Түрік Республикасынан патрондар импорты туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 13 желтоқсан N 1630

      Қазақстан Республикасының "Экспорттық бақылау туралы" Z960009_ 1996 жылғы 18 маусымдағы және "Кеден ісі туралы" 1995 жылғы 20 шілдедегі Z952368_ Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне өтеусіз көмек көрсету шеңберінде Түрік Республикасынан 12,7 мм калибрлі саны 5000 дана патрон (СЭҚ ТН коды 930630300) импортына рұқсат етілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне осы қаулының 1-тармағында көрсетілген патрондардың импортына лицензия берсін.
      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден

 

комитеті Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген

тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген патрондардың импортына

кедендік бақылауды қамтамасыз етсін.

     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының

Экономика және сауда министрлігіне жүктелсін.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі




Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады