2002 жылы Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерін оқулық әдебиетпен қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 20 наурыз N 340.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 26 қыркүйектегі N 1173 P961173_ қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін дайындау мен басып шығарудың мақсатты бағдарламасын ойдағыдай аяқтау және Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінің оқушыларын 2002 жылы оқулық әдебиетпен уақтылы қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 2002 жылы:
      жалпы білім беретін мектептерінің 6-сыныптары үшін жаңа буын оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің толық таралымдарын бір көзден сатып алу тәсілімен;
      оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің таралымдарын қорландыру

 

циклы бойынша, сондай-ақ оқулық әдебиеттерді тасымалдау жөніндегі қызметті

Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында

белгіленген тәртіппен сатып алуды жүзеге асырсын.

     2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім

және ғылым министрлігіне жүктелсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.









Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады