Лицензиялауға жататын сәулет-қала құрылысы қызметiнiң жұмыс түрлерiнiң тiзбесiн, Қазақстан Республикасында сәулет-қала құрылысы қызметiн мемлекеттiк лицензиялау тәртiбiн және Қазақстан Республикасының құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi жанындағы сәулет-қала құрылысы қызметiн мемлекеттiк лицензиялау департаментi туралы ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 11 шiлде 1994 ж. N 777. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002.01.10. N 23 қаулысымен. ~P020023

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет және қала құрылысы туралы"

 

Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының

Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

     1. N 1 қосымшаға сәйкес лицензиялауға жататын сәулет-қала

құрылысы қызметi жұмыс түрлерiнiң Тiзбесi;

     N 2 қосымшаға сәйкес сәулет-қала құрылысы қызметiн мемлекеттiк

лицензиялау Тәртiбi;




     Ескерту. 3-шi абзацтың күшi жойылған - ҚР Үкiметiнiң 1996.01.24.

              N 88 қаулысымен. 


P960088_



     2. Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда

құрылыс салу министрлiгi бiр айлық мерзiмде сәулет-қала құрылысы

қызметiн жүзеге асырушы кәсiпорындар мен ұйымдарды лицензиялау

кезегiн анықтасын.

     3. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi бұрын қабылданған

шешiмдердi осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген нормативтiк актiлерге

сәйкес келтiрсiн.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-министрi



                                     Қазақстан Республикасы



                                     Министрлер Кабинетiнiң

                                     1994 жылғы 11 шiлдедегi

                                        N 777 қаулысына

                                          N 1 қосымша



 
 
                 Лицензиялауға жататын сәулет-қала құрылысы

 

                   қызметi саласындағы жұмыс түрлерiнiң

                              ТIЗБЕСI


        Күрделi құрылысқа арналған инженерлiк iздестiрулер


Инженерлiк-геодезиялық iздестiрулер

Инженерлiк-геологиялық iздестiрулер

Мелиорациялық, орман-техникалық iздестiрулер

Инженерлiк-экологиялық iздестiрулер

Инженерлiк iздестiрулердiң сапасын бақылау


         Күрделi құрылысқа арналған жобалау жұмыстары


Қала құрылысы құжаттамаларын жасау

Сәулеттiк жобалау

Құрылыстық жобалау

Инженерлiк жүйелер мен желiлердi жобалау

Жобалардың арнаулы тауарларын әзiрлеу

Технологиялық жобалау


Жұмысты атқару мен құрылысты ұйымдастыру жобаларын әзiрлеу Сәулет объектiлерiн салуға, қайта құруға және жаңғыртуға арналған қала құрылысы мен жобалау құжаттамаларын кешендi әзiрлеуге

 

басшылық жасау бойынша жобалардың бас сәулетшiсiнiң /жобалардың

бас инженерлерiнiң/ мiндеттерiн iс жүзiне асыру

Жобалау құжаттамаларының сараптамасы


         Құрылыс құрастырмаларын, бұйымдарын және   

              материалдарын әзiрлеу мен жасау


Құрылыс материалдарын жасау

Болатты және алюминийлi құрылыс құрастырмалары мен бұйымдарын

жасау

Бетонды және темiр-бетонды құрастырмалар мен бұйымдар жасау

Арнаулы темiр-бетонды құрастырмалар жасау

Қысымды және қысымсыз темiр-бетонды құбырлар жасау

Тауарлы бетон мен ерiтiндi жасау

Табиғи тастардан қаптама материалдар жасау

Асфальт-бетонды қоспалар жасау

Ағашты құрылыс құрастырмалары мен бұйымдарын жасау

Мүкәммалдар, құрылғылар, металды қалыптар жасау

Желдеткiштiк, санитарлық-техникалық және электр-монтаждық

бұйымдар мен дайындамаларын жасау


               Құрылыс-монтаж жұмыстары


Жер қазу жұмыстары

Жердегi арнаулы жұмыстар

Үйлер мен ғимараттардың салмақ түсетiн және қоршау

құрастырмаларын тұрғызу

Арнаулы құрылыс және монтаж жұмыстары

Сыртқы инженерлiк жүйелер мен ғимараттарды орналастыру жұмыстары

Iшкi инженерлiк жүйелердi орналастыру жұмыстары

Құрастырмалар мен жабдықтарды қорғау жұмыстары

Құрастырмаларды өңдеу жұмыстары

Жол құрылысы жұмыстары

Аумақты көркейту жұмыстары

Технологиялық жабдықтарды монтаждау

Iске қосу-баптау жұмыстары

Жөндеу-құрылыс жұмыстары, үйлер мен ғимараттарды қайта

құру және мықтау

Құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасын бақылау


             Сәулет-қала құрылысы қызметiнiң басқа да түрлерi


 
Тұрғын үй саласындағы жылжымайтын мүлiктi бағамдау Коммерциялық құрылыс салушылардың мiндеттерiн атқару Инжинирингтiк қызметтер
      Ескертпе. Берiлетiн лицензияларда көрсетiлетiн сәулет-қала құрылысы қызметiнiң жұмыс түрлерi Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi бекiткен құрылыстағы жұмыстар мен қызметтердiң жiктемесiмен нақтыланады.
 

                                       Қазақстан Республикасы



                                       Министрлер Кабинетiнiң

                                       1994 жылғы 11 шiлдедегi

                                            N 777 қаулысына

                                              N 2 қосымша



 
 
                 Қазақстан Республикасында сәулет-қала
             құрылысы қызметiн мемлекеттiк лицензиялау
                           ТӘРТIБI
 
                   I. Жалпы ережелер
 
      1. Осы Тәртiп лицензиялық қызметтiң ұйымдық-құқылық негiздерiн, лицензияларды беру, қолданылуын тоқтату және күшiн жою тәртiбiн, лицензиялау органдары мәртебесi мен қызметiн белгiлейдi.
      2. "Қазақстан Республикасындағы сәулет және қала құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасында сәулет-қала құрылысы қызметiн мемлекеттiк лицензиялау құрылыс өнiмдерiн қауiпсiз пайдалануды, қоршаған ортаны қорғауды, азаматтар мен мемлекеттiң құқықтары мен мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
      3. Сәулет-қала құрылысы қызметiнiң түрлерi лицензиялауға жатады, олардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтедi.
      4. Меншiк нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мұның iшiнде Қазақстан Республикасы аумағында сәулет-қала құрылысы қызметiн жүзеге асырушы немесе оны жүзеге асыруға ниет етушi шетел мемлекеттерiнiң заңды ұйымдары мен жеке тұлғаларының /жауапты орындаушылардың/ тиiстi лицензиялары болуы тиiс.
      Өз күштерiмен жекеменшiк құқына жататын жеке тұрғын үйлер мен қора-қопсы құрылыстарын салушы азаматтарда лицензияның болуы мiндеттi емес.
      5. Сәулет-қала құрылысы қызметiнiң қандай да болмасын түрлерiн жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды ұйымдар осы жұмыстарды атқаруды тиiстi лицензиялары бар жауапты орындаушылармен қамтамасыз етуi тиiс.
      6. Заңды ұйымдардың лицензиясыз сәулет-қала құрылысы қызметiн жүзеге асыруына оның тиiстi түрлерiнiң тиiстi лицензиялары бар жауапты орындаушылар атқарған жағдайда жол берiледi.
      7. Қазақстан Республикасының аумағында сәулет-қала құрылысы қызметiн жүзеге асыруды ниет етушi шетел мемлекеттерiнiң заңды ұйымдары мен жеке тұлғаларының лицензиялары Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi белгiленген тәртiпте танылады.
 
            II. Лицензиялаудың мемлекеттiк жүйесi
 
      8. Қазақстан Республикасында сәулет-қала құрылысы қызметiн лицензиялауды Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi жанындағы Сәулет-қала құрылысы қызметiн мемлекеттiк лицензиялау департаментi /бұдан әрi - Мемқұрылыслицензия/ мен оның аумақтық бөлiмшелерi ғана жүзеге асырады.
      9. Мемқұрылыслицензия органдары берген лицензиялардың республиканың бүкiл аумағында күшi бар.
      10. Сәулет-қала құрылысы қызметiнiң аса жауапты да күрделi түрлерiн лицензиялауды Мемқұрылыслицензияның орталық аппараты жүзеге асырады. Қызметтiң мұндай түрлерiнiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi белгiлейдi.
      11. Мемқұрылыслицензия органдарының лицензияларының бар екендiгiн және лицензиялауға ие болу мәртебесiнiң сақталуын тексеру үшiн кәсiпорындардың, ұйымдар мен жеке тұлғалардың қызметiне iшiнара тексеру жүргiзуге құқы бар.
      12. Мемқұрылыслицензия органдары жанынан шарттық негiзде тартылатын бiлiктi мамандардан сараптама комиссиялары құрылады, сондай-ақ қорытындылар әзiрлеп және оларды Мемқұрылыслицензия органдарына ұсыну үшiн сәулет-қала құрылысы қызметiнiң тиiстi түрлерi бойынша жұмыс тәжiрибесi бар ұйымдардың базасында мамандандырылған сараптама орталықтары тiркеледi.
      13. Лицензиялау жөнiндегi материалдарды әзiрлеу мен ресiмдеу бойынша жұмыстар мен қызметтерге ақы Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi белгiлеген тәртiпте лицензия алуға ниет етушi заңды ұйымдар мен жеке тұлғалардың есебiнен төленедi.
 
               III. Лицензиялау iсiн ұйымдастыру
 
      14. Арнаулы бiлiмi мен аталмыш мамандығы бойынша тиiстi жұмыс стажы бар жеке тұлғалардың, сондай-ақ құрылтайшылық құжаттарында өздерi лицензия алуға ниет қылған жұмыс пен қызмет түрлерiн атқаруды көздеген кәсiпорындар мен ұйымдардың сәулет-қала құрылысы қызметiн жүзеге асыру үшiн лицензия алуға құқы бар.
      15. Жеке тұлғалар үшiн - арнаулы бiлiмiнiң, сол мамандығы бойынша тиiстi жұмыс стажының, лицензия берiлетiн жұмыс түрлерi бойынша практикалық қызметтiң оң нәтижелерiнiң, сондай-ақ тестiлеудiң оң нәтижелерiнiң болуын;
      заңды ұйымдар үшiн - iрi тапсырыс берушiлердiң /өнiмдерi тұтынушылардың/ пiкiрлерi, жобалау, iздестiру және мердiгерлiк ұйымдардың, тиiстi мемлекеттiк қадағалау органдарының тұжырымдары бойынша анықталатын орындалып жатқан жұмыстың, өнiмдердiң, қызметтiң сапалық деңгейiн; сапалық бақылаудың болуын; тиiстi мәшинелердiң, тетiктер мен жабдықтардың болуын немесе оларды тарту мүмкiншiлiгiн ескеру арқылы техникалық базаның жай-күйiн; арнаулы бiлiм деңгейi мен сәулет-қала құрылысы қызметiнiң тиiстi түрiнен жұмыс стажы болуы ескерiлген мамандардың бiлiктi құрамын растайтын құжаттар мен деректер негiзiнде қабылдайтын лицензиялау органының оң шешiмi лицензиялар алуға арналған шарт болып табылады.
      16. Мемқұрылыслицензия органдарына берiлетiн қажеттi құжаттар мен материалдар тiзбесiн, сондай-ақ лауазымды адамдар мен мамандығы бойынша қажеттi жұмыс стажы көрсетiлген лицензиясы болуға тиiстi жауапты орындаушылар тiзбесiн Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi белгiлейдi.
      17. Сәулет-қала құрылысы қызметiнiң аса күрделi де жауапты түрлерiн орындауға лицензия алуға ниет қылған заңды және жеке тұлғалар Мемқұрылыслицензия органдарына мамандандырылған сараптама орталықтарының қорытындыларын тапсырады.
      18. Лицензия беру немесе беруден бас тарту туралы шешiм қажеттi материалдар мен құжаттарға қоса өтiнiш түскен күннен бастап 30 күн iшiнде қабылданады.
      19. Мемқұрылыслицензия органдары оң шешiм барысында заңды ұйымдарға немесе жеке тұлғаларға белгiленген нысандағы лицензияны табыс етедi, ол көрсетiлген сәулет-қала құрылысы қызметi түрлерiн орындау құқын бередi. Лицензия нысанын Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi бекiтедi.
      20. Лицензия беруден бас тартқан жағдайда заңды ұйымдарға немесе жеке тұлғаларға жазбаша түрде дәлелдi бас тартпа қолданады, мұнда берiлген материалдарды қарау бойынша шығын сомасы қайтарылмайды.
      21. Заңды ұйымдар мен жеке тұлғалардың сәулет-қала құрылысы қызметiнiң бiр немесе бiрнеше түрiне лицензия алуға құқы бар.
      22. Лицензиялардың қолданылу мерзiмi шектелмейдi, егер онда басқаша айтылмаса, ол жыл сайын Мемқұрылыслицензия органдарында қайта тiркеуден өтедi. Сәулет-қала құрылысы қызметiнiң қандай да болмасын түрiн алғаш рет орындауға ниет етушi заңды ұйымдар мен жеке тұлғаларға лицензия бiр жыл мерзiмге берiледi.
      23. Мемқұрылыслицензия органдарының материалдарды қарауы кезiнде заңды ұйымдар мен жеке тұлғалардың бұрыннан атқарып жатқан сәулет-қала құрылысы қызметi түрлерiн жалғастыра беруге құқы бар.
 
               IҮ. Лицензиялардың қолданылуын тоқтату
                         және күшiн жою
 
      24. Лицензиялардың қолданылуы:
      сәулет-қала құрылысы қызметi саласындағы жұмыстарды орындау негiзiнде атқару үшiн мiндеттi стандарттар, нормативтiк-техникалық шарттар, құрылыс нормалары мен ережелерi бұзылған;
      сәулет-қала құрылысы қызметi саласындағы бұзылымы үшiн әлденеше рет /бiр жыл iшiнде/ әкiмшiлiк санкциялар қолданылған;
      құрылыс-монтаж, жөндеу-құрылыс және басқа да жұмыстарды орындау кезiнде жобалау құжаттамаларынан ауытқыған;
      сәулет-қала құрылысы қызметi саласында сапасыз орындалған жұмыстар әлденеше рет тоқтатылған жағдайларда тоқтатылады.
      25. Лицензияның қолданылуы бiр жылдан аспайтын мерзiмге тоқтатылады, сөйтiп бұл заңды ұйымдар мен жеке тұлғалардың ұйғарымында көрсетiлген сәулет-қала құрылысы қызметiнiң түрлерiн доғаруына апарады.
      26. Лицензиялардың күшi:
      құрылыс заңдары мен нормативтiк актiлердiң талаптарының бұзылуы үйлердiң немесе ғимараттардың апатқа ұшырауына немесе адамдар мен қоршаған ортаға мейлiнше қауiп-қатер төндiруге әкелген;
      Мемқұрылыслицензия органдарына берiлген материалдар мен құжаттарда бұрмалау фактiлерi анықталған;
      лицензияның қолданылуы үш реттен астам тоқтатылған;
      лицензияның қолданылуын тоқтату жөнiндегi ұйғарымнамада көрсетiлген талаптар орындалмаған;
      шарттық қатынастар бiрнеше мәрте бұзылған;
      заңды ұйым таратылған немесе ол қайта құрылып, қызмет тұрқы өзгерiске ұшыраған жағдайларда күшi жойылады.
      27. Лицензияның күшi жойылған жағдайда заңды ұйымдар мен жеке тұлғалар бұрын орындаған сәулет-қала құрылысы қызметiнiң түрлерi үшiн екiншi қайтара лицензия алуға бiр жыл өткеннен кейiн ғана құқылы.
      28. Лицензиялардың қолданылуын тоқтату немесе күшiн жою туралы шешiмдi Мемқұрылыслицензия органы дербес немесе Мемсәулетқұрылысбақылау, Мемсараптама органдарының, бақылау мен қадағалаудың басқа да мемлекеттiк органдарының, тергеу органдарының, соттың, прокурордың, мамандандырылған сараптама орталықтарының, қоғамдық ұйымдар мен сәулет-қала құрылысы қызметiнiң өнiмдерiн тұтынушылардың ұсынысы бойынша қабылдайды.
      29. Лицензиялау органдары лицензиялардың қолданылуын тоқтату немесе күшiн жою туралы шешiм қабылдау кезiнде фактiлер мен деректердi тексеру үшiн сараптама комиссияларын құрады, олардың құрамына бақылау мен қадағалаудың мемлекеттiк органдарының, мамандандырылған сараптама орталықтарының, қоғамдық ұйымдардың мамандары тартылады.
      30. Лицензиялардың қолданылуын тоқтату немесе күшiн жою туралы мәселелердiң қаралуы кезiнде лицензия иесi аталмыш мәселе бойынша барлық материалдармен танысуға құқы бар, мәселе лицензия иесiнiң тiкелей қатысуымен қаралады.
      31. Лицензия иесi Мемқұрылыслицензия органы мәжiлiсiне дәлелдi себептерсiз екi рет келмеген жағдайда лицензияның қолданылуын тоқтату немесе күшiн жою туралы мәселе оның қатысуынсыз қаралады.
      32. Лицензияның қолданылуын тоқтату немесе күшiн жою туралы шешiм қабылданған күннен кейiн бiр апта мерзiм iшiнде жазбаша түрде лицензия иесiне табыс етiледi.
      33. Күшi жойылған лицензия лицензиялау органына тапсырылуы тиiс.
      34. Лицензияларды беру, қолданылуын тоқтату немесе күшiн жою мәселелерiнде туындайтын дау-дамайлар белгiленген заңдар тәртiбiнде қаралады.
 

                                    Қазақстан Республикасы



                                    Министрлер Кабинетiнiң

                                    1994 жылғы 11 шiлдедегi

                                        N 777 қаулысына

                                         N 3 қосымша



 
 
             Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және
        аумақтарда құрылыс салу министрлiгi жанындағы Сәулет-қала
       құрылысы қызметiн мемлекеттiк лицензиялау департаментi туралы
                               ЕРЕЖЕ
 
      1. Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi жанындағы Сәулет-қала құрылысы қызметiн мемлекеттiк лицензиялау департаментi /бұдан әрi - Мемқұрылыслицензия/ министрлiк өкiлеттiгi шегiнде Қазақстан Республикасы аумағында сәулет-қала құрылысы қызметiн лицензиялауды дербес жүзеге асырушы өкiмет билiгiнiң орталық органы болып табылады.
      Департамент және оның құрамына енетiн облыстардағы аумақтық бөлiмшелер Қазақстан Республикасының Сәулет-қала құрылысы қызметiн лицензиялау органдарының бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiн құрайды.
      2. Департамент өз қызметiнде Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарын, Республика Жоғарғы Кеңесiнiң заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiн, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң шешiмдерiн, осы Ереженi, Қазақстан Республикасы Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгiнiң бұйрықтары мен нұсқауларын басшылыққа алады.
      3. Мемқұрылыслицензияның негiзгi қызметтерi мен мiндеттерi:
      сәулет-қала құрылысы қызметiнiң осы қаулының N 1 тiзбесiнде келтiрiлген түрлерiнiң тiзбесiн лицензиялау;
      Лицензия алуға ниет етушi заңды ұйымдар мен жеке тұлғалардың қажеттi материалдары мен құжаттарын қарау;
      өтiнiм жасаушылар тапсырған материалдар мен құжаттарға сараптама ұйымдастыру;
      сәулет-қала құрылысы қызметiн жүзеге асырушы лицензия алуға ниет еткен кәсiпорындарға, ұйымдарға қажет болған жағдайда зерттеу-тексерудi ұйымдастыру;
      заңды ұйымдар мен жеке тұлғалардың сәулет-қала құрылысы қызметiн қойылатын талаптарға сай жүзеге асыру мүмкiншiлiктерiн бағамдау;
      сәулет-қала құрылысы қызметiн осы қаулының N 2 қосымшасында келтiрiлген тәртiпке сәйкес жүзеге асыру құқығына лицензия беру, қолданылуын тоқтату, күшiн жою және қайта тiркеу;
      шетелдiк лицензияларды белгiленген тәртiпте тану;
      Қазақстан Республикасының заңды ұйымдары мен жеке тұлғаларының шетелдерде жүзеге асыратын сәулет-қала құрылысы қызметiн лицензиялау;
      Мемқұрылыслицензияның облыстық, Алматы және Ленинск қалалық аумақтық бөлiмшелерi туралы үлгiлiк ережелерiнiң жобасын жасап, оны Қазақстан Республикасының құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгiнiң бекiтiмiне ұсыну;
      лицензиялар алған заңды ұйымдар мен жеке тұлғалар есебiн жүргiзiп және олардың тiзбесiн басып шығару;
      лицензиялардың күшiн жою немесе қолданылуын тоқтату туралы жедел ақпараттар басып шығару;
      сәулет-қала құрылысы саласындағы лицензиялық қызмет тәжiрибесiн зерттеу және қорыту;
      сәулет-қала құрылысы қызметiн лицензиялау мәселелерi бойынша нұсқамалық және нормативтiк-әдiстемелiк құжаттарды әзiрлеу, консультациялық қызмет көрсету;
      лицензиялық қызметтi жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстар әзiрлеу;
      лицензиялауға қатысушы қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру.
      4. Өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес Мемқұрылыслицензия:
      сәулет-қала құрылысы қызметiн лицензиялау мәселелерi бойынша кез келген құрылыс объектiлерiнде, ұйымдар мен кәсiпорындарда ешбiр кедергiсiз болуға;
      лицензиялардың болуын және лицензия мәртебесiн сақтауын тексеру үшiн кәсiпорындар мен ұйымдардың қызметiне қажет болғанда iшiнара бақылауды жүзеге асыру, бұл мақсаттар үшiн жобалардың мемлекеттiк сараптама, сәулет-құрылыс бақылау органдарын, басқа да қадағалау органдарын тартуға;
      кәсiпорындар мен ұйымдардың лицензияланатын заңды ұйымдарға қойылатын талаптарды бұзуына байланысты мемлекеттiк басқару органдарына ұсыныс енгiзуге;
      министрлiктер мен ведомстволардан, жергiлiктi әкiмдерден, холдингтiк компаниялардан, бiрлестiктерден, концерндерден, ассоциациялар мен шаруашылық жүргiзушi субъектiлерден Мемқұрылыслицензияға жүктелген мiндеттердi орындауға қажеттi лицензиялау мәселелерi бойынша материалдарды сұрауға;
      өз құзыры аясында министрлiктердiң, ведомстволардың, жергiлiктi әкiмдер мен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң орындауы үшiн мiндеттi сәулет-қала құрылысын лицензиялау бойынша нормативтiк құжаттар жасап және басып шығаруға;
      лицензиялануға жататын сәулет-қала құрылысы қызметi түрлерiнiң тiзбесiне түзетпе жасау жөнiнде ұсыныс әзiрлеуге құқылы.
      5. Мемқұрылыслицензия қызметiн қаржыландыру лицензияларды бергенi, қайта тiркегенi, мамандандырылған сараптама орталықтары мен маман-сараптамашыларды тiркегенi, сондай-ақ консультациялық және ақпараттық қызмет көрсеткенi үшiн алатын қаражат есебiнен асырылады.
      6. Мемқұрылыс лицензия бастығын Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгiнiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi, ал облыстық, Алматы және Ленинск аумақтық бөлiмшелерiнiң бастықтарын - Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрi мен тиiстi облыстар мен қалалардың әкiмдерiнiң келiсiмiмен Мемқұрылыслицензия бастығы тағайындайды.
      7. Мемқұрылыслицензия бастығының орынбасарларын Мемқұрылыслицензия бастығының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрi қызметке тағайындап және қызметтен босатады.
      8. Мемқұрылыслицензия бастығы:
      департамент жұмысын жоспарлап, ұйымдастырады, осы Ережемен белгiленген мiндеттер мен қызметтердi орындау жөнiнен оның қызметiне жеке жауап бередi;
      орынбасарлары мен құрылымдық бөлiмшелерiнiң арасындағы мiндеттердi бөледi;
      өкiмет билiгiнiң мемлекеттiк басқару және атқару органдарында, сот органдарында, кәсiпорындар мен ұйымдарда департамент мүддесiн бiлдiредi;
      iс жүзiндегi заңдарға сәйкес мүлiкке және қаржы қаражаттарына иелiк етедi, сенiмхат, мұның iшiнде қайта сенiм құқын бередi, банкiлерде есеп айырысу және басқа да есеп шоттар ашады, қаржы тәртiбiнiң сақталуын қамтамасыз етедi;
      департаменттiң құрылымын, шығындар сметасын және штаттық кестесiн бекiтедi;
      департамент қызметкерлерiн ынталандыру және жазалау оларға материалдық көмек көрсету мәселелерiн шешедi;
      департаменттiң экономикалық нормативтерi мен шаруашылық қызметiнiң негiзгi көрсеткiштерiн бекiтедi;
      департаменттiң аумақтық бөлiмшелерiнiң қызметi туралы есептердi қарап, бекiтедi;
      өз құзыры шегiнде департаменттiң барлық аумақтық бөлiмшелерiнiң орындауы үшiн мiндеттi бұйрықтар, өкiмдер шығарады және нұсқаулар бередi.
      9. Мемқұрылыслицензияның аумақтық бөлiмшелерi туралы ереженi облыстардың, Алматы және Ленинск қалалары жергiлiктi әкiмдерiнiң келiсiмi бойынша Мемқұрылыслицензия бекiтедi.
      10. Мемқұрылыслицензия дербес заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген, қазақ және орыс тiлдерiнде өзiнiң атауы жазылған дөңгелек мөрi болады.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады