"Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Қырғыз Республикасы Yкiметiнiң арасындағы Алматы-Бiшкек бағыты бойынша шекаралық өту туралы келісімді және 1999 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Қырғыз Республикасы Үкiметінің арасындағы Алматы-Бiшкек бағыты бойынша шекаралық өту туралы келiсiмге толықтыру енгiзу туралы хаттаманы бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 8 қаңтар N 6

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Қырғыз Республикасы Yкiметiнiң арасындағы Алматы-Бiшкек бағыты бойынша шекаралық өту туралы келісімді және 1999 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Қырғыз Республикасы Үкiметінің арасындағы Алматы-Бiшкек бағыты бойынша

 

шекаралық өту туралы келiсiмге толықтыру енгiзу туралы хаттаманы бекіту

туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының

Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі


                                                              жоба


                     Қазақстан Республикасының Заңы


      Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Қырғыз Республикасы

    Yкiметiнiң арасындағы Алматы-Бiшкек бағыты бойынша шекаралық

    өту туралы келісімді және 1999 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан          

     Республикасының Yкiметi мен Қырғыз Республикасы Үкiметінің

    арасындағы Алматы-Бiшкек бағыты бойынша шекаралық өту туралы

      келiсiмге толықтыру енгiзу туралы хаттаманы бекіту туралы


     1999 жылғы 15 қарашада Бішкек қаласында жасалған Қазақстан

Республикасының Yкiметi мен Қырғыз Республикасы Yкiметiнiң арасындағы

Алматы-Бiшкек бағыты бойынша шекаралық өту туралы келісім және 2001 жылғы

31 мамырда Астана қаласында жасалған 1999 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан

Республикасының Yкiметi мен Қырғыз Республикасы Үкiметінің арасындағы

Алматы-Бiшкек бағыты бойынша шекаралық өту туралы келiсiмге толықтыру

енгiзу туралы хаттама бекітілсін.


     Қазақстан Республикасының

            Президенті


                 Қазақстан Республикасының Yкiметi мен

                Қырғыз Республикасы Үкiметінің арасында

           Алматы-Бiшкек бағытындағы шекаралық өткел туралы

                               КЕЛIСIМ


                               КIРIСПЕ



 
       Бұдан әрi "Уағдаласушы Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Қырғыз Республикасының Yкiметi,
      аймақтық және халықаралық сауданы дамыту үшiн Алматы-Бiшкек автомобиль жолының бойында орналасқан Ақжол-Шу (Қордай) шекара бекетiнде қол жеткiзiлген уағдаластықтардан және транзиттiк жол-көлiк келісiмдерiнен шыға отырып,

 

     шекарада оңтайлы, келiсiлген және өзара тиiмдi көлiк-коммуникациялық

жүйенi дамытып, сақтауға ұмтыла отырып,

     екi ел арасындағы келiсiлген саудадан және көлiк кеңiстiгiнен өзара

пайда табу мақсатында,

     халықаралық ұйымдардағы мүшелiгiне және халықаралық конвенцияларға

қосылатындығына сүйене отырып,

     Уағдаласушы Тараптар арасында жолаушылардың, тауарлардың және

багаждың бiр қалыпты, тез және тиiмдi қозғалуына жәрдемдесудегi өз

мiндеттерiн мақұлдай отырып,

     төмендегi жөнiнде келiстi:


                           ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР


                               1-бап

                             Анықтамалар


     Осы Келiсiмнің мақсаттары үшін пайдаланылатын анықтамалардың

мағыналары мынадай:


 
       "Келiсiм" - Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасының Үкiметi арасында Алматы-Бішкек бағытындағы шекаралық өткел туралы келiсiм;
      "тiркейтiн кеден қоймасы" - кеден билiк органдары тауарларды халықаралық транзитте уақытша сақтау үшiн бекiткен және осы органдар бақылайтын, баждары төленбеген тауарларды сақтауға арналған кеден қоймасы;
      "шекара" - Алматы-Бiшкек автомобиль жолының бойында орналасқан Ақжол - Шу (Қордай) шекара өткелi;
      "шекаралық бақылау аумағы" - шекара бекеттерiнің арасында немесе оларға жақын жерде орналасқан және шекаралық билiк органдары бақылайтын кiруге шектеулi аумақ;
      "тасымалдаушы" - тауарларды, жолаушыларды немесе багажды халықаралық тасымалдауды орындауға уәкiлеттiлендiрiлген заңды немесе жеке тұлға, сондай-ақ багаж жөнелтушiмен немесе жолаушымен тауарлар мен жолаушыларды тасымалдауға өзi немесе оның атынан келiсiм-шарт жасалған тұлға;
      "СМR" - соған сай тауар 1956 жылғы Жүктердi халықаралық жолмен тасымалдау шарты туралы конвенцияға (ЖТШК) сәйкес жол тауарларын сақтандыру жөнiндегi мiндеттемелерге қатысты тасымалданатын халықаралық тауар-көлiк жүкқұжаты;
      "тасымалдауға арналған келiсiм-шарт" - тасымалдаушы соған сәйкес өзiне бiр Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағынан екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағына белгiленген ақы үшiн тауарды, жолаушыларды немесе багажды жеткiзiп беру міндеттемесiн алатын келiсiм-шарт;
      "шекаралық жол қозғалысы" - Ақжол-Шу (Қордай) шекара өткелi арқылы транзиттiк мақсаттағы жол қозғалысы;
      "кедендiк бақылау" - Уағдаласушы Тараптардың кеден органдары кеден қызметiнiң iшкi кеден заңдарына және кеден органдары орындауға міндеттi халықаралық келiсiмдерге сәйкестiгiн қамтамасыз ету үшiн қолданылатын шаралар;
      "iшкi заңдар" - Уағдаласушы Тарап мемлекетінің аумағында қолданылатын нормативтiк құқықтық актiлер;
      "тауарлар" - тауарлар мен азық-түлiктiң, тiрi жануарларды қоса, кез келген түрлерi. Тауарлар буып-түйiлген немесе контейнерге, поддонға немесе тасымалдау үшiн ұқсас бұйымға бiрiктiрiлген жағдайда "тауар" терминiне осындай тасымалдауға арналған бұйымдар немесе багаж анықтаушы жеткiзіп беретiн бума да кiредi;
      "бiр аялдама" - екi мемлекеттің қызметшiлерi шекарадан өтуi кезiнде қажеттi құжаттарды бiрлесiп өңдеу жүргiзу үшiн жағдай жасау;
      "импорттық баждар және салықтар" - тауарларды импорттау кезiнде алынатын импорттық кеден баждары, алымдары және салықтары;
      "iшкi жол қозғалысы" - тиеу немесе түсiру Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағында жүргiзiлген тауарларды немесе жолаушыларды осы Уағдаласушы Тарап мемлекетi аумағының iшiнде түсiру үшiн тасымалдау;
      "көлiк құралдары" - жолаушыларды, тауарларды немесе багажды, үстiнде орналастырылған жабдықты, контейнерлер мен көлiк жабдықтарының басқа түрлерiн қоса, тасымалдау үшiн пайдаланылатын кез келген құралды бiлдiредi;
      "жолаушы" - өзi немесе оның атынан жасалған тасымалдау келiсiм-шартын орындау кезiнде оны тасымалдаушы ақысына немесе ақысыз тасымалдайтын кез келген жеке тұлға;
      "рұқсат" - Уағдаласушы Тараптың құзыреттi органы берген құжат, соған сәйкес кез келген Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағында тiркелген көлiк құралына екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағына кiруге, шығуға немесе транзиттiк өтуге рұқсат немесе құқық берiледi;
      "арнайы рұқсат" - Уағдаласушы Тараптың құзыреттi органы берген құжат, соған сәйкес осы Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағы арқылы ауыр салмақты және iрi көлемдi көлiк құралдарының, сондай-ақ қауiптi жүктердi тасымалдау кезiнде өтуiне рұқсат берiледi;
      "Жүк жөнелтушi" - соның атынан немесе соның мүддесінде тасымалдаушымен, не болмаса соның атынан немесе соның мүддесiнде тауарлар тасымалдауға арналған келiсiм-шартқа сәйкес тауарлар нақты жеткiзiп берілетiн кез келген тұлғамен келiсiм-шарт жасалған кез келген тұлға;
      "ақысыз балама жол" - көлiк құралының техникалық көрсеткiштерi ақылы жолдан қалыспайтын, ақысыз басқа жолмен сол бағытта жүрiп өту мүмкiндiгiнiң болуы;
      "ТIR конвенциясы" - 1975 жылғы Халықаралық жүк тасымалдары туралы кедендiк конвенцияның шарттарына сәйкес тауарларды тасымалдау (МДП кiтапшасын қолданумен).
 
                               2-бап
                 Келiсiмнің мақсаттары мен міндеттерi
 
      Осы Келiсiмнің негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi мыналар:
      тауарлардың, багаждың және жолаушылардың Уағдаласушы Тарап мемлекеттерiнiң тиiстi аумақтары бойынша және олардың арасында тиiмдi қозғалысы арқылы Уағдаласушы Тарап мемлекеттерiнiң арасында сауда жүргiзуге жәрдемдесу және жағдай жасау;
      тауарлардың, багаждың және жолаушылардың қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және Ақжол-Шу (Қордай) шекара өткелi арқылы өтуi сәтiнде және Уағдаласушы Тарап мемлекеттерiнің аумақтары арқылы транзиттiк қозғалыс уақытында бостан-бос кiдірiстердi болдырмау;
      Уағдаласушы Тараптардың төлемдердi заңсыз алуға, салық төлеуден жалтаруға, тыйым салынған немесе шектелген тауарлармен сауда жүргiзуге, сондай-ақ шекарада және Уағдаласушы Тарап мемлекеттерi аумақтарының ішіндегi бару мекендерiнде кедендiк тазарту рәсімдерiнен өткенде кiдiрiске жол бермеуге бағытталған күштерiн бiрiктiру және үйлестiру;
      Уағдаласушы Тарап мемлекеттерiнiң аумақтарында және олардың арасында халықаралық жол-көлiк қызмет көрсетулерiн беру үшiн қажеттi барлық құралдармен қамтамасыз ету;
      Шекаралық жол өткелi және транзиттiк тасымалдар мәселелерiне арналған қажетті әкiмшілiк шараларын келiсу;
      Келiсiм Тараптары арасында халықаралық жол-көлiк қызмет көрсетулерiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн дамытуды қолдау.
 
                               3-бап
                     Келiсiмдi қолдану саласы
 
      Осы Келiсiмнiң ережелерi, Қосымшаны қоса, Ақжол-Шу (Қордай) шекара бекетiнен және/немесе Алматы-Бішкек автомобиль жолынан басталатын және/немесе аяқталатын не болмаса жол бойындағы жол қозғалысына қатысты қолданылатын болады.
 
                               4-бап

 

                           Жол алымдары


     Тасымалдаушылар немесе олардың көлiк құралдары бiр Уағдаласушы Тарап

мемлекетiнiң аумағынан екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағына

жүзеге асыратын жолаушылар және жүк тасымалдарынан келешекте Алматы-Бішкек

жолында алым алынатын болады және оларды қолдану Уағдаласушы Тараптар

арасында кеңесулер арқылы келiсiлетiн болады.


                           ИНФРАҚҰРЫЛЫМ


                              5-бап

           Жолды жобалау және оның техникалық сипаттамалары



 
       Уағдаласушы Тараптар Алматы-Бiшкек автомобиль жолын ұстауды, қалпына келтiрудi және қайта жаңартуды Уағдаласушы Тарап мемлекетiнің аумағында қолданылатын Құрылыс нормалары мен ережелерiне (ҚНЕ) сәйкес жүзеге асыратын болады.
      Уағдаласушы Тараптар автокөлiк қозғалысының қауiпсiздiгін жақсартуға және қолданылатын Құрылыс нормалары мен ережелерiне сәйкес қозғалыс құралдарын өткiзу санын көбейтуге бағытталған Алматы-Бiшкек автомобиль жолын жалпы жобалауға, жол бетiне және Қордай асуы ақылы трассаның жоспарына қатысты жетілдiруге қаражат бөлу үшiн күш салады.
 
                               6-бап
                     Шекара маңындағы құралдар
 
      Уағдаласушы Тараптар шекара маңындағы бiрдей құралдардың және мыналарды қоса, қажеттi құрылыстардың болуын қамтамасыз етедi:
      кедендiк шекаралық бақылау қызметшiлерi үшiн жұмыс бөлмелерi;
      кеден, Көлiктiк бақылау комитетi, жол полициясы үшiн әкiмшiлiк бөлмелерi, сондай-ақ қажеттiлiгiне қарай шекаралық күзеттің, денсаулық сақтау ұйымдарының, малдәрiгерлiк және санитарлық қызмет көрсетудiң уақытша қызметшiлерi үшiн қосымша бөлмелер;
      көлiк құралдарын қарауға арналған аспап-құралдар;
      транзиттiк құжаттарды өңдеу уақытында көлiк құралдарының тұрағына арналған жеткiлiктi алаң;
      жүк және жолаушылар көлiк құралдары үшiн жеке қозғалыс жолақтары;
      кириллица және латын әрiптерiмен орындалған айқын жазулар;
      шекара маңында қызмет көрсету құралдары көлiк құралдары мен тауарлар бiр орында қаралатындай, ал тауарларды қайталап қарауды, тиеудi және түсiрудi болдырмайтындай түрде орналастырылатын және ұйымдастырылатын шекаралық бақылаудың белгiленген аумақтарының ішінде орын алатын болады. Уағдаласушы Тараптар Ақжол-Шу (Қордай) шекара маңындағы бақылау құралдарын бiрiктiруге және әрбiр бағытта "бiр аялдама" сызбасы бойынша құранды шекаралық бақылау құруға күшiн бағыттайды. Жақын маңдағы Жол

 

полициясының бақылау бекеттерiн қосу мүмкiндiгi қаралатын болады.


                              7-бап

                        Бақылау бекеттерi


     Уағдаласушы Тараптар Алматы-Бішкек автомобиль жолындағы жол бақылау

бекеттерiнiң санын азайту үшiн барлық қажеттi шараларды, сондай-ақ жол

қозғалысын негiзсiз кiдiртудi қысқарту үшiн шекара өткелiнде кеден,

полиция бекеттерiн және салмақ бақылау бекеттерiн қосу жөнiндегi шараларды

қабылдайды.


                              8-бап

            Тiркейтiн кеден қоймасында тауарларды сақтау



 
       Уағдаласушы Тараптар тiркейтiн кеден қоймасында тауар сақтау жүйесiн енгiзiп, дамытуға, сонымен бiрге кеден төлемдерi мен салықтарын төлегенге дейiн, және кiретiн, немесе шығатын соңғы кеден тазартуына дейiн транзиттiк импорт, немесе экспорт тауарларын сақтауға арнап Алматы және Бiшкек маңында кеден құрылымдарын дамытуға барынша қолдау көрсететін болады.
      Уағдаласушы Тараптар автомобиль көлiгi шекарадан өткенде және жол бойында қаралатын құжаттарды тексерiп дайындауды күту мерзiмін азайтуға бағытталған iс-шараларды анықтау үшiн жүктi тазалаудың тиiстi рәсiмiмен танысатын болады. Бұған соңғы кеден тазартуынан өткенге дейiн тауарды

 

сақтауға болатын, Кеден мекемесi мақұлдаған қоймаларды немесе басқа жайлы

құрылыстарды кеңiнен пайдалану есебiнен көлiк құралын тез босатудың

әлеуеттi мүмкiндiгi кiредi.


                              9-бап

               Жол бойындағы қызмет көрсету объектiлерi


     Уағдаласушы Тарап жол бойында қазiргi заманғы бiрлескен құранды

қызмет көрсету объектiлерiн құратын болады, ал оның құрамына мыналар

кiредi:

     - жоғары октанды және төмен октанды бензиндi, дизель отынын және май

сататын автожанаржағармай құю станциясы;

     - дәмхана;

     - тамақтану нүктелерi бар демалыс аумақтары (мотель, шайхана және

т.б.);

     - медициналық және санитарлық-тұрмыстық нүктелер;

     - коммуникация құралдары.

     Алматы-Бiшкек автомобиль жолының бойында кемінде екi осындай құрылыс

тұрғызылуы тиiс.


                 Жол көлiк қызметiн көрсету шарттары


                              10-бап

                       Жол қозғалысы ережелерi



 
       Уағдаласушы Тараптар өз мемлекетiнiң аумағында күшi бар жол қозғалыс ережелерi өзiнiң мән-мағынасы жағынан 1968 жылғы Жол қозғалысы туралы конвенция және Жол белгiлерi мен сигналдары туралы конвенция ережелерiне сай болуын кепiлдеу үшiн тиiстi шаралар қабылдайтын болады.
 
                               11-бап
         Шекарадағы және транзиттiк қозғалыстың қауiпсiздiгi
 
      Уағдаласушы Тараптар Алматы-Бiшкек автомобиль жолындағы шекара өткелi мен жолдың өн бойында қозғалыс қауiпсiздiгi мен қоршаған ортаны қорғау шараларын қамтамасыз етуге шаралар қабылдайтын болады.
      Уағдаласушы Тараптар көлiк құралдарының, жүктiң және т.б. ЖКО әсерiнен бүлiнгендерiн жолдың жүретiн бөлiгiнен әкетiп босатуына, сонымен қатар оларды күзеттi тұрақтарға немесе алаңдарға жеткiзуге көмектесу арқылы жол-көлiк оқиғасынан зардап шеккен тасымалдаушыларға жәрдем көрсету үшiн қажеттi шаралар қолданатын болады.
 
                               12-бап
       Кеден бажы, салығы, басқа алымдар мен аударылатын сомалар
 
      Уағдаласушы Тараптар мынадай тауар түрлерiн импорттық баж бен салықтардан босатуға келiсiм бередi:
      келген көлiк құралының кәдiмгi жанар май багiндегi құюлы жанар-жағармай материалдары;
      жолда жүру барысында көлiк құралын пайдалану үшiн қажеттi қосалқы бөлшектер, жабдықтар мен құралдар;
      Сонымен қатар Уағдаласушы Тараптар техникалық және жөндеу көлiк құралдарына уақытша кiруге рұқсат беруге келiседi. Бұған Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң аумағына уақытша кiруге рұқсат алған көлiк құралдарының құрамына кiретiн, немесе оларда қолданылған бөлшектер мен құралдарды ауыстыру арқылы жөндеу мен техникалық күтiм жасау барысында қолданылатын қосалқы бөлшектер, агрегаттар мен құралдар да кiредi.
 
                               13-бап
               Жанар-жағармай материалдарын (ЖЖМ) беру
 
      Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң көлiк құралдарына өз мемлекетiнiң аумағында жүруiне қажеттi жанар-жағармай материалымен қамтамасыз ету құқығын беруге келiседi.
 
                               14-бап

 

             Жүргiзушi куәлiктерiнің күшiн өзара қуаттау


     Автобустар мен жүк автомашиналарының жүргiзушiлерiнде көлiк құралының

категориясына сәйкес келетін ұлттық, немесе халықаралық жүргiзушi куәлiгi

және өзiнің жүргiзетiн көлiк құралының ұлттық тiркеу құжаттары болуы керек.

     Уағдаласушы Тараптар өз мемлекетiнiң аумағында екiншi Уағдаласушы

Тарапты құзыреттi органдары берген жүргiзушi куәлiгiн, көлiк құралының

тiркелген нөмiрлiк белгiлерiн қуаттайтын болуы тиiс.


                              15-бап

                Жолаушы және жүк тасымалдау құралдарының

                       техникалық жағдайын бақылау


     Уағдаласушы Тараптар жолаушылар мен жүк тасымалдау көлiгiнiң қозғалыс

үшiн қауiпсiз техникалық жағдайда екенiне кепiлдiк беру үшiн техникалық

жағдайына тиiстi бақылау жүргiзiп отыруға мiндеттенедi.


                              16-бап

               Моторлы көлік құралы үшiн үшiншi жақты

                      мүддесiн сақтандыру жүйесi


     Уағдаласушы Тараптар көлiктi және автотасымалын сақтандыру

саласындағы өз аумағында күшi бар заң актiлерiн бiр нысанға келтiруге

қажеттi шараларды қолданатын болады.


                              17-бап

                           Филиалдар құру



 
       Уағдаласушы Тараптар өз мемлекеттерiнiң аумағында трансшекаралық және транзиттiк қызмет көрсететін көлiк компанияларына осындай қызмет көрсету мақсатындағы филиалдарды құруға рұқсат бередi. Мұндай филиалдар құру iсi Уағдаласушы Тараптардың iшкi заңдарымен үйлесе iске асырылуы тиiс.
 
                               18-бап
                        Көлiк қызметiн көрсету
 
      Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы екiншi Уағдаласушы Тарапқа өз мемлекетiнiң аумағында немесе өз шекарасы арқылы транзиттiк қозғалысты қамтамасыз етуге қажеттi жағдай жасайтын болады және екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағында тiркелген көлiк құралдарына өз мемлекетiнiң аумағында трансшекаралық және транзиттiк тасымалдау қызметiн көрсетуге рұқсат бередi.
      Осы Келiсiмнiң шарттарын ұстана отырып, Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы екiншi Уағдаласушы Тарапқа өз мемлекетiнiң аумағында немесе өзiнiң шекарасы арқылы транзиттiк қозғалысты қамтамасыз етуге қажеттi жағдайлар жасайтын болады.
      Егер қаралып отырған Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң тасымалдаушысы Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң мемлекетiнiң аумағында тiркелген көлiк құралдарына транзиттiк тасымалдарға арналған рұқсат алмаған болса, екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағында халықаралық тауар, жолаушы және жүк тасымалын жүргiзуге тыйым салынатын болады.
 
                               19-бап
                   Көлiк құралдарын уақытша кiргiзу
 
      Әрбiр Уағдаласушы Тарап екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнің аумағында тiркелген көлiк құралдарына осы Келiсiмнiң 18-бабында анықталғанындай, олар iшкi көлiк тасымалдарымен айналыспайды деген шартпен, заңды көлiк операцияларына байланысты мерзiмiн шектеместен өз мемлекетiнiң аумағында уақытша қалуға рұқсат бередi.
 
                               20-бап
                    Тасымалдар жасауға рұқсат беру
 
      Уағдаласушы Тараптар трансшекаралық және транзиттiк тасымал жүргiзу барысында тауар, жолаушы және жүк тасымалына шектеусiз және үлессiз рұқсат беруге қойылатын талаптарды келiседi және жеңiлдететiн болады.
      Егер бiр Уағдаласушы Тарап мемлекетiнің аумағы ішінде Алматы-Бiшкек автомобиль жолындағы қозғалыс жөнiндегi Қосымшада қабылданған стандарт көрсеткiштерiнен салмағы, көлемi немесе бiлiкке түсетiн күшi асып кетсе, сондай-ақ қауiптi жүктердi тасымалдау кезiнде тасымалдаушы екiншi Уағдаласушы Тараптың құзыретті органдарынан арнайы рұқсат алуы тиiс.
      Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң аумақтары арасында немесе олардың аумағы бойынша автобуспен жолаушыларды тасымалдау рұқсат негiзiнде жүзеге асырылуы тиiс. Мұндай рұқсаттарды Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi органдары Халықаралық жолаушыларды және багажды автомобильмен тасымалдау туралы Конвенцияның (Бiшкек, 9 қазан, 1997) нұсқауларына сәйкес беретiн болады.
      Екiжақты автомобиль тасымалдары рұқсатсыз негiзде жүзеге асырылады. Транзиттiк автомобиль тасымалдары рұқсат берудiң негiзiнде жүзеге асырылады. Рұқсаттарды Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi органдары бередi.
      Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағына жүк кiргiзу немесе Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағы арқылы жүк алып өту, құзыреттi органдар талабы бойынша олардың өкiлдерiне көрсетiлетiн, осы Келiсiмде анықталған трансшекаралық және транзиттiк тасымал құжаты бойынша ғана жүзеге асырылатын болады.
 
                    КӨЛIК ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI
                           ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАҚЫЛАУ
 
                               21-бап
            Көлiк құралдарына қойылатын техникалық талаптар
 
      Қалпына келтiрiлгеннен кейiнгi Алматы-Бішкек автомобиль жолымен трансшекаралық және транзиттiк тасымал үшiн пайдаланылатын көлiк құралдары көлемi, жүгiн қоса ең жоғарғы жалпы салмағы, бiлiкке түсетiн күшi және басқа көрсеткiштерi бойынша осы Келiсiмнің Қосымшасында анықталған техникалық талаптарға сай келуi тиiс.
      Уағдаласушы Тарап мемлекеттерiнiң аумақтарында орналасқан басқа жолдарда ең жоғарғы көлем, салмақ, бiлiкке түсетiн күш бойынша басқадай техникалық талаптар белгiленуi мүмкiн.
      Уағдаласушы Тараптар Алматы-Бiшкек автомобиль жолында Қосымшада анықталған көрсеткiштерге сай келетiн, көлемiнен артық кеткен деп жiктелмейтiн көлiк құралдарының қозғалысына, оларды жеке қараусыз, немесе көлемнен асқаны үшiн алым алусыз, рұқсат бередi.
      Өлшемдерi Қосымшада көрсетiлген рұқсат етiлетiн көлемнен артық кеткен көлiк құралдары ең жоғарғы рұқсат етiлетін көлемнен асып кеткен (iрi көлемдi) деп жiктелетiн болады.
      Жалпы салмағы Қосымшада анықталған рұқсат етiлетiн көрсеткiштен артық, немесе жүгiмен, әйтпесе жүксiз бiлiкке түсетін күшi бар көлiк құралдары ең жоғарғы рұқсат етiлетiн салмақтан асып кеткен (ауыр салмақты) деп есептелетiн болады.
 
                               22-бап
           Ірi көлемдi және ауыр салмақты көлiк құралдарының
                       өтуi үшiн рұқсат беру
 
      Iрi көлемдi және ауыр салмақты көлiк құралдары Уағдаласушы Тарап мемлекетінің аумағына әрбiр Уағдаласушы Тараптың тиiстi құзыреттi органы берген арнайы рұқсат бойынша және осы рұқсатта анықталған шарттар негiзiнде өткiзiлетiн болады. Ақжол-Шу (Қордай) шекара өткелi iрi көлемдi және ауыр салмақты көлiк құралдарын өткiзу бекетi болып табылады.
      Уағдаласушы Тараптар Қосымшада анықталған көлемнен асатын iрi көлемдi және ауыр салмақты көлiк құралдарын өткiзуге рұқсат берген жағдайда iшкi заңдарымен анықталған белгiлi алым алуына болады.
      Уағдаласушы Тараптар өз мемлекетiнiң аумағында артық мөлшердегi жүк артқан көлiк құралының қозғалысына тиiстi бақылау жүргiзедi, соның нәтижесiнде Қосымшада анықталған ең жоғарғы көлем, салмақ, бiлiкке түсетiн күш мөлшерiнiң межесiнен асып кетпеуiн, мүмкiндiгiнше, қамтамасыз етуге әрекет етедi. Мұның бөлiнбейтiн жүктi тасымалдауға қатысы жоқ.
 
                               23-бап
                 Ауыр салмақты көлiк құралдарын бақылау
 
      Уағдаласушы Тараптар Қосымшада анықталғандай көлiк құралдарының салмағы жағынан, әйтпесе білікке түсетiн күшi жағынан артық жүк артылуын азайту үшiн төмендегi жолмен күш-жiгерiн жұмсайтын болады:
      артық жүктi әкiмшiлiк құқық бұзушылығы деп қарастырып айыппұл төлететiн тиiстi заңдарды пайдалану, және Қосымшада анықталған өлшемдерге оның көрсеткіштерi сәйкес келгенге дейiн көлiк құралынан тауарды түсiру. Мұның осы Келiсiмнiң 23-бабына сәйкес арнайы рұқсат алған көлiк құралына қатысы жоқ;
      Қосымшада анықталғандай ТМД елдерiнде қолданылатын халықаралық

 

шектеулерге сай келетiн белгi қойылған Алматы-Бiшкек автомобиль жолында

және басқа кез-келген жолда көлiк құралының рұқсат етiлетiн салмағын

шектеудi қолдану; және

     тәуекел факторын бағалауға негiзделген, мысалға, көзбен бақылау

арқылы, әйтпесе құжаттағы хабарламаға негiздей отырып, таңдап алып

пайдалануға болатын, платформалы таразы мен бiлiкке түсетiн күштi өлшейтiн

аспап тәрiздi тиеулi салмақты бақылау жүйесiн пайдалану.


                    ЖАЛПЫ ШЕКАРА МАҢЫНДА ЖӘНЕ

                    ТРАНЗИТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ


                              24-бап

              Трансшекаралық өткелде және жол бойында

                  кеден бажынан тазартуды тездету



 
       Уағдаласушы Тараптар мыналар үшiн Ақжол-Шу (Қордай) шекарасы арқылы, немесе транзитпен өтетiн жүк ағымының бiркелкi және тез қозғалысын қамтамасыз ету үшiн күштерiн жұмылдыруға кепiлдiк бередi:
      Ақжол-Шу (Қордай) өткелiндегi аралық нүктелерде заңмен көзделген нысандылықтардан тез өткiзу үшiн халықаралық көлiктi, сауда құжаттарын және жеңiлдетiлген тексеру жүргiзуде тиiстi тәжiрибесi бар арнайы дайындалған адамдармен қамтамасыз ету;
      Уағдаласушы Тараптар мемлекетiнiң өткел аумағында орналасқан кәсiпорындарға қолайлы жұмыс режим орнату;
      көлiк және сауда құжаттарының бiркелкi нысанын қабылдау арқылы Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң аумақтары арасында тез және тиiмдi тауар транзитiне қолдау көрсету;
      шекарада тексеру кезінде және жөнелту-қабылдау бекеттерiнде тазарту барысында кiдiрту жағдайларын азайту үшiн шекарада және жол бойында тауарды тексеруден туындайтын қауiптi бағалау рәсiмiн жүзеге асыруды қарастыру;
      көлiк құралдарына қатысты құжаттама мен рәсiмдердi тасымалданатын тауардың құжатынан бөлектей отырып, шекарадан өтетiн және транзитпен қозғалатын жол көлiктерiн өткiзудi тездету мақсатында қазiргi тазалау рәсiмiн қарастыру;
      екi рет тексеруден өтудi болдырмау үшiн Уағдаласушы Тараптардың

 

тиiстi құзыреттi органдарының Ақжол-Шу (Қордай) өткелiндегi аралық

нүктелерде заңдарда көзделген бақылаудың барлық түрлерiн бiр мезгiлде

өткiзудi қолдануды қарастыру;

     шекара нүктелерiнде тауарды тiзiмге алу мақсатында кедендiк

тазартудың компьютерлiк жүйесiн енгiзу; және

     кеденге Уағдаласушы Тараптардың мемлекеттерi арасындағы саудаға

жағдай жасайтын және жәрдемдесетiн өзгерiстердi енгізуге көмектесу.


                     КЕДЕН БАҚЫЛАУЫ МЕН РӘСIМДЕРI


                              25-бап

                Кеден рәсiмдерiн оңайлату және келiстiру


     Уағдаласушы Тараптар Ақжол-Шу (Қордай) шекара өткелi арқылы және өз

мемлекеттерiнің аумағынан өтетiн көлiк құралдарының, тауарлардың, жүк пен

жолаушылардың кедендiк бақылауын оңайлату және келiстiру жөнiнде шаралар

қабылдайтын болады.


                              26-бап

                           Iшкi заңдар


     Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң автомобиль көлiгi саласындағы

iшкi заңдары шекара өткелi арқылы транзиттiк режимде өтетiн көлiкке осы

Келiсiммен белгiленген шеңберде, бiрдей және тежеусiз қолданылатын болады.


                              27-бап

                     Халықаралық Конвенциялар



 
       Осы Келiсiм мұндай конвенциялардың қатысушылары болып табылатын мемлекеттердің тасымалдаушылары арасында ғана дау туындаған жағдайда Келiсiмде берiлген талаптарға қатысты халықаралық конвенциялардың мiндеттi ережелерiн орындауға кедергi келтiрмейдi.
 
                               28-бап
                     Кеденнің транзиттiк жүйелерi
 
      Уағдаласушы Тараптар тауарлардың өз мемлекеттерi аумақтарында қозғалысы үшiн Халықаралық Кеден Конвенциясына сай жүк пен көлiк құралдары үшiн кеденнiң транзиттiк жүйесiн құратын болады.
      ТIR Конвенциясымен (1975 жылғы) қамтылған Халықаралық Тауар Тасымалдау туралы Кеден Конвенциясының тараптары болып табылатын Уағдаласушы Тараптар осы Конвенцияның ережелерiн толығымен сақтайтын болады. Бұл Конвенцияның ережесiн орындамаған Уағдаласушы Тарап оның шарттарына мүмкiндігiнше сай болуға тырысады және Конвенцияны мүмкiндiгiнше тез арада орындай бастайтын болады.
 
                               29-бап
                       Кеден/сауданы үйлестiру
 
      Уағдаласушы Тараптар Мемлекеттiк Кеден мен сауда ұйымдары және Қазақстанның ұлттық экспедиторлары Қауымдастығы, Халықаралық автомобиль көлігі одағы және т.с. басқалармен арадағы байланысты жетiлдiре алатын, сауда мен көлiктi бiрлесе дамыту мүдделерiне кiретiн Кедендiк үйлестiру комитетi тәрiздi мекемелердiң өсуiне қолдау көрсететiн болады.
      Уағдаласушы Тараптар заңсыз төлем алуды қысқарту және баждарды/салық мiндеттерiн азайту мақсатында баж салығы мен қосымша құн салығының мөлшерiн анықтайтын мемлекеттiк қызметкер мен импорттаушы тұлғаның, немесе оның өкiлiнiң iс-қимылын қысқарту амалдарын қарастырады. Құжаттарды өңдеу

 

мен тауарларды көріп-тексеру рәсiмдерiн бөлу, автоматтық жүйелердi

пайдалану секiлдi балама жүйелер де қаралатын болады.


                              30-бап

                              Оқыту


     Уағдаласушы Тараптар мемлекеттiк қызметкерлердi қазiргi заманғы кеден

рәсімдерiне оқытып, оларды дәйектi пайдалануды қамтамасыз етедi. Оқу

бағдарламасына мыналар енгiзiледi:

     - ТIR Конвенциясы бойынша құжаттаманы өңдеу;

     - қауiптi бағалау тәсiлiн пайдалану;

     - көлiк құралдарын тексеру жүйесi;

     - компьютерлiк технологиямен таныстыру.


                              31-бап

                 Қауiптi бағалау тәсiлiн пайдалану



 
       Уағдаласушы Тараптар Ақжол-Шу (Қордай) шекарасында және тазарту

 

нүктелерiнде жүк көлiгiн тексеруден өткiзу үшiн қауiптi бағалау тәсiлiнiң

тұжырымдамасын белгiлейдi. Мәлiмет қауiп негiзiнде жүктердi өткiзудiң

шекарадан өтетiн және жол бойында жүрген барлық көлiк құралдары үшiн

алынған 5%-тен аспайтын көмескi таңдалған ставкасын қоса халықаралық

тәсiлдерiне негiзделеді.


                              32-бап

                     Мөр басу iсін қадағалау


     Уағдаласушы Тараптар кеден құжаттарына басылатын мөрдiң санын -

жұмыстық және бақылау - деген екi мөрге дейiн шектеп, қысқартуға ұмтылатын

болады.


                              33-бап

               Кедендiк тазартудың автоматтық жүйесi



 
       Уағдаласушы Тараптар сауда жүйесiнiң мәлiмет базасына байланыстың тiкелей енуiн пайдаланып, мәлiметтi сырттан тiкелей кiргiзу мүмкiндiгi бағдарланған және автоматты өңдеудiң Халықаралық Стандартқа сай Кедендiк Тазартудың Автоматтық жүйесiн енгiзу үшiн техникалық мәнiстер мен қаржылық қажеттiлiктердi қарайтын болады.
      Уағдаласушы Тараптар жүктi тiркеуге алу және орталықтандырылған Кедендiк Тазартудың Автоматтық жүйесiне байланыс орнату мақсатында Ақжол-Шу (Қордай) шекара өткілiне компьютер орнатуға қатысты техникалық мәнiстер мен қаржылық қажеттiлiктердi қарайтын болады.
 
                               34-бап
                      Кеден алымдарының жүйесi
 
      Уағдаласушы Тараптар тауар импорттаушы/экспорттаушы тұлғалармен немесе олардың өкiлдерiмен қолма-қол ақшалай есеп айырысу жайларының санын азайтуды еске ала отырып, банкiлiк мәмілелердiң тiкелей пайдасы үшiн өзiнiң алымдар жүйесiн қарайтын болады.
 
                               35-бап
                          Кедендiк iлеспе
 
      Уағдаласушы Тараптардың кеден органдары тасымалдауда жоғары қаупi бар тауарларды халықаралық транзитпен өткiзуде өз мемлекетi аумағында транзитпен жүрiп өту барысында оның кедендiк айдауылдық iлеспе жүйесi бойынша кедендiк бақылауда қалуын талап етуге құқығы болады.
      Кедендік iлеспе рәсiмдерiн пайдалану талан-таражға түсуге немесе салық/баж төлеуден жалтаруға бейiм деп есептелетiн акциздi топ тауарларын қамтитын болады.
      Уағдаласушы Тараптар Ақжол-Шу (Қордай) шекара өткелiнде және

 

Алматы-Бiшкек автомобиль жолында транзиттiк қозғалыс барысында қисынсыз

кiдiрiс уақыты болмайтындай көлемде iлеспенi жүзеге асыру үшiн тиiстi

техникалық ресурстарды дайындауға келiседi.

     Уағдаласушы Тараптар iлеспе қызмет көрсетулерiнің шығынын толтыруға

құқылы болады. Ондай төлем есебiнiң негiзi ретiнде шекара маңындағы және

транзиттiк саудаға әсер етуi мүмкiн деңгейлерде белгiленбейтiн, нақты

шыққан шығын алынады.


                       ҚҰЖАТТАМА МЕН РӘСIМДЕР


                               36-бап

                   Құжаттарды бiр қалыпқа келтiру

                      және оларды рецензиялау



 
       Уағдаласушы Тараптар құжаттарды тексерiп қарау және рәсiмдерден өту көп материалдық және уақыт шығынын талап ететiнiн, соның нәтижесiнде трансшекаралық және транзит қозғалыстарының тиiмдiлiгiне әсер ететiнін мойындайды және сондықтан бұл шығындар мен кідiрiс уақытын ең аз мөлшерге төмендетуге келiседi.
      Осы бағытқа сәйкес Уағдаласушы Тараптар мыналарға мiндеттенедi:
      трансшекаралық және транзиттiк тасымалдар үшiн өтуi шартты рәсiмдер мен ресiмдiлiктердi мүмкiндiгiнше қысқартуға және құжат сандарын шектеуге;
      сауда құжаттары бойынша Бiрiккен Ұлттар Ұйымының негiзгi ережелерiне сәйкес өз аумағындағы iс жүзiндегi құжаттарды өзгертуге;
      халықаралық саудада әдетте күнделiктi пайдаланылатын тауарлар кодтарының мүмкiндiгінше көп сандарын және сипаттамаларын келiстiруге;
      шекаралық және транзиттiк сауда үшiн белгiленген құжаттар мен

 

рәсiмдердiң қажеттiлiгi мен пайдалылығын оқтын-оқтын қайта қарап отыруға;

     артық немесе ешқандай айқын мақсаты жоқ деп бағаланған барлық

құжаттар мен нысаншылдық талаптарды жоюға.


                              37-бап

                 Кедендiк тазарту стандарттары


     Уағдаласушы Тараптардың кеден органдары егер құжаттары дұрыс, ал

тауарларын тексерiп көруге болатындай болған жағдайда құжаттарды

тексерудiң барлық рәсiмдерiн аяқтауды және кедендiк тазалаудан өтудi

қамтамасыз ететiн қажеттi құжаттарды бергеннен бастап 24 сағат iшiнде

тиiстi шараларды енгiзетiн болады.


                              38-бап

                   Шекаралық транзиттiк құжаттар


     Уағдаласушы Тараптар жүк көлiгiнiң Ақжол-Шу (Қордай) шекара өткелiнен

өтуi үшiн қойылатын мынадай ең кiшi талаптарға келiсiм бередi:

     жүргiзушiлер үшiн

     жүргiзушi куәлiгi, төлқұжат немесе жеке куәлiгi;

     көлiк құралы үшiн

     халықаралық тасымалдарды жүзеге асыруға арналған рұқсат;

     тiркеу құжаттары

     арнайы рұқсат (қажет болғанда)

     тауар үшiн

     жүк кеден декларациясы

     жүк құжаты;

     тауардың жеткiзiп берiлуін бақылау құжаты;

     ТIR-карнет (ТIR шарттарымен жүрген жағдайда);

     СМR Халықаралық тауар-көлiк жүкқұжаты (СМR шарттары бойынша жүрген

жағдайда).

     Рұқсат (егер тұрақты бағыттағы автобус болса немесе оқтын-оқтын бағыт

автобусы үшiн балама өкiлеттi құжат).

     Келiсiмнiң Тараптары Ақжол-Шу (Қордай) шекарасында осы құжаттарды

тексерудiң өз рәсiмдерiн шекаралық бақылаумен шектеуге келiседi.


                              39-бап

              Тауар мен көлiк құралдарының құжаттары



 
       Уағдаласушы Тараптар шекарадан өтуге және транзиттiк көлiктiң жүруiне қатысты құжаттардың бар талаптарын жүргiзушiден және оның көлiк құралынан және оларға тиесiлi тасымалданатын тауарларынан да талап етiлетiн құжаттардың қайта-қайта тексерiлетiндiгiн еске ала отырып, тексеретiн

 

болады. Бұл тексеру мыналарды жүзеге асыруға мүмкiндiк беретін тәсілдердi

анықтау үшiн қажет:

     кеден бақылауының қарамағындағы тауарды түсiретiн көлiктi тез

өткiзуге;

     көлiк құралына тауар артулы тұрған кезде көп рет тексеретiн қазiргi

жағдайдағы тексеру санын азайтуға;

     тiркелген кеден қоймасын үдемелi пайдалануға; және

     сүйреушісі жоқ тiркемені тазартуға.


                              40-бап

                 Тасымалданатын жүктiң артық тиелуi



 
       Уағдаласушы Тараптар бiр Уағдаласушы Тараптың мемлекет аумағынан екiншiсiне ақырғы бөлу үшiн импортталатын жүктiң салмағына қатысты бар құжаттар мен рәсімдердi тексеретiн болады. Бұл шара халықаралық көлiк қызметiн аймақтық тиiмдi бөлу тұжырымдамасына қолдау көрсету мақсатында кедендiк құжаттардың талап етілетін санын және жүкті артық тиеу

 

нүктесіндегі рәсімдерді қысқарту үшiн жасалады.


                              41-бап

                          Екi жақты сауда


     Уағдаласушы Тараптар екi жақты саудаға қатысты, мұндай сауданы қолдау

мақсатында бар құжаттар мен рәсiмдердi тексеретiн болады. Екi жақты

сауданы жүзеге асыруға талап етiлетiн жалғыз құжат ретiнде Жүк

Декларациясы мен Көлiкке Тiркеме қағазын пайдалану мүмкiндiгiн еске алу

қажет.


                              42-бап

          Құжаттар мен рәсімдердiң өзгергенi туралы хабарлау


     Уағдаласушы Тараптар шекарадан өтуге немесе транзиттiк көлiк

тасымалына қатысты қаралған құжаттар мен рәсiмдерге енгізiлетiн кез-келген

қосымша талаптар немесе өзгерiстерге байланысты бiр-бiрiн алдын-ала

хабардар ететiн болады.


                       КЕЛIСIМНIҢ ШАРТТАРЫ


                              43-бап

               Мониторинг және Келiсiмдi жүзеге асыру



 
       Уағдаласушы Тараптар осы Келiсiм күшiне енген уақыттан бастап 6 айдың iшiнде қосымша бюджет қаржысын алмастан, шекара өткелi мен транзит мәселелерi бойынша мониторингтi, iске асыруды және үйлестiрудi қамтамасыз ететiн құрылымды құруға келісiм бередi. Бұл құрылымды екі келiсiмде де келтiрiлген транзиттiк тасымалдау қағидаларын бiрiктiру мақсатында Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының (ЭЫҰ) Транзиттiк тасымалдар жөнiндегi Негiзгi келiсiм шеңберiнде құрылған Транзит-көлiк үйлестiру кеңесiнiң iшiнде шоғырландыру ұсынылады.
 
                               44-бап
                        Дау-дамайларды шешу
 
      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру немесе қолдану бойынша дау-дамай туындаған жағдайда Уағдаласушы Тараптар оны келiссөз жүргiзу және кеңесулер жолымен шешетiн болады.
      Осы Келiсiмге екi тараптың өзара келiсуiмен жеке хаттамамен ресiмделетiн және осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
 
                               45-бап
                         Күшiне ену тәртiбi
 
      Осы Келiсiм белгiсiз мерзiмге жасалған және Уағдаласушы Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетішілiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша мәлiмдеме алынған күннен бастап күшiне енетiн болады.
      Әрбiр Уағдаласушы Тарап осы Келiсiмнің күшi бар мерзiм iшiнде

 

туындаған жайларды алдын ала реттеп, шығуына дейiн кемiнде алты ай бұрын

екiншi Уағдаласушы Тарапқа осы Келiсiмнiң күшiн жою туралы жазбаша

мәлiмдеме жiберiп, осы Келiсiмнiң күшiн жоюы мүмкiн.


     1999 жылғы 15 қарашада Бішкек қаласында екі түпнұсқалық данада қазақ,

қырғыз, ағылшын және орыс тілдерінде жасалды, әрі барлық мәтіндердің

бірдей күші бар. Осы Келісімді түсіндіру мақсаты үшін Тараптар орыс және

ағылшын тілдеріндегі мәтіндерге жүгінетін болады.


     Қазақстан Республикасының             Қырғыз Республикасының

           Үкіметі үшін                         Үкіметі үшін


                               Қосымша

                   Көлiк құралының салмағы мен көлемi


                             Анықтамалар


     Осы Қосымшаның мақсаттары үшiн мынадай анықтамалар мен терминология

қолданылады:

     "жүк машинасы" - жүк тасымалдауға арналған моторлы көлiк құралы

     "сүйрегiш" - тiркеменi немесе жартылай тiркеменi сүйретуге арналған

моторлы көлiк құралы

     "тiркеме" - сүйрегішпен немесе жүк машинасымен сүйретiлетiн жүк

тасымалдауға арналған көлiк құралы


 
       "жартылай тiркеме" - сүйрегiшке немесе жүк машинасына жалғанған тiркеме, оның бөлігi тура сүйрегiш немесе жүк таситын машинаның үстiне орналасқан және сол құралға өз салмағының бiр бөлiгiн салады
      "жүк таситын машина-тiркеме" - жүк машинасы мен сүйреткен тiркемеден тұратын қосылмалы көлiк құралы
      "сүйрегіш-жартылай тiркеме" - сүйрегiш пен жартылай тiркемеден тұратын қосылмалы көлiк құралы
      "автобус" - жолаушылар мен олардың қолжүгiн тасылмалдауға арналған, жүргiзушiнi қоса есептегенде 9-дан артық орны бар моторлы көлiк құралы
      "жалғастырылған автобус" - бiр-бiрiне қосақталып жалғанған екi немесе одан артық бөлiнбейтiн бөлшектерден тұратын автобус, оның әрбiр бөлшегiнде жолаушыларға арналған салоны бар, ал жолаушылар оның бiр бөлiгiнен келесiсiне оңай бара алады

 

     "көлiк құралының көлемi - көлiк құралының өлшемдерi (енi, биiктiгi

және ұзындығы)

     "бөлiнбейтiн жүк" - көлiк құралымен тасымалдау барысында қосымша

шығынсыз немесе тауарды бүлдiрiп алу қаупінсiз, оны бөлшектеуге (2 немесе

одан көп) келмейтiн жүк

     "пневматикалық аспа жүйесi" - амортизация мiндетiн iшiндегi ауа

атқаратын және 75% төмен емес амортизациялық әсерi бар аспа жүйесi.


                    Көлiк құралдарының ең үлкен көлемi


     Осы Келiсiмнiң 22-бабында көрсетiлген көлiк құралының ең үлкен көлемi

мынадай өлшемдерден аспауы тиiс:


          Ең үлкен ұзындық                        метрмен

     Жүк машиналары                                 12

     Тiркемелер                                     12

     Жалғанған сүйрегiштер (сүйрегiш +

     жартылай тiркеме)                              18

     Тiркемелi жүк машинасы (металл

     штангамен қосқанын бiрге алғанда)              20

     Автобус                                        12

     Жалғастырылған автобус                         18


          Ең үлкен енi                            метрмен

     Көлiк құралдарының барлық түрi                2,50


          Ен үлкен биiктiгi                       метрмен

     Көлiк құралдарының барлық түрi                4,00


                       Өзара байланысты мәселелер



 
       Жоғарыда келтiрiлген ең үлкен көлемдер құрамына жүк немесе контейнер секiлдi кез-келген алынатын дене өлшемi бiрге кiредi.
      Барлық көлiк құралдарының қозғалыс кезiндегі бұрылыста сыртқы радиусы - 12,5 метр, ал ішкi радиусы - 5,3 метр болуы шарт.
      Көлiк құралы iзiнің кiндiгi бойынша параллель бағытта, оның қаңқасының сыртқы алдыңғы нүктесінен, немесе жүргiзушi кабинасының артындағы жүк платформасынан бастап тiркеменiң қаңқасының сыртқы артқы нүктесiне дейiнгi өлшемнен сүйретушiнің артқы бөлiгi мен тiркеменiң алдыңғы бөлiгi арасындағы қашықтықты алып тастағандағы ең үлкен ұзындық 17 метрден артық болмауы керек.
 
      Ескерту
      Көлiк құралдарының барлық көрсетiлген ең үлкен стандарт көлемдерi Уағдаласушы Тараптардың мемлекеттiк күшi бар стандарттық нормативтерiне сәйкес келуi тиiс.
 
      Көлiк құралы iзiнiң кiндiгiмен (ұзындығынан) параллель бағытта оның қаңқасының сыртқы алдыңғы нүктесiнен, немесе жүргiзушi кабинасының артындағы жүк платформасынан бастап жартылай тiркеменің денесiнің сыртқы артқы нүктесiне дейінгi ең үлкен ұзындық 16,4 метрден аспауы тиiс;
      Көлiк құралына артқан жүк көлiк құралының, немесе тiркеменiң сыртқы

 

артқы нүктесінің сыртына қарай 2,00 метрден артық мөлшерге шықпауы тиiс;

     Жүк машинаның артқы бiлiгi мен тiркеменiң алдыңғы білігi арасындағы

қашықтық 3 метрден кем болмауы тиiс;

     Жартылай тiркеменiң бекiтiлген құлыбы мен сол тiркеменiң алдыңғы

бөлiгi арасындағы көлденең қашықтық 2,04 метрден артық болмауы тиiс; Көлік

құралының ұзындығы ХСҰ (Халықаралық стандарт ұйымы) 612-1987 стандартының

6.1-параграфы бойынша өлшенуi тиiс.

     Көлiк құралына орнатылған төмендегi аспаптар көлiк құралының

ұзындығын өлшегенде есепке алынбауы тиiс:

     доңғалақ қанаты мен әйнек тазалайтын аспап;

     алдыңғы және бүйiрдегi нөмiр белгiлерi;

     вулканизация аспаптары мен оны сақтайтын құралдар;

     шатырда бекiтiлген құралдар;

     электр жарық жүйесi;

     айналар мен артты қарайтын аспаптар;

     түтін түтiгi;


 
       тiркеме құлыбының бастырғысы, немесе ұзындығы 200 мм-ден аспайтын ұқсас басқа құрал және ол өндiрушi анықтаған көлiк құралының рұқсат етiлген норматив салмағынан артық емес болып орналастырылған болуы керек.
      Көлiк құралының биiктiгi ХСҰ 612-1987 стандартының 6.3-параграфына

 

сай өлшенуi тиiс. Көлiк құралының биiктiгiн өлшеу барысында келесi

құралдар кiрiстiрiлмеуi тиiс:

     көтерiлген жаздайдағы антенна-паптограф.

     Бiлiгiн көтеруге арналған құралы бар көлiк құралдарында ол құралдың

әсерi есепке алынатын болады, және:

     Көлiк құралының екi МСО 612-1987 стандартының 6.2-параграфына сай

өлшенуге тиiс. Көлiк құралының енiн өлшеу барысында келесi өлшемдер

кiрiстiрiлмеуi тиiс:

     вулканизация аспаптары мен оны сақтайтын құралдар;

     шатырда бекiтiлген құралдар;

     доңғалақ тозығын өлшейтiн аспап;

     доңғалақ қанаты;

     электр жарығы аспаптары;

     платформаға бекiтiлген саты немесе көлiк құралының әр жағынан 10

мм-ден аспайтын мөлшерде шығып тұрған басқа ұқсас құралдар;

     артқа қарайтын айналар;

     доңғалақ қысымының көрсеткiшi;

     жиналмалы сатылар, немесе баспалдақтар;

     жолдың бетiмен тұрған доңғалақтың томпайған бетi.


                  Көлiк құралының ең үлкен салмағы


     Осы Келiсiмнiң 22-бабында келтiрiлген көлiк құралының ең үлкен

салмағы мынадай мөлшерден аспауы тиiс:


                           Жүк машиналары

                             (тоннамен)


     екi бiлiктi жүк машиналары                                    18

     үш бiлiктi жүк машиналары                                     24

     пневматикалық қондырғылы немесе ұқсас аспалы

     жүйелi, қозғалмалы бiлiгi бар үш бiлiктi жүк

     машинасы                                                      25

     пневматикалық қондырғылы немесе ұқсас

     аспалы жүйелi, қозғалмалы бiлiгi бар төрт

     бiлiктi жүк машинасы                                          32


                Жалғастырылған көлiк құралының бөлігі

                  болып табылатын көлiк құралдары

                             (тоннамен)


     - екi бiлiктi тiркеме                                         18

     - үш бiлiктi тiркеме                                          24


               Құрастырылған көлiк құралдары (тоннамен)


     екi бiлiктi сүйрегіш және бiлiктер мен жартылай тiркеме арасындағы

қашықтық 1,3 метрден артық, бiрақ 1,8 метрден кем болатын екi бiлiктi

жартылай тiркеме                                                   36

     екi бiлiктi сүйрегiш және бiлiктерiмен жартылай тiркеме арасындағы

қашықтық 1,8 метрден артық емес екi бiлiктi жартылай тiркеме       38

     екi бiлiктi сүйрегіш және үш бiлiктi жартылай тiркеме         38

     үш бiлiктi сүйрегiш және екi бiлiктi жартылай тiркеме         38

     үш бiлiктi сүйрегiш және үш бiлiктi жартылай тiркеме          38     

     Жоғарыда келтiрiлген құрастырмалы түрдегі 18 т жүк машинасы мен 20 т

жартылай тiркемеден құралатын көлiк құралы егер оның екi доңғалақтан

құралған екi бiлiгi бар болса және пневматикалы құралмен, немесе ұқсас

аспалы жүйемен жабдықталған болса, онда өз салмағын тағы 2 т-ға ұлғайтуына

болады.


     Тiркемелi жүк машинасы                                     тоннамен

     Екi бiлiктi жүк машинасы және екi бiлiктi

     тiркемесiмен бiрге                                            36

     Тiркемелi басқа жүк машиналары                                38


                              Автобустар


     Екi бiлiктi автобус                                           18

     Үш бiлiктi автобус                                            24

     Бiрiккен үш бiлiктi автобус                                   28

     Бiрiккен төрт бiлiктi автобус                                 28


              Көлiк құралының бiлiгiне түсетiн ең жоғары күш


     Осы Келiсiмнiң 22-бабына сәйкес көлiк құралының бiлiгiне түсетiн ең

жоғары күш мөлшерi келесi межеден аспауы тиiс:


              Жалғыз білiк                                      тоннамен

                Жетексiз                                           10

     Жетектi және екi доңғалақты                                   10


     Қос білiк


     Қос доңғалақты тiркемелер мен жартылай тiркемелердің екi бiлiгi үшiн

егер бiлiк арасының қашықтығы мынадай болса бiлiкке түсетiн күш мынадан

артық болмауы тиiс:

     Қашықтығы 0,5 метрден артық, бiрақ 1 метрден кем              12

     1 метрден артық, бiрақ 1,3 метрден кем                        14

     1,3 метрден артық, бiрақ 1,8 метрден кем                      16

     1,8 метр, немесе одан көп                                     18


     Қос бiлiктi тiркемелер немесе бір доңғалақты жартылай тiркемелер,

егер олардың бiлiк аралық қашықтығы төмендегiдей болса, бiлiкке түсетiн

күш мынадан артық болмауы тиiс:

     Қашықтығы 0,5 метрден артық, бiрақ 1 метрден аз               11

     1 метрден артық, бiрақ 1,3 метрден кем                        13

     1,3 метрден артық, бiрақ 1,8 метрден кем                      15

     1,8 метр, немесе одан көп                                     17


     Yш білiк


     Yш бiлiктi тiркеме, немесе екi доңғалақты жартылай тiркеме, егер бiлiк

аралық қашықтығы төмендегідей болса, бiлiкке түсетiн күш мына мөлшерден

артық болмауы тиiс:

     Қашықтығы 0,5 метрден көп, бiрақ 1 метрден аз                 16,5

     1 метрден көп, бiрақ 1,3 метрден аз                           19,5

     1,3 метрден көп, бiрақ 1,8 метрден аз                         22,5

     1,8 метр, немесе одан көп                                     25,5


     Yш бiлiктi тiркеме, немесе бiр доңғалақты жартылай тiркеме егер білiк

аралық қашықтығы төмендегідей болса, бiлiкке түсетiн күш мына мөлшерден

артық болмауы тиiс:

     Қашықтығы 0,5 метрден көп, бiрақ 1 метрден аз                 15,0

     1 метрден көп, бiрақ 1,3 метрден аз                           18,3

     1,3 метрден көп, бiрақ 1,8 метрден аз                         21,0

     1,8 метр, немесе одан көп                                     24,0


     Басқа құралымдар

     Екi бiлiктi және екi доңғалақты жүк машиналары мен автобустарда, егер

білiк аралық қашықтығы келесiдей болса, бiлiкке түсетiн күш мынадан артық

болмауы тиiс:

     Қашықтығы 0,5 метрден көп, бiрақ 1 метрден аз                 12

     1 метрден көп, бiрақ 1,3 метрден аз                           14

     1,3 метрден көп, бiрақ 1,8 метрден аз                         16

     1,8 метр, немесе одан көп                                     18

     пневматикалық, немесе оған ұқсас аспалы жүйесi бар   1,8 метр, немесе

     одан көп                                                      19


     Екi бiлiктi және бiр доңғалақты жүк машиналары мен автобустарда, егер

бiлiк аралық қашықтығы келесідей болса, бiлiкке түсетiн күш мынадан артық

болмауы тиiс:

     Қашықтығы 1 метрден аз                                        11

     1 метрден көп, бiрақ 1,3 метрден аз                           13

     1,3 метрден көп, бiрақ 1,8 метрден аз                         15


                     Көлiк құралының жалпы салмағының

                           бiлiкке түсетiн күші


     Жетектеушi бiлiктердiң салмағы жүк машинасының немесе жалғанған көлiк

құралының жалпы салмағының 25%-нен кем болмауы тиiс.


      1999 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен

      Қырғыз Республикасы Үкіметінің арасындағы Алматы-Бішкек бағыты

      бойынша шекаралық өту туралы келісімге толықтыру енгізу туралы

                                хаттама



 
       Бұдан әрі - "Уағдаласушы Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі 1999 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасы Үкіметінің арасындағы Алматы-Бішкек бағыты бойынша шекаралық өту туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 44-бабына сәйкес төмендегілер туралы келісті:
      Келісімнің 12-бабы мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
      "Уағдаласушы Тараптар Ақжол-Шу (Қордай) шекаралық өту арқылы немесе Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерінің аумақтары бойынша транзиттік тасымалдарды жүзеге асыруға, соның ішінде осы міндеттеме Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерінің қолданыстағы заңнамаларының ережелеріне жолдардың ақылы учаскелері бойынша жүру үшін, жолдарға техникалық қызмет көрсету үшін, экологиялық алымдар және рұқсат беруге байланысты алымдар үшін автокөлік құралдарынан алынатын алымдарға қатысты, осы Келісім күшіне енген күнге қолданылып жүрген және Уағдаласушы Тараптар үшін міндетті күші бар, ұқсас мәселелерді реттейтін, екі жақты және көп жақты халықаралық шарттардың ережелеріне қайшы келмейтін болады деген шартпен, көрсетілген транзиттік тасымалдарды кеден баждарынан, салықтардан, алымдардан босатуға жәрдемдесетін шараларды қабылдауға міндеттенеді".

 

     Осы Хаттама көрсетілген Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады

және Уағдаласушы Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік

рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап

күшіне енеді.


     Астана қаласында 2001 жылғы 31 мамырда қазақ, қырғыз, ағылшын және

орыс тілдерінде екі түпнұсқа дана болып жасалды, мұның өзінде барлық

мәтіндердің күші бірдей. Осы Хаттаманы түсіндіру мақсатында Тараптар орыс

және ағылшын тілдеріндегі мәтіндерге жүгінетін болады.


     Қазақстан Республикасының       Қырғыз Республикасының

         Үкіметі үшін                    Үкіметі үшін    




Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады