"Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық акционерлік қоғамының Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен мемлекеттік емес сыртқы заем тартуы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 24 желтоқсан N 1682

      Атырау мұнай өңдеу зауытын қайта жаңарту жобасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      24 797 963 750 (жиырма төрт миллиард жеті жүз тоқсан жеті миллион тоғыз жүз алпыс үш мың жеті жүз елу) жапон йенасы мөлшеріндегі негізгі борышты, сондай-ақ "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Z000131_ Заңында бекітілген мемлекеттік кепілдіктер беру лимитінің шегінде кепілгердің төлеуіне жататын пайыздар мен өзге де төлемдерді қамтитын сомаға тартылатын мемлекеттік емес заем бойынша міндеттемелерді "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Заемшы) орындауын қамтамасыз ету ретінде несие берушіге мемлекеттік кепілдік берсін;
      Заемшымен Қазақстан Республикасының көрсетілген мемлекеттік кепілдігін беруге байланысты туындайтын Қазақстан Республикасының алдындағы оның міндеттемелерін қамтамасыз ету туралы тиісті келісім жасассын.
      2. Заемшы заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік кепілдікті

 

алуға үміткер тұлғаларға қойылатын талаптардың орындалуын қамтамасыз етсін.

     3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ.Мәсімовке жүктелсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.









Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады