Мал шаруашылығы өнімін өндіруді және оны сатып алуды несиелендірудің кейбір мәселелері

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 6 наурыз N 277

      Мал шаруашылығы саласын қолдау мақсатында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 1440 P001440_ қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы жергілікті атқарушы органдарының несие беру ережесінің 12-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындау мақсатында республикалық бюджеттен бөлінетін несиелер бойынша, сондай-ақ республикалық бюджеттен оқшауландырылған сомалар бойынша сыйақы ставкасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 қыркүйектегі N 1131 P011131_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгілейтін сыйақы ставкасы бойынша мал шаруашылығы өнімін өндіру, сатып алу және өңдеу үшін республикалық бюджет қаражаты есебінен бөлінетін 500 000 000 (бес жүз миллион) теңге сомасындағы бюджет несиесінің шарты мерзімді, қамтамасыз ету, төлемақылы және қайтару мерзімі 2007 жылға дейін деген шартпен деп анықталсын.
      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі аталған

 

несиенің "Мал өнімдері корпорациясы" жабық акционерлік қоғамына берілуін

белгіленген заңнамалық тәртіппен қамтамасыз етсін, сондай-ақ осы қаулыны

орындау жөнінде өзге де шаралар қабылдасын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.  






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады