Қазақстан Республикасы мен Түрiк Республикасының арасындағы достық қатынастарды нығайту және екi жақты ынтымақтастықты одан әрi дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi:
1) Түрiк Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары, Мемлекеттiк министрi Девлет Бахчелидiң Қазақстан Республикасына 2002 жылдың 18-22 наурыз кезеңiнде ресми сапарын дайындауды және өткізудi қамтамасыз етсiн;
2) Түрiк Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары, Мемлекеттiк
министрi Девлет Бахчелидiң ресми сапарын өткiзуге, оның iшiнде Түрiк
Республикасының ресми делегациясы мүшелерiнiң тұруына 2002 жылға арналған
республикалық бюджетте "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген
қаражат есебiнен 1205590 (бiр миллион екi жүз бес мың бес жүз тоқсан)
теңге сомасында қаражат бөлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.