2002 жылғы көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастыруға жергiлiктi бюджеттердi несиелендiрудiң кейбiр мәселелерi туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 20 ақпан N 229

      "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Z010273_ Заңын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса берiлiп отырған 2002 жылғы көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастыруға жергiлiктi бюджеттердi несиелендiру ережесi бекiтiлсiн.
      2. Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Солтүстiк Қазақстан, Оңтүстiк Қазақстан облыстарының әкiмдерi (бұдан әрi - облыс әкiмдерi):
      1) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне 2002 жылға арналған облыстық бюджеттерде осы қаулының 6-тармағына сәйкес алынған несиелер бойынша түсiм, өтем және сыйақы көзделген тиiстi мәслихаттардың шешiмдерiн, сондай-ақ жанар-жағар май материалдарын, тұқымдар, тыңайтқыштар, гербицидтер, тұқымды улағыштар, ауыл шаруашылығы машиналары үшiн босалқы бөлшектер алуға және ауыл шаруашылығы техникасын жалдауға немесе сатып алуға арнап ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi несиелендiру жөнiндегi бюджеттiк бағдарламаларды тапсырсын; <*>
      2) жанар-жағар май материалдарын, тұқымдар, тыңайтқыштар, гербицидтер, тұқымды улағыштар, ауыл шаруашылығы машиналары үшiн босалқы бөлшектер алуға және ауыл шаруашылығы техникасын жалдауға немесе сатып алуға арнап ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi несиелендiру амалын көздейтiн iшкi ереженi әзiрлесiн және бекiтсiн. <*>
      Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.08.09. N 892
               қаулысымен. P020892_
      3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi 2002 жылғы 1 наурызға дейiн 2002 жылға арналған республикалық бюджетте 46 "Көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастыруға жергiлiктi бюджеттердi несиелендiру бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу" бағдарламасы бойынша бекiтiлген сома шегiнде көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастыруға жергiлiктi бюджеттердi несиелендiру бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу сомаларын облыстар қимасында анықтасын және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен облыстардың әкiмдерiне жеткiзсiн.
      4. Облыстардың әкiмдерi 2002 жылға облыстық бюджетте осы қаулының 3-тармағына сәйкес Ауыл шаруашылығы министрлiгi жеткiзген сомалар шегiнде көктемгі егіс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастыруға жергiлiктi бюджеттердi несиелендiру бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу сомасының республикалық бюджеттен түсуiн көздесiн.
      5. Көрсетiлген облыстардың әкiмдерiне осы қаулының 6-тармағына сәйкес көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшiн ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi несиелендiруге арнап республикалық бюджеттен бөлiнетiн қаражатты қарызға алуына рұқсат етiлсiн.
      6. Осы қаулының 2-тармағын орындаған жағдайда Қазақстан

Республикасының Қаржы министрлiгi көрсетiлген облыстардың әкiмдерiне
көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастыруға арнап
бұл мақсатқа 2002 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан
Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне көзделген қаражаттан осы 
қаулымен бекiтiлген ережеде белгiленген шарттарда 4 000 000 000 (төрт 
миллиард) теңге сомасында несие, оның iшiнде әкiмдерге:
     
     Ақмола облысының              - 837 000 000 теңге;
     Ақтөбе облысының              - 152 000 000 теңге;
     Алматы облысының              - 230 000 000 теңге;
     Шығыс Қазақстан облысының     - 200 000 000 теңге;
     Жамбыл облысының              - 110 000 000 теңге;
     Батыс Қазақстан облысының     - 160 000 000 теңге;
     Қарағанды облысының           - 186 000 000 теңге;
     Қостанай облысының            - 900 000 000 теңге;
     Қызылорда облысының           - 45 000 000 теңге;
     Павлодар облысының            - 200 000 000 теңге;
     Солтүстік Қазақстан облысының - 900 000 000 теңге;
     Оңтүстік Қазақстан облысының  - 80 000 000 теңге бөлсін.
     
     7. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қазақстан 
Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты 
пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
     8. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ.Мәсімовке жүктелсін.
     9. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
                                             Қазақстан Республикасы
                                                  Yкiметiнiң
                                            2002 жылғы 20 ақпандағы
                                               N 229 қаулысымен
                                                    бекiтiлген
     
         Көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзудi
      ұйымдастыруға жергiлiктi бюджеттердi несиелендiру ережесi
     


      1. Осы ереже "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңымен көзделген 212 "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi" әкiмшiсiнiң 84 "Көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастыруға жергiлiктi бюджеттердi несиелендiру" бюджеттiк бағдарламасы бойынша 4 000 000 000 (төрт миллиард) теңге сомадағы несиенi (бұдан әрi - Несие) беру тәртiбi мен шарттарын анықтайды.
      2. 4 000 000 000 (төрт миллиард) теңге сомадағы несие жанар-жағар май материалдарын, тұқымдар, тыңайтқыштар, гербицидтер, тұқымды улағыштар, ауыл шаруашылығы машиналары үшiн босалқы бөлшектер алуға, ауыл шаруашылығы техникасын жалдауға немесе сатып алуға арнап ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi сыйақының нөлдiк ставкасы бойынша одан әрi несиелендiру үшiн облыстардың бюджеттерiне қайтарым, төлем, мерзiмдi және қамтамасыз ету шартымен сыйақы 4,9 пайыз жылдық ставка бойынша 2002 жылғы 1 желтоқсанға дейiнгi мерзiмге бөлiнедi. <*>
      Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.08.09. N 892
               қаулысымен. P020892_
      3. Тиiстi облыстардың әкiмдерi бөлiнген Несиенiң мақсатты пайдаланылуы мен оның республикалық бюджетке уақтылы қайтарылуын қамтамасыз етедi.
      4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi әкiмдермен тиiстi несиелiк келiсiмдер (бұдан әрi - Несиелiк келiсiмдер) жасасады.
      5. 84 "Көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастыруға жергiлiктi бюджеттердi несиелендiру" бюджеттiк бағдарламасының қаражаты есебiнен облыстық бюджеттерге несие бөлудi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жоспарланған мақсаттарды көрсетiлген бағдарламадан бюджет кiрiсiнiң жiктелуi "Республикалық бюджеттен несиелер" 601601 кодына тиiстi облыстардың облыстық бюджетiне көрсетiлген қаражатты есепке алып, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi әкiмшiсi болып белгiленетiн жергiлiктi бюджеттердi несиелендiру тиiстi бағдарламаларына аудару жолымен жүзеге асырады.
      6. Несиелiк келiсiмдер бойынша мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз етудiң тәсiлi ретiнде облыстар әкiмдерi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне 2002 жылдың iшiнде қысқартылмайтын тиiстi жергiлiктi бағдарламаларды айқындай отырып, 2002 жылға арналған облыстық бюджеттерде Несие бойынша түсiм, өтем және сыйақы төлеу көзделген тиiстi мәслихаттардың шешiмдерiн, сондай-ақ жанар-жағар май материалдарын, тұқымдар, тыңайтқыштар, гербицидтер, тұқымды улағыштар, ауыл шаруашылығы машиналары үшiн босалқы бөлшектер алуға, ауыл шаруашылығы техникасын жалдауға немесе сатып алуға арнап ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi несиелендiру жөнiндегi бюджеттiк бағдарламаларды тапсырады. <*>
      Ескерту. 6-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.08.09. N 892
               қаулысымен. P020892_
      7. Несие белгiленген мерзiмде қайтарылмаған жағдайда Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi айқындаған тәртiппен өтелмеген қарыз сомасын шығарып алуды жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi тиiстi облыстық бюджеттiң ағымдағы есеп-шоттары бойынша барлық шығыс операциясын тоқтатып тастайды.
      8. Несиенiң мақсатты пайдаланылуын бақылауды Қазақстан

Республикасының Қаржы министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Ауыл 
шаруашылығы министрлiгi жүзеге асырады. 
     9. Несиенiң республикалық бюджетке уақтылы қайтарылуын бақылауды 
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi мен Қазақстан 
Республикасының Қаржы министрлiгi жүзеге асырады.
     10. Әкiмдердiң Несиенi мақсатсыз пайдаланғаны анықталған жағдайда 
оларға заңнамамен белгiленген тәртiппен жаза қолданылады. 
(РҚАО-ның ескертуі:  

K010155_

  (2-бөлім, 177-бап).
     11. Несиенi республикалық бюджетке қайтаруды әкiмдер белгiленген 
мерзiмде жүргiзедi.
     
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады