Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
"Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Бухгалтерлiк есепке алу
туралы" заң күшi бар Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы"
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті
Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Бухгалтерлiк есепке
алу туралы" заң күшi бар Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар
енгiзу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Бухгалтерлiк есепке алу туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2732 Z952732_ заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 171-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 13-14, 205-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. Тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есеп беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы".
2. Мәтiндегi "Жарлық", "Жарлыққа", "Жарлықтан", "Жарлықтың", "Жарлықты" деген сөздер "Заң" "Заңға", "Заңнан", "Заңның", "Заңды" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. Тараулардың тақырыптарындағы "I", "IV" және "V" деген сандар "1", "4" және "5" деген сандармен ауыстырылсын.
4. Кiрiспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Заң Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлiк есепке алу жүйесiн анықтайды, бухгалтерлiк есепке алуды жүргiзу, қаржылық есеп берудi дайындау процесiнде Қазақстан Республикасының резидентi болып табылатын заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасының аумағында тiркелген резидент еместердiң филиалдары мен өкiлдiктерi (бұдан әрi - ұйымдар) және салық органында мiндеттi мемлекеттiк тiркелуге жататын жеке кәсiпкерлер (бұдан әрi - кәсiпкерлер) сақтауы тиiс негiзгi принциптердi, сапалық сипаттамаларды және жалпы ережелердi белгiлейдi.".
5. 1 және 2-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"1-бап. Осы Заңның қолданылу саласы
1. Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтiн барлық ұйымдар мен кәсiпкерлер осы Заңға, бухгалтерлiк есепке алу стандарттарына, бухгалтерлiк есепке алу шоттарының жоспарына және бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес бухгалтерлiк есепке алуды жүргiзуге және қаржылық есеп берудi жасауға мiндеттi.
2. Осы Заңмен, бухгалтерлiк есепке алу стандарттарымен және бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленген бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп берудi жүргiзу туралы талаптар салық органында мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жеке кәсiпкерлерге қойылмайды.
2-бап. Бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есеп беру туралы заңдар
Бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есеп беру туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан және бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру жөнiндегi басқа нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.".
6. Мынадай мазмұндағы 2-1-баппен толықтырылсын:
"2-1-бап. Қазақстан Республикасында қаржылық есеп берудiң халықаралық стандарттары
Бухгалтерлiк есепке алуды жүргiзу мен қаржылық есеп берудi жасауды ұйымдар және кәсіпкерлер Қаржылық есеп берудiң халықаралық стандарттарына сәйкес жүзеге асырады.
Осы баптың ережесi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiн қоспағанда, мемлекеттiк мекемелерге қолданылмайды.".
7. 3, 4 және 5-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"3-бап. Бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесiн мемлекеттiк реттеу
1. Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесiн реттеудi мемлекеттiк уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) жүзеге асырады.
Уәкiлеттi органның функциялары мыналар болып табылады:
бухгалтерлiк есепке алу стандарттарын, бухгалтерлiк есепке алу шоттарының жоспарларын және бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу және бекiту;
бухгалтерлiк есепке алу стандарттарына әдiстемелiк ұсынымдарды әзiрлеу және бекiту;
бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру мәселелерi бойынша басқа мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл жасау;
бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру жөнiндегi мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарын келiсу;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру саласындағы өзге де функцияларды жүзеге асыру.
2. Мемлекеттiк мекемелердегi бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесiн реттеудің ерекшелiктерi, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнен басқа, мемлекеттiк мекемелердегi бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру жөнiндегi жекелеген нормативтік құқықтық актілермен белгіленеді.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесiн реттеудi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Директорлар Кеңесi (Директорат) жүзеге асырады.
4. Банктерде және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесiн реттеудi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi өз құзыретi шегiнде:
банктер, банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшiн бухгалтерлiк есепке алу стандарттарын және оларға әдiстемелiк ұсынымдарды әзiрлейдi және уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша бекiтедi;
осы Заңның талаптарына сәйкес банктердiң, банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың, сондай-ақ олардың аффилирлендiрiлген тұлғалары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерiнiң қаржылық есеп беруiнiң мерзiмiн, тiзбесiн, нысандарын белгiлейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекiтедi;
банктер үшiн бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ бухгалтерлiк есепке алу шоттарының жоспарын әзiрлейдi және бекiтедi;
банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшiн бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру жөнiндегi басқа да нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша бекiтедi;
банктердiң, банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының бухгалтерлiк есепке алу стандарттарын, бухгалтерлiк есепке алу шоттарының жоспарын және бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру жөнiндегi нормативтік құқықтық актiлердi орындауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады.
4-бап. Бухгалтерлiк есепке алу стандарттары мен бухгалтерлiк есепке алу шоттарының жоспары
1. Бухгалтерлiк есепке алу стандарттары бухгалтерлiк есепке алуды жүргiзудiң және қаржылық есеп берудi жасаудың жалпы ережелерi мен әдiстерiн белгiлейдi.
2. Бухгалтерлiк есепке алу шоттарының жоспары бухгалтерлiк есеп берудiң жүйеленген синтетикалық шоттардың жүйеленген тiзбесi болып табылады.
5-бап. Бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп берудiң мақсаттары
Бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп берудiң мақсаты инвесторларды, қызметкерлердi, заем берушiлердi, жабдықтаушыларды, сатып алушыларды, мемлекеттiк органдарды және басқа да пайдаланушыларды (бұдан әрi - пайдаланушылар) ұйымдар мен кәсiпкерлердiң қаржылық жағдайы, қызметiнiң нәтижелерi мен қаржылық жағдайындағы өзгерiстерi туралы толық және шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.".
8. Мынадай мазмұндағы 5-1-баппен толықтырылсын:
"5-1-бап. Бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп берудiң негiзгi принциптерi мен сапалық сипаттамалары
1. Бухгалтерлiк есепке алуды жүргізу мен қаржылық есеп берудi жасаудың негiзгi принциптерi есептеу және үздiксiздiк болып табылады.
Есептеу принципi ұйымның немесе кәсiпкердiң шаруашылық қызметiнiң нәтижесi болып табылмайтын, бiрақ төлеу уақытына қарамастан оларды жасау фактiсi бойынша олардың қаржылық жағдайына әсер ететiн операциялардың, сондай-ақ оқиғалардың (бұдан әрi - операциялар мен оқиғалар) нәтижелерiн танумен қамтамасыз етiледi.
Үздiксiздiк ұйым немесе кәсiпкер болашақта өз қызметiн белгiсiз уақыт iшiнде жалғастыратындығы шартымен қамтамасыз етiледi. Бұл ретте, ұйым немесе кәсіпкер өз қызметiнiң ауқымын жою немесе елеулi қысқарту ниетiн көздемейдi және оны қажет етпейдi.
2. Пайдаланушылар үшiн пайдалы ақпаратты алу мақсатында қаржылық есеп беруге ұғынымдылық, орындылық, сенiмділік және салыстырмалылық сапалық сипаттамалар талаптары қойылады.
Ұғынымдылыққа пайдаланушылар түсiну үшiн түсiнiктi болуы тиiс ақпарат ұсыну арқылы қол жеткiзіледi.
Орындылық экономикалық шешiмдердi қабылдау кезiнде пайдаланушыларға маңызды және қажеттi болып табылатын ақпараттар ұсыну арқылы қамтамасыз етiледi.
Сенiмдiлiкке бұрмалау мен қателерi жоқ толық, сондай-ақ шынайы ақпаратты ұсынумен қол жеткiзiледi.
Салыстырмалылық есептi және өткен кезеңдер үшiн ақпарат ұсынумен қамтамасыз етiледi. Бұл ретте, есептi кезең үшiн ақпарат өткен кезеңнiң ақпаратымен және басқа ұйымдар мен кәсiпкерлердiң тиiстi ақпаратымен сәйкес келуi тиiс.".
9. II тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Ұйымдар мен кәсіпкерлердің бухгалтерлік есепке алу жүйесi, бухгалтерлiк құжаттамасы және iшкi бақылау".
10. 6-бапта:
1) баптың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ұйымдар мен кәсiпкерлердiң бухгалтерлiк есепке алу жүйесi";
2) 1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Бухгалтерлiк есепке алу стандарттарымен және бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жөніндегі нормативтік құқықтық актiлермен, сондай-ақ ұйымның немесе кәсiпкердiң есеп саясатымен регламенттелетiн ұйымдар мен кәсiпкерлердiң операциялары және оқиғалары туралы ақпаратты жинау, тіркеу және қорыту жүйесi.
2. Есеп саясаты ұйымның немесе кәсiпкердiң қажеттілiктерiн және олардың қызметтерiнiң ерекшелiктерiн ескере отырып, бухгалтерлiк есепке алу стандарттарына, бухгалтерлiк есепке алу шоттарының жоспарына және бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес бухгалтерлiк есепке алуды жүргiзу және қаржылық есеп берудi жасау үшiн ұйым немесе кәсiпкер қабылдаған принциптердi, негiздердi, шарттарды және практиканы бiлдiредi.";
3) 3-тармақ алынып тасталсын:
4) 4-тармақта:
бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Ұйымдар мен кәсiпкерлердiң барлық операциялары мен оқиғалары бухгалтерлiк есепке алу жүйесiнде көрiнiс табады, бұл ретте:";
1) тармақшада "операцияларын" деген сөзден кейiн "және оқиғаларын" деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшадағы "шаруашылық операцияларының" деген сөздер "операциялар мен оқиғалардың" деген сөздермен ауыстырылсын:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) әрбiр айдың бiрiншi күнiндегi жағдай бойынша синтетикалық (жиынтық) есептi талдамалы (егжей-тегжейлi) есепке сәйкес келтiрудi қамтамасыз етуi тиiс.";
5) 5 және 6-тармақтар алынып тасталсын;
6) 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Ұйымдар мен кәсiпкерлердiң операциялары мен оқиғалары мiндеттi түрде бухгалтерлiк есепке алудың шоттар жоспарына сәйкес қосарлы жазу әдiсiмен синтетикалық шоттарда көрсетiледi. Операциялар мен оқиғалардың талдамалы есебiн жүргiзудiң тәртiбiн ұйымның немесе кәсiпкердiң қажеттіліктерiне сәйкес басшылық немесе кәсiпкер белгiлейдi.";
7) мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
"8. Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтiн барлық ұйымдар мен кәсiпкерлер мемлекеттiк және (немесе) орыс тiлдерiнде бухгалтерлiк есепке алуды жүргiзудi және қаржылық есеп берудi жасауды қамтамасыз етедi.".
11. Мынадай мазмұндағы 6-1-баппен толықтырылсын:
"6-1-бап. Бухгалтерлiк құжаттама
1. Бухгалтерлiк құжаттама бастапқы құжаттарды, бухгалтерлiк есепке алудың тiркелiмдерiн, қаржылық есеп берудi және есеп саясатын қамтиды.
2. Бухгалтерлiк жазбалар бастапқы құжаттар негiзiнде жүргiзiлуi тиiс. Бастапқы құжаттар - операциялардың жасалуы немесе оқиғалар фактiсiн тiркейтiн құжаттар. Бастапқы құжаттың электрондық үлгiсінің қағаз түрiнде ресiмделген бастапқы құжаттық күшi болады.
3. Операциялар мен оқиғаларды ресiмдеу үшiн қолданылатын бастапқы құжаттарға арналған нысандар немесе оларға қойылатын талаптарды өздерiнiң құзыретiне сәйкес уәкiлеттi орган және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бекітедi.
4. Уәкiлеттi орган және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi нысандарын немесе оларға қойылатын талаптарды бекiтпеген, қағаз түрiндегi және электрондық ақпарат көздерiндегi бастапқы құжаттарды ұйымдар және кәсiпкерлер дербес әзiрлейдi және оларда мынадай деректемелер мiндеттi түрде қамтылуы тиiс:
құжаттың атауы (нысандар);
жасалу күнi;
оның атынан құжат жасалған ұйымның атауы немесе кәсiпкердің тегi және аты-жөнi;
операцияның немесе оқиғаның мазмұны;
операцияның немесе оқиғаның өлшем бiрлiктерi (сандық және құндық көрсеткiштерде);
операциялардың жасалуы (оқиғаның расталуы) және оларды ресiмдеудiң дұрыстығы үшiн жауапты тұлғалар лауазымдарының атауы, аты-жөнi және жеке қолдары.
Операцияның немесе оқиғаның сипатына, нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарына және есепке алу ақпаратын өңдеу тәсiлiне қарай бастапқы құжаттарға қосымша деректемелер енгiзiлуi мүмкiн.
5. Бастапқы құжаттар операция жасалған немесе оқиға болған не олар тiкелей аяқталған сәтiнде жасалуы тиiс.
6. Есепке алуға қабылданған бастапқы құжаттарда қамтылған ақпарат қолмен дайындалған түрде не бухгалтерлiк есепке алу тiркелiмдерiнде (карточкалар, кестелер, тiзiмдемелер, журналдар-ордерлер, бас және басқа да кiтаптар, сондай-ақ өзге де бухгалтерлiк құжаттар), нысандары немесе оларға қойылатын талаптарды уәкiлеттi орган және (немесе) өздерiнiң құзыретiне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бекiтетiн, компьютерлендірілген жүйенiң көмегiмен жинақталады және жүйелендiрiледi.
Бухгалтерлiк есепке алу тiркелiмiнiң деректерi топтастырылған түрде қаржылық есеп беруге көшiрiледi.
7. Бухгалтерлiк есепке алудың бастапқы құжаттары мен тiркелiмдерi ақпараттың электрондық көздерiнде жасаған кезде, ұйымдар мен кәсiпкерлер операциялардың басқа қатысушылары үшiн, сондай-ақ осындай талап ету құқығы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берiлген мемлекеттiк органдардың талаптары бойынша осындай құжаттардың қағаз түрiндегi көшiрмелерiн дайындауға мiндеттi.
8. Кассалық және банктiк бастапқы құжаттарға түзетулер енгiзуге жол
берiлмейдi. Қалған бастапқы құжаттарға түзетулер тек түзетулердi енгiзу
күнi көрсетiлiп, құжатқа қол қойған тұлғалардың қолдарымен расталуы тиiс
операциялардың қатысушыларымен келiсiм бойынша ғана енгiзiле алады.".
12. 7-бапта:
1) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Заңдарға және ұйымның жарғысына сәйкес ағымдағы басшылықты және
іс жүргiзудi (бұдан әрi - басшылық) жүзеге асыратын орган (лауазымды
тұлға):
ұйымның есеп саясатын қалыптастырады;
бухгалтерлiк есепке алудың ұйымдастырылуын қамтамасыз етедi.
Ұйымның есеп саясаты заңдарда және ұйымның жарғысында белгiленген
тәртiппен бекiтiледi.";
2) 2-тармақта:
бiрiншi абзацтағы "Басшы" деген сөз "Басшылық" деген сөзбен
ауыстырылсын;
3) тармақшадағы "фирмаға" деген сөз "ұйымға" деген сөзбен
ауыстырылсын;
3) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы баптың 2-тармағына сәйкес ұйымның бухгалтерлiк есепке алуын жүргiзуге және қаржылық есеп берудi дайындауына уәкiлеттiк берiлген тұлғалар, сондай-ақ кәсiпкерлер ұйымның бухгалтерлiк есепке алуын жүргізудi және қаржылық есеп берудi дайындауды жүзеге асырады, осы Заңның ережелерiн, бухгалтерлік есепке алу стандарттарын, бухгалтерлiк есепке алу шоттарының жоспарын және бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ ұйымның және кәсiпкердiң есеп саясатын сақтайды.".
13. 8-бапта:
1) тақырыбындағы "және сыртқы" деген сөздер алынып тасталсын;
2) 1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Ұйымдар бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есеп беру жөнiндегі заңдардың, ұйымның есепке алу саясатының сақталуын, активтердi сақтауды, бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп берудi жүргiзу кезінде ұрлану және жаңсақтық жәйттерiн болдырмау және анықтау жөнiндегi шараларды қоса алғанда, операциялардың тиімдi жүргiзiлуiн қамтамасыз етуге арналған ішкi
бақылауды ұйымдастыруға құқығы бар.
2. Iшкi бақылауды ұйымдастыруды ұйымның басшылығы қамтамасыз етедi.";
3) 3-тармақтағы "субъектiнiң" деген сөз "мемлекеттiк мекемелерден
басқа ұйымның" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 4-тармақ алынып тасталсын;
5) 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Мемлекеттік мекемелердегі ішкі бақылауды уәкілетті органдар
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген олардың құзыретiне сәйкес
жүргiзедi.".
14. 9-бапта:
1) 1-тармақтағы "Субъект басшысы" деген сөздер "Ұйым басшылығы" деген
сөздермен ауыстырылсын:
2) 2-тармақта:
"субъект" деген сөз "ұйым" деген сөзбен ауыстырылсын;
"пайдаланушы ұйым" деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын.
15. 10-бапта:
1) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Бухгалтерлік есепке алудың бастапқы құжаттары мен тiркелiмдерiнiң
мазмұны ұйым басшылығының немесе кәсiпкердiң рұқсаты бар тұлғаларға немесе
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген олардың құзыретiне сәйкес
мемлекеттiк органдардың лауазымды тұлғаларына ғана қол жеткiзу рұқсат
етiлетiн коммерциялық құпия болып табылады.";
2) 2-тармақта:
"аудиторлар және басқа адамдар" деген сөздер "тұлғалар" деген сөзбен
ауыстырылсын;
"Есептік-бухгалтерлiк ақпаратқа" деген сөздер "Көрсетiлген
құжаттарға" деген сөздермен ауыстырылсын;
"аталған" деген сөз "ондағы" деген сөзбен ауыстырылсын;
"иесiнiң" деген сөздiң алдынан "оның" деген сөзбен толықтырылсын.
16. 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"11-бап. Бухгалтерлiк құжаттаманы сақтау
Ұйымдар мен кәсiпкерлер қағаздағы және (немесе) электрондық
көздердегi бухгалтерлік есепке алудың бастапқы құжаттарын, тiркелiмдерiн,
қаржылық есеп берудi, есеп саясатын, өңделген есепке алу деректерiн
электрондық өңдеу бағдарламасын Қазақстан Республикасының заңдарында
белгiленген кезең iшiнде сақтауға міндетті.".
17. III тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Қаржылық есеп берудiң элементтерi".
18. 12-бап алынып тасталсын.
19. 13, 14, 15 және 16-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"13-бап. Қаржылық есеп берудiң элементтерi
1. Қаржылық жағдайды бағалаумен байланысты қаржылық есеп берудiң элементтерi активтер, мiндеттемелер және өз капиталы болып табылады.
2. Қаржылық-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерiн бағалаумен тiкелей байланысты қаржылық есеп берудiң элементтерi кiрiстер мен шығыстар болып табылады.
14-бап. Қаржылық есеп берудiң элементтерін бағалау
1. Қаржылық есеп берудiң элементтерiн бағалау - ақша сомасын анықтау, ол бойынша осы элементтер бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беруде танылады және тiркеледi. Бағалауды қолдану әдiстерi мен тәртiбi бухгалтерлiк есепке алу стандарттарында және бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру жөнiндегi нормативтiк құқықтық актілерде белгiленедi.
2. Қаржылық есеп берудiң элементтерi ұлттық валютада бағаланады және олар бойынша есеп берулер жүргiзiледi.
3. Шетел валютасындағы операциялар бухгалтерлiк есепке алу стандарттарында және бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру жөнiндегi нормативтiк құқықтық актілерде белгiленген тәртiппен, валюта айырбасының нарықтық бағамы қолданылып, теңгемен есептеледi.
15-бап. Қаржылық есеп беру элементтерiн есепке алу Қаржылық есеп беру элементтерiн танудың әдiстерi мен тәртiбi бухгалтерлiк есепке алу стандарттарымен және бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленедi.
16-бап. Қаржылық есеп беру
1. Қаржылық есеп беру ұйымдар мен кәсiпкерлердiң қаржылық жағдайы,
қызметiнiң нәтижелерi және қаржылық жағдайындағы өзгерiстер туралы
ақпаратты бiлдiредi.
2. Мемлекеттiк мекемелердiң есеп беруiн қоспағанда, қаржылық есеп
беру мыналарды қамтиды:
1) бухгалтерлiк баланс;
2) кiрiстер мен шығыстар туралы есеп;
3) ақша қозғалысы туралы есеп;
4) өз капиталындағы өзгерiстер туралы есеп;
5) есеп саясаты туралы ақпаратты және түсiндiрме жазбаны.
Бухгалтерлiк есепке алу стандарттарының және бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарына сәйкес қаржылық есеп беру басқа да материалдармен толықтырылуы мүмкiн.
Қаржылық есеп берудi жасаудың тәртiбi бухгалтерлiк есепке алу стандарттарымен және бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленедi.
3. Мемлекеттiк мекемелердiң қаржылық есеп беруiнiң көлемi, нысандары және тәртiбi егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, уәкiлетті орган анықтайды.
4. Бухгалтерлiк есепке алуды жүргiзудiң және қаржылық есеп берудi жасаудың оңайлатылған нысаны, мемлекет алдындағы салық мiндеттемелерiнiң орындалуына салық бақылауын қамтамасыз ететiн Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органымен келiсiм бойынша уәкiлеттi орган бекiткен бухгалтерлiк есепке алу стандарттарымен анықталады.
Оңайлатылған нысан бойынша қаржылық есеп беруді акцизделетiн өнiмдердi өндiрумен, өңдеумен және сатумен (алкогольдiк және темекi бұйымдарын бөлшек саудада сатуды қоспағанда) айналысатындардан басқа, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын ұйымдар және кәсiпкерлер жасайды.
5. Қаржылық есеп беруге ұйымның басшылығы немесе бас бухгалтерi (бухгалтерi) немесе кәсiпкер қол қояды.
Бухгалтерлiк есепке алуды мамандандырылған бухгалтерлiк ұйым немесе
маман бухгалтер жүргiзетiн ұйымдардың қаржылық есеп беруiне ұйымның
басшылығы, сондай-ақ мамандандырылған бухгалтерлiк ұйымның басшылығы
немесе маман бухгалтер қол қояды.".
20. Мынадай мазмұндағы 16-1-баппен толықтырылсын:
"16-1-бап. Бiрiктiрiлген есеп беру
Еншiлес ұйымдары бар ұйымдар негiзгi ұйымның қызметi бойынша қаржылық
есеп берудi қоспағанда, бухгалтерлiк есепке алу стандарттарына сәйкес
бiрiктiрiлген жылдық қаржылық есеп берудi жасауға және ұсынуға мiндеттi.".
21. 17-баптың 2-тармағында:
"субъект" деген сөз "ұйым немесе кәсiпкер" деген сөздермен
ауыстырылсын;
"оның" деген сөз "олардың" деген сөзбен ауыстырылсын.
22. 18-бапта:
1) 1-тармақта:
"Субъектiлер" деген сөз "Ұйымдар мен кәсiпкерлер" деген сөздермен
ауыстырылсын;
үшiншi абзацтағы "тiркелген жерiнде" деген сөздер "тiркелген жерiндегi статистика органдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 2-тармақта "Субъектiлер" деген сөз "Ұйымдар мен кәсiпкерлер" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Бiрiктiрiлген жылдық қаржылық есеп берудi ұсыну осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес жүргiзiледi.".
23. 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"19-бап. Бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы заңдарды бұзғандығы үшiн жауапкершiлiк
Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есеп беру туралы заңдарын бұзу Қазақстан Республикасының заң актілерiмен көзделген жауапкершiлiкке әкеліп соқтырады.".
2-бап. Осы Заң:
Қазақстан Республикасының Yкiметi белгілеген тәртiппен анықталатын
жекелеген ұйымдар үшiн 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап;
кәсiпкерлер мен өзге ұйымдар үшiн 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап
қолданысқа енгiзiлетiн осы Заңның 1-бабының 6-тармағын қоспағанда,
жарияланған күнiнен бастап күшiне енгiзiледi.
Осы баптың үшінші абзацында көрсетілген кәсіпкерлер мен ұйымдарға
2003 жылғы 1 қаңтардан бастап осы Заңның 1-бабының 6-тармағын басшылыққа
алуға тыйым салынбайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.