Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің орталық аппараты штат санының ұлғаюына байланысты, оған жүктелген міндеттердің тиімді орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігіне әкімшілік ғимаратты жөндеуге және ұйымдастыру ісі техникасы мен жабдықтар сатып алуға 2001 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 16100000 (он алты миллион бір жүз мың) теңге бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігіне әкімшілік ғимаратты жөндеу жөніндегі қызмет көрсетулерді және ұйымдастыру ісі техникасы мен жабдықтарды сатып алуды бір көзден сатып алу тәсілмен
жүзеге асыруға рұқсат етілсін.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың
мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшінен енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.