Атырау облысындағы Сарықамыс кентінің тұрғындарын көшіру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 18 наурыз N 321

      Ауа атмосферасындағы зиянды заттардың рұқсат етілген шекті шоғырланудан асып түсуіне және Теңіз мұнай кен орнының санитарлық-қорғаныс аймағында орналасқан Сарықамыс кенті тұрғындарының шамадан тыс науқастылығына байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Атырау облысының әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) 2006 жылға дейінгі мерзімде Сарықамыс кентінің тұрғындарын Атырау қаласына және Атырау облысының Жаңа-Қаратон кентіне көшіруді қамтамасыз етсін;
      2) Сарықамыс кентінің көшірілетін тұрғындары үшін жаңа тұрғын үйлер,

 

әлеуметтік объектілер және инженерлік коммуникациялар салу жөнінде

тапсырыс берушіні анықтасын;

     3) көшірілетін халықтың тұрмыс-тіршілігі үшін қажетті тұрғын үйлер,

әлеуметтік объектілер және инженерлік коммуникациялар салуға арналған

жерлерді уақтылы бөлуді қамтамасыз етсін.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады