Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Америка Құрама Штаттарының Үкiметi арасында мемлекеттiк әуе кемелерiнен алынатын алымдар туралы келiсiм және Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Америка Құрама Штаттарының Yкiметi арасында әуе қатынасы туралы келiсiм жасасу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 15 желтоқсан N 1647

      Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы үкiметаралық диалогты дамыту және нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған:
      Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Америка Құрама Штаттарының Үкiметi арасындағы мемлекеттiк әуе кемелерiнен алынатын алымдар туралы келiсiмнiң;
      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Америка Құрама Штаттарының

 

Үкiметi арасындағы әуе қатынасы туралы келiсiмнiң жобалары мақұлдансын.

     2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi американ

тарапымен келiссөздер жүргiзсiн және уағдаластыққа қол жеткiзiлгеннен

кейiн, келiсiмдер жобаларына қағидатты сипаты жоқ өзгерiстер мен

толықтырулар енгiзуге жол бере отырып, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң

атынан көрсетiлген келiсiмдердi жасассын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


                                                Қазақстандық жоба


             ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ YКIМЕТI МЕН АМЕРИКА

           ҚҰРАМА ШТАТТАРЫ YКIМЕТIНIҢ АРАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТIК

            ӘУЕ КЕМЕЛЕРIНЕН АЛЫНАТЫН АЛЫМДАР ТУРАЛЫ КЕЛIСIМ


     Бұдан әрi "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Yкiметi

мен Америка Құрама Штаттарының Yкiметi,


 
       екi Тараптың арасындағы қатынастардың кеңейетiндiгiн және тереңдейтiндiгiн, үкiметаралық диалог және әртүрлi салалардағы байланыстар едәуiр жиi және қарқынды сипат алатындығын, ал Тараптар жүзеге асыратын ұшулар саны ұлғаятындығын мойындай отырып,
      әрi Тараптардың арасындағы мемлекеттiк әуе кемелерiнiң авиарейстердi орындау тәртiбi туралы уағдаластықтың бар екендiгi алымдарды төлеуге қатысты мәселелердi реттеуге мүмкiндiк беретiндiгiн мойындай отырып,
      төмендегiлер туралы келiстi:
 
                               1-бап
 
      Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн мынадай терминдер:
      а) "Келiсiм" - осы Келiсiм, оған Қосымшалар, осы Келiсiмнiң 5-бабының ережелерiне сәйкес қабылданған оған толықтырулар мен өзгерiстердi;
      б) "алымдар" - әуеайлақтық (ұшу/қону, тұрақ) және аэронавигациялық қызметтер үшiн өндiрiлiп алынатын алымдарды;
      в) "мемлекеттiк әуе кемесi" - бортында осы Келiсiмнiң І және II қосымшаларына сәйкес ресми тұлғалар бар, сондай-ақ егер осы Келiсiмде өзгесi белгiленбесе Қазақстан Республикасына Америка Құрама Штаттары Yкiметiнiң жәрдемдесу бағдарламасы шеңберiнде Қазақстан Республикасына гуманитарлық, экономикалық және техникалық көмектi тасымалдауды жүзеге асыратын мемлекеттiк әуе кемесiнiң рейсiн бiлдiредi.
 
                               2-бап
 
      Осы Келiсiм рейстердi жүзеге асыру мақсатында дипломатиялық рұқсатты Тараптардың бiрi сұраған және екiншi Тарап берген мемлекеттiк әуе кемелерiнiң рейстерiне қолданылатын болады. Тараптардың ешқайсысы екiншi Тараптан, егер олар мемлекеттiк мақсатта пайдаланбаса немесе кез келген коммерциялық қызметтi жүзеге асырса, мемлекеттiк әуе кемелерiнiң рейстерi үшiн дипломатиялық рұқсат сұрамайды.
 
                               3-бап
 
      1. Бiр Тарап мемлекетiнiң мемлекеттiк әуе кемелерiнiң рейстеріне қонуы/ұшуы, тұруы үшiн алымдар және екiншi Тараптың мемлекеттiк меншiк нысаны бар әуеайлақтарында III және IV қосымшаларға сәйкес аэронавигациялық қызметтер үшiн алымдар алынбайды.
      2. Тарап екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағындағы әуе айлақтарында оның мемлекеттiк әуе кемелерi сұраған және нақты көрсетiлген қызметтердiң құнын төлейдi.
      3. Тараптар бортында V және VI қосымшаларға сәйкес ресми тұлғалар бар мемлекеттiк әуе кемелерiнiң өз аумақтары арқылы транзитi үшiн аэронавигациялық алымдардан босатылады.
      4. Айрықша жағдайларда Тараптардың сыртқысаяси ведомстволары екiншi Тараптың мемлекеттiк әуе кемелерiн осындай шешiмдердi өзара егжей-тегжейлi дәлелдеп, өз аумақтары арқылы транзит үшiн аэронавигациялық алымдардан босату туралы бiр мезгiлде шешiм қабылдайтын болады.
      5. Тараптардың бiрi әуе кеңiстiгiн пайдалануға сұраныс жасаған кезде Тараптар әуе кемесiнiң түрi, тiркеу нөмiрi, радиошақыруы, ұшу түрi, жолаушылар/жүктер бар екендiгi және санаты, жолаушылар/жүктердi жөнелту және жеткiзу пунктi туралы, Қазақстан Республикасына Америка Құрама Штаттары Yкiметiнiң жәрдемдесу бағдарламасы шеңберiндегi жүк жағдайында - көмектi жөнелтушi және қабылдаушы, күнi, толық бағыты, ұшу бағытындағы авиатрассаларды, Тараптардың әуе кеңiстiгiне/кеңiстiгiнен кiру/шығу нүктелерiн мiндеттi түрде көрсетiп, қозғалыс кестесi, навигациялық және байланыс жабдығының түрі, бортта қарудың, оқ-дәрiлердiң, фотоаппараттың, экипаж туралы мәлiметтiң бар екенi туралы ақпарат беруi тиiс.
      6. Тараптардың әуе кеңiстiгiн пайдаланушылар осы Келiсiмнiң 5-тармағында белгiленген нысан бойынша және мемлекеттiк әуе кемесiнiң ұшуына дейiн кем дегенде 24 сағат мерзiмде әуе кеңiстiгiн пайдалануға сұраныс жiберуi тиiс.
 
                          4-бап
 
      1. Осы Келiсiмнiң ережелерi ұшу/қону, тоқтап тұру немесе қонбай ұшу немесе Тараптар арасында жасалған басқа келiсiмдерде көзделген осы тәрiздi алымдар алу мемлекеттiк әуе кемелерiне көрсетiлген аэронавигациялық қызметтер үшiн алынатын алымдарға тарамайды.
      2. Осы Келiсiм Тараптардың Чикагода 1944 жылғы 7 желтоқсанда жасалған

 

Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияда көзделген құқықтары мен

мiндеттемелерiн қозғамайды.


                         5-бап


     Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге осы Келiсiмнiң

ажырамас бөлiгi болып табылатын жекелеген хаттамалармен ресiмделетiн

өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.


                         6-бап


     Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру немесе қолдану кезiнде даулар мен

түсiнiспеушiлiктер туындаған жағдайда Тараптар оларды консультациялар мен

келiссөздер арқылы шешетiн болады.


                         7-бап



 
       Осы Келiсiм белгiсiз мерзiмге жасалды, бiрақ оның қолданылуы кез келген Тарап екiншi Тарапты дипломатиялық арналар бойынша жазбаша хабарлау арқылы тоқтатылуы мүмкiн. Осы Келiсiмнiң қолданылуы осындай хабар алынған күннен бастап 12 ай өткеннен кейiн тоқтатылады.
 
                          8-бап
 

 

     Осы Келiсiм қол қойылған сәттен бастап уақытша қолданылады және

Тараптар оның күшiне енуi үшiн қажет мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны

туралы соңғы жазбаша хабар алынған күннен бастап күшiне енедi.            

     ____________ қаласында _______ жылғы "___"______________ екi

түпнұсқалық данада, әрқайсысы қазақ, ағылшын және орыс тiлдерiнде жасалды,

әрi барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.

     Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде түсiнiспеушiлiктер туындаған

жағдайда Тараптар ағылшын тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады.


     Қазақстан Республикасының                Америка Құрама

           Yкiметi үшiн                  Штаттарының Yкiметi үшiн


          Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Америка Құрама

             Штаттары Yкiметiнiң арасындағы мемлекеттiк әуе

              кемелерiнен алынатын алымдар туралы келiсiмге

                               I ҚОСЫМША


     Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Америка Құрама Штаттары

Yкiметiнiң арасындағы мемлекеттік әуе кемелерiнен алынатын алымдар туралы

келiсiмнiң 1-бабының в) тармағы мақсатында Қазақстан Республикасының ресми

тұлғалары:

     1) Президент;

     2) Премьер-Министр;

     3) Парламент палаталары мен комитеттерiнiң төрағалары;

     4) Мемлекеттiк Хатшы;

     5) Жоғарғы Сот төрағасы және мүшелерi;

     6) Yкiмет мүшелерi мен республикалық деңгейдегi мемлекеттік

ведомстволардың бiрiншi басшылары;

     7) Бас прокурор;

     8) Қауiпсiздiк Кеңесiнiң Хатшысы;

     9) ҰҚК төрағасы.


          Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Америка Құрама

             Штаттары Yкiметiнiң арасындағы мемлекеттiк әуе

              кемелерiнен алынатын алымдар туралы келiсiмге

                               ІІ ҚОСЫМША


     Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Америка Құрама Штаттары

Yкiметiнiң арасындағы мемлекеттiк әуе кемелерiнен алынатын алымдар туралы

келiсiмнiң 1-бабының в) тармағы мақсатында Америка Құрама Штаттарының

ресми тұлғалары:

     1) Президент;

     2) Вице-Президент;

     3) Конгресс палаталары, комитеттерi және шағын комитеттерiнiң

төрағалары;

     4) Жоғарғы Сот төрағасы және мүшелерi;

     5) Yкiмет мүшелерi және федералдық деңгейдегi мемлекеттiк

ведомстволардың бiрiншi басшылары;

     6) Президенттiң ұлттық қауiпсiздiк мәселелерi жөнiндегi кеңесшiсi;

     7) Жоғарғы әскери басшылығы, оның iшiнде Қазақстан Республикасына

Америка Құрама Штаттары Yкiметiнiң жәрдемдесу бағдарламасы шеңберiнде

Қазақстан Республикасының аумағында өткiзiлетiн бейбiт жаттығуларға қатысу

үшiн Қазақстан Республикасына келгендер;

     8) Ішкi қауiпсiздiк агенттiгiнiң директоры;

     9) ФБР директоры;

     10) ЦРУ директоры;

     11) Президенттiң, Мемлекеттiк Хатшының аумақтық саясат мәселелерi

жөнiндегi арнайы өкiлдерi;

     12) АҚШ-тың Жаңа тәуелсiз мемлекеттерге жәрдемдесу бағдарламасының

үйлестiрушiсi.


          Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Америка Құрама

             Штаттары Yкiметiнiң арасындағы мемлекеттiк әуе

              кемелерiнен алынатын алымдар туралы келiсiмге

                               ІІI ҚОСЫМША


     Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Америка Құрама Штаттары

Yкiметiнiң арасындағы мемлекеттiк әуе кемелерiнен алынатын алымдар туралы

келiсiмнiң 3-бабының 1-тармағы мақсатында мемлекеттік меншiк нысаны бар

Қазақстан Республикасының әуежайлары:

     1) Астана қаласының әуежайы;

     2) Талдықорған қаласының әуежайы;

     3) Боралдай қаласының әуежайы;

     4) Ақтөбе қаласының әуежайы болып табылады.


          Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Америка Құрама

             Штаттары Yкiметiнiң арасындағы мемлекеттiк әуе

              кемелерiнен алынатын алымдар туралы келiсiмге

                               IV ҚОСЫМША


     Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Америка Құрама Штаттары

Yкiметiнiң арасындағы мемлекеттiк әуе кемелерiнен алынатын алымдар туралы

келiсiмнiң 3-бабының 1-тармағы мақсатында мемлекеттiк меншiк нысаны бар

Америка Құрама Штаттарының әуежайлары болып табылады.


          Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Америка Құрама

             Штаттары Yкiметiнiң арасындағы мемлекеттiк әуе

              кемелерiнен алынатын алымдар туралы келiсiмге

                               V ҚОСЫМША


     Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Америка Құрама Штаттары

Yкiметiнiң арасындағы мемлекеттiк әуе кемелерiнен алынатын алымдар туралы

келiсiмнiң 3-бабының 3-тармағы мақсатында Қазақстан Республикасының ресми

тұлғалары:

     1) Президент;

     2) Премьер-Министр;

     3) Парламент палаталарының төрағалары;

     4) Мемлекеттiк Хатшы;

     5) Сыртқы iстер министрi.


          Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Америка Құрама

             Штаттары Yкiметiнiң арасындағы мемлекеттiк әуе

              кемелерiнен алынатын алымдар туралы келiсiмге

                               VІ ҚОСЫМША


     Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Америка Құрама Штаттары

Yкiметiнiң арасындағы мемлекеттiк әуе кемелерiнен алынатын алымдар туралы

келiсiмнiң 3-бабының 3-тармағы мақсатында Америка Құрама Штаттарының ресми

тұлғалары:

     1) Президент;

     2) Вице-Президент;

     3) Конгресс палаталарының төрағалары;

     4) Мемлекеттiк Хатшы;

     5) Президенттiң ұлттық қауiпсiздiк мәселелерi жөнiндегi кеңесшiсi.


                 Қазақстан Республикасының Yкiметi мен

            Америка Құрама Штаттары Yкiметiнiң арасындағы

                         әуе қатынастары туралы

                               келiсiмi


     Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Америка Құрама Штаттары

Yкiметi, бұдан әрi "Тараптар" деп аталатын,


 
       1944 жылғы 7 желтоқсанда Чикагода қол қою үшiн ашылған халықаралық

 

азаматтық авиация туралы Конвенция қатысушылары бола отырып,

     Тараптардың және олардың шегiнiң тысындағы тиiстi мемлекеттер

арасындағы әуе қатынастарын бекiту мақсатында аталған Конвенцияға қосымша

Келiсiм жасасуға ниет бiлдiрiп,

     халықаралық әуе тасымалдаулары кезiнде ұшу қауiпсiздiгi мен

авиациялық қауiпсiздiктiң жоғары деңгейiн қамтамасыз етуге ниет бiлдiрiп,

     төмендегi жайлар туралы келiстi:


                         1-бап

                       Анықтамалар


     Осы Келiсiм мақсатында:


 
       а) "Конвенция" деген термин 1944 жылғы 7 желтоқсанда Чикагода қол қою үшiн ашылған халықаралық азаматтық авиация туралы Конвенцияны бiлдiредi және осы Конвенцияның 90-бабына сәйкес қабылданған барлық Қосымшалары және осы Конвенцияның 90 және 94-баптарына сәйкес, Қосымшаның және Конвенцияның халықаралық азаматтық авиация туралы барлық өзгерiстерiн қосады;
      б) "Келiсiм" деген термин осы Келiсiмдi, оған Қосымшаны осы Келiсiмнiң 19-бабына сәйкес қабылданған Келiсiмге және Қосымшаға енгiзiлген барлық өзгерiстерiн бiлдiредi;
      в) "авиациялық билiк" деген термин Қазақстан Тарапынан - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi, ал Америка Құрама Штаттары Тарапынан - _____________________, немесе екi жақтан да аталған өкiметтермен орындалатын қызметтердi жүзеге асыратын заңды уәкiлеттi кез келген басқа орган. Авиациялық өкiметтердiң ресми атаулары өзгерген жағдайда, тараптар дипломатиялық каналдар бойынша бiр-бiрiне дереу хабарлайды;
      г) "аумақ", "әуе қатынастары", "халықаралық әуе қатынастары", "авиакәсiпорын" және "коммерциялық емес мақсаттардағы аялдама" деген терминдер 2 және 96-баптарда белгiленген мағыналарды бiлдiредi;
      д) "тағайындалған авиакәсіпорын" деген термин осы Келiсiмнің 3 және 4 баптарына сәйкес ұшуды орындауға тағайындалған және рұқсат алған авиакәсiпорынды бiлдiредi;
      е) "келiсiлген желiлер" деген термин осы Келiсiмнiң Қосымшасында бекiтiлген бағыттары бойынша жолаушыларды, жүктердi және почтаны, бөлек немесе аралас тасымалдау үшiн реттеулi әуе кемелерiн бiлдiредi;
      ж) "тариф" деген термин жолаушыларды, теңдеме жүктi және жүктi тасымалдау үшiн төленетiн бағаларды және агенттiк және басқа қосымша қызметтер үшiн бағалар мен жағдайларды қосқанда, бiрақ почтаны тасымалдау үшiн төлеулер мен жағдайларды алып тастағанда осы бағалар қолданылатын жағдайларды бiлдiредi;
      з) "әуе кемесiнiң ауысымдары" деген термин бағыт учаскесiнің бiреуi бағыт учаскесiнiң басқасы қызмет көрсететiн әуе кемесiнен сиымдылық бойынша ерекшелiк тағайындалған авиакәсіпорынның келiсiлген желiлерінің бiрiн пайдалануды бiлдiредi;
      и) "әуе кемесiнiң жабдықтары", "жердегi жабдықтар", "борттық қорлар", "қосалқы бөлшектер" деген терминдер Конвенцияның 9 Қосымшасында белгiленген мағыналарды бiлдiредi;
      к) "алымдар" деген термин әуежайды, аэронавигацияның құралдарын

 

пайдалануға берілгенi үшiн және басқа қызметтер көрсеткенi үшiн

авиакәсiпорыннан алынатын алымдарды бiлдiредi;

     л) "рампалық тексерiс" деген термин бортта және әуе кемесiнiң сыртқы

бөлiгiн, әуе кемесiнiң iшкi жағдайын, оның құрал-жабдықтарын басқа жақтың

уәкiлеттi өкiлдерiмен тексеруiн бiлдiредi;

     м) "Қосымша" деген термин осы Келiсiмнiң 18-бабының 2-тармақшасының

қағидаларына сәйкес белгiленген түзетулерiн қоса осы Келiсiмге енгiзiлген

барлық қосымшаларды бiлдiредi. Қосымша осы Келiсiмнiң бөлiнбейтiн бөлiгiн

құрайды.


                         2-бап

                      Құқықтар беру



 
       1. Әрбiр Тарап басқа Тарапқа халықаралық әуе қатынастарын тағайындалған авиакәсiпорындармен орындау үшiн келесi құқықтарды бередi:
      а) өз мемлекетiнiң аймағы арқылы қондырусыз ұшуды жүзеге асыруға;
      б) өз мемлекетiнің аймағында коммерциялық емес мақсатта аялдамалар жасауға;
      в) әрқайсысын бөлек және барлығын бiрге алғанда, бекiтiлген бағыттың кез келген пунктiнде жолаушыларды, теңдеме жүктi, жүктi және почтаны бортқа алу және борттан түсiру мақсатында, өз мемлекетiнiң аумағында аялдама жасауға.
      2. Осы Баптың 1 тармақшасындағы ешқандайда қағидасы бiр Тарап мемлекеті тағайындаған авиакәсіпорындарына басқа Тарап мемлекетiнiң аумағында жалға алу бойынша немесе сый ақы үшiн тасымалданатын және басқа Тарап мемлекетi аумағындағы басқа пункттер үшiн тағайындалған жолаушыларды, теңдеме жүктi, жүктi және почтаны бортқа алу басымдылығына ие болуы туралы қағидадай қаралмайды.
 
                          3-бап
                Ұшуды орындауға тағайындау
 
      1. Әрбiр Тарап Басқа Тарапты хабардар етiп, Қосымшада бекiтiлген бағыттар бойынша халықаралық әуе қатынастарын орындау үшiн бiр не болмаса бiрнеше авиакәсіпорындарды тағайындау құқы бар.
      2. Әрбiр Тарап басқа Тарапты дипломатиялық каналдар бойынша хабардар етiп авиакәсiпорынды тағайындауды тоқтатып, басқа авиакәсiпорын тағайындауға құқы бар.
 
                          4-бап
               Ұшуды орындауға рұқсат алу
 
      1. Осы Келiсiмнiң 3 Бабына сәйкес, бiр Тараппен авиакәсіпорынның тағайындалуы туралы хабар алғаннан кейін, басқа Тарап мемлекетiнiң авиациялық өкiметтерi, өз мемлекетінің заңдарына сәйкес осы авиакәсiпорындарға олар тағайындалған келiсiлген желiлерде пайдалануы үшiн тиiстi рұқсаттарды кiдiртпей бередi.
      2. Осындай рұқсаттарды алғаннан кейiн Тарап авиакәсiпорындары кез келген уақытта келiсiлген желiлердi толық немесе жартылай пайдалануды авиакәсіпорындар осы Келiсiм қағидаларына сәйкес және осы Келiсiмнiң 13 Бабының қағидаларына сәйкес тарифтер бекiтiлу жағдайлары ескеріле отырып бастай алады.
 
                          5-бап
           Ұшуды орындауға рұқсаттарының әрекетiнің
                   күшiн жою немесе тоқтату
 
      1. Бiр Тарап мемлекетiнің авиациялық өкiметтерi осы Келiсiмнiң 4 Бабында аталып өткен басқа Тараппен тағайындалған авиакәсіпорынға қатысты рұқсаттардың әрекетiн тоқтату, жою не болмаса уақытша немесе тұрақты негiзiнде қажет деп тапқан жайларды жоюға немесе оларды орындауды талап ету құқына ие болады, егер:
      а) осы авиакәсiпорындар өз мемлекетiнiң заңдарында бекiтiлген талаптарды, сондай-ақ осы авиациялық өкiметтердiң Конвенцияға сәйкес халықаралық әуе кемелерiн әдеттегiдей және ақылға сай пайдаланылатын қағидаларын орындамағанда;
      б) осы Келiсiмде бекiтiлген ұшулардың талаптарын авиакәсiпорындар

 

орындамағанда;

     в) авиакәсiпорындардың тiркелгенi немесе олардың негiзгi қызмет орны

басқа Тарап мемлекетiнiң аумағында орналасқандығы жайында дәлелдемелерi

болмаса, сондай-ақ басқа Тарап мемлекетiнiң авиациялық өкiметiмен берілген

пайдаланушының қолданыстағы Куәлiгi болмағанда.

     2. Егер жоғарыда аталған кiдiріссiз әрекеттер заңдарды бұзушылықты

алдын алу үшiн қажет болып табылмайтын болса, осы Баптың 1 тармақшасында

көрсетiлген құқықтар осы Келiсiмнiң 17 Бабына сәйкес кеңес алғаннан кейiн

қолданылады.


                         6-бап

                    Заңдарды қолдану



 
       1. Халықаралық әуе навигациясында немесе осындай әуе кемесiн пайдалану мен навигация әрекетiндегi әуе кемесiнiң рұқсаттары, орныққан жерi және мемлекет аумағынан жөнелтiлуi қатысты бiр Тарап мемлекетiнiң заңдары кiру, шығу және аталған аумақ шегiнен тыс болған кезең кезiнде басқа Тарап мемлекетiнiң тағайындалған авиакәсiпорындарымен сақталады.
      2. Кiруге, кедендiк тазалауға, транзитке, иммиграцияға, төлқұжаттық бақылауға, кедендiк бақылауға, валюталық реттеуге, санитарлық бақылауға және карантинге қатысты бiр Тарап мемлекетiнiң заңдары басқа Тарап мемлекетi тағайындаған авиакәсiпорындарымен сақталады және экипаждарға, жолаушыларға, жүктерге және почтаға қатысты немесе олардың атынан транзит, кiру, шығу кезiнде және осындай Тарап мемлекетiнiң аумағында болу кезiнде сақталады.
      Тарап аумағы арқылы тiкелей транзитпен баратын және осындай мақсатқа арналған әуежай аумағынан кетпейтiн жолаушылар, теңдеме жүк, жүк, почта зорлық актiлерiне қарсы қауiпсiздiк шараларын қамтамасыз ету жағдайларынан басқа жеңiлдетiлген бақылауларға әкелiп соғады.
      3. Бiр де бiр Тарап осы Баптың 1 және 2 тармақшасында белгiленген қағидаларын қолдануда немесе әуежайларды, әуе жолдарын, әуе қозғалысы қызметтерiн және Тарап мемлекетiнiң авиациялық өкіметтерiнiң бақылауындағы оларға қатысты құрал-жабдықтарды пайдалануда халықаралық әуе қатынастарында әрекеттенген басқа Тарап мемлекетiнiң авиакәсiпорындары алдында жеке немесе басқа авиакәсiпорындарға артықшылық бермейдi.
 
                          7-бап
          Куәлiктер, анықтамалар және ұшу қауiпсiздiгi
 
      1. Бiр Тараппен қолданыстағы берiлген немесе танылған және әрекет мерзiмi бiтпеген ұшу жарамдығы туралы куәлiк, бiлiктiлiк пен куәлану туралы куәлiк, осындай куәландырулар мен куәлiктердің сәйкес қолданыста берiлген әрi танылған және Конвенцияда бекiтiлген стандарттарға сәйкес болған жағдайында Қосымшада бекiтiлген бағыттар бойынша келiсiлген желiлердi пайдалану мақсатында басқа Тараппен танылатын болады.
      Әрбiр Тарап өз мемлекетi аумағы үстiнен ұшуға қатысты, басқа Тарап мемлекетiнiң азаматтарымен берiлген бiлiктiлiгi мен куәландыру туралы куәлiктердi танудан бас тарту құқын сақтайды.
      2. Егер осы Баптың 1 тармағында көрсетiлген куәлiктер мен куәландырулар бекiтілген Конвенция стандарттарынан ерекшеленетiн қолданыстағы талаптарға сәйкес берiлген немесе танылған болса, және егер мұндай ерекшелiк Халықаралық авиациялық ұйымдарында тiркелген болса, басқа Тарап мемлекетiнің авиациялық билiгi осы мәселе бойынша қойылған талаптардың олар үшiн тиiмдi болатынына куәлану мақсатында осы Келiсiмнiң 17 Бабына сәйкес консультация өткiзiлуiн сұрай алады.
 
                          8-Бап
                 Авиациялық қауiпсiздiк
 
      1. Бiр бiрiне қатысты алынған заңсыз араласу актiлерiнен Азаматтық авиация қауiпсiздiгi мiндеттемесiн Тараптар бекiтедi.
      2. Сұраныс жөнiнде Тараптар әуе кемелерiн заңсыз ұстау актiлерiнiң алдын алу және жолаушылар мен экипажға, әуежайлар мен аэронавигациялық құралдардың қауiпсiздiгiне қарсы бағышталған басқа да заңсыз актiлер, сондай-ақ азаматтық авиация қауiпсiздiгіне төнетiн басқа да қауiптер бойынша бiр бiрiне барлық қажеттi көмек көрсететiн болады.
      3. Тараптар қылмыс туралы Конвенция ережелерiне және 1963 жылғы 14 қыркүйекте Токио қаласында бекiтiлген әуе кемелерi бортында болатын кейбiр заңсыз актiлерiне, 1970 жылғы 16 қаңтарда Гаага қаласында бекiтiлген әуе кемелерiн заңсыз ұстауға қарсы күрес туралы Конвенцияға, 1971 жылғы 23 қыркүйекте Монреал қаласында бекiтiлген азаматтық авиация қауiпсiздiгiне бағышталған заңсыз актiлермен күрес туралы Конвенцияға, 1971 жылғы 23 қыркүйекте Монреал қаласында қабылданып, 1988 жылғы 24 ақпанда бекiтiлген азаматтық авиация қауiпсiздiгiне бағышталған заңсыз актiлермен күрес туралы Конвенцияны толықтыратын халықаралық азаматтық авиацияға қызмет көрсететiн әуежайлардағы заңсыз зорлық актiлерiне қарсы күрес жөнiндегi Хаттамаларға және екi Тарап үшiн мiндеттi авиация қауiпсiздiгiн реттейтiн кез-келген басқа көпжақты Келiсiмге сәйкес әрекетте болады.
      4. Тараптар өздерiнiң екiжақты қатынасында Халықаралық азаматтық авиация ұйымдарымен және Конвенцияға Қосымша ретiнде аталған осындай ережелер қауiпсiздiк бойынша Тараптарға қолданылатын деңгейдегi авиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi ережелерге сәйкес әрекетте болады; әуе кемелерiн пайдаланушылар олардың тiркеу орны бойынша немесе қызмет орнымен негiзделген әуе кемелерiн пайдаланушылар немесе тұрақты қонуорны олардың мемлекеттерi аумағында болатын, және әуежайларды пайдалану олардың мемлекетi аумағында авиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi осындай ережелерге сәйкес жүргiзiлетiн болады.
      5. Әрбiр Тарап басқа Тарап мемлекетi аумағына кiруi үшiн және жолаушыларды, экипажды, олардың қол жүктерiн, сондай-ақ түсiруге немесе тиеуге дейiнгi жүктi тексеру бойынша орынды шаралар қабылдауға авиациялық қауіпсiздiк жөнiндегi ережелердi сақтауға келiседi. Әрбiр Тарап әуе кемелерi қауiпсiздiгi және олардың жолаушыларына төнетiн қатер жөнiндегi арнайы шаралардың қабылдануы туралы басқа Тараптың кез-келген өтiнішін тiлектестiкпен қарайтын болады.
      6. Инцидент немесе әуе кемесiн заңсыз ұстау инцидентi төнгенде немесе жолаушылар мен экипаждың, әуе кемелерiнiң, әуежай мен аэронавигациялық құралдардың қауiпсiздiгiне қарсы бағышталған басқа заңсыз актiлер болғанда, Тараптар бiр бiрiне осындай инциденттi немесе оған төнетiн қатердi жедел және қауiпсiз болдырмауға арналған байланыс құралдары мен қабылданған басқа шараларға сәйкес бiр бiрiне көмектесуге жәрдем беретiн болады.
      7. Егер бiр Тарап осы Бапта көрсетiлген авиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi ережелердi сақтаудан бас тартса, басқа Тарап мемлекетiнiң авиациялық билігi осы Тараптар мемлекетiнiң авиациялық билiгiмен тез арадағы консультацияларды өткiзуiн талап ете алады. Егер Тараптар консультация басталған күннен бастап отыз (30) күн iшiнде келiсiмге келмесе, онда бұл осы Келiсiмнiң 5 Бабын қолдану үшiн негiз бола алады.
 
                          9-бап
                     Алым ставкалары
 
      1. Бiр Тарап мемлекетi аумағында басқа Тарап мемлекетi тағайындаған авиакәсiпорнынан әуежай және басқа авиациялық құрал-жабдықтарды басқа Тарап мемлекетi тағайындаған авиакәсiпорынның әуе кемелерi пайдаланғаны үшiн алынатын алымдар ұқсас халықаралық әуе қатынастарында әрекеттенетiн ұлттық авиакәсiпорнынан алынатын алым ставкаларынан жоғары болмауы тиiс.
      2. Әр Тарап уәкiлеттi авиациялық өкiмет және жабдықтар және қызметтермен пайдаланатын тағайындалған авиакәсiпорындар арасында өткiзiлетiн, мүмкiндiгiнше авиакәсiпорындардың атынан ұйымдар арқылы кеңестердi қолдап отырады. Тараптар бiр-бiрiн алым ставкаларының болатын өзгерiстерi туралы хабардар етедi.
 
                          10-бап
            Кедендiк төлемдер мен өзге алымдар
 
      1. Әрбiр Тарап басқа Тарап мемлекетінің тағайындаған авиакәсiпорындарының әуе кемесiне, отын, жағар-майға, тұтынылатын техникалық қорларға, қозғалтқышты қосқанда қосалқы бөлшектерге, сонымен қатар табельдiк борт жабдықтарына, жер бетi жабдықтарына, борт қорларына және басқа Тарап мемлекетiнiң келiсiлген желiлердi пайдалануға тағайындалған авиакәсiпорындарының тек әуе кемелерiн пайдалану немесе қызмет көрсетумен байланысты пайдалануға арналған өзге де заттарға, сондай-ақ басылған билеттерге, авиажүкқағаздарына, кәсiпорынның белгiсi бар кез-келген баспа материалдарына және осы тағайындалған авиакәсiпорындармен ақысыз таратылатын дағдылы баспа материалдарына салынатын кедендiк төлемдер мен өзге алымдардан босатады.
      2. Осы баптың бiрiншi тармағында көрсетiлген материалдар босатулар берген Тарап мемлекетiнiң аумағында пайдаланылса немесе тұтынылса немесе пайдаланылмаса немесе тұтынылмаса осы баппен көрсетiлген босатулар қолданылады, егер заттар:
      а) бiр Тарап мемлекетінiң аумағына басқа Тарап мемлекетiнiң тағайындалған кәсiпорындарымен енгiзiлсе, бiрақ босатулар берген Тарап мемлекетiнiң аумағында иелiктен шығарылмаса;
      б) бiр Тарап мемлекетiнiң тағайындалған авиакәсiпорнының әуе кемесi бортында басқа Тарап аумағына келген немесе кеткен кезде сақталса;
      в) бiр Тарап мемлекетiнiң тағайындалған авиакәсiпорнының әуе кемесi бортына басқа Тарап мемлекетiнiң аумағында алынса және келiсiлген желiлердi пайдалануда қолдануға арналса.
      3. Кез келген Тарап мемлекетiнiң тағайындалған авиакәсiпорындарының әдетте әуе кемелерi бортында болатын табельдi жабдықтары, жер бетi жабдықтары, сондай-ақ материалдар және қорлар басқа Тарап мемлекетiнiң аумағына тек сол Тарап мемлекетiнiң кеден өкiметiнiң рұқсатымен түсiрiледi. Олай болған жағдайда, олар аталған өкiметтiң қадағалауына алып кеткенше орнатылуы немесе басқа Тарап мемлекетiнiң заңдарына сәйкес өзгедей жағдайда пайдалануы мүмкiн.
      4. Тiкелей транзитпен жүретiн теңдеме жүк пен жүк кедендiк төлемдерден және басқа салықтан босатылады.
      5. Осы Баппен берiлетiн босатулар Бiр Тарап мемлекетiмен тағайындалған авиакәсiпорындар басқа авиакәсiпорындармен осы Баптың 1 тармақшасында белгiленген заттарды қарыз және беру туралы келiсiм жасаған жағдайда қолданылатын болады.
      6. Кедендiк төлемдер мен салықтардан аталған босатулар бекiтiлген шектеулер мен талаптардың немесе осындай жеңiлдiктер берiлуiне байланысты жағдайлар сақталуы кезiнде берiледi.
 
                          11-бап
                         Сиымдылық
 
      1. Әрбiр Тарап мемлекетi тағайындаған авиакәсiпорыны осы Келiсiм қосымшасында бекiтiлген бағыттар бойынша Тараптардың мемлекет аумақтары арасындағы және олардан тыс келiсiлген желiлердi пайдаланудың әдiл және тең мүмкiндiктерiне ие болады.
      2. Әрбiр Тарап мемлекетiнiң тағайындалған авиакәсiпорыны келiсiлген желiлердi пайдалану кезiнде, басқа Тарап мемлекетiнiң тағайындалған авиакәсiпорнының мүдделерiн барлық бағытта немесе осы бағыт бөлiгiне ең соңында қамтамасыз ететiн тасымалдауға зиян келтiрмейтiндiгін ескере отырып қабылдайтын болады.
      3. Тараптар мемлекеттерiнiң тағайындалған авиакәсiпорындарының келiсiлген желiлерiн пайдалану тағайындалған тасымалдау бағыттарымен қоғамдық қажеттiлiктi тарату мақсатында жүзеге асады және мемлекет Тараптары аумағы арасындағы әуе кемесiн тиеудегi орынды коэффициент кезiндегi жолаушыларды, жүктердi, почтаны тасымалдаудағы ұсынылған ағымдағы және орынды қажеттiлiкке жауап беретiн сиымдылықты ұсынатын алғашқы кезектегi мiндетi болады.
      4. Тағайындалған авиакәсіпорындар кез-келген келiсiлген желiлердің пайдалану күнiне дейiнгi 30 күннен кешiктiрмей екi Тараптың мемлекеттерiнiң авиациялық өкiметтерiне ұсынылған ұшу бағдарламасын бекiтуге ұсынатын болады. Аталған ұшу бағдарламасы пайдалану, жиiлiк және ұшу кестесi үшiн болжанған әуе кемелерiнiң үлгiсiн, қызмет көрсету үлгiсiн қамтитын болады.
      Осындай рәсiм ұшу бағдарламасының келесi өзгерiстерi жағдайында қолданылатын болады.
      Ерекше жағдайларда авиациялық өкiметтер арасындағы келiсiм бойынша уақыт кезеңi қысқартылуы мүмкiн.
 
                          12-бап
       Әуе кемелерiн алмастыру және кодтарды бiрге пайдалану
 
      1. Бiр Тарап мемлекетiнiң тағайындалған авиакәсiпорны басқа Тарап мемлекетiнің аумағында келесi жағдайларда әуе кемелерiн ауыстыруды жүргiзе алады:
      а) ауыстыру пайдаланудың экономикалық себептерiмен түсiндiрiлген кезде;
      б) Тарап мемлекетiнiң тағайындалған авиакәсiпорнынан қашықтағы бөлiмiнде пайдаланылатын әуе кемелерi, айтарлықтай жақын бөлiмдегi әуе кемелерiмен бiрге ұшуды орындайтын және осыны үнемi орындайтын кезде; соңғысымен тапсырылып немесе онымен алынып қабылданған тасымалдауды орындау мақсатында алғашқылары ауыстыру пунктiне қондырылатын болады, және сиымдылық бiрiншi кезекте осы мақсатта анықталатын болады;
      в) жарнама жолымен немесе әуе кемесiнiң ауысатын жерiнде басталатын тасымалдауды жүргiзетiн басқа да тәсiлмен, егер басқасы осы Келiсiмнің Қосымшасымен рұқсат етiлмесе жұртшылыққа авиакәсiпорындар өздерi ұсынбаған кезде.
      2. Қосымшада бекiтiлген бағыттар бойынша келiсiлген желiлердi пайдалану кезiндегi осы баптың 1 тармағының жағдайларынан тәуелсiз Тарап мемлекеттерiнiң тағайындалған әрбiр авиакәсіпорны соңғы авиакәсiпорын тиiстi бағыт пен тасымалдау құқы болған жағдайдағы кез-келген мемлекеттiң авиакәсiпорнымен кодтарды бiрге пайдалану бойынша келiсiм жасай алады.
 
                          13-бап
                         Тарифтер
 
      1. Осы авиакәсiпорындар арасындағы консультациялардан кейiн Қосымшада бекiтiлген бағыттардың тарифтерi, мүмкiндiгiнше, тағайындалған авиакәсіпорындардың әрбiрiмен бекiтiлетiндiгiне осы Тараптар келiсетiн болады.
      2. Басқа Тарап мемлекетiнiң аумағына және аумағынан келiсiлген желiлер бойынша тасымалдау тарифтерi барлық тиiстi факторларды есептегендегi орнықты шекте пайдалану шығысын, орынды пайданы, қызмет көрсету мiнездемесiн, тұтынушылар мүдделерiн және барлық бағыт немесе осы бағыттың бөлiмi бойынша басқа авиакәсiпорындардың қолайлы деп есептелетiн тарифтерi қоса тағайындалатын болады.
      3. Тарифтер екi Тарап мемлекетiнiң авиациялық өкiметiне ұсынылған енгiзiлу күнiне дейiнгi қырық бес күн iшiнде бекiтуге ұсынылатын болады; ерекше жағдайларда аса қысқа мерзiм iшiнде авиациялық өкiметтермен қабылдануы мүмкiн.
      Егер әрбiр Тарап мемлекетiнiң авиациялық өкiметтерi ұсынылған күннен бастап отыз күн iшiнде, басқа Тарап мемлекетiнiң өкiметтерiн ұсынылған тарифпен өзiнiң келiспейтiндiгiмен хабардар етпесе, тариф бекiтiлген болып есептеледi және тарифке ұсынылып, бекiтiлген күннен бастап күшіне енеді.
      Егер авиациялық өкiметтермен тарифтi ұсыну үшiн қысқартылған мерзiм қабылданған жағдайда, тарифтiң қабылданбағаны туралы хабарламаның түсуi мүмкiн болатын аралықтағы уақыт мерзiмi отыз күннен аз болады.
      4. Егер мақұлданбағаны туралы хабарлама осы Баптың 3 тармағына сәйкес қабылданған болса, Тараптар мемлекеттерiнiң авиациялық өкiметтерi осы Келiсiмнiң 17 бабына сәйкес консультациялар өткiзедi және уағдаластық жолымен тарифтi анықтау үшiн күш жұмсайды.
      5. Егер Тараптар мемлекетiнiң авиациялық өкiметтерi көрсетiлген осы Баптың 3 тармағына сәйкес кез-келген тариф бойынша, немесе осы Баптың 2 тармағына сәйкес кез-келген тарифiн анықтау бойынша уағдаласа алмаса, онда талас осы Келiсiмнiң 18 Бап ережелерiмен сәйкес реттелуi мүмкiн.
      6. Егер әрбiр Тарап мемлекетiнiң авиациялық өкiметтерi бекiтiлген тарифпен келiспесе, олар басқа Тарап мемлекетiнiң авиациялық өкiметтерiне осы туралы хабардар етедi, және тағайындалған авиакәсiпорын, қажет болған жағдайда, уағдаласуға қол жеткiзу үшiн ұмтылатын болады.
      Егер келiспеушiлiк туралы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап тоқсан күн iшiнде жаңа тариф бекiтiлмесе, осы Баптың 4 және 5 тармақтарында бекiтiлген рәсiмдер қолданылатын болады.
      7. Егер тарифтер осы Бап ережелерiне сәйкес бекітiлген болса, бұл тарифтер осы Келiсiмнiң 18 Бабына немесе осы Баптың ережелерiне сәйкес жаңа тарифтерi бекiтiлмейiнше қолданыста болады.
      8. Егер осы Келiсiмнiң 18 Бабы мен осы Баптың 4 тармақ ережелерiне сәйкес бекiтiлген тариф жағдайынан басқа кез-келген Тарап мемлекетiнiң авиациялық өкiметтерi олармен келiспесе тариф күшiне енбейдi.
      9. Екi Тарап мемлекетiнiң авиациялық өкiметтерi тағайындалған және өзара келiсiлген тарифтер олар бекiткен тарифтерге сәйкес болуын қамтамасыз ету үшiн күш салады.
 
                          14-бап
                         Өкiлеттiк
 
      1. Басқа Тарап мемлекетiнiң тағайындалған авиакәсiпорнына авиакәсiпорын қызметiмен байланысты функцияларды орындауға қажеттi, оның мемлекетiнiң кету, келу және жұмысқа орналасуға қатысты заңдарын сақтай отырып, әрбiр Тарап өзара келiсiм негiзiнде өз мемлекетi аумағында өкiлеттiктi, әкiмшiлiк, коммерциялық және техникалық қызметкерлердi ұстауға құқығы бар.
      2. Бұндай өкiлеттiк тағайындалған авиакәсiпорындардың қарауы бойынша кез-келген ұлттың өзiнiң дербес жеке қызметкерi болуы мүмкiн немесе басқа Тарап мемлекетiнiң аумағына келген және уәкілеттiгімен осы басқа Тарап аумағында осындай қызметтi жүзеге асыратын қолданыстағы кез-келген басқа ұйымның, кәсiпорынның немесе авиакәсiпорнының қызметiн пайдалануға мүмкiндiгi бар.
      3. Өкiлдер мен қызметкерлер келу Тараптары қолданысындағы заңнамаға бағынатын болады. Келген мемлекеттiң осындай заңнамасына сәйкес әрбiр Тарап өзара сүйiспеншiлiк пен минималды кідірту негiзiнде қажеттi жұмысқа рұқсатты, еңбекке орналасуға рұқсаты бар визаларды және осы Баптың 1 тармағында көрсетiлген басқа да осыған ұқсас өкiлдер мен қызметкерлерге арналған құжаттарды ұсынатын болады.
      4. Тараптар мемлекеттерінің заңнамасында жiберiлген деңгейде екi Тарап жұмысқа рұқсат етудi талабынсыз немесе жұмысқа орналасуға рұқсат ететiн визаларды немесе анықталған қызметтер мен уақытша негiздегi мiндеттердi жүзеге асыратын қызметкерлердің осыған ұқсас құжаттарын талап етпей-ақ өте алатын болады.
 
                          15-бап
      Тасымалдың сатылуы, есеп айыруы және табысты ауыстыру
 
      1. Тағайындалған авиакәсiпорындар арасындағы есеп айыру Тараптармен келiсiлген айыру мен валютамен төлеу туралы қолданыстағы Тарап келiсiмiне сәйкес жүргiзiлетiн болады.
      2. Әрбiр тағайындалған авиакәсiпорынға басқа Тарап мемлекетiнiң аумағында авиатасымалдау бойынша сату қызметiн тiкелей, немесе өз өкiлдерi арқылы, өз қарауы бойынша жүзеге асыру ұсынылатын болады.
      Әрбiр тағайындалған авиакәсiпорын өзiнiң авиакөлiктiк қызметiн ұлттық немесе келген мемлекет заңнамасына сәйкес кез-келген валютада еркiн сатуға құқылы.
      3. Әрбiр Тарап басқа Тарап мемлекетiнiң тағайындалған авиакәсiпорнына осы авиакәсiпорынмен оның мемлекетi аумағындағы келiсiлген желiлердi пайдаланудан алынған шығыстан табыстың жоғары сомасын еркiн ауыстыруға құқылы. Мұндай ауыстырулар ағым төлемiндегi ресми айырбастау курсы негiзiнде, немесе, егер ресми айырбастау курсы болмаса, басқа Тарап мемлекетiнiң тағайындалған авиакәсiпорнының ауыстыру туралы сұраудың түскен күнiне қолданылатын ағымдағы төлемге арналған нарықтың басымды айырбастау курсы бойынша, және осындай ауыстыру кезiндегi қызметтерi үшiн банктерден өндiрiлiп алынатын алымдарды шектегендегi алымдарға салық салынбайды.
 
                          16-бап
                      Ақпарат алмасу
 
      1. Екi Тарап мемлекетінiң авиациялық өкiметтерi басқа Тарап мемлекетiнiң аумағына, аумағы арқылы немесе аумағынан олардың тағайындалған авиацияларының ұзартылған әуе қатынасының жүзеге асуы үшiн ағымдағы шешiмiне қатысты ақпаратпен, мүмкіндiгiнше тез арада, жедел түрде алмасатын болады. Осы ақпарат қолданыстағы куәлiк және келiсiлген желiлер өзгерiстерiмен пайдалануға рұқсат пен пайдалануға рұқсат етiлетiн үлгілерi мен босату тапсырымдарының көшiрмесiн енгiзетiн болады.
      2. Әрбiр Тарап өзiнiң тағайындалған авиакәсiпорындарына басқа Тарап мемлекетiнiң авиациялық өкiметтерiне (алдын ала қалай жүзеге асатыны,) тарифтердi, олардың кез-келген өзгерiстерiн қоса есептегендегi кестелердi және әрбiр тағайындалған бағыттар мен кез-келген осы Келiсiм ережелерi мiндеттi түрде сақталуын қамтамасыз ететін сыйымдылық туралы ақпаратты қосқандағы келiсiлген желіліктi пайдалануға қатысы бар тиiстi барлық басқа ақпаратты, алдын ала мүмкiндiгiнше, ұсынуға ықпал жасайтын болады.
      3. Әрбiр Тарап өзiнiң тағайындалған кәсiпорындарын басқа Тарап мемлекетiнiң авиациялық өкiметтерiне келiсiлген желiлердегі тиеу және түсiру пункттерi көрсетiлген тасымалдауға қатысты статистикалық ақпаратына ұсынуға ықпал жасайтын болады.
 
                          17-бап
                     Консультациялар
 
      1. Тарап мемлекеттерiнiң авиациялық өкiметтерi осы Келiсiм мен оның Қосымшасының ережелерiн орындауға және қанағаттанарлықпен сәйкес ықпал ететiн барлық сауалдар бойынша тығыз ынтымақтастықты қамтамасыз ету мақсатында оқтын-оқтын консультациялар өткiзетiн болады.
      2. Осындай консультациялар, егер Тараптар басқаша келiспесе, жазбаша сұраным алынған күннен бастап алпыс күн бойы жалғасатын болады.
 
                          18-бап
                     Таластың реттелуi
 
      1. Осы Келiсiмнің талқылануымен немесе қолданылуымен байланысты Тараптар арасындағы пайда болған кез-келген талас жағдайында, Тараптар оны бiрiншi кезекте келiссөз жолымен реттеуге тырысады.
      2. Егер Тараптар келіссөз жолымен таласты реттей алмаса, олар таласты белгiлі тұлғаның немесе органның қарауына беруге келiсiм беруi мүмкiн немесе кез-келген Тарап таласты үш төрешіден құралған Төрелiк шешiмiне ұсына алады.
      3. Төрелiк келесi түрде құрылатын болады:
      Дипломатиялық каналдар бойынша басқа Тараптан төреліктi өткiзуге бiр Тараптан сұраным алынған күннен бастап алпыс күн iшiнде әрбiр Тарап төрешiнi сайлайды. Осындай екi төрешi уағдаластық бойынша алпыс күн iшiнде үшiншi төрешiнi тағайындайды.
      Yшiншi төрешi, үшiншi мемлекеттiң азаматы бола тұрып, төрелiк төрағасы ретiнде жұмыс iстейдi және оның өту орнын анықтайды.
      Егер Тараптың бiреуi төрешiнi көрсетiлген уақыт мерзiмiнде тағайындамаса, немесе, үшiншi төрешi көрсетiлген уақыт мерзiмiнде тағайындалмаса, азаматтық авиация ұйымының Халықаралық Кеңесiнiң Президентi кез-келген Тараптың өтiнiшi бойынша жағдай талабына сай төрешiнi немесе төрешiлердi тағайындайды.
      4. Тараптар осы Баптың 2 және 3 тармақтарына сәйкес қалыптасқан төрешiлермен қабылданған кез-келген шешiмiн немесе атақ беруiн орындауға мiндеттеме алады.
      Егер Тараптардың бiреуi төрелiк шешiмiн орындамаса, басқа Тарап осы Келiсiмнiң 5 Бапты қолдану үшiн негiзi болады.
      5. Төрелiк шығыны екi Тарапқа тең бөлiнетiн болады.
 
                          19-бап
                         Түзетулер
 
      1. Егер Тараптардың бiреуi осы Келiсiм ережесiнiң кез-келгенiн өзгертудi ұйғарса, ол басқа Тараптан консультация өткiзудi сұрай алады. Авиациялық өкiметтер арасындағы осындай консультациялар келiссөз жолы арқылы немесе хат алмасу жолы арқылы жүргiзiледi және сұраным түскен күннен бастап алпыс күн бойы жалғасатын болады.
      2. Егер жалпы көпжақты авиациялық конвенция екi Тарапқа қатысты күшiне енсе, осындай конвенция ережесi басым болады.
      3. Осындай консультация нәтижесiнде келісiлген кез-келген өзгерiс осы Келісiмнiң 20 бабында көрсетiлген тәртiпте күшіне енедi.
      4. Қосымшадағы бағыттар кестесi авиациялық өкiметтер арасындағы уағдаласу жолымен өзгертiлуi мүмкiн болатындығына Тараптар келістi.
 
                          20-бап
                    Әрекеттiң тоқтатылуы
 
      Осы Келісiм барлық мемлекет iшiндегi оның күшiне енуiне қажеттi

 

рәсiмдерiн Тараптармен орындау туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған

күнiнен бастап күшiне енедi.

     Осы Келiсiм белгiсiз мерзiмге бекiтiледi және бiр Тарап өзiнiң

әрекеттiң тоқтатуы туралы ниетiн білдiретiн жазбаша хабарламаны жiберген

күннен бастап 12 ай бiткенше өз күшiнде болады.

     Осындай хабарлама Халықаралық азаматтық авиация ұйымындарына бiр

мезгiлде жiберiлетiн болады.


                         21-бап

                         Тiркеу


     Осы Келісiм, оның Қосымшасы және кез-келген келесi түзетулер

Тараптармен тiркеу үшiн Халықаралық азаматтық авиация ұйымдарына ұсынылуы

керек.


     "___" 200__ жылы _____________ қаласында әрқайсысы қазақ, ағылшын,

орыс тiлдерiнде бiрдей заң күшi бар екi түпнұсқада болды.

     Осы Келiсiм ережесiн талқылауда алауыздық пайда болған жағдайда

Тараптар ағылшын тiлiндегi мәтiнге көңiл бөлетiн болады.


     Қазақстан Республикасының           Америка Құрама Штаттарының

           Yкiметi үшiн                          Үкiметі үшiн


                                                               Қосымша

                         Бағыттар кестесi


     1. Қазақстан Республикасы тағайындаған авиакәсiпорындармен

пайдаланылатын бағыттар


     жіберу             аралық         бекiту           шектен тыс

     пункттерi          пункттер       пункттерi        пункттер


     Қазақстандағы                     АҚШ-ғы

     пункттер                          пункттер  


     2. Америка Құрама Штатымен тағайындалған авиакәсiпорындармен

пайдаланылатын бағыттар


     жiберу             аралық         бекiту           шектен тыс

     пункттерi          пункттер       пункттерi        пункттер


     АҚШ-ғы                            Қазақстандағы

     пункттер                          пункттер    



 
       Барлық пункт немесе келiсiлген бағыттағы пункттер тағайындалған екi Тарап мемлекетiнiң авиакәсiпорындарымен түсiрiлуi мүмкiн немесе жiберу және бекiту пункттерi олардың азаматтығының мемлекетi аумағында болатын жағдайда кез-келген немесе барлық бағытта қандай да бiр тәртiпте пайдаланылуы мүмкін.

 

     Бағыттар кестесiнде көрсетiлмеген басқа пункттер Тараптар

мемлекеттерiнiң авиациялық билiктерi арасындағы келiсiм бойынша

анықталатын болады.

     Шектен тыс пункттер Тараптардың авиациялық билiктерi арасындағы

келiсiм бойынша анықталатын болады.

     Бесiншi әуе еркiндiгiнiң ұсынылуы Тараптар мемлекеттерiнiң авиациялық

билiктерi арасындағы келiсiмнен кейiн жүзеге асатын болады.




Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады