1997 жылғы 18 қарашадағы сериясы ГКИ N 1016 (мұнай) лицензияға өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 27 желтоқсан N 1725

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы N 2828 U962828_ заң күші бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. 1997 жылғы 18 қарашадағы сериясы ГКИ N 1016 (мұнай) жер қойнауын пайдалану құқығына арналған лицензияға мынадай өзгерістер енгізілсін:
      бетпарақтағы "ДЕН НОРСКЕ СТАТС ОЛЬЕСЕЛЬСКАП а.с." деген сөздер "СТАТОЙЛ ҚАЗАҚСТАН а.с." деген сөздермен ауыстырылсын;
      1.1. және 1.3.-тармақтардағы "ДЕН НОРСКЕ СТАТС ОЛЬЕСЕЛЬСКАП а.с." деген сөздер "СТАТОЙЛ ҚАЗАҚСТАН а.с." деген сөздермен ауыстырылсын;
      1.4.-тармақтағы "ДЕН НОРСКЕ СТАТС ОЛЬЕСЕЛЬСКАП а.с. - 1972 жылғы 14

 

маусым" деген сөздер "СТАТОЙЛ ҚАЗАҚСТАН а.с. - 1996 жылғы 20 қараша" деген

сөздермен ауыстырылсын;

     1.5.-тармақтағы "ДЕН НОРСКЕ СТАТС ОЛЬЕСЕЛЬСКАП а.с. Харольд Норвик,

бас басқарушы" деген сөздер "СТАТОЙЛ ҚАЗАҚСТАН а.с. - Бионорн Морденсен,

бас менеджер" деген сөздермен ауыстырылсын.

     2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар

министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А. 





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады