Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің және Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің кейбір кадр мәселелері

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 4 наурыз N 264

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Z990453_ Заңы 26-бабының 1-тармағына сәйкес және жазбаша өтініштерінің негізінде мыналардың орнынан түсуі қабылдансын және атқаратын қызметтерінен босатылсын:
      Әйтекенов Қайрат Медібайұлы - Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар

 

және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Қоршаған ортаны қорғау комитетінің

төрағасы;

     Мұртазаев Мұрат Арзарұлы - Қазақстан Республикасы Экономика және

сауда вице-министрі;

     Әбдіқұлов Бағдат Балтағұлұлы - Қазақстан Республикасы Экономика және

сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі

комитетінің төрағасы.

     2. Әбілғазы Қалиақпарұлы Құсайынов Қазақстан Республикасының

Экономика және сауда вице-министрі болып тағайындалсын.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады