Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 28 желтоқсан N 1740

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кредиторлық берешегін ішінара өтеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. 2001 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне кредиторлық берешегін ішінара өтеу үшін 100 (бір жүз) миллион теңге бөлінсін.
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша) қаржыландырудың ерекше тәртібін ескере отырып, бөлінетін қаражаттың заңнамаға сәйкес пайдаланылуын қамтамасыз етсін және жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне оның

 

пайдаланылуы туралы есепті ұсынсын.

     3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі қаражаттың бөлінуін

және оның пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады