"Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөніндегі сот тәжірибесі туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1999 жылғы 9 шілдедегі N 8 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Нормативтік қаулысы. 2002 жылғы 15 тамыз N 18.

      Сот практикасында мәселелердің туындауына және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1999 жылғы 9 шілдедегі N 8 қаулысын қолданыстағы қылмыстық заңнамаға сәйкес келтірудің қажеттілігіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:

      "Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөніндегі сот тәжірибесі туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1999 жылғы 9 шілдедегі қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. Тақырыптағы "Жоғарғы Соты Пленумының қаулысы" деген сөздер "Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Кіріспедегі "Пленумы" деген сөз "жалпы отырысы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. 7-тармақта:

      екінші сөйлем мына редакцияда жазылсын:

      "Есі кіресілі-шығасылы адамға қатысты іс аудандық немесе оған теңестірілген соттың қарауына, ал қылмыстық жауапкершілікке тартылған басқа адамдарға қатысты - облыстық немесе оған теңестірілген соттың (не керісінше) қарауына жататын жағдайларда міндетті түрде бөлек өндіріске шығарылады".

      4. 16-тармақта:

      "облыстық немесе оған теңестірілген сотқа" деген сөздер "тиісті сотқа" деген сөздермен ауыстырылсын.

      5. 17-тармақта:

      бірінші сөйлемде "заңмен тыйым салынған әрекетті жасағаны фактісін растайтын немесе теріске шығаратын мән-жайларды қосымша анықтау үшін," деген сөздерден кейін "әрекетке дұрыс заңдық баға беру үшін," деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші сөйлемде "облыстық немесе оған теңестірілген сотқа" деген сөздер "тиісті сотқа" деген сөздермен ауыстырылсын.

      6. 19-тармақ мына редакцияда жазылсын:

      "Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы қылмыстық істер, оның ішінде ҚР ҚІЖК-нің 292-бабының 2-бөлігінде көрсетілген адамдарға қатысты қылмыстық істер аудандық және оларға теңестірілген соттарда, ал ҚР ҚІЖК-нің 291-бабының 2-бөлігінде көрсетілген істер бойынша - облыстық немесе оған теңестірілген соттарда қаралады. Басты сот талқылауы барысында сотталушының ақыл-есі кіресілі-шығасылы жағдайда қоғамға қауіпті әрекет жасағаны немесе оның психикасының бұзылғаны анықталса, онда ақыл-есі кіресілі-шығасылы адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану немесе қолданудан бас тарту туралы қаулы шығара отырып және басқа адамдарға қатысты шешім қабылдай отырып, істі мәні бойынша сол сот отырысында бір өндірісте қарауға жол беріледі.

      Егер қылмыстық жауапкершілікке тартылуға жататын адамдар туралы істерді қарау ұзақ уақытты қажет етсе, онда сот ҚІЖК-нің 49-бабының талаптарын сақтай отырып, есі кіресілі-шығасылы адамға қатысты материалдарды бөлек өндіріске шығаруға құқылы.

      Істі апелляция, қадағалау тәртібінде немесе жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қарау барысында қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті жасаған кезінде адамның есі кіресілі-шығасылы болғаны немесе ол адамның қылмыс жасағаннан кейін, бірақ бірінші сатыдағы сот шешім қабылдағанға дейін психикасы бұзылып ауырғаны анықталған болса және де мұның өзі жазаны тағайындауға немесе орындауға мүмкіндік бермесе, онда ҚІЖК-нің 54-тарауының қағидаларына сәйкес, іс бойынша шығарылған сот кесімдері бұзылуға және іс соттың жаңадан қарауына жатады".

      7. 25-тармақта:

      "кассациялық", "ҚІЖК-нің 48-тарауында" және "кассациялық арыз" деген сөздер тиісінше "апелляциялық", "ҚІЖК-нің 47-тарауында" және "кассациялық шағым" деген сөздермен ауыстырылсын.

      8. 28-тармақта:

      бірінші сөйлем мына редакцияда жазылсын:

      "Дәрігер-психиатрлардың медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тоқтатудың, өзгертудің және ұзартудың қажеттілігі туралы ұсынысын (қорытындысын) мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы қаулы шығарған сот қарайды: облыстық және оған теңестірілген сотта үш судья құрамындағы алқа, аудандық және оған теңестірілген сотта - судья жеке-дара жүзеге асырады. Егер мәжбүрлеп емдеуді жүзеге асыратын медициналық мекеме аталған соттардың аумақтық соттылығынан тысқары жерде болса, онда ұсынысты медициналық мекеме тұрған жердегі тиісті аумақтық сот қарайды.".

      9. 29-тармақта:

      екінші сөйлемдегі "сондай-ақ медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды өзгерту, тоқтату немесе мерзімін өзгерту туралы ұсыныстарды қарауды" деген сөздер алынып тасталсын.

      10. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына енгізіліп, жалпыға бірдей міндетті болып табылады әрі ол ресми түрде жарияланған күннен бастап күшіне енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы

      Жоғарғы Сотының Төрағасы

      Қазақстан Республикасы

      Жоғарғы Сотының судьясы,

      жалпы отырыс хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады