Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгі мен Қырғыз Республикасының Қорғаныс министрлiгi арасында Әскери бiлiм беру саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм жасасу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 15 желтоқсан N 1641

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi мен Қырғыз Республикасының Қорғаныс министрлiгi арасындағы Әскери бiлiм беру саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi тиiстi келiссөздер

 

жүргiзсiн және қағидатты сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге

рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi мен

Қырғыз Республикасының Қорғаныс министрлiгi арасында Әскери бiлiм беру

саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм жасассын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



        Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгі мен Қырғыз

      Республикасының Қорғаныс министрлігі арасындағы Әскери бiлiм

               беру саласындағы ынтымақтастық туралы

                            КЕЛIСIМ



 
       Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi мен Қырғыз Республикасының Қорғаныс министрлiгi,
      Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының арасындағы әскери саладағы ынтымақтастық туралы 1997 жылғы 8 сәуiрдегi шарттың ережелерiн негiзге ала отырып,
      әскери бiлiм беру саласындағы ынтымақтастықты дамытуға екi жақты ұмтылыстарын бiлдiре отырып,
      мыналар туралы келiстi:
 
                                1-бап
 
      Тараптар әскери қызметшiлердi өз мемлекеттерiнiң әскери оқу орындарында даярлау мүмкiндiктерiн қамтамасыз етедi.
      Күнтiзбелiк жылдың бiрiншi ақпанына дейiн түскен сұраныстар негiзiнде Тараптардың уәкiлеттi органдары әскери оқу орындарының атаулары, мамандықтар тiзiлiмi, дайындық шарттары, оқу мерзiмi және оқуға жiберiлетiн әскери қызметшiлер саны айқындалған әскери кадрлар даярлау жоспарын жасайды.
 
                                2-бап
 
      Әскери қызметшiлер оларға жiберушi Тарап ұсынған өлшемдер бойынша iрiктеп алынады. Әскери қызметшiлердi қабылдау Тарап мемлекетiнiң әскери оқу орындарына тiркеу жiберушi Тараптың ұсынуы бойынша жүргiзiледi.
 
                                3-бап
 
      Жiберушi Тараптың әскери қызметшiлерiн оқыту және ұстау жөнiндегi шығыстарды қосымша келiсiммен белгiленген тарифтер бойынша өтейді.
      Қабылдаушы Тарап жiберушi Тарап мемлекетiнiң оқып жүрген әскери қызметшiлерiн олардың әскери оқу орындарындағы оқуымен байланысты емес және оқып жүргендердiң мiндеттерiн орындау шегінен шығып кететiн мiндеттердi орындауға тартпайтын болады.
      Қабылдаушы Тарап жiберушi Тараппен келiсе отырып сабақты үлгiрмеу, денсаулық жағдайы немесе тәртiптiк жазалану себептерi бойынша оқып жүрген әскери қызметшiлердiң дайындық процесiн мерзiмiнен бұрын тоқтатуы мүмкiн.
      Қабылдаушы Тарап мемлекетiнiң әскери оқу орнын бiтiрген әскери қызметшiлерге Тараптар өзара танитын тиiстi құжаттар берiледi.
 
                               4-бап
 
      Қабылдаушы Тарап мемлекетiнiң әскери оқу орындарында оқып жүрген жiберушi Тарап мемлекетiнiң әскери қызметшiлерi оларда белгiленген тәртiптi, сондай-ақ қабылдаушы Тараптың жалпы әскери жарғысының ережелерiн жiберушi Тараптың жалпы әскери жарғыларының ережелерiне қайшы келмейтiн бөлiгiнде сақтауға тиiстi.
      Жiберушi Тарап мемлекетiнiң әскери қызметшiлерi құқық бұзушылық жасалған кезде қабылдаушы Тарап мемлекетiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес жауапты болады.
 
                              5-бап
 
      Тараптар сот жүргiзу және құқықтық көмек мәселелерi бойынша мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:
      жiберушi Тарап мемлекетiнiң әскери қызметшiсi құқық бұзушылық жасаған кезде ол қабылдаушы Тарап мемлекетiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес жауапты болады;
      тұтқындау, ұстау, басқа да сот iсiн жүргiзу әрекеттерi кезiнде, сондай-ақ құқықтық көмек көрсету кезiнде қабылдаушы Тарап ұлттық заңнамасына және Азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы 1993 жылғы 22 қаңтардағы конвенцияны басшылыққа алады.
 
                               6-бап
 
      Егер қабылдаушы Тарап мемлекетiнiң мүлкiне жiберушi Тарап мемлекетінің оқып жүрген әскери қызметшісінің кінәсінен залал келтірілсе немесе жоғалып кетсе, жіберуші Тарап Тараптардың уәкілетті өкілдері жасаған және қол қойған актілер негізінде сол мүлікті қалпына келтіру үшін қажетті соманың орнын толтырады.
 
                               7-бап
 
      Оқитын әскери қызметшiлер қабылдаушы Тарап мемлекетiнiң Қарулы Күштерi жүйесiнде бар, қабылдаушы Тараптың тиiстi тұлғалар санаты үшiн көзделген әлеуметтiк қызметтер мен жеңiлдiктердi пайдаланады.
      Қабылдаушы Тарап жiберушi Тараптың оқитын әскери қызметшiлерiн стипендиямен қамтамасыз етедi.
      Жiберушi Тарап мемлекетiнiң әскери қызметшiлерiне арналған стипендиялар көлемi қабылдаушы Тарап мемлекетiнiң әскери қызметшiлерiне арналғанынан кем емес көлемде белгiленедi.
      Қабылдаушы Тарап мемлекетiнiң стипендиясының көлемi жiберушi Тарап мемлекетiнiң стипендиясының көлемiнен төмен болған жағдайда, жiберушi Тарап мемлекетiнiң стипендиясының көлемi негiзге алынады.
 
                               8-бап
 
      Тараптар қабылдаушы Тараптың кiнәсiнен болмаған әскери қызметшiге немесе оның отбасы мүшесiне келтiрiлген дене зақымына немесе қайтыс болуына байланысты бiр-бiрiне барлық талап қоюлардан бас тартады. Мұндай жағдайда жәбiрленушi, оның туыстары немесе қандай да бiр үшiншi адам қоюы мүмкiн барлық талаптар бойынша жiберушi Тарап жауапкер болады.

 

     Оқитын әскери қызметшi немесе оның отбасы мүшелерi қаза тапқан

жағдайда қабылдаушы Тарап бұл туралы жiберушi Тарапқа дереу хабарлайды

және марқұмды жiберушi Тарап мемлекетiнiң аумағына жеткiзуде өтеусiз

жәрдем көрсетедi.


                              9-бап


     Осы Келiсiмдi қолдануға және түсiндiруге байланысты барлық даулар мен

келiспеушiлiктердi Тараптар келiссөздер және консультациялар арқылы

шешетiн болады.


                              10-бап


     Тараптардың бiрде бiрi осы Келiсiмнен туындайтын өзiнiң құқықтары мен

мiндеттерiн екiншi Тараптың жазбаша келiсiмiнсiз үшiншi Тарапқа бере

алмайды.


                               11-бап


     Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге өзгерiстер мен

толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн, олар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiктерi

болып табылатын жекелеген хаттамалармен ресiмделедi.


                               12-бап



 
       Осы Келiсiм қол қойылған сәтiнен бастап күшiне енедi және белгiсiз

 

мерзiмге жасалады. Осы Келiсiм, Тараптардың бiрi осы Келiсiмнiң қолданысын

тоқтату ниетi туралы екiншi Тарапқа жазбаша хабарлаған күннен бастап алты

ай өткенге дейiн күшiнде қалады.


     _____________ қаласында 20____ жылғы "___" _______ әрқайсысы қазақ,

қырғыз және орыс тiлдерiнде екi түпнұсқа данада жасалды және де барлық

мәтiндердiң күшi бiрдей.

     Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде келiспеушiлiк туындаған

жағдайда Тараптар орыс тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады.


     Қазақстан Республикасының           Қырғыз Республикасының

     Қорғаныс министрлігі үшін          Қорғаныс министрлігі үшін




Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады