"FLIR Systems LEO II" тәуліктік шолу жүйесінің импорты туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 11 қаңтар N 34

      "Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Z960009_ Заңына және "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 P971037_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді:
      1. "N 405 авиажөндеу зауыты" ашық акционерлiк қоғамына "Е.R. Тrоiка Ltd" (Лондон қаласы, Ұлыбритания) компаниясымен жасалған 2001 жылғы 3 мамырдағы N АRZ 07/01 келiсiм-шартқа сәйкес Қазақстан Республикасына бұйым саны 1 "FLIR Systems LEO II А1" (СЭҚ ТН коды 8526 91 900) және бұйым саны 5 "FLIR Systems LEO II QWIP" (СЭҚ ТН коды 8526 91 900) тәулiктiк шолу жүйесiнiң импортына рұқсат етiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен "N 405 авиажөндеу зауыты" ашық акционерлiк қоғамына осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген бұйымдардың импортына лицензия берсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгінiң Кеден

 

комитетi осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген бұйымдарды кедендiк

бақылауды және кедендiк ресiмдеудi қамтамасыз етсiн.

     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономика

және сауда министрлiгiнің Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi комитетiне

жүктелсiн.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады