiк жойылған жағдайда - сақтандыру оқиғасы болған күнгi тозуын есепке ала отырып iс жүзiндегi құнын растайтын құжаттар негiзiнде анықтайды. 
      Бұл деректер басқаша дәлелдей алатын сақтанушы (сақтандырылған адам) немесе зардап шеккен адам үшiн мiндетті емес деп саналады. 
      5. Мүлкiне зиян келтiрiлген зардап шеккен адам сақтандырушыға сақтандыру оқиғасы туралы хабарлағаннан кейiн жетi жұмыс күнi iшiнде осы мүлiкті сақтандыру оқиғасынан кейiнгi күйiнде сақтауға және оны сақтандырушының өкiлiне не сақтандырушы немесе сақтанушы (сақтандырылған адам) тартқан сарапшының қарауына жағдай жасауға мiндеттi. 

      19-бап. Келтiрiлген зиян мөлшерiн анықтаудың ерекше шарттары 

      1. Сақтанушы (сақтандырылған адам) немесе зардап шеккен адам мүлiкке келтiрiлген зиян мөлшерiне сақтандырушы немесе оның уәкiлеттік берген сарапшысы жасаған бағалау нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, ол зиянның мөлшерiн анықтау үшiн басқа сарапшы тартуға құқылы. Мұндайда егер сақтандырушы немесе сот осы есептеудi (сараптаманы) қабылдаған жағдайда сақтандыру төлемi жасалғандығына қарамастан қосымша сараптама жүргiзу бойынша келтiрiлген шығынды сақтандырушы өтеуi тиiс. 
      2. Егер сақтандырушы немесе ол тартқан сарапшы сақтандыру оқиғасы туралы хабарды алғаннан кейiн жетi күн iшiнде сақтандыру актiсiн жасай отырып және келтiрiлген зиянның мөлшерiн анықтай отырып, бүлiнген (жойылған) мүлiктi дұрыстап қарамаған болса, онда сақтанушы (сақтандырылған адам) немесе зардап шеккен адам бағалау қызметiн жүзеге асыру құқығы бар тұлғалардың қызметiн пайдалануға және содан кейiн барып мүлiктi қалпына келтiру (кәдеге жарату) жұмысын бастауға құқылы. Мұндай жағдайда сақтандырушы бүлiнген (жойылған) мүлiктi уақытында қараудың мүмкiн еместiгiн дәлелдi себептерге (осы мүлiк иесiнiң қайтыс болуы, науқастануы) байланысты екендiгін немесе сақтанушының (сақтандырылған адамның) немесе зардап шеккен адамның кiнәсi бар екендігін (мүлiктi қарауға беруден жалтаруы) дәлелдей алмаса, мүлiкке келтiрiлген зиян мөлшерiне дау айтуға құқығы жоқ.

     20-бап. Сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн анықтау

     1. Бiр сақтандыру жағдайы бойынша сақтандырушы жауапкершілiгінiң  шектi көлемi мынадай болады (айлық есептiк көрсеткiшпен):
     1) әрбiр зардап шеккен адамның өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн:
     қаза тапса                         - 600
     мүгедектiк белгіленсе I топ        - 500
                           II топ       - 400   
                           IІІ топ      - 300

      жалпы еңбекке жарамдылығын уақытша жоғалтса - амбулаториялық және (немесе) тұрақты емделуге жұмсалған нақты шығыс мөлшерiнде, бiрақ 200-ден аспайды; 
      2) зардап шеккен адамның мүлкiне келтiрiлген зиян үшiн - келтiрiлген зиян мөлшерiнде, бiрақ 400-ден аспайды, ал бiрнеше зардап шеккен адамның мүлкiне зиян келтiрiлген жағдайда - келтiрiлген зиян мөлшерiнде, бiрақ барлық зардап шеккен адамға 600-ден аспайды, сонымен қатар әрбiр зардап шеккен адамға сақтандыру төлемi оның мүлкiне келтiрiлген зиян деңгейiне қарай төленедi. 
      2. Сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн есептеу үшiн сақтандыру төлемi жасалған күнгі айлық есептiк көрсеткiш пайдаланылады. 
      3. Сақтандыру төлемi сомасына сақтанушы (сақтандырылған адам), автокөлiк құралын тiкелей жүргізушi адам және зардап шеккен адам шеккен зиянның мөлшерiн азайту және зардап шеккен адамдарды құтқару, бүлiнген (жойылған) мүлiктi сақтандыру оқиғасы болған жерден көшiру, оның қалдықтарын кәдеге жарату сақтанушы (сақтандырылған адам) немесе зардап шеккен адам тартқан тәуелсiз сарапшының қызметiне ақы төлеу жөнiндегi шаралар қабылдауға байланысты шығыстар және басқа да шығыстар қосымша кiргізiледi. Сақтандырушы көрсетiлген шығыстарды тiкелей зардап шеккен адамға өтейдi. 
      4. Автокөлiк құралдары иелерiнiң екеуiнiң де кiнәлi (екi жақ та кiнәлi) екенi анықталған сақтандыру оқиғасы болған жағдайда сақтандыру төлемiнiң мөлшерi олардың әрқайсысына келтiрiлген зиянның мөлшерiне қарай кiнәларының деңгейiне мөлшерлес етiп белгiленедi. 
      5. Келтiрiлген зиян сомасы осы Заңда белгіленген сақтандырушы жауапкершiлігінiң шектi көлемiнен асып кетсе, зардап шеккен адам келтiрiлген зиянды қосымша өтеу туралы заңдарда көзделген тәртiппен автокөлiк құралының иесiне тiкелей талап қоюға құқылы. 
      6. Зардап шеккен адам қайтыс болған жағдайда оның мұрагерлерi болмаған кезде сақтандырушы зардап шеккен адамды жерлеген адамға он бес еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде сақтандыру төлемiн төлейдi. 

      21-бап. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың жалпы талаптары 

      1. Сақтандырушыға сақтандыру төлемi туралы талапты сақтанушы (сақтандырылған адам) не зардап шеккен адам осындай талап қоюға негіз болып табылатын құжаттарды қоса жазбаша түрде бередi. 
      2. Сақтандыру төлемi туралы өтiнiшке мынадай құжаттар қоса берiледi: 
      1) сақтандыру полисi (оның көшiрмесi); 
      2) сақтандыру оқиғасы фактiсi (жол-көлiк оқиғасы) бойынша жол полициясы жасаған құжаттың көшiрмесi; 
      3) сақтандыру оқиғасын (жол-көлiк оқиғасын) тексеру (қарау) нәтижелерi бойынша уәкiлеттi орган, (лауазымды) тұлға шығаратын шешiмнiң (қаулының) көшiрмесi; 
      4) сақтандырылған адамды медициналық куәландырудың көшiрмесi; 
      5) зардап шеккен адамның еңбекке уақытша жарамсыздық мерзiмi туралы медицина мекемесi анықтамасының көшiрмесi немесе арнаулы мекеменiң зардап шеккен адамға мүгедектік белгілеу туралы анықтамасының көшiрмесi - ол мүгедек болып қалған жағдайда; 
      6) қайтыс болған жағдайда - зардап шеккен адамның өлгенi туралы куәлiктiң көшiрмесi және мұрагердiң мұраға құқығын растайтын құжаттың көшiрмесi; 
      7) тергеу және сот органдары құжаттарының көшiрмесi - (олар болған кезде); 
      8) зиянның мөлшерiне сақтанушы (сақтандырылған адам) немесе зардап шеккен адам тартқан тәуелсiз сарапшы жасаған бағалау бойынша құжаттар; 
      9) пайда алушының жеке басы куәлігінiң көшiрмесi (жеке тұлға үшiн) немесе заңды тұлғаның өкiлiне берiлген сенiмхаттың түпнұсқасы; 
      10) зиян мөлшерiн азайту және зардап шеккен адамды құтқару, бүлiнген (жойылған) мүлiктi сақтандыру оқиғасы болған жерден көшiру және оның қалдықтарын кәдеге жарату, тәуелсiз сарапшының қызметiне ақы төлеу жөнiнде шаралар қабылдауға байланысты шығыстарды және сақтанушы (сақтандырылған адам), автокөлiк құралын жүргiзген адам және зардап шеккен адам шеккен басқа да шығыстарды растайтын құжаттар - олар болған кезде; 
      11) сақтанушының (сақтандырылған адамның) немесе автокөлiк құралын жүргізушi адамның жүргізушi куәлiгiнiң көшiрмесi және оның осы автокөлiк құралын жүргiзуге құқығын растайтын құжаттың көшiрмесi. 
      Сақтандырушының сақтанушыдан (сақтандырылған адамнан) не зардап шеккен адамнан басқа қосымша құжаттарды талап етуiне тыйым салынады. 
      3. Құжаттарды қабылдаған сақтандырушы өтінiш берушiге ұсынылған құжаттардың толық тiзбесiн және оларды қабылдаған күндi көрсете отырып анықтама беруге мiндетті. 
      4. Сақтандырушы осы мүлiктiң тозуын ескере отырып сақтандыру оқиғасы болғанға дейiнгi, нақты құны мөлшерiнде сақтандыру төлемiн жасаған жағдайда мүлiкті немесе оның қалдығын алуға құқылы. 
      5. Зардап шеккен адамның өмiрiне және денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн сақтандыру төлемi оған немесе оның мұрагерлерiне жеке сақтандыру шарттары бойынша есептелген сомаға қарамай төленедi. 
      6. Зардап шеккен адамның қалауы бойынша сақтандыру сомасын оған денсаулығын және мүлiктi қалпына келтiру бойынша қызмет көрсеткен (көрсететiн) адамға тiкелей төлеуге болады. 
      7. Сақтандырушы сақтандыру төлемiн жүзеге асыру талаптарының бiрi ретiнде пайда алушының сақтандырушыға талап қою құқығын шектейтiн мiндеттеме беруiн талап етуге тиiс емес. 
      8. Келтiрiлген зиянды өзi өтеген сақтанушыға (сақтандырылған адамға) пайда алушының сақтандыру төлемiн алу құқығына байланысты құқықтары мен мiндеттерi көшедi. 

      22-бап. Сақтандыру төлемiн жүзеге асыру тәртiбi 

      1. Сақтандырушы сақтандыру төлемiн осы Заңның 21-бабында көзделген құжаттарды алған күннен бастап жетi жұмыс күнi ішiнде төлейдi. 
      2. Сақтандыру төлемiнiң мөлшерiне қатысты мiндеттi сақтандыру шартына қатысушы тараптар немесе зардап шеккен адам қарсы болған жағдайда сақтандырушы сақтандыру төлемiн осы баптың 1-тармағында көзделген мерзiмде көрсетiлген адамдардың бiрде-бiрi қарсы болмаған мөлшерде төлеуге мiндеттi. 
      3. Сақтандыру төлемiнiң қарсылық болған бөлігін сақтандырушы бітiм келiсiмiне қол қойылған күннен не осы дау бойынша соттың шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап жетi жұмыс күнi ішiнде төлеуi тиiс. Қарсылық болған бөлiгi бойынша сақтандыру төлемiнiң мөлшерi осы тармақта көрсетiлген құжаттарда белгiленедi. 
      4. Егер талап қою мерзiмi iшiнде сақтандыру жағдайына әкеп соққан оқиға нәтижесiнде зардап шеккен адамның алған жарақаты салдарынан үш жыл ішiнде денсаулығы нашарлай бастаса (мүгедектiкке душар болса немесе мүгедектiктiң неғұрлым жоғары тобы белгiленетін болса) не өлiп кетсе, онда сақтандырушы өтiнiштiң және тиiстi құжаттардың негізiнде бұрын төленген соманы есепке ала отырып, осы Заңда белгіленген мөлшерде және тәртiппен сақтандыру төлемi сомасына қайта есептеу жүргізуге мiндеттi. 
      5. Егер зардап шеккен адам автокөлiк құралын мiндеттi сақтандыру шартын жасамай пайдаланушы болса, онда сақтандырушы осы автокөлiк иесi заңдарда белгiленген айыппұлды төлегеннен кейiн сақтандыру төлемiн жасайды. 

      23-бап. Бiрнеше адам зиян келтiрген кездегі сақтандыру төлемi 

      Иелерiнiң мiндеттi сақтандыру шарттары бар бiрнеше автокөлiк құралдары зиян келтiрген кезде пайда алушы сақтандыру төлемiн олардың әрқайсысынан жеке алуға құқылы. Әрбiр сақтандырушы сақтандыру төлемiн осы Заңда белгіленген жауапкершілiк көлемi шегінде және жауапкершiлiгi сақтандырылған сақтанушы кiнәсiнiң дәрежесiне тең жүзеге асырады (кiнәнiң дәрежесi анықталмаған кезде - бiрігіп). Мұндай жағдайда барлық сақтандырушылар жасаған сақтандыру төлемiнiң жалпы сомасы зардап шеккен адамға келтiрiлген нақты зиян мөлшерiнен және әрбiр сақтандырушы үшiн көзделген жауапкершілiктiң шектi көлемiнен аспауы тиiс. 

      24-бап. Керi талап қою (суброгация) құқығы 

      1. Мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемiн жүзеге асыратын сақтандырушыға төленген сома шегінде келтiрiлген зиян үшiн жауапты адамға керi талап қою құқығы мынадай жағдайларда көшедi: 
      1) сақтандырылған адамның азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi оның қасақана ойының салдарынан немесе автокөлiк құралын алкогольдiң, есiрткiнiң немесе токсикоманиялық мас болу салдарынан мас күйiнде жүргiзген кезде басталса; 
      2) автокөлiк құралын жүргiзушi адам автокөлiк құралын жүргiзуге құқығы болмаса; 
      3) сот талқылауы барысында сақтандыру оқиғасы сақтандырылған адам бiлген және бiлуi тиiс болған автокөлiк құралының техникалық ақауы салдарынан болғаны анықталса; 
      4) сақтанушы (сақтандырылған адам) сақтандыру жағдайынан болған шығындарды азайту жөнiндегi шараларды қасақана қолданбаса. 
      2. Егер осы баптың 1-тармағында атап көрсетiлген жағдайларда келтiрiлген зиянға кiнәлi адам автокөлiк құралын оның иесiмен еңбек қатынасына орай пайдаланса немесе оның иесiнiң қатысуымен мәмiленi жазбаша түрде ресiмдемей пайдаланса, онда керi талап осы автокөлiк құралының иесiне қойылады. 
      3. Егер сот тәртiбiмен сақтандыру жағдайы жол қозғалысы кезiнде жолдың, көшенiң қанағаттанғысыз жай-күйiнiң немесе басқа да кедергілердiң салдарынан болса, онда автокөлiк құралы иесiнiң осындай жағдайдың пайда болуына кiнәлi тұлғаға талап қою құқығы мiндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемiн жүзеге асыратын сақтандырушыға көшедi. 

      25-бап. Сақтандыру төлемiн уақтылы жасамағаны үшiн 
              сақтандырушының жауапкершiлiгі 

      Сақтандырушы сақтандыру төлемiн уақтылы жасамаған жағдайда Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 353-бабында белгіленген мөлшерде және тәртiппен пайда алушыға тұрақсыздық айыбын төлеуге мiндеттi. 

      26-бап. Сақтандыру төлемiнен бас тарту 

      1. Сақтандырушы мынадай жағдайларда сақтандыру төлемiн толық немесе iшiнара төлеуден бас тартуға құқылы: 
      1) сақтандырушы (сақтандырылған адам) автокөлiк құралын жарыстарға, сынауларға пайдаланғанда немесе осыған арнайы белгіленген орындарда көлiк жүргізудi үйреткен кезде зиян келсе; 
      2) зардап шеккен адамның көне және бiрегей заттар, қымбат металдардан, асыл, жартылай асыл және жасанды тастардан жасалған бұйымдар, дiни табыну заттары, коллекциялар, картиналар, қолжазбалар, ақша, бағалы қағаздар түрiндегi мүлкiне зиян келсе; 
      3) зардап шеккен адамның қажеттi қорғану және шұғыл қажеттiлiк жағдайында жасалған iс-әрекеттерiн қоспағанда сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына ықпал ететiн қасақана әрекеттерi; 
      4) ядролық жарылыс, радиация немесе радиоактивтiк улану әсерi; 
      5) әскери қимылдар; 
      6) азаматтық соғыс, түрлi сипаттағы халық толқулары, жаппай тәртiпсiздiк немесе ереуiлдер; 
      7) сақтандыру полисiнде көрсетiлген автокөлiк құралында жолаушы ретiнде отырған адамның өмiрiне, денсаулығына немесе мүлкiне, егер оны тасымалдаушы болып табылатын көлiк иесi жолаушылар тасымалдау үшiн пайдаланғанда зиян келсе; 
      8) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталуы туралы хабарламау немесе уақтылы хабарламау. 
      2. Бүлiнген мүлiктi пайдаланудың мүмкiн еместiгiне және мүлiктiң тауар құнының жойылуына байланысты шеккен зиянды, сондай-ақ зардап шеккен адамның тауар әкелу немесе жұмыс жасау (қызмет көрсету) мерзiмiн, оның келiсiм-шарттар (шарттар) бойынша өзге де мiндеттемелердi бұзуына байланысты шығындарды (айыппұлды тұрақсыздық айыбын) қоса алғанда сақтандырылған адамның зардап шеккен адамның моральдық шығыны мен ала алмаған пайдасының орнын толтыра алмайды. 
      3. Осы баптың 1-тармағында көзделген сақтандыру төлемiн толық немесе ішiнара төлеуден бас тарту үшiн негіздер болған жағдайда сақтандырушы себебi көрсетiлген тиiстi жазбаша хабарламаны сақтандыру төлемi туралы талап қойған адамға талап ұсынылған күннен бастап жетi жұмыс күнi ішiнде жiберуге мiндеттi. 
      4. Егер мұның дәлелдi себептерге байланысты екендігі дәлелденсе және сақтандыру жағдайын зардап шеккен адамның өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiрiлгендiгi туралы фактінi растайтын тиiстi құжаттар ұсынылса, сондай-ақ бүлiнген (жойылған) мүлiк сақтандыру оқиғасынан кейiнгi күйiнде қарау үшiн ұсынылған болса, сақтандыру жағдайының басталғаны туралы сақтандырушыға уақтылы хабарламау сақтандыру төлемiнен бас тарту үшiн негіз бола алмайды. 
      5. Мiндеттi сақтандыру шартының тараптары немесе зардап шеккен адам арасындағы сақтандыру төлемiнiң мөлшерiне қатысты даулардың болуы сақтандыру төлемiнен бас тарту үшiн негіз бола алмайды. Мұндай даулар болған жағдайда сақтандырушы осы Заңның 22-бабында көзделген тәртiппен сақтандыру төлемiн жасауға мiндетті.
      6. Сақтандырушының сақтандыру төлемiн жасаудан бас тартуына сақтанушы (сақтандырылған адам) немесе зардап шеккен адам сотқа шағым беруi мүмкiн.

                5-тарау. Мiндеттi сақтандыру саласындағы                   
                           мемлекеттік реттеу

     27-бап. Мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру
             құқығына лицензия

      1. Мiндетті сақтандыру заңдарында белгіленген тәртiппен мiндеттi  сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алған сақтандырушы жүзеге асырады.
      2. Сақтандырушыға лицензия беру талаптары мен тәртiбi уәкiлетті мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленедi. 
 
        28-бап. Мiндеттi сақтандыру жүйесiнiң қызметiн қамтамасыз ету 

      1. Мiндеттi сақтандыру жүйесiнiң қызметiн қамтамасыз етуге осы Заң талаптарының орындалуына бақылау жасау, ақпараттық қамтамасыз ету және мiндетті сақтандыруды жүзеге асыруға қатысатын барлық тұлғалардың өзара iс-қимылы жатады. 
      2. Осы Заңның автокөлiк құралының иесiмен мiндеттi сақтандыру шартын жасау мiндеттiлiгiне қатысты талаптарының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң жол полициясы органдарына жүктеледi. 
      3. Құжаттарды тексеру кезiнде жол полициясы органдарының қызметкерлерi автокөлiк құралын жүргiзушiден мiндеттi сақтандырудың сақтандыру полисiн көрсетудi талап етуге мiндеттi. 
      4. Сақтандыру полисiн көрсетпеген жағдайда Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі жол полициясы органдарының қызметкерлерi заң бұзушыға заңдарда көзделген шараларды қолдануға мiндетті. 
      5. Иесi мiндеттi сақтандыру шартын жасамаған автокөлiк құралы тiркеуден, қайта тiркеуден және мемлекеттік техникалық байқаудан өткiзiлмейді.
      6. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң жол полициясы  органдары және прокуратуралар, соттар, медициналық мекемелер, сақтандыру оқиғасы және оның зардаптары туралы ақпараты бар басқа да органдар мен ұйымдар сақтандырушы сұраған жағдайда мұндай ақпаратты тегiн беруге мiндетті.

               6-тарау. Қорытынды және ауыспалы ережелер

     29-бап. Халықаралық шарттар туралы

     Егер Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық  шартта осы Заңда көзделгеннен басқа ережелер белгіленген болса, онда халықаралық шартты қолдану үшiн заң шығару талап етiлетiн жағдайлардан басқа, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

     30-бап. Дауларды қарау тәртiбi

     Мiндеттi сақтандыру шартынан туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен шешiледi.     

     31-бап. Осы Заңды күшіне енгізу туралы     

     Осы Заң 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.     

     Қазақстан Республикасының
            Президенті     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады