Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 маусымдағы N 880 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 13 желтоқсан N 1631

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Мемлекеттік мүлікті басқарудың және жекешелендірудің тиімділігін арттырудың 2001-2002 жылдарға арналған салалық бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 маусымдағы N 880 P010880_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 24-25, 300-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті басқарудың және

 

жекешелендірудің тиімділігін арттырудың 2001-2002 жылдарға арналған

салалық бағдарламасында:

     "Бағдарламаны іске асыру жөніндегі 2001 жылға арналған іс-шаралар

жоспары" деген 8-бөлімде:

     "Нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру" деген 1-тарауда:

     реттік нөмірі 1.4.-жолда:

     "Орындау мерзімі" деген бағандағы "3" деген сан "4" деген санмен

ауыстырылсын.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады