Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Үндiстан Республикасының Yкiметi арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастық туралы меморандумның жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгі Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесiп, Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң атынан келiссөздер жүргізсiн және уағдаластыққа қол жеткiзiлгеннен кейiн жоғарыда көрсетiлген Меморандумды жасассын.
3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi Мұхтар Қапашұлы
Алтынбаевқа Меморандумның мәтiнiне қағидатты сипаты жоқ өзгерiстер мен
толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң атынан Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Yндiстан
Республикасының Yкiметi арасында Әскери-техникалық ынтымақтастық туралы
меморандум жасасуға өкiлеттiк берiлсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Yкiметі
мен Yндiстан Республикасының Yкiметi арасындағы
Әскери-техникалық ынтымақтастық туралы
Меморандум
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен
Үндiстан Республикасының Үкiметi,
Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының мақсаттары мен принциптерiне өз
адалдықтарын растай отырып,
қатысушылары Тараптар болып табылатын тиiстi халықаралық шарттарды
ескере отырып,
Қазақстан Республикасы мен Үндiстан Республикасы арасындағы мемлекетаралық қатынастардың негiзгi принциптерi мен бағыттары туралы 1992 жылғы 22 ақпандағы мәлiмдемені негiзге ала отырып,
өзара тиiмдi әскери-техникалық ынтымақтастықты дамытуға ниет білдiре отырып, осы ынтымақтастық тең құқылық, өзара мүдделердi есепке алу және өзара тиiмдiлiк негiзiнде пәрмендi және мақсатты жүзеге асырылуы қажеттiгiн мойындай отырып,
Тараптар арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастықтың құқықтық негiзiн қамтамасыз етуге ұмтыла отырып,
төмендегiлер туралы келiстi:
1-бап
Ынтымақтастықтың мақсаты мен нысаны
Тараптар өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасы шеңберiнде мыналарды:
- өнiмдер мен қызмет көрсетулердi өзара ұсынуды, сондай-ақ әскери техника мен әскери технологияға қатысты бiрлескен жобаларды iске асыруды қоса, қорғаныс саласындағы екi жақты қарым-қатынастарды;
- технологиялар алмасуды, техникалық көмек көрсетулердi, оқыту мен бiрлесiп өндiрудi қоса, екi елдің түрлi саладағы өзара мүддесiн бiлдiретiн қорғаныс өнеркәсiбi кәсiпорындарының арасындағы ынтымақтастықты;
- ақпарат алмасу, өзара оқыту, сапарлар, мамандар алмасу және бiрлескен жобаларды iске асыру арқылы әскери ғылым мен технология саласындағы ынтымақтастықты;
- өзара оқыту, сапарлар, ақпарат және мамандар алмасу арқылы әскери саладағы екi жақты қарым-қатынасты дамыту мақсатында ынтымақтасады.
2-бап
Ынтымақтастықты ұйымдастыру
Осы Меморандумның ережесiн орындау мақсатында Тараптар немесе оларға уәкiлетті органдар нақты өзара тиiмдi бағдарламаларды әзiрлеу мақсатында әлсiн-әлсiн кездесiп отырады.
Ынтымақтастық бағдарламасы, сондай-ақ дипломатиялық арналар бойынша Тараптар арасында хабар алмасу арқылы келiсілуi мүмкiн.
Ынтымақтастықтың келiсiлген бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында Тараптар немесе оларға уәкiлеттi органдар қажет кезiнде қолданылып жүрген мiндеттемелер үшiн зиян келтiрмей, арнайы келiсiм-шарт немесе келiсiм жасасуы мүмкiн.
3-бап
Сапарларды ұйымдастыру
Тараптардың өкiлдерi қажет кезiнде Қазақстан Республикасында және Yндiстан Республикасында кезектесiп кездеседi.
Осы Меморандумның ережесiн орындау жөнiндегi шығыстарды Тараптар олардың өз мiндеттемелерiн орындауы үшiн қажеттi қаражат шегiнде Тараптардың ұлттық заңнамаларына сәйкес өз бетiмен көтередi.
Кездесулер өткiзу жөнiндегi күн тәртiбi мен тиiстi ұйымдық және әкiмшiлiк мәселелерi өзара келiсiм негiзiнде шешілетiн болады.
Осындай кездесулер барысында қабылданатын шешiмдер келiсiлген хаттамалар нысанында ресiмделедi.
4-бап
Ақпараттардың сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегі
шаралар
Тараптар осы Меморандумды iске асыру барысында алынған ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету үшiн қажеттi шаралар қолданады. Мұндай ақпаратты бiр Тарап басқа Тараптың мүддесiне зиян келтiруге пайдаланбайды. Бiр де бiр Тарап мұндай ақпаратты басқа Тараптың алдын ала жазбаша келiсiмiнсiз үшiншi Тарапқа бермейдi.
Егер ақпарат Тарап мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес Тараптардың мемлекеттiк құпиясын құрайтын мәлiметтен тұратын жағдайда, мұндай ақпаратты беру берушi Тарап мемлекетiнiң заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Қабылдаушы Тарап өз мемлекетiнің заңнамасына сәйкес алынған ақпараттың сақталуын қамтамасыз етедi.
5-бап
Қорытынды ережелер
Осы Меморандум осы үшiн қажеттi мемлекетішілiк рәсiмдердi Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшiне енедi.
Осы Меморандумның ережесiн түсiндiру мен қолдануға қатысты даулар туындаған жағдайда Тараптар оларды консультациялар және келiссөздер жолымен шешедi.
Бiр Тараптың бастамасы бойынша өзара келiсiм негiзiнде осы Меморандумға осы Меморандумның ажырамас бөлiгi болып табылатын, тиiстi хаттамалармен ресiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
Осы Меморандум бес жылға жасалады және егер бiр де бiр Тарап тиiстi
бес жылдық кезеңнiң аяқталуына дейiнгi алты айдан кешiктiрмей жазбаша
хабарлау жолымен оның күшiн тоқтату жөніндегі ниеті туралы хабарламаса,
келесі бес жылдық кезеңге автоматты түрде ұзартылатын болады.
200 ____ жылғы _______________ қаласында, екі түпнұсқа данада,
әрқайсысы қазақ, хинди, орыс және ағылшын тілдерінде жасалады, әрі барлық
мәтіннің күші бірдей. Осы Меморандумның ережелерін түсіндіруде
келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінді
басшылыққа алады.
Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.