Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 29 наурыз N 375

      Жайық өзенінің арнасын су шайып кетуін және Батыс Қазақстан облысының елді мекендерін су басып қалуын болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Батыс Қазақстан облысының әкіміне Жайық өзенінде жағалауларды бекіту жұмыстарын жүргізу үшін 2002 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 80 (сексен) миллион теңге бөлінсін.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың

 

мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.

     3. Батыс Қазақстан облысының әкімі 2002 жылдың қорытындылары бойынша

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігіне

орындалған жұмыстардың көлемі мен құны туралы есеп берсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады