Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сыртқы аудитiн жүргізу туралы шарт туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 11 наурыз N 296

 


     Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

     1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сыртқы

аудитiн жүргiзу туралы шарттың жобасы (бұдан әрi - Шарт) мақұлдансын.

     2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің орынбасары - Қазақстан

Республикасының Қаржы министрi Александр Сергеевич Павловқа Қазақстан

Республикасының Үкiметi атынан Шартқа қол қоюға уәкiлеттiк берiлсiн.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрi


                                    Қазақстан Республикасы Үкiметiнің

                                         2002 жылғы 11 наурыздағы

                                       N 296 қаулысымен мақұлданған


                                                              Жоба


                 Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының

                 сыртқы аудитiн жүргізу туралы N _____

                                ШАРТ


Астана қаласы                                   2002 жылғы "___"_________



 
       Бұдан әрi "Тапсырыс берушi" деп аталатын, Қазақстан Республикасы Yкiметiнің атынан Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2000 жылғы 11 қаңтардағы N 48 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi туралы ереженiң негiзiнде әрекет ететiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бiр тараптан және бұдан әрi "Аудитор" деп аталатын, тәуелсiз аудиторды таңдау жөнiндегi конкурстық комиссияның 2001 жылғы 29 желтоқсандағы шешiмiмен жеңiмпаз деп танылған, Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатын "Эрнст энд Янг Қазақстан" ЖШС-ның атынан Жарғы негiзiнде әрекет ететiн бiрлесiп басқарушы Әрiптес, компанияның тиiстi түрде уәкiлеттiк берiлген өкiлi Азамат Ержанов екiншi тараптан, мына төмендегiлер туралы осы Шартты жасасты:
 
                        1. ШАРТТЫҢ МӘНI
 
      1.1. Аудитор Аудит жөнiндегi Халықаралық және Қазақстандық Стандарттарға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрi - "Қор") 2001 жыл үшiн жылдық қаржылық есептілігiнің және Қорды басқаруға байланысты барлық шығыстардың аудитiн жүргiзедi. Сыртқы аудиттiң мақсаттары мен мiндеттерi Қордың қаржылық активтердi инвестициялауының тиiмдiлiгi, ресурстарды өнiмдi пайдалануы, активтердi сақтауы және қаржы жылының аяғындағы жағдай бойынша қойылған мақсаттарға жетуi туралы Қордың қаржылық есептiлiгiнде көрсетiлген алынған қаражат пен шығыстар туралы Аудитордың кәсiби қорытынды жасауынан тұрады.
      Аудитқа:
      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсiмдерi және оларды пайдалану туралы есеп;
      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмдi басқару нәтижелерi туралы есеп;
      3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және оны пайдалану туралы жылдық есеп;
      4) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы бекiткен Ұлттық қорды сенiмдi басқару нәтижелерi туралы жылдық есептi қамтитын және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмдi басқару туралы шартқа сәйкес ұсынылатын Қорды сенiмдi басқару жөнiндегi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қызметi туралы жылдық есеп;
      5) Қорды басқару жөнiндегi өзге де деректер жатады.

 

     Аудиторлық тексерiс:

     - қаржылық есептілікте қамтылатын соманы және өзге де ақпаратты

растайтын деректердi iшiнара тестiлеудi;

     - бухгалтерлiк есептiң қағидаттарын және Тапсырыс берушінің басшылығы

жасаған негiзгi кемшiлiктердi, сондай-ақ қаржылық есептіліктi берудiң

жалпы нысанын бағалауды қамтиды.

     Аудит жүргiзген кезде мына мәселелерге:

     1) бастапқы инвестициялық капиталдың сақталуына;

     2) ұзақ мерзiмдi перспективада активтер табыстылығының жоғары

деңгейiн қамтамасыз етуге;

     3) активтердiң өтiмділігiн қамтамасыз етуге;

     4) активтердiң нарықтық құнының өзгеру тәуекелiн басқаруға;

     5) Қорды басқарудың тиiмділігiне;

     6) Қордың тұрақтандыру және жинақ портфельдерінің құрамына;

     7) портфельдің нарықтық құнының айырбас бағамының өзгеруiне

тәуелсiздiгiн қамтамасыз етуге;

     8) сыртқы басқарушылар қызметiнiң тиiмділігiне;

     9) iрiктеп алынған кастодиандардың жұмыстарын бағалауға;

     10) құрылымдық өнiмдердi пайдаланудың тиiмдiлігіне;

     11) Қордың орташа айлық нарықтық құнын есептеудiң және сенiмдi

басқаруға аударымдардың дұрыстығын тексеруге;


 
       12) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Қорды сенiмдi басқару жөнiндегi қызметiн басқа елдердiң ұқсас қорларының қызметiмен салыстырмалы талдауға ерекше назар аудару қажет.
      1.2. Аудитор сол сияқты Тапсырыс берушiге аудиттелген құжаттамаға негiзделген, қарапайым аудитті орындау процесiнде белгiленетiн бухгалтерлiк есеп, инвестициялық операцияларды жүзеге асыру iшкi бақылау тетiктерi бойынша кез келген материалдық кемшiлiктердi және басқа да жұмыс нәтижелерi мен ұсынымдарды көрсететiн хат дайындайды. Осы хат iшкi бақылаудың бүкiл құрылымының, оның тиiмдiлiгiнің және операциялардың толық тәуелсiз бағалануын білдiрмейдi.
      Қордың қаржылық есептілігi бойынша ескертулердi немесе терiс пiкiрдi

 

қамтитын Аудитордың қорытындысы Қорды осы Шарттың 2.2 және 4.1 -

4.3-тармақтарынан туындайтын мiндеттемелерден босатпайды.


                2. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI


     2.1. Тапсырыс берушiнiң:

     - Аудитордан аудит жүргiзуге қатысты заңнаманың талаптары туралы

толымды ақпаратты алуға;

     - Аудитордың ескертулерi мен қорытындылары негiзделетiн нормативтiк

құқықтық кесiмдермен танысуға;

     - осы Шарттың ережелерiне сәйкес Аудитордың мiндеттемелердi орындауын

талап етуге;

     - Аудитор Шарттың ережелерiн бұзған немесе орындамаған жағдайда,

Шартты бiржақты тәртiппен бұзуға;


 
       - Аудитор осы Шарт бойынша өз мiндеттемелерiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орындамауының немесе тиiсiнше орындамауының салдарынан Тапсырыс берушiде туындаған залалдардың орнын толтыруды Аудитордан талап етуге құқылы.
      2.2. Тапсырыс берушi:
      - Аудитордың қызметкерлерi осы Шартты iске асыру барысында олардың жұмысы үшiн қолайлы жағдайлар жасауға;
      - қажеттi ақпарат пен құжаттаманы уақтылы және толық көлемде беруге;
      - аудитқа жататын мәселелер шеңберiн шектеу мақсатымен Аудитордың қызметiне араласпауға;
      - Қорда iс жүзiндегi, ықтимал немесе танымал сот қуынымдары, наразылықтары, өзге де талаптары немесе ықтимал мiндеттемелерi болған кезде осы мәселелер туралы Аудиторды толық ақпараттандыруға мiндеттенедi. Осындай мәселелер болған кезде және жәрдем көрсету, консультация беру немесе осы мәселелерде Қорды қорғау үшiн Қор кәсiби заңгерлердi тартқан жағдайда, Аудитордың өтiнуi бойынша немесе өз бастамасы бойынша Қор көрсетілген сот қуынымдарына, наразылықтарға, талаптарға немесе ықтимал мiндеттемелерге қатысты жазбаша түсiндiрулердi тiкелей Аудиторға ұсынуын сұрай отырып, осындай заңгерлерге тиiстi хат жiбередi, сондай-ақ осындай мiндеттемелердiң сомасын және олардың жағымсыз нәтижелерiнiң болуын бағалайды. Аудитор сол сияқты Қордың штаттық заң кеңесшiсiнен осындай түсiндiрулер сұрата алады;
      - Аудиторға Қордың қаржылық есептілігiн және бастапқы ведомосын және талдамалы деректерiн беруге немесе Аудитордың сұрауы бойынша жеке келiсiлген мерзiмдерде оларға қол жетiмділіктi қамтамасыз етуге;
      - егер Аудитор банктермен, тапсырыс берушiлермен, жеткiзiп берушiлермен есеп айырысулар бойынша кейбiр қалдықтардың тәуелсiз растамасын алу қажет деп есептесе, Аудиторға осыған байланысты кез келген хат-хабарды көшiруге, басып шығаруға, дайындауға және жiберуге жәрдем көрсетуге;
      - осы Шарттың 4.3-тармағында көрсетiлген мерзiмдерде Аудитор берген шоттың негiзiнде Аудитор көрсеткен қызметке ақы төлеудi жүзеге асыруға мiндеттенедi.
      2.3. Аудитор мен оның қызметкерлерiнің:
      - "Эрнст энд Янг Қазақстан" компаниясы аудиторлық әдiстемесiнiң шегiнде аудиттi жүргiзу әдiстерiн өзiнше анықтауға;
      - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шектерде шарттық негiзде аудит жүргiзуге қатысуға түрлi бейiндегi мамандарды тартуға;
      - Қор бойынша оның қаржылық қызметi туралы құжаттаманы, ақша сомаларының, бағалы қағаздарының бар-жоғын толық көлемде тексеруге, туындаған мәселелер жөнiнде түсiндiрулер және аудиторлық тексеру үшiн қажеттi қосымша мәлiметтер алуға;
      - жоғарыда айтылғанға жатқызылатын және атап айтқанда қаржылық есепке алу тiркелiмдерiн және оларға қатысты деректердi, басшы және бақылау органдары отырыстарының хаттамаларын, салық тексерiстерiнiң нәтижелерi туралы кесiмдердi, шарттар мен қарыз келiсiмдерiн, капиталға қатысты нотариалдық кесiмдер мен құжаттарды қамтитын құжаттарды алуға және тексеруге құқығы бар. Аудитор кейбiр жағдайларда Тапсырыс берушiмен келiсiм бойынша өзiнiң мұрағатына кiргiзу үшiн осындай құжаттардың көшiрмелерiн жасайтын болады.
      2.4. Аудитор мен оның қызметкерлерi:
      - 2001 жыл үшiн Қордың жылдық қаржылық есептілігiнiң және Қорды басқаруға байланысты барлық шығыстардың аудитiн жүргiзуге;
      - аудиттi жүргiзу кезiнде Аудиттiң Халықаралық және Қазақстандық Стандарттарының орындалуын қамтамасыз етуге;
      - аудит барысында алынған және жасалған құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге және Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қордың келiсiмiнсiз олардың мазмұнын жария етпеуге;
      - аудит нәтижелерiнiң, сондай-ақ аудит жүргiзген кезде алынған және коммерциялық немесе заңнамамен қорғалатын өзге құпиялық мәнi бар мәлiметтердiң құпиялылығын сақтауға;
      - осы Шарттың 3.5-тармағында көрсетiлген мерзiмдерде Бухгалтерлiк Есептiң Қазақстандық Стандарттары мен Қаржылық Есептіліктiң Халықаралық Стандарттары бойынша қаржылық есептiлiктiң әрi аудиторлық есептiң жобаларын және Бухгалтерлiк Есептiң Қазақстандық Стандарттары мен Қаржылық Есептiлiктiң Халықаралық Стандарттары бойынша ақтық қаржылық есептіліктi әрi аудиторлық есептi ұсынуға мiндеттенедi.
 
                     3. ЖҰМЫСТАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫ
 
      3.1. Бухгалтерлiк есептi жүргiзу әрi Қазақстандық және Халықаралық Бухгалтерлiк Есептіліктi жасау жауапкершiлiгi қазақстандық заңнамаға сәйкес Қорға жүктеледi. Бұл есепке алу тiркелiмдерiн тиiстi түрде жүргiзудi, операциялардың, есеп және есептіліктiң қазақстандық заңнаманың талаптарына сәйкес келуiн, iшкi бақылау шараларын белгілеудi және ұстануды, есеп саясатын дәйектi қолдануды және Қор қаражатаның сақталуын қамтамасыз етудi қамтиды.
      3.2. Қазақстандық және Халықаралық Бухгалтерлiк Есептіліктiң Аудитiн Аудиттiң Халықаралық және Қазақстандық Стандарттарына сәйкес Аудитор жүргiзедi, бұл ретте жекелеген шоттар, шоттардың топтары мен операциялар және тұтастай алғанда бухгалтерлiк есеп бойынша елеулi және жiберiлуi мүмкiн қате қағидатын қоса алғанда "Эрнст энд Янг" компаниясының аудиторлық әдiстемесi қолданылатын болады.
      3.3. Аудиттi жүргiзу процесінің ерекшелiгiне сәйкес Аудитор Бухгалтерлiк Есептің Қазақстандық Стандарттарына және Қаржылық Есептiлiктiң Халықаралық Стандарттарына сәйкес дайындалған аудиттелген қаржылық есептілікте, егер ақпарат жасырылып қалса және Аудитордың билiгiне берiлмесе, бұл аудиттiң әдеттегi барысында мұндай қателердi табуға мүмкіндiк бермесе, елеулi қателердiң болмауына кепiлдiк бермейдi. Барлық табылған елеулi қателер және Бухгалтерлiк Есептің Қазақстандық Стандарттарына және Қаржылық Есептiлiктің Халықаралық Стандарттарына сәйкес дайындалған қаржылық есептілік бойынша аудиторлық қорытындыға жататын өзге елеулi мәселелер Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөнiндегi кеңеске жеткiзiлетiн болады.
      3.4. Аудитор өз жұмысын Қордың бастапқы құжаттарының негiзiнде жүзеге асырады және оның шүбәсiздігі мен растығына, сондай-ақ Тапсырыс берушi ұсынған басқа ақпараттың шүбәсiздiгi үшiн жауапты болмайды. Тапсырыс берушi Аудиторға аудит барысында ол Аудиторға берген барлық ақпараттың шүбәсiздiгiне және бухгалтерлiк есептiлiкте көрiнiс тапқанына жазбаша растама жiбередi. Осы Шартты iске асыру процесiнде Аудитордың қызметшiлерi дайындайтын барлық жұмыс құжаттары (есептеулер, сондай-ақ аудиторлық қорытындыны дайындау кезiнде пайдаланылатын өзге де iшкi құжаттар) Аудитордың меншiгi болып табылады. Қажет болған жағдайда бұл құжаттардың көшiрмелерi Аудитордың шешiмi бойынша Қорға берiлуi мүмкiн.
      3.5. Қаржылық есептілік пен аудиторлық есептi беру мерзiмдерi: 2002 жылғы 12 наурыз - Аудитордың Бухгалтерлiк Есептiң Қазақстандық Стандарттары және Қаржылық Есептiлiктің Халықаралық Стандарттары бойынша қаржылық есептiлiктiң және аудиторлық есептiң жобаларын Тапсырыс берушiге ұсынуы.
      2002 жылғы 15 наурыз - Аудитордың Бухгалтерлiк Есептiң Қазақстандық Стандарттары және Қаржылық Есептiлiктiң Халықаралық Стандарттары бойынша ақтық қаржылық есептiлiктi және аудиторлық есептi ұсынуы.
 
                4. ШАРТ БОЙЫНША ЕСЕП АЙЫРЫСУЛАР
 
      4.1. Аудитор көрсететiн қызметтердiң құны Аудитордың қызметкерлері iс жүзінде жұмсаған уақыты мен олардың ставкаларына негiзделедi.
      Қызметтердiң құнына Қорға қызметтер көрсетуге байланысты Аудитордың телефон, пошта, телекс және факсимильдiк байланыс жөнiндегi жүктемелiк шығыстары кiргiзiлмейдi. Ұсынылған шоттың жалпы сомасына 911 392 теңге көлемiнде қолданылып жүрген ставка бойынша ҚҚС және Тапсырыс берушi тексерген есептер бойынша 569 620 теңге сомасындағы жүктемелiк шығыстары қосылатын болады.
      4.2. Осы Шарттың 1-бабында көрсетiлген аудитордың қызметтерiне ақы төлеу жөнiндегi бюджет 16% қосылған құнға салықты және қаламақының жалпы сомасының 10% жүктемелiк шығыстарын қоспағанда 5 696 200 теңге мөлшерiнде келiсiлдi. Салық заңнамасы өзгерген жағдайда осы өзгерiстерге сәйкес ставкалар мен салық түрлерi қолданылатын болады.
      4.3. Тараптар арасындағы есеп айырысулар Аудитор ұсынған шоттың негiзiнде ол ұсынылғаннан кейiн 5 жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырылады. Ақы төлеу Ұлттық қордың қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
 
            5. ЖҰМЫСТАРДЫ ТАПСЫРУ-ҚАБЫЛДАП АЛУ ТӘРТIБI
 
      5.1. Жұмыстар аяқталғаннан кейiн Аудитор Тапсырыс берушiге жұмыстарды тапсыру-қабылдап алу кесiмiн ұсынады.
      5.2. Тапсырыс берушi Бухгалтерлiк Есептiң Қазақстандық Стандарттары және Қаржылық Есептiлiктiң Халықаралық Стандарттары бойынша қаржылық есептiлiктiң және аудиторлық есептiң жобаларын қарауға әрi қарсылық болмаған жағдайда, Аудиторға қол қойылған жұмыстардың тапсыру-қабылдап алу кесiмiн немесе жұмыстарды қабылдаудан дәлелдi бас тартуын жiберуге мiндеттенедi.
 
                           8. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ
 
      8.1. Осы Шарттың ережелерiнен даулар немесе келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, бастамашы Тарап жазбаша түрде басқа тарапты даудың немесе келiспеушілiктiң мәнi туралы хабардар етуi тиiс.
      8.2. Тараптар дауларды келiссөздер жолымен реттеу үшiн барлық қажеттi

 

шараларды қабылдайды.

     8.3. Туындаған дауларды немесе келiспеушіліктердi келiссөздер жолымен

Тараптардың реттеуi мүмкiн емес болған кезде, даулар мен келiспеушіліктер

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа берiледi.


                   9. ШАРТТЫҢ ӘРЕКЕТ ЕТУ МЕРЗIМI


     9.1. Шарт Аудитор Шарттың орындалуын қамтамасыз ету ретiнде оған

тараптар қол қойғаннан кейiн 1 000 000 теңгеге тең соманы толық енгізген

сәттен бастап күшiне енедi және тараптар осы Шарт бойынша өз

мiндеттемелерiн толығымен атқарғанға дейiн әрекет етедi.


                        10. ӨЗГЕ ЖАҒДАЙЛАР



 
       10.1. Тапсырыс берушi мен Аудитор Шарт бойынша мiндетемелердi орындауға байланысты құпиялылықты сақтауға мiндеттенедi. Құпия болып табылатын ақпарат пен құжаттаманың тiзбесi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тараптардың келiсiмi бойынша белгiленедi.
      10.2. Осы жобаны орындауға байланысты Аудиторға ұсынылған немесе ол алған құпия ақпарат ауызша да, жазбаша да нысанда үшiншi тараптарға жария етiлмейдi. Осы ақпаратты жария ету Тапсырыс берушiнiң оған алдын ала келiсiмiн алғаннан кейiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      10.3. Осы Шартқа барлық өзгерiстер мен толықтырулар олар жазбаша нысанда жасалған және оларға екi тарап та қол қойған жағдайда жарамды. Тиiстi түрде ресiмделген өзгерiстер мен толықтырулар осы Шарттың ажырамас бөлiгi болып табылады.
      10.4. Қор аудиторлық қорытындыны және/немесе теңгерiмдi, қаржылық нәтижелер және олардың пайдаланылуы туралы есептi және оларға ескертулердi аударманың дәлдiгiне қатысты Аудитормен кеңеспей көрсетiлген құжаттар ұсынылатын тілден кез келген басқа тiлге аудармайды немесе оларды аудару

 

үшiн кәсiпқой аудармашыны тартпайды.

     10.5. Осы Шарт тараптардың әрқайсысы үшiн бiр-бiрден алты данада

жасалды, бұл ретте барлық даналардың бiрдей заңдық күшi бар.

     10.6. Осы Шарт мемлекеттік тiлде, орыс және ағылшын тілдерiнде

жасалды, бұл ретте барлық мәтiндердiң күшi бiрдей. Шарттың ережелерiн

түрлiше түсiнуден туындайтын келiспеушiлiктер болған жағдайда, Шарттың

орысша мәтiнi қолданылады.


                 ТАРАПТАРДЫҢ ЗАҢДЫ МЕКЕН-ЖАЙЛАРЫ МЕН

                            ДЕРЕКТЕМЕЛЕРI:


     Қазақстан Республикасының Yкiметi          "Эрнст энд Янг" ЖШС

                  атынан                                атынан

     _____________ А.С. Павлов               _____________ Азамат Ержанов


     Мекен-жайы: Қазақстан                   Мекен-жайы: Қазақстан

     Республикасы, Астана қаласы,            Республикасы, Алматы қаласы,

     Жеңiс даңғылы, 33/ Абай даңғылы,        Фурманов көшесi, 273

     52            

                                             Есептесу шоты:

                                             Қазақстан АВN АМRО Банкi

                                             Қазақстан Эрнст энд Янг үшiн

                                             Есептесу шоты:

                                             N 2467543 коды 922


     Мамандар:

             Омарбекова А.Т.

             Жұманазарова А.Б.







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады