Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтi лицензиялау мәселелерi

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 10 қаңтар N 23. (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 1, 9-құжат). Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.06.30. N 555 (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының " Лицензиялау туралы " 1995 жылғы 17 сәуiрдегi және " Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы " 2001 жылғы 16 шiлдедегi Заңдарына сәйкес, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтi лицензиялау тәртiбiн одан әрi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 
      1. Қоса беріліп отырған: 
      1) Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтi лицензиялау ережесi; 
      2) Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы жұмыстардың (қызметтер көрсетудiң) лицензияланатын түрлерiнiң тiзбесi бекiтiлсiн. 
      2. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894   қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн: 
      Лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне лицензиялар беруге өкiлеттiк берілген мемлекеттiк органдардың (лицензиарлардың) тiзбесiнде: 
      реттiк нөмiрi 6-жолдағы 2-бағанда "Құрылыс және сәулет-қала құрылысын бақылау агенттiгi" деген сөздер "Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын. 
      3. "Лицензиялауға жататын сәулет-қала құрылысы қызметiнiң жұмыс түрлерiнiң тiзбесiн, Қазақстан Республикасында сәулет-қала құрылысы қызметiн мемлекеттiк лицензиялау тәртiбiн және Қазақстан Республикасының құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi жанындағы сәулет-қала құрылысы қызметiн мемлекеттiк лицензиялау департаментi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 11 шiлдедегi N 777   қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., N 28, 319-құжат) күшi жойылды деп танылсын. 
      4. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi екi айлық мерзiмде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бұрынырақ қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру туралы ұсыныстарын енгiзсiн.
     5. Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары екi айлық мерзiмде өздерiнiң бұрынырақ қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.
     6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс. 

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы          
Yкiметiнiң                  
2002 жылғы 10 қаңтардағы          
N 23 қаулысымен              
бекiтiлген                 

  Сәулет, қала құрылысы және құрылыс
саласындағы қызметтi лицензиялау
ЕРЕЖЕСI

  1. Жалпы ережелер

       1. Осы Ереже өнеркәсiптiк жарылыс әрi өрт қауiпi бар және тау-кен өндiрiстерiн, магистралды мұнай-газ құбырларын, көтергiш құрылғыларды, сондай-ақ қысым күшiмен жұмыс істейтiн қазандықтарды, түтiктер мен құбырларды жобалау мен салуды, бұрғылау, мұнай-газ кәсiпшiлiгi, геологиялық барлау, тау-кен-шахта жабдықтарын, жарылыстан қорғалған электр-техникалық жабдықтарды, бақылау, апаттан қорғау және дабыл, көтергiш құрылғылар аппаратуралары мен жүйелерiн, сондай-ақ қысым күшiмен жұмыс істейтiн қазандықтарды, түтiктер мен құбырларды монтаждауды, тұрғын үй және коммуналдық-тұрмыстық объектiлердi газдандыру жөнiндегi құрылыс және монтаж жұмыстарын, жолаушылар лифтiлерiн монтаждауды, жөндеу мен қызмет көрсетудi қоса алғанда, жобалау-iздестiру, сараптама, құрылыс-монтаж жұмыстарын, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын шығару жөнiндегi жұмыстарды жүзеге асыру үшiн сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтi лицензиялауды регламенттейдi. 
      Осы Ереже сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтiң лицензияланатын түрлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарын белгiлейдi. 
      2. Осы Ереже ішкi рынок мүдделерiн қорғау мақсатында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жұмыс пен қызметтер көрсету импортын лицензиялау тәртiбiн белгiлейдi. 
      3. Қазақстан Республикасының аумағында жобалау-iздестiру, сараптама, құрылыс-монтаж жұмыстарын, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын шығару жөнiндегi жұмыстарды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалардың, соның ішiнде қосалқы мердiгерлiкке тартылатын жауапты орындаушылардың, жеке кәсiпкерлердiң тиiстi қызмет түрлерiне лицензиясы болуы тиiс. 
      4. Заңды және жеке тұлғалардың қызметтiң бiр немесе бірнеше түрiне лицензия алуға құқығы бар. 
      5. Құрылыс-монтаж жұмыстарын орындауға лицензиясы бар лицензиаттар осы лицензиялар негiздемесiнде жөндеу-құрылыс жұмыстарының, үйлердi, ғимараттарды қайта жаңғыртудың және құрастырмаларды бекемдеудiң тиiстi түрлерiн жүзеге асыру құқығына ие болады. 

  2. Жұмыс пен қызмет импортын лицензиялау  

      6. Шетелдiк заңды және жеке тұлғалардың, сондай-ақ азаматтығы жоқ тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында жобалау-iздестiру, сараптама және (немесе) құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыруы үшiн оларға құрылыстың нақты объектiсiне (кешенiне) бiржолғы лицензия берiледi. 
      Көрсетiлген лицензияларды алу осы Ережеге сәйкес, Қазақстан Республикасының субъектiлерi алатын сондай жағдайларда және сондай тәртiппен жүзеге асырылады. 
      7. Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметiн жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалардың шетел лицензияларын тануы Қазақстан Республикасы бекiткен, халықаралық шарттармен бекiтiлген тәртiппен жүргiзiледi. 

  3. Лицензияларды беру тәртiбi мен шарттары  

      8. Өтiнiш берушiнiң (лицензия алуға талапкердiң) немесе лицензиаттың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi және олардың лицензиялық ереженi сақтауы сараптамалық бағалау негiзiнде айқындалады. 
      9. Лицензиялық алым мөлшерi мен өтiнiш берушiнiң (лицензия алуға талапкердiң) оны төлеуiнiң тәртiбi Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен белгiленедi. 
      10. Техникалық аудит пен сараптамалық бағалаудың жүргiзiлгенi үшiн төлем тәртiбi Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтiк құқықтық кесiмдерiне сәйкес белгiленедi. 
      11. Мыналарды: 
      1) биiктiгi бiр қабаттан аспайтын жеке тұрғын үйлер мен саяжайлық (бақтық) тұрғын үй құрылыстарын, жеке қоныстық учаскелер аумағындағы, сондай-ақ бақ пен бау-бақшалық серiктестiктерi учаскелерiндегi шаруашылық-тұрмыстық қора-қопсыларды; 
      маусымдық жұмыстар мен шалғай мал шаруашылығына арналған уақытша қора-қопсыларды, тұрғын және тұрмыстық үй-жайларды; 
      қолданыстағы инженерлiк тораптарды өзгерту талап етiлмейтiн үйлер жанындағы және аулалық аумақтардағы, қоныстық үйлер жанындағы және саяжайлық учаскелердегi көркейту объектiлерiн; 
      сауда-саттық, қоғамдық тамақтандыру және тұрмыстық қызмет көрсету кәсiпорындары үшiн құрастырмалы-ажыратылмалы (мүкәммалдық) құрастырмалардан тұрғызылатын бiр қабатты үйлердi (ғимараттарды); 
      инженерлiк тораптарға қосу талап етiлмейтiн ашық үлгiдегi автотұрақтарды, сондай-ақ 5 автомашинадан артық қойылмайтын бокстары бар жеке көлiкке арналған гараждарды; 
      шағын сәулеттiк нысандарды, аумақтар қоршауларын, ашық спорт алаңдарын, сондай-ақ iшкi орамдық өтпелердi, қапталжолдарды және үйлердiң (ғимараттардың) айналасындағы тас төсемдерiн орналастыруды; 
      алаңы 500 шаршы метрден аспайтын жылыжайларды, көшеттiктердi; 
      ауыл шаруашылығы өнiмдерiн сақтауға арналған жаппаларды жобалау және салу үшiн; 
      2) бұрыннан тұрған үйлерде жүзеге асырылатын және салмақ түсетiн құрастырмалары мен инженерлiк қамтамасыз ету жүйелерiн өзгерту талап етiлмейтiн өндiрiстiк емес мақсаттағы үй-жайларды қайта жоспарлау (қайта жабдықтау); 
      iшкi орамдық желiлiк инженерлiк тораптар мен орналасу ережесiн, тереңдiкке орналасу белгiсiн, құбыр диаметрiн өзгерту талап етiлмейтiн олардағы ғимараттарды жөндеу немесе күрделi жөндеу; 
      технологиялық ресурстардың, бұл ретте кәсiпорынды (цехты) қайта жаңғырту немесе қайта ресiмдеу талап етiлмейтiн бiрлiгiн жөндеу және ауыстыру; 
      өткiзгiш сымды байланыс, сондай-ақ сыртқы жарық таяныштарын орнату жөнiндегi жобалау және құрылыс-монтаж жұмыстары үшiн; 
      3) құрылыстағы инвестициялардың техникалық-экономикалық негiздемесiн (ТЭН) қоса алғанда, жобалау алдындағы құжаттамаларды әзiрлеу үшiн лицензиялар алу талап етiлмейдi. 
      12. Осы Ереженiң 11-тармағымен көзделмеген қуаттылығы (сыйымдылығы, өткiзгiштiк қабiлетi) аз басқа объектiлердi жобалауға және салуға (қайта жаңғыртуға, қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) лицензиялар беру (беруден бас тарту) туралы шешiм қабылдау үшiн өтiнiш берушiнiң (лицензия алуға талапкердiң) бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды (материалдарды) қарауды және сараптауды лицензиар жүргiзедi. Жұмыстардың осы түрiн лицензиялау кезiнде техникалық аудит жүргiзу талап етiлмейдi. 
      Көрсетiлген қуаттылығы (сыйымдылығы, өткiзгiштiк қабiлетi) аз объектiлерге мыналар жатады:
     1) сауда-саттық алаңы 200 шаршы метрден аспайтын дүкендер;
     2) өндiрiстiк алаңы 100 шаршы метрден аспайтын тiгiн ательелерi;
     3) отыратын орынының саны 50-ден аспайтын тұрақты қоғамдық тамақтандыру объектiлерi;
     4) өндiрiстiк алаңы 150 шаршы метрден аспайтын, тұрмыстық техниканы, радио аппаратурасын жөндеу жөнiндегi шеберханалар;
     5) өндiрiстiк алаңы 200 шаршы метрден аспайтын химиялық тазарту орындары;
     6) өндiрiстiк алаңы 150 шаршы метрден аспайтын кiр жууға бұйымдар қабылдау пункттерi мен механикаландырылған кiр жуу орындары;
     7) өндiрiстiк алаңы 200 шаршы метрден аспайтын азық-түлiк тағамдарының жартылай дайын өнiмдерiн дайындау жөнiндегi цехтар;
     8) екi жуу желiсiнен аспайтын автомобиль жуу орындары;
     9) өндiрiстiк алаңы 150 шаршы метрден аспайтын шина жөндеу цехтары;
     10) сауда-саттық алаңы 100 шаршы метрден аспайтын дәрiханалар;
     11) өндiрiстiк алаңы 100 шаршы метрден аспайтын шаштараздар;
     12) өндiрiстiк алаңы 100 шаршы метрден аспайтын сурет ательелерi;
     13) өндiрiстiк алаңы 150 шаршы метрден аспайтын тұрмыстық техниканы жалға беру ательелерi;
     14) өндiрiстiк алаңы 100 шаршы метрден аспайтын ас үйлерi;
     15) ауысымына 50-ден аспайтын емделушi келетiн амбулаториялар (емханалар);
     16) инженерлiк тораптарға қосу талап етiлетiн, бесеуден аспайтын автомашинаға арналған бокстерi бар жеке көлiк гараждары;
     17) автокөлiкке (бiр мезгiлде екi бiрлiктен аспайтын) техникалық қызмет көрсету пункттерi;
     18) өндiрiстiк алаңы 150 шаршы метрден аспайтын сүт немесе ет өнiмдерiн ұқсату жөнiндегi цехтар.
     13. Осы Ереженiң 11 және 12-тармақтарының нормалары құрылыс салу кезiнде арнайы жобалық шешiмдер мен іс-шаралар талап етiлетiн, сейсмикалық қауiптiлiгi жоғары немесе геологиялық, гидрогеологиялық және геотехникалық өзге де айрықша жағдайлардағы аудандарда орналасқан объектiлерге қолданылмайды. 
     14. Өтiнiш берушiнiң (лицензия алуға талапкердiң) бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн сараптамалық бағалау үшiн ұсынылатын қажеттi құжаттар мен материалдар тiзбесiн лицензиар осы Ережеге және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына сәйкес белгiлейдi. 
     15. Лицензиардың лицензия беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешiмi Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiмен белгiленген мерзiмде қабылданады. 
     16. Лицензиардың терiс шешiм қабылдауы кезiнде өтiнiш берушiге жұмыстардың (қызметтер көрсетудiң) (жекелеген түрлерiнiң) сұратылған тiзбесi бойынша лицензия беруден дәлелдi бас тартуы жазбаша нысанда жолданады. 
     17. Лицензиялық ережелердiң сақталуын бақылау лицензиаттардың мынадай тәртiппен олардың белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растауын қамтиды: 
     1) құрылыс-монтаж жұмыстары мен құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын өндiру жөнiндегi жұмыстарды жүзеге асырушы заңды тұлғалардың лицензия алған күнi бойынша - жыл сайын; 
     2) жобалау-іздестiру және сараптама жұмыстарын жүзеге асырушы заңды тұлғалардың - үш жылда бiр реттен асырмай; 
     3) жеке тұлғалардың - бес жылда бiр реттен асырмай растауын қамтиды. 
     Лицензиар растауға арналған қажеттi құжаттар мен материалдар тiзбесiн, сондай-ақ лицензиаттардың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн бағалау рәсiмдерiн жұмыстардың (қызмет көрсетулердiң) әр түрi және лицензиаттардың санаттары үшiн белгiлейдi.
     Ұсынылған құжаттар мен материалдарды қарау, сондай-ақ техникалық аудит жүргiзу кезеңiнде заңды және жеке тұлғалар сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң өздері орындап жүрген түрлерiн жалғастыра беруге құқылы. <*>
      Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.12.04. N  1270  қаулысымен.   
     18. <*>
       Ескерту. 18-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2004.12.04. N  1270  қаулысымен.   

  4. Бiлiктілiк талаптары 

      19. Құрылысқа арналған іздестiру жұмыстарын жүзеге асыру үшiн қойылатын бiлiктiлiк талаптарына, өтiнiш берушi (лицензия алуға талапкер) мен лицензиаттың оларға сай болуға тиiстiлiгi мыналарды: 
      1) жұмыс түрлерiне қарай: 
      заңды тұлғалар штатында - тиiстi жоғары бiлiмi және мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс стажы немесе тиiстi орта арнаулы бiлiмi және мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажы бар инженер-техник қызметкерлердiң - жауапты орындаушылардың болуын; 
      жеке тұлғалар үшiн - тиiстi жоғары бiлiмi мен мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс стажының немесе мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажы кезiнде тиiстi орта арнаулы бiлiмiнiң болуын; 
      2) жұмыс түрлерiне қарай: 
      тиiстi жабдықтар жиынтығына қоса тiркелген топырақ зерттеу зертханасымен; 
      тiркелген химиялық зертханамен; 
      іздестiру жұмыстарының тиiстi түрлерiн орындау үшiн бақылау-өлшеу приборларымен, аспаптарымен, тетiктерiмен және құрылғылармен; 
      бұрғылау, геологиялық барлау және қызмет көрсету техникасының қажеттi паркiмен, сондай-ақ оны ұстау және сақтау үшiн өндiрiстiк алаңдармен; 
      жұмыстардың сұратылған түрлерi бойынша мемлекеттiк нормативтер, нормативтiк-анықтамалық және техникалық құжаттамалар жиынтығымен жарақтанған материалдық-техникалық және өндiрiстiк базаның; 
      3) инженерлiк іздестiрулердi орындау және оларды жүзеге асырудың сапасын бақылау үшiн белгiленген тәртiппен тексерiлген таңбалары, сондай-ақ сертификаты бар приборлар мен жабдықтардың; 
      4) жұмыстарды орындаған кезде, қажеттi ережелер мен нұсқаулықтарды, приборларды, тетiктер мен құрылғыларды қоса алғанда, еңбек қорғау мен қауiпсiздiк техникасы жүйелерiнiң болуын қамтиды. 
      20. Құрылысқа арналған жобалау жұмыстарын жүзеге асыру үшiн қойылатын бiлiктiлiк талаптарына өтiнiш берушi (лицензия алуға талапкер) мен лицензиаттың сай болуға тиiстiлiгi мыналарды: 
      1) жұмыс түрлеріне қарай: 
      заңды тұлғалар штатында - тиiстi жоғары бiлiмi және мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс стажы немесе тиiстi орта арнаулы бiлiмi және мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажы бар инженер-техник қызметкерлердiң - жауапты орындаушылардың болуын; 
      жеке тұлғалар үшiн - тиiстi жоғары бiлiмi мен мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс стажының немесе мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажы кезiнде тиiстi орта арнаулы бiлiмiнiң болуын; 
      2) жұмыс түрлерiне қарай: 
      жобаның және оның бөлiмдерiнiң сапасын бақылау жүйесiмен; 
      жұмыстардың сұратылған түрлерi бойынша мемлекеттiк нормативтер, нормативтiк-анықтамалық және техникалық және әдiснамалық құжаттамалар жиынтығымен; 
      есеп айырысуларды орындауға, графикалық материалдарды жасау мен ресiмдеуге, бағдарламалық қамтамасыз етуге арналған ұйымдық техникамен және электронды техникамен жарақтанған материалдық-техникалық және өндiрiстiк базаның болуын; 
      3) жобалау жұмыстарының арнаулы түрлерiн жүзеге асыру үшiн жеке тұлғаларда (заңды тұлғаның жауапты орындаушыларында) Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiнде белгiленген тәртiппен ресiмделген тиiстi рұқсаттарының болуын қамтиды. 
      21. Құрылысқа арналған сараптау жұмыстарын жүзеге асыру үшiн қойылатын бiлiктiлiк талаптарына өтiнiш берушi (лицензия алуға талапкер) мен лицензиаттың сай болуға тиiстiлiгi мыналарды: 
      1) жұмыс түрлерiне қарай: 
      заңды тұлғалар штатында - тиiстi жоғары білiмi және мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажы немесе тиiстi орта арнаулы бiлiмi және мамандығы бойынша кемiнде жетi жыл жұмыс стажы бар сарапшылардың болуын; 
      жеке тұлғалар үшiн - тиiстi жоғары бiлiмi мен мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажының немесе мамандығы бойынша кемiнде жетi жыл жұмыс стажы кезiнде тиiстi орта арнаулы бiлiмiнiң болуын; 
      2) жұмыс түрлерiне қарай: 
      жобалар сараптамасының сапасын бақылау жүйесiмен; 
      мемлекеттiк нормативтер, анықтамалық және әдiснамалық құжаттамалар жиынтығымен; 
      есеп айырысуларды тексеруге, сараптау қорытындыларын жасау және ресiмдеуге арналған ұйымдық техникамен және электронды техникамен жарақтанған материалдық-техникалық және өндiрiстiк базаның болуын; 
      3) сараптау жұмыстарының арнаулы түрлерiн жүзеге асыру үшiн жеке тұлғаларда (заңды тұлғаның сарапшыларында) Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiнде белгiленген тәртiппен ресiмделген тиiстi рұқсаттарының болуын қамтиды. 
      22. Құрылыс материалдарын, бұйымдар мен құрастырмаларды өндiру жөнiндегi жұмыстарды жүзеге асыру үшiн қойылатын бiлiктiлiк талаптарына өтiнiш берушi (лицензия алуға талапкер) мен лицензиаттың сай болуға тиiстiлiгi мыналарды: 
      1) жұмыс түрлерiне қарай: 
      заңды тұлғалар штатында - тиiстi жоғары бiлiмi және мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс стажы немесе тиiстi орта арнаулы бiлiмi және мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажы бар инженер-техник қызметкерлердiң - жауапты орындаушылардың болуын; 
      жеке тұлғалар үшiн - тиiстi жоғары бiлiмi мен мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс стажының немесе мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажы кезiнде тиiстi орта арнаулы бiлiмiнiң болуын; 
      2) жұмыс түрлерiне қарай: 
      материалдардың, бұйымдар мен құрастырмалардың өтiнiш берiлген номенклатурасын шығаруды қамтамасыз етуге арналған қажеттi қуаттармен; 
      жабдықтардың, көтеру-көлiк құралдарының, машиналар мен тетiктердiң, жарақтардың, аспаптардың, құрылғылардың қажеттi жиынтығымен; 
      шығарылатын өнiм сапасын бақылау жүйесiмен және заңнамада белгiленген тәртiппен тiркелген зертханалармен; 
      жұмыстардың өтiнiш берiлген түрлерiн жүзеге асыру үшiн бақылау-өлшеу приборларымен; 
      еңбек қорғау және қауiпсiздiк техникасы қызметтерiмен; 
      жұмыстардың осы түрi үшiн белгiленген нормативтiк талаптарға сәйкес өндiрiстiк-тұрмыстық жағдайлармен; 
      жұмыстардың сұратылған түрлерi бойынша мемлекеттiк нормативтер, нормативтiк-анықтамалық, техникалық және әдiснамалық құжаттамалар жиынтығымен; 
      3) өтiнiш берiлген өнiм түрлерiн шығару үшiн қойылатын нормативтiк-техникалық талаптарға сәйкес технологиялық жабдықтармен жарақтанған материалдық-техникалық және өндiрiстiк базаның болуын қамтиды. 
      23. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыру үшiн қойылатын бiлiктiлiк талаптарына, өтiнiш берушi (лицензия алуға талапкер) мен лицензиаттың сай болуға тиiстiлiгi мыналарды: 
      1) жұмыс түрлерiне қарай: 
      заңды тұлғалар штатында - тиiстi жоғары бiлiмi және мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс стажы немесе тиiстi орта арнаулы бiлiмi және мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажы бар инженер-техник қызметкерлердiң - жауапты орындаушылардың болуын; 
      жеке тұлғалар үшiн - тиiстi жоғары бiлiмi мен мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс стажының немесе мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажы кезiнде тиiстi орта арнаулы бiлiмiнiң болуын; 
      2) жұмыс түрлерiне қарай: 
      қойылатын нормативтiк-техникалық талаптарға сәйкес келетiн жабдықтардың, көтеру-көлiк құралдарының, машиналар мен тетiктердiң, жарақтардың, аспаптардың, құрылғылардың қажеттi жиынтығымен; 
      жұмыстардың орындалатын түрлерiнiң сапасын бақылау жүйесiмен және заңнамада белгiленген тәртiппен тiркелген және нормативтiк-техникалық кесiмдерге сәйкес зертханалармен; 
      жұмыстардың өтiнiш берiлген түрлерiн жүзеге асыру үшiн бақылау-өлшеу приборларымен; 
      еңбектi қорғау және қауiпсiздiк техникасы қызметтерiмен; 
      жұмыстардың осы түрi үшiн белгiленген нормативтiк талаптарға сәйкес өндiрiстiк-тұрмыстық жағдайлармен; 
      жұмыстардың сұратылған түрлерi бойынша мемлекеттiк нормативтер, анықтамалық және әдiснамалық құжаттамалар жиынтығымен жарақтанған материалдық-техникалық және өндiрiстiк базаның болуын; 
      3) жеке тұлғаларда (заңды тұлғаның жауапты орындаушыларында) құрылыс-монтаж жұмыстарының арнаулы түрлерiн жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiнде белгiленген тәртiппен ресiмделген тиiстi рұқсаттарының болуын қамтиды. 
      24. Лицензиар осы Ереженiң 19-23-тармақтарында белгiленген талаптарға сәйкес болуға тиiстi заңды тұлғалардың қызметкерлерiн - жауапты орындаушылардың құрамын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтi реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк кесiмдерiне және заңнамасына сәйкес айқындайды. 

  5. Лицензияның күшiн тоқтата тұру және оны қайтарып алу  

      25. Лицензияның күшiн тоқтата тұру үшiн мыналар: 
      1) мiндеттi стандарттардың, нормативтiк-техникалық талаптар мен шарттардың, құрылыс нормалары мен ережелерiнiң, осы Ереже мен сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтi реттейтiн Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасы талаптарының бұзылуы; 
      2) сәулет-құрылыс қызметi саласындағы құқық бұзушылық үшiн лицензиатқа бiрнеше рет (күнтiзбелiк жыл ішiнде) әкiмшiлiк жазалау шараларының қолданылуы; 
      3) құрылыс-монтаж жұмыстарын орындаған кезде жобалау құжаттамаларынан ауытқушылық; 
      4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласында сапасыз орындалған жұмыстардың бiрнеше рет тоқтатыла тұруы; 
      5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтi реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк кесiмдерiнiң және заңнамаларының өзге де бұзушылықтары негiз болып табылады. 
      26. Лицензияның күшi алты айдан аспайтын мерзiмге тоқтатыла тұрады және лицензияның күшiн тоқтата тұру туралы кесiмде көрсетiлген, оның түрлерi бойынша заңды немесе жеке тұлғаның сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн тоқтатуға әкеп соғады.
     Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi лицензияларының күшiн тоқтата тұру Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
     27. Лицензиар лицензияны керi қайтарып алу жөнiнде сотқа талап қою туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде көзделген жағдайларда қабылдайды.
     28. Күшi жойылған лицензия оны берген лицензиялау органына тапсырылуы тиiс.
     29. Лицензияларды беру, күшiн тоқтата тұру немесе қайтарып алу мәселелерi жөнiнде туындаған даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қаралады.

      Қазақстан Республикасы          
Yкiметiнiң                  
2002 жылғы 10 қаңтардағы          
N 23 қаулысымен              
бекiтiлген                 

          Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi
        саласындағы жұмыстардың (қызметтер көрсетудiң)
              лицензияланатын түрлерінің тiзбесi

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2004.12.04. N  1270 , өзгерту енгізілді - 2005.04.11.  N 327 , 2006.07.07. N  647  (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулыларымен.

  1. Құрылысқа арналған іздестіру жұмыстары

      1. Инженерлiк-геодезиялық және инженерлiк-геологиялық iздестiрулер:
      1) геодезиялық орталықтарды салу және қалау;
      2) инженерлік-гидрологиялық жұмыстар;
      3) жоспарлы-биіктiк түсiрулер желiлерiн жасау;
      4) 1:10000-1:200 масштабтағы топографиялық түсiрулер;
      5) жер асты коммуникациялары мен құрылыстарын түсiру, желілік құрылыстар трассаларын жасау және түсiру;
      6) инженерлiк-геологиялық әзiрлемелерді, геофизикалық және басқа да iздестiру нүктелерiн бекiту арқылы заттай көрiнiске ауыстырумен байланысты геодезиялық жұмыстар;
      7) геофизикалық зерттеулер, алдын ала байқау және түсiріп алу;
      8) топырақты далалық зерттеулер, гидрогеологиялық зерттеулер;
      9) топырақты, жер асты суларын, негіздер мен іргетастарды зертханалық зерттеулер.

  2. Құрылысқа арналған жобалау жұмыстары
(сейсмикалық емес аудандарда және/немесе
сейсмикалық төзімділігі
7 балл және одан жоғары аудандарда)

      2. Қала құрылысы құжаттамасын әзірлеу:
      1) жоспарлау құжаттамасы (елді мекендердiң бас жоспарлары, аудандарды, шағын аудандарды, кварталдар мен жекелеген учаскелерді, тәптiштелген жоспарлау, салу жобалары);
      2) көлік схемалары, сыртқы көлiк, көше-жол желiсi;
      3) жылумен жабдықтау желiлерiнiң схемалары;
      4) сумен жабдықтау желілерінің, кәріз желiлерінің схемалары;
      5) газбен жабдықтау желiлерiнiң схемалары;
      6) энергиямен жабдықтау желілерінің схемалары;
      7) телекоммуникациялар мен байланыс желiлерінің схемалары.
      3. Күрделiлiгi I, ІІ, ІІІ деңгейдегi ғимараттар мен құрылыстарды сәулеттік жобалау:
      1) объектілердiң бас жоспарлары, жер бедерiн көркейту және ыңғайластыру жобалары;
      2) өндiрiстік мақсаттағы объектілер;
      3) ғимараттар мен құрылыстарды (тарих және мәдениет ескерткіштерiнен басқа) қайта жаңғыртуды және қалпына келтiрудi қоса алғанда тұрғын үй-азаматтық ғимараттар мен құрылыстар.
      4. Құрылыстық жобалау және құрастыру:
      1) негiздер мен іргетастар 1 ;
      2) бетонды және темір-бетонды, тасты және шегенделген тасты құрастырмалар 1 ;
      3) болат және алюминий құрастырмалар 1 ;
      4) ағаш құрастырмалар 1 ;
      5) ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеу, қайта жаңғырту, құрастырмаларды нығайту.
      Ескертпе: -  1  осы жұмыс түрлерінің тармақтары үшiн ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеу, қайта жаңғырту, құрастырмаларды нығайту үшін жобалау құқығы бар.
      5. Инженерлiк жүйелер мен желiлердi жобалау:
      1) жылыту (электрлікті қоса алғанда), желдету, кондиционер орнату, сумен жабдықтау және кәріз;
      2) жылумен жабдықтау;
      3) магистральдық газ құбырлары, мұнай құбырлары, мұнай өнiмдерi құбырлары;
      4) төмен қысымды газбен жабдықтау;
      5) орташа және жоғары қысымды газбен жабдықтау;
      6) салқын ауамен жабдықтау;
      7) 0,4 кВ-ға дейiнгі, 10 кВ-ға дейiнгi электрмен жабдықтау, электрлік жарықтандыру;
      8) 35 кВ-ға дейiнгi, 110 кВ-ға дейiнгі және одан жоғары электрмен жабдықтау;
      9) технологиялық процестердi автоматтандыру;
      10) тогы әлсiз құрылғылар.
      6. Жобалардың арнайы бөлімдерiн әзiрлеу:
      1) еңбекті қорғау;
      2) тот басудан қорғау;
      3) ғимараттар мен құрылыстарды жаңадан салу, күрделі жөндеу, қайта жаңғырту немесе қайта жабдықтау үшін жобалау кезеңіндегi өрт-күзет дабылы, автоматика, өрт сөндіру мен өрттен қорғау жүйелері;
      4) сметалық құжаттама;
      5) құрылысты ұйымдастыру жобалары (ҚҰЖ) мен жұмыстар жүргізу жобалары (ЖЖЖ).
      7. Технологиялық жобалау:
      Қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар:
      1) мектепке дейiнгi бiлiм беруге, жалпы және арнайы білім беруге, кадрларды даярлауға, ғылыми-зерттеу мекемелеріне, жобалау және қоғамдық ұйымдарға, басқаруға, мәдени-ағарту және ойын-сауық мекемелеріне, сауда (дәрiханаларды қоса алғанда), қоғамдық тамақтану және тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарына арналған ғимараттар, дене шынықтыру-сауықтыру, спорт, демалыс пен туризмге арналған ғимараттар мен құрылыстар, әртүрлi мақсаттағы үй-жайларды қоса алғанда, көп функциялы ғимараттар мен кешендер;
      2) денсаулық сақтауға арналған ғимараттар мен құрылыстар (дәрiханаларды қоспағанда);
      3) халыққа тiкелей қызмет көрсету мақсатындағы көлiкке арналған ғимараттар мен құрылыстар, коммуналдық шаруашылыққа арналған ғимараттар (өндiрiстiк, қоймалық және көлiк ғимараттары мен құрылыстарынан басқа).
      Өндiрiстiк мақсаттағы объектілер:
      1) энергетика өнеркәсiбінің кәсіпорындары;
      2) мұнай-газ өнеркәсiбінің кәсіпорындары;
      3) кен өндiру өнеркәсiбінің кәсіпорындары;
      4) қайта өңдеу өнеркәсiбiнiң кәсіпорындары;
      5) ауыр машина жасау кәсіпорындары;
      6) медицина, микробиология және фармацевтика өнеркәсiбінің кәсіпорындары;
      7) бөгеттер, бөгесіндер, басқа да гидротехникалық құрылыстар;
      8) мұнара және дiңгек үлгiсiндегi құрылыстар мен құрастырмалар;
      9) көтеру құрылыстары;
      10) қалаішілік көлiк (жер үстi автомобиль және электрлі, жер асты, жер бетi, аспалы, су) және сыртқы автомобиль, темiр жол, әуе, су көлiгi кәсіпорындары, объектілерi мен коммуникациялары;
      11) инженерлік инфрақұрылым кәсіпорындары, объектілерi мен коммуникациялары.
      Байланыс объектiлерi мен құрылыстары:
      1) жергілiктi байланыс, радио мен телекоммуникация желілері;
      2) жалпы республикалық және халықаралық байланыс пен телекоммуникациялар желiлерi.
      Ауыл шаруашылығы объектілерi (қайта өңдеу өнеркәсібінiң кәсіпорындарын қоспағанда).
      Көлiк құрылысы:
      1) темiр жол көлігінің қатынас жолдары;
      2) барлық санаттағы автомобиль жолдары;
      3) қалалық электрдi көлiктердiң көше-жол желiсi;
      4) көпiрлер мен көпiр өткелдерi.

  3. Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен
құрастырмаларын өндiру

      8. Сертификатталатындарды қоспағанда, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын өндiру:
      1) желдеткiш, санитарлық-техникалық, электр монтаждық жабдықтар;
      2) металдардан, полимерлiк және өндiрiс қалдықтары негiзiндегi композиттiк материалдардан;
      3) мұнара-дiңгек үлгiсіндегі элементтер, түтін шығару мұржалары;
      4) көпiрлер мен көпір өткелдерінің элементтерi;
      5) резервуарлар мен көлемi 5000 м 3  дейінгi сыйымдылықтар;
      6) қысыммен жұмыс iстейтін немесе өртену қаупi бар және қоршаған ортаға зиянды материалдарды сақтауға арналған резервуарлар мен сыйымдылықтар;
      7) тiреуiш және қоршау элементтері;
      8) технологиялық металл құрастырмалар мен олардың тетiктерi.
      9) бөренелер тiлу.

  4. Құрылыс-монтаждау жұмыстары (сейсмикалық емес
аудандарда және/немесе сейсмикалық төзiмдiлігі
7 балл және одан жоғары аудандарда)

      9. Жер жұмыстары.
      10. Ғимараттар мен құрылыстардың күрделілігі I немесе II және III деңгейдегi тiреуiш және қоршау құрастырмаларын тұрғызу:
      1) металл құрастырмаларды монтаждау, арматураларды орнату;
      2) болат резервуарлар мен 5000 м 3  дейінгi сыйымдылықтарды;
      3) қысыммен жұмыс iстейтiн, жарылу қаупi бар және қоршаған орта үшін зиянды материалдарды сақтауға арналған болат резервуарлар мен сыйымдылықтарды монтаждау;
      4) мұнара және дiңгек үлгісiндегi құрылыс құрастырмаларын, түтін мұржаларын монтаждау;
      5) көпiрлер мен көпiр өткелдерінің тiреуiш құрастырмаларын монтаждау;
      6) көтергіш құрылыстардың (лифттердiң, эскалаторлардың, шахта тоқпақтары мен көтергіштерiнiң, аспалы жолдардың және басқалардың) құрылыс құрастырмаларын монтаждау;
      7) металлургия, мұнай химиясы, тау-кен, энергетика және басқа да өнеркәсіп салалары агрегаттарының, аппараттары мен басқа да технологиялық ғимараттарының құрылыс құрастырмаларын монтаждау;
      8) құйма бетон және темiр-бетон құрастырмаларын орналастыру;
      9) негiздер мен iргетастарды орналастыру, қада қағу жұмыстары;
      10) құрама бетон және темір-бетон құрастырмаларды, тіреуіш ағаш құрастырмаларды монтаждау, тас, кірпіш, блок қалау және бөлу қалқаларын орналастыру, қоршау құрастырмаларын монтаждау және ойықтарды толтыру;
      11) шатырлау жұмыстары.
      11. Арнайы құрылыс және монтаждау жұмыстары, топырақтағы арнайы жұмыстар:
      1) мұнай құбырлары, газ құбырлары, мұнай өнiмдерi құбырларының магистральдық желілері;
      2) мұнай құбырларының, газ құбырларының кәсіпшілік желiлерi;
      3) ұңғымаларды жайластыру;
      4) кернеуі 35 кВ дейiнгi электр бeру магистральдық желілері;
      5) кернеуi 110 кВ дейiнгі және одан жоғары электр беру магистральдық желілері;
      6) тұрғын үй және коммуналдық-тұрмыс объектілерiн газдандыру;
      7) гидротехникалық және селден қорғау құрылыстары, бөгеттер, бөгесiндер;
      8) түтін шығару мұржалары, күш тiректерi, градирнялар, шахта үстіндегі тоқпақтар;
      9) отқа төзiмдi материалдарды қалау;
      10) жарылу-өрт қаупі бар жабдықтарды монтаждау;
      11) түстi металдардан, полимерлік материалдардан және шыныдан жасалған технологиялық құбырларды монтаждау;
      12) байланыс пен телекоммуникациялардың жалпы республикалық және халықаралық желiлерi;
      13) мұнай, мұнай өнімдері мен сұйытылған газдар қоймалары;
      14) топырақта бұрғылау және бұрғылау-жару жұмыстары;
      15) су асты-техникалық және теңiз қайраңындағы жұмыстар;
      16) мелиоративтік және су шаруашылығы құрылысындағы жер жұмыстары;
      17) топырақтағы гидромеханикаландырылған жұмыстар;
      18) тау-кен ұңғылау мен тоннель қазу жұмыстары, сүзілуге қарсы қалқаларды орналастыру, топырақ қабатын бекiту, жер асты суларының деңгейiн төмендету.
      12. Сыртқы инженерлік желiлер мен құрылыстарды және iшкi инженерлiк желілерді орналастыру жөнiндегi жұмыстар:
      1) қысыммен жұмыс iстейтiн құбырлар;
      2) жылу желілері;
      3) төмен қысымды газбен жабдықтау желілері;
      4) орта және жоғары қысымды газбен жабдықтау желілерi;
      5) сумен жабдықтау және кәріз желiлерi;
      6) электрмен жабдықтау желілерi, электрмен жарықтандыруды орнату;
      7) темір жол қатынасы жолдарын электрмен жабдықтау желілері, әуе көлiгi кәсіпорындарын электрмен жабдықтау және электрмен жарықтандыру желілері;
      8) байланыс, радио, теледидар желілері мен ішкі жүйелері;
      9) желдету, ауаны кондициялау, пневмокөлiк және шаң-тозаң тұту;
      10) электрмен жабдықтау, электрмен жарықтандыру, электрмен жылыту;
      11) жылумен жабдықтау;
      12) газбен жабдықтау;
      13) сумен жабдықтау, кәріз.
      13. Құрастырмалар мен жабдықтарды қорғау жөнiндегi жұмыстар:
      1) құрылыс құрастырмаларын су өтпейтiндей етiп қымтау;
      2) құбырларды, құрылыс құрастырмалары мен жабдықтарын жылу шығармайтындай етіп қымтау;
      3) қаптау мен шегендеу жұмыстары;
      4) агрессивті су әсерi кезінде химиялық қорғаныш жабындыны қоса алғанда, құрылыс құрастырмалары мен жабдықтарын, құбырларды тоттанудан сақтау;
      5) құбырларды, құрастырмалар мен жабдықтарды электрохимиялық қорғау.
      14. Майлау және сырлау жұмыстарын қоспағанда, күрделілігі І немесе II және ІІІ деңгейдегi ғимараттар мен құрылыстардың құрылысын салу, қайта құру, күрделі жөндеу кезiндегi әрлеу жұмыстары.
      15. Жол құрылысы жөнiндегi жұмыстар:
      1) темiр жол тармақтарына арналған негiздер;
      2) темiр жол тармағының үстiңгi қабатын төсеу;
      3) жайластырылған және шағын жасанды ғимараттары бар республикалық маңызды автожолдардың негiздерi мен жабыны;
      4) жайластырылған және шағын жасанды ғимараттары бар жергiлiктi маңызы бар автожолдардың негiздерi мен жабыны, шаруашылықішілік автожолдардың негiздерi мен жабыны;
      5) қалалық жол желiсiнiң негiздерi мен жабыны;
      6) әуежайлар ұшу-қону алаңдарының және тікұшақтар алаңдарының негiздерi мен жабыны.
      16. Технологиялық жабдықтарды (iске қосу-оңдау жұмыстарын қоса алғанда) монтаждау:
      1) көтергіш-көлiктік, лифтiлер;
      2) металл өңдеу;
      3) ағаш өңдеу;
      4) металлургиялық, ұсақтау-уату, кен байыту және агломерациялық;
      5) мұнай кәсiпшілігі, газ кәсiпшілігі;
      6) геологиялық барлау, бұрғылау;
      7) тау-шахта метрополитендер мен тоннельдер;
      8) жарылыстан қорғалған электротехникалық жабдықтар;
      9) бақылау, аварияға қарсы қорғау және дабыл аппаратурасы мен жүйелерi;
      10) компрессор машиналары, сорғылар мен желдеткіштер;
      11) темiр жол көлiгіндегi байланыс, дабыл, орталықтандыру және блоктау құрылғылары мен жабдықтары;
      12) газдарды тазалау;
      13) технологиялық металл құрастырмалары, құбырлар;
      14) электротехникалық қондырғылар мен жабдықтар, электр пештері;
      15) қазандық қондырғылар, жылулық-күштік және көмекшi жабдық;
      16) өндiрiстiк және тұрмыстық мақсаттағы бақылау мен eceпкe алу аспаптары;
      17) химия және мұнай өңдеу өнеркәсiбінің кәсіпорындары;
      18) көмiр өнеркәсiбінің кәсіпорындары;
      19) гидроэлектр станциялары мен гидротехникалық құрылыстар;
      20) жылу электр станциялары;
      21) байланыс кәсiпорындары;
      22) құрылыс материалдары өнеркәсібінің кәсіпорындары;
      23) жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары;
      24) театр-ойын-сауық ғимараттары мен құрылыстары;
      25) астық өңдеу жөніндегi, тамақ өнеркәсiбi кәсіпорындары және астық қоймалары.
      17. Күрделілігі I немесе II және ІІІ деңгейдегi ғимараттар мен құрылыстардың құрастырмаларын күшейтудi қоса алғанда, күрделі жөндеу және қайта құру:
      1) ғимараттар мен құрылыстардың тiреуiш және қоршау құрастырмалары (eceптеу схемасын өзгертпей);
      2) шатыр жабындылары мен құрастырмалары;
      3) сыртқы және ішкі инженерлiк желiлер (газбен жабдықтаудан басқа);
      4) газ құбырлары, мұнай құбырлары, мұнай өнiмдерi құбырлары, бу құбырлары, ауа құбырлары және басқа да стационарлық тасымалдау құрылғыларының желілері;
      5) құрастырмалар мен жабдықтардың (қаптау, шегендеу, оқшаулау, тоттануға қарсы, химиялық және т.б.) қорғау жабындары;
      6) республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары, шаруашылықішілік және қалалық көше-жол желiлерi;
      7) темiр жолдар;
      8) тоннельдері;
      9) гидротехникалық және гидромелиоративтік құрылыстар;
      10) лифтілердi, көтергіш көлiк құрылғылары мен құрылыстарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету;
      11) көпiрлер мен көпір өткелдерінің элементтері.

  5. Сараптама жұмыстары

      18. Құрылысқа арналған жұмыстарды орындау кезіндегі инжинирингтік қызметтер көрсету:
      1) құрылыс процесіне технологиялық сүйемелдеу жүргізу әдiсімен және мамандандырылған зертханалар арқылы жұмыстар мен қызмет көрсетулер рыногының субъектілерi жүзеге асыратын құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасын бақылау және құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын өндiру жөнiндегi инженерлiк қызмет;
      2) жұмысшы кадрлар мен мамандарды аттестаттау;
      3) лицензия алуға ниет білдiруші заңды және жеке тұлғалардың өндiрiстiк-техникалық базасын және біліктiлiк талаптарға сәйкестiгiн тексере отырып, техникалық аудит пен лицензиаттар (лицензия алуға талапкерлер) ұсынатын материалдардың (құжаттардың) сараптамасы;
      4) жобаларды мемлекеттiк сараптаудың ерекше құзыретiне жатпайтын жұмыстар мен қызмет көрсету рыногының субъектiлерi орындайтын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының бөлімдерiне сараптама;
      5) ғимараттардың (құрылыстардың) және инженерлiк жүйелер мен коммуникациялардың техникалық жай-күйiн тексерудi қоса алғанда, қазiргi ғимараттар мен құрылыстардың жұмыс iстеу сенiмділігiн әрi берiктігін бағалау.
      19. Жобалардың мемлекеттiк сараптамасының ерекше құзыретiне жататын:
      1) мемлекеттiк инвестициялар есебiнен немесе олардың қатысуымен тұрғызылатын, сондай-ақ мемлекеттiк инвестициялардың қатысуынсыз тұрғызылатын, бiрақ заңнамада белгiленген тәртiппен шығарылатын өнiм немесе көрсетiлетiн қызметтер көлемiнде мемлекеттiк меншiк үлесiн көздейтiн;
      2) құрылысты қаржыландыру көздерiне қарамастан, санитарлық, экологиялық, өрт пен жарылыс қауiпсiздiгi, еңбектi қорғау, құрастырмалардың сенiмдiлiгi, әлеуметтiң, көлiктiк және рекреациялық инфрақұрылым объектiлерiне мүгедектер мен халықтың аз жұмылдырылған тобының кiруiн қамтамасыз ету жөнiндегi ықтимал қауiптi және техникалық жағынан күрделi объектiлердiң жұмыс iстеуiнiң тұрақтылығы бойынша мемлекеттiк нормативтiк талаптарға сәйкестiгi бөлiгiнде объектiлердiң (кешендердiң) құрылысына арналған инвестициялық негiздемелердiң, техника-экономикалық негiздемелер мен есеп айырысулардың, жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманың;
      3) құрылыстың iрi және күрделi объектiлерi немесе салыну ұзақтығы алты айдан асатын объектiлер бойынша мердiгерлiк жұмыстарды (қызметтердi) мемлекеттiк сатып алуды жүргiзуге арналған конкурстық (тендерлiк) құжаттамалардың сараптамасы
       Ескертпелер:
      1) лицензиат (лицензия алуға талапкердiң) растаған біліктiлік талаптарына байланысты лицензиар ғимараттардың, құрылыстар мен құрастырмалардың сейсмикалық аудандастырылуы және күрделілiк деңгейлерi бойынша шектеулер белгiлей алады;
      2) лицензия берген кезде лицензияға қоса берiлетiн тiзбеде рұқсат етiлген жұмыс түрiнiң толықтығы нақтыланады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады