"Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Германия Федеративтiк Республикасының Үкiметi арасындағы қаржылық ынтымақтастық туралы келiсiмдi (1998-1999 жж.) бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 30 наурыз N 381

 


     Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

     1. "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Германия Федеративтiк

Республикасының Үкiметi арасындағы қаржылық ынтымақтастық туралы келiсiмдi

(1998-1999 жж.) бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

     Премьер-Министрі


                                                     Жоба


      "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Германия Федеративтiк

       Республикасының Үкiметi арасындағы қаржылық ынтымақтастық

       туралы келiсiмдi (1998-1999 жж.) бекiту туралы" Қазақстан

                      Республикасының Заңы


     2001 жылғы 2 қазанда Берлин қаласында (Германия Федеративтiк

Республикасы) жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Германия

Федеративтiк Республикасының Үкiметi арасындағы қаржылық ынтымақтастық

туралы келiсiм (1998-1999 жж.) бекiтiлсiн.


     Қазақстан Республикасының

           Президентi


       Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Германия Федеративтiк

     Республикасының Yкiметi арасындағы қаржылық ынтымақтастық туралы

                               Келiсім


                           (1998-1999 жж.)


     Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Германия Федеративтiк

Республикасының Yкiметi,

     Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтiк Республикасы

арасында қалыптасқан достық қарым-қатынастар рухында iс-қимыл жасай

отырып,

     осы достық қарым-қатынастарды әрiптестiк қаржылық ынтымақтастық

жолымен нығайтуға және тереңдетуге ерiк білдiре отырып,

     осы қарым-қатынастарды қолдау осы Келiсiмнiң негiзiнде жатқанын ұғына

отырып,

     Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуына үлес қосуға

ниет ете отырып,


 
       1998 жылғы 30 қарашада өткен үкiметаралық келiссөздерге, сондай-ақ 1999 жылғы 23 қарашадағы үкiметаралық келiссөздерге сүйене отырып,
      төмендегiлер туралы келiстi:
 
                                1-бап
 
      (1) Германия Федеративтік Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының Yкiметiне немесе басқа алушыларға Экономиканы қалпына келтiру жөнiндегi кредит институтынан (Майндағы Франкфурт қаласы) келесi сомаларды алу мүмкiндiгiн екi Үкiмет бiрлесiп жүзеге асыратын таңдау ұсынып отыр:
      1. Мына жобаларды iске асыру үшiн жалпы мөлшерi 38 000 000 дейiнгi несие (жазумен: отыз сегiз миллион) немiс маркасы:
      а) 15 000 000 (жазумен: он бес миллион) немiс маркасына дейiнгi мөлшерде "Шағын және орта кәсiпорындарға инвестициялық жәрдем (Шағын және орта кәсiпорындар пайдасына несие желiсi)" (1998 жылғы уағдаластық);
      б) 13 000 000 (жазумен: он үш миллион) немiс маркасына дейiнгi мөлшерде "Арал өңiрiн ауыз сумен қамтамасыз ету" (1998 жылғы уағдаластық);
      в) 10 000 000 (жазумен: он миллион) неміс маркасына дейiнгi мөлшерде "Оңтүстiк Қазақстан облысында энергияның молықпалы көздерiн тиiмдi пайдалану" (1999 жылғы уағдаластық);
      егер жобаларды қарау қорытындысында оларды жүзеге асыруға қаражат бөлудің орындылығы анықталғанда.
      2. 2 000 000 (жазумен: екi миллион) немiс маркасына дейiнгi мөлшерде Зерттеулер және мамандар қорын құруға қайтарымсыз қаржы салымдары (1998 жылғы уағдаластық).
      3. Егер, жобаны қарау қорытындысында оны жүзеге асыруға қаражат бөлудiң орындылығы анықталса болса және егер оның әлеуметтiк инфрақұрылым жобасы бола отырып, қайтарымсыз қаржы салымын бөлу үшiн алғышарт болып табылатын ерекше талаптарға сай болатындығы қуатталса, "Туберкулезге қарсы күрес жөніндегi денсаулық сақтау бағдарламасы" жобасын жүзеге асыруға 5 000 000 (жазумен: бес миллион) неміс маркасына дейiнгi мөлшердегi қайтарымсыз қаржы салымы (1999 жылғы уағдаластық).
      (2) Егер, осы баптың 1-тармағының 3-тармақшасында аталған қуаттау осында көрсетiлген жобаға қатысты мүмкiн болмаса, Германия Федеративтік Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының Үкiметiне Экономиканы қалпына келтiру жөнiндегi кредит институтынан (Майндағы Франкфурт қаласы) қайтарымсыз қаржы салымы ретiнде көзделген сомаға дейiнгі мөлшерде осы жобаны қаржыландыруға несие ұсынады.
      (3) Осы баптың 1-тармағының 1 және 3-тармақшаларында көрсетiлген жобалар Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Германия Федеративтiк Республикасы Үкiметiнің келiсуi бойынша басқа жобамен ауыстырылуы мүмкiн.
      (4) Егер, осы баптың 1-тармағының 3-тармақшасында көрсетілген жоба қоршаған орта немесе әлеуметтiк инфрақұрылым саласындағы жобамен, не орта кәсіпорындарды кредитпен қамтамасыз ету жөнiндегi кепiлдiк қормен немесе әйелдердiң қоғамдағы жағдайын жақсартуға, не кедейлiкпен күрес жөнiндегi өзiндiк көмектесудi дамытуға бағытталған шаралармен ауыстырылса және егер, осы жаңа жоба, қор немесе осы шаралар қайтарымсыз қаржы салымын бөлуге алғышарт болып табылатын ерекше талаптарға сай болса, онда мұндай салымның берiлуi мүмкiн; өзге жағдайда, несие берiлуi мүмкiн.
      (5) Егер, Германия Федеративтiк Республикасының Үкiметi мейлiнше кеш мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкiметiне осы баптың 1-тармағында көрсетiлген жобаны дайындау мақсатымен Экономиканы қалпына келтiру жөнiндегi кредит институтынан (Майндағы Франкфурт қаласы) қосымша несие немесе қосымша қайтарымсыз қаржы салымын алу, не осы жобаны жүзеге асыру және оған қызмет қылу үшiн қажеттi тетелес шаралар қолдану мақсатымен қосымша қайтарымсыз қаржы салымын алуға мүмкiндiк берген жағдайда, осы Келiсiм қолданылатын болады.
      (6) Егер, дайындық және тетелес шаралар өткiзу үшiн осы баптың 5-тармағына сәйкес бөлiнген қайтарымсыз қаржы салымдары мұндай шараларды жүзеге асыруға пайдаланылмаса, несиеге ресiмделедi.
 
                                2-бап
 
      (1) Осы Келiсiмнің 1-бабында көрсетiлген сомалар, оларды бөлу шарттары, сондай-ақ тапсырыстарды орналастыру рәсiмi Германия Федеративтiк Республикасындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес Экономиканы қалпына келтiру жөнiндегi кредит институты (Майндағы Франкфурт қаласы) мен несиенi және/немесе қайтарымсыз қаржы салымын алушылар арасында жасалған келiсiм-шарттармен реттеледi.
      Егер несие және қайтарымсыз қаржы салымын беру туралы тиiстi келiсiм-шарттар осы мiндеттеме күшiне енген жыл өтiсiмен сегiз жыл мерзiмде жасалмаса, осы Келiсiмнің 1-бабында көрсетiлген сомаларды беру жөнiндегi міндеттеме өз күшiн жояды. Бұл мерзiм 1998 жылы келiсiлген сомаларға қатысты 2006 жылғы 31 желтоқсанда, ал 1999 жылы келiсiлген сомаларға қатысты - 2007 жылғы 31 желтоқсанда өтедi.
      (2) Егер, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өзi несие алушы болып табылмаса, Экономиканы қалпына келтiру жөнiндегi кредит институтына (Майндағы Франкфурт қаласы) осы баптың 1-тармағына сай жасалатын келiсiм-шарттарға сәйкес несие алушылардың мiндеттемелерi жөнiндегi барлық төлемдердің немiс маркасымен орындалуын кепілдi етедi.
      (3) Егер, Қазақстан Республикасы Үкiметiнің өзi қайтарымсыз қаржы салымын алушы болып табылмаса, Экономиканы қалпына келтiру жөнiндегi кредит институтына (Майндағы Франкфурт қаласы) осы баптың 1-тармағына сай жасалатын қаржыландыру туралы келiсiм-шарттар негiзiнде туындауы мүмкiн қаражатты қайтару туралы мүмкiн талаптарын қанағаттандыруды кепілдi етедi.
 
                             3-бап
 
      Қазақстан Республикасының Үкiметi Экономиканы қалпына келтiру жөнiндегi кредит институтын осы Келiсiмнiң 2-бабында көрсетiлген келiсiм-шарттардың жасалуымен және жүзеге асырылуымен байланысты Қазақстан Республикасында алынатын барлық салықтан және басқа да мемлекеттiк алымдардан босатады.
 
                             4-бап
 
      Несие және қайтарымсыз қаржы салымын берумен байланысты жолаушыларды және жүктi құрлықпен, теңiзбен және әуе жолымен тасымалдау кезiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi жолаушылардың және жеткiзушiлердің тасымалдаушыны еркiн таңдауын қамтамасыз етедi, Германия Федеративтiк Республикасында орналасқан тасымалдаушылардың тең құқықты қатысуын болдырмайтын және күрделендiретiн ешқандай шаралар қолданбайды және егер, қажет болса, олардың қатысуы үшiн қажеттi рұқсат бередi.
 
                             5-бап
 
      Осы Келiсiм Қазақстан Республикасының Үкiметi Германия Федеративтік

 

Республикасының Үкiметiне Келiсiмнің күшiне енуi үшiн қажеттi iшкi

мемлекеттiк рәсiмдердiң орындалуы туралы хабар берген күнi күшiне енедi.

Хабарлама түскен күн Келiсiмнің күшiне енетiн күнi болып саналады.

     Берлин қаласында, 2001 жылғы әрқайсысы қазақ, немiс және орыс

тiлдерiнде екi данамен жасалды және барлық мәтiндердiң күшi бiрдей. Қазақ

және немiс мәтіндерiн түсiндiруде алшақтық болған жағдайда, орысшасы

негiзгi мәтiн болып табылады.


     Қазақстан Республикасының      Германия Федеративтiк Республикасының

          Үкiметi үшін                        Үкiметi үшін




Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады