Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Халықаралық құқықтық ынтымақтастық жөніндегі Орталық Азия конференциясын өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы
13 қарашадағы N 1444
қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 1-тармақта "2001 жылғы 28-30 қараша" деген сөздер "2002 жылғы 5-7
наурыз" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 3-тармақта "Игорь Иванович Роговқа" деген сөздер "Георгий
Владимирович Кимге" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 4-тармақта 1) тармақшасында:
"2001" деген сан "2002" деген санмен ауыстырылсын;
"шығыстар" деген сөз "шығындар" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.