Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған көлік құралдары мен мүлікке қажеттілік нормативтерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 20 желтоқсан N 1944. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1332 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1332 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің (Салық кодексі) K010209_ 345, 351, 379-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      Ескерту. Кіріспе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.03.16. N 317
               қаулысымен. P020317_
       1. Қоса беріліп отырған Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған көлік құралдары мен мүлікке қажеттілік нормативтері бекітілсін. 2. Бірыңғай жер салығын төлеушілердің мүлікке қажеттілік нормативі өзінің ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, сақтау және өңдеу процесінде тікелей пайдаланылатын меншік құқығындағы мүлікті қамтиды деп белгіленсін. Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.03.16. N 317 қаулысымен. P020317_ 3. Осы қаулы жарияланған күннен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы N 1944 қаулысымен бекітілген Бірыңғай жер салығын төлеушілердің көлік құралдары мен мүлікке қажеттілік нормативтері Ескерту. Норматив өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.03.16. N 317 қаулысымен. P020317_ Бір шаруа (фермерлік) қожалығының көлік құралдарына қажеттілік нормативтеріне жалпы меншік құқығында оның мүшелеріне тиесілі мыналар жатады: 1) двигателінің көлемі қоса алғанда 2500 текше см. дейінгі бір жеңіл автомобиль; 2) двигательдерінің жиынтық қуаты 1000 га егістікке 1000 кВт мөлшерінде келетін жүк автомобильдері. Оқығандар: Қобдалиева Н.М. Орынбекова Д.К.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады