Қазақстан Республикасының "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2000 жылғы 22 желтоқсандағы Z000131_ Заңына, "Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің қаражатын пайдаланудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 қыркүйектегі N 1408 P991408_ қаулысына сәйкес және Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысушыларға материалдық және моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шығарылған сот шешімдерін орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне сот шешімдері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің, орталық мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің міндеттемелерін өтеуге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген резервінен қосымшаға сәйкес сот шешімдерін орындау үшін 852500
(сегіз жүз елу екі мың бес жүз) теңге бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың
мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 14 желтоқсандағы
N 1637 қаулысына
қосымша
Азаматтық істер бойынша
орындалуға жататын сот шешімдерінің тізбесі
---------------------------------------------------------------------------
Р/с! Сот органының ! 1986 жылғы ! Моральдық және ! Мемлекеттік
N ! атауы !оқиғаларға қатысқан! материалдық ! баж (теңге)
! ! ақталғандардың ! зиянды өтеу !
! ! Т.А.Ә. ! сомасы (теңге) !
---------------------------------------------------------------------------
1. Астана қаласы Х.Қ. Қожахметов 77 500 -
Алматы аудандық
сотының 2001 ж.
31.07. шешімі
2. Астана қаласы Е.Ә. Декелбаев 77 500 -
Сарыарқа аудандық
сотының 2001 ж.
19.07. шешімі
3. Павлодар қалалық Б.Ж. Иманқожаев 77 500 -
соты Ақсу сот
учаскесінің 2001 ж.
10.08. шешімі
4. Қарағанды қаласы Қ.Ә. Рахметов 77 500 -
Совет аудандық
сотының 2000 ж.
06.12. шешімі
5. Алматы қаласы Г.Б. Мұстафина 77 500 -
Бостандық аудандық
сотының 2001 ж.
05.06. шешімі
6. Қызылорда қалалық Ә. Сабыров 77 500 -
сотының 2001 ж.
22.06. шешімі
Қызылорда облыстық
сотының 2001 ж.
25.07. ұйғарымы
7. Оңтүстік Қазақстан М.Ж. Шекербеков 77 500 -
облысы Шымкент
қалалық сотының
2001 ж. 21.05.
шешімі
8. Астана қаласы Р.Д. Өтепбергенова 77 500 -
Алматы аудандық
сотының 2001 ж.
07.05. шешімі
Астана қаласы
сотының 2001 ж.
26.06. ұйғарымы
9. Алматы қаласының Қ.М. Иманбаева 77 500 -
Әуезов аудандық (Еспенбетова)
соты Ақсай сот
учаскесінің 2000 ж.
01.12. шешімі
10. Астана қаласы Г.Т. Катранова 77 500 -
Сарыарқа аудандық
сотының 2001 ж.
26.09. шешімі
11. Қызылорда қалалық Г. Ибраев 77 500 -
сотының 2001 ж.
04.07. шешімі
Қызылорда облыстық
сотының 2001 ж.
25.07. ұйғарымы
Жиыны 852 500 -
Жалпы сомасы 852 500
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.