Ақпараттық-маркетингтiк жүйенiң инфрақұрылымын құру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 25 желтоқсан N 1689

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 14 наурыздағы N 359 U000359_ Жарлығымен бекiтiлген Ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң 2000-2003 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарының 3.3-тармағын орындау үшiн және ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, өзге де орталық мемлекеттiк органдар (келiсiм бойынша):
      1) бiр айлық мерзiмде ақпаратты өңдеудiң қорғалған құралдары мен техникалық қорғау құралдарын сатып алу мен пайдалану жөнiндегi ақпараттық-маркетингтiк жүйенiң инфрақұрылымын дамытуға жауап беретiн, штат санының бекiтiлген лимитi шегiндегi өзiнiң бөлiмшелiк құрамын белгiлесiн;
      2) 2002 жылғы бiрiншi тоқсанда мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi пайдаланатын мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда қолда бар ақпаратты қорғау құралдарының дерекқорларын қалыптастырсын. Отандық өндiрiстегi ақпаратты өңдеудiң қорғалған құралдары мен техникалық қорғау құралдарын пайдалануға кезең-кезеңiмен көшу жоспарын әзiрлесiн және бекiтсiн;
      3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi агенттiгi бекiткен нысанға сәйкес пайдаланылатын ақпаратты өңдеудiң қорғалған құралдары мен техникалық қорғау құралдары туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi агенттiгiне тоқсан сайын ұсынып отыратын болсын.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк құпияларды қорғау жөніндегі агенттігі оның ұсталуына көзделген қаражаттың шегiнде:
      1) ақпаратты қорғау мен өңдеудiң отандық және шетелдiк техникалық әрi бағдарламалық құралдары, оның ішiнде мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтер туралы дерекқор құрсын;
      2) мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi пайдаланатын мемлекеттік органдар мен ұйымдарды ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтермен жұмыс істеуге рұқсат етiлген (ұсынылған) отандық әрi шетелдiк өндiрiстегi ақпаратты қорғаудың немесе өңдеудiң техникалық және бағдарламалық құралдарының жаңа түрлерiнiң мерзiмдiк ақпараттық бюллетенiн шығаруды ұйымдастырсын.
      3. Ақпараттық-маркетингтiк жүйенiң инфрақұрылымын құру және дамыту

 

жөнiндегi жұмыстарды жалпы үйлестiру Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк

құпияларды қорғау жөніндегі агенттігіне жүктелсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.    






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады