Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 20 желтоқсандағы N 1944 қаулысына өзгерiстер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 16 наурыз N 317. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1332 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1332 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Бiрыңғай жер салығын төлеушiлерге арналған көлiк құралдары мен мүлiкке қажеттiлiк нормативтерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 20 желтоқсандағы N 1944 P991944_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 55-56, 549-құжат) мынадай өзгерiстер енгізiлсiн:
      кiрiспеде "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N 2235 Заңының 126, 131" деген сөздер "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнiң K010209_ (Салық кодексi) 345, 351, 379" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта: ", сенiмгерлiк басқару, шаруашылықты жүргiзу немесе жедел басқару" деген сөздер алынып тасталсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Бiрыңғай жер салығын төлеушiлердiң көлiк құралдары мен мүлiкке қажеттiлiк нормативтерiнде:
      "бiрiншi абзацта:
      "шаруашылыққа меншiк, сенiмгерлiк басқару, шаруашылықты жүргiзу немесе жедел басқару құқығында тиесiлi" деген сөздер "жалпы меншiк құқығында оның мүшелерiне тиесiлi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      орыс тiлiндегі мәтiнде осы абзацта жасалған өзгерiс қазақ тiлiндегi мәтiнде алдыңғы абзацта жасалған өзгерiсте қамтылған;
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) двигателiнiң көлемi қоса алғанда 2500 текше см. дейiнгi бiр жеңiл автомобиль;";
      2) тармақшада "өзiнiң ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiру, қайта өңдеу, сақтау және сату процесiнде тiкелей пайдаланылатын," деген сөздер алынып тасталсын және "шабындыққа" деген сөз "егiстiкке" деген сөзбен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады