Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының республикалық
бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекіту
туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 қаңтардағы N 119
қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1-тармақтағы "3" деген сан "4" деген санмен ауыстырылсын;
осы қаулының қосымшасына сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2002 жылғы 4 наурыздағы N 262
қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2002 жылғы 26 қаңтардағы N 119
қаулысына 4-қосымша
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы
(бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi)
2002 жылға арналған
600 "Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясын
есептеу және ұйымдастыру техникасымен қамтамасыз ету"
республикалық бюджеттік бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 17823 мың теңге (он жеті миллион сегіз жүз жиырма үш мың
теңге).
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегi Қазақстан Республикасы Конституциялық Z952464_ заңының 33-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік аппараттың жұмысын жақсарту, төрешілдікке қарсы күрес және құжат айналымын қысқарту жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 31 шілдедегі N 427 U000427_ Жарлығы; "Мемлекеттік сатып
алулар туралы" 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының
Заңы.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi: Республикалық
бюджет қаржысы.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Жаңа сайлау технологияларын
енгізу; Ақпараттардың уақтылылығын және сапасын жақсарту.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: Сайлау науқанын автоматтандыру.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары:
---------------------------------------------------------------------------
Р!Бағдар.!Кіші бағд.!Бағдарламалар.! Бағдарламаны ! Іске !Жауапты
е!лама ! коды !дың (кіші бағ.!(кіші бағдар. ! асыру !орындаушы.
т!коды ! !дарламалардың)!ламаны) іске !мерзімі!лар
N! ! ! атауы !асыру жөніндегі ! !
! ! ! ! іс-шаралар ! !
---------------------------------------------------------------------------
1! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7
---------------------------------------------------------------------------
1 600 Қазақстан Қазақстан Республи. Жыл Орталық
Республикасы касы Парламенті бойы сайлау
Орталық сайлау Мәжілісінің депу. комиссиясы
комиссиясын таттарын сайлау
есептеу және жөніндегі округтік
ұйымдастыру сайлау комиссиялары
техникасымен үшін 60 дана
қамтамасыз ету компьютер және 60
дана принтер сатып
алу.
--------------------------------------------------------------------------
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Сайлау
комиссияларының жұмысының жақсаруы; қажетті ақпараттың тапсырылуының
уақтылылығы.
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.