Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1950 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 29 желтоқсан N 1756

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Z000131_ Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1950 P001950_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 56, 627-құжат) мынадай

өзгерістер енгізілсін:
     көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
     ІV "Шығыстар" бөлімінде:
     6 "Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек" функционалдық 
тобында:
     9 "Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету салаларындағы өзге 
қызметтер" ішкі функциясында:
     605 "Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі 
агенттігі" әкімшісі бойынша:
     6 "Өткен жылдардың міндеттерін орындау" бағдарламасында:
     30 "Репатрианттардың (оралмандардың) отбасыларына тұрғын үй сатып 
алу" кіші бағдарламасында "1202419" деген "1263419" деген санмен 
ауыстырылсын;
     31 "1993-1998 жылдары иммиграция квотасы бойынша келген 
репатрианттарға (оралмандарға) біржолғы жәрдемақыларды төлеу және көлік 
шығыстарын өтеу" кіші бағдарламасында "83535" деген сан "22535" деген 
санмен ауыстырылсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының 
         Премьер-Министрі
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады