"Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 4 сәуір N 402

 


     Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

     "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты туралы"

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi

Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі

                                                                    Жоба

                     Қазақстан Республикасының Заңы

              Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар

                              саясаты туралы

     Осы Заң Қазақстан Республикасында мемлекеттік жастар саясатын

қалыптастыру мен iске асырудың негiздерiн анықтайды.

                      1 тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР


     1-бап. Заңда қолданылатын негiзгi ұғымдар

     Осы Заңда мынадай ұғымдар қолданылады:


 
       1) жастар - Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетел мемлекеттерiнiң азаматтары және азаматтығы жоқ 14 пен 29 жас аралығындағы азаматтар;
      2) жас отбасы - жұбайлардың жасы 29 жасқа толмаған жанұя;
      3) мемлекеттiк жастар саясаты - ол мемлекет жүзеге асыратын және әлеуеттендiру процесiнде жастарды қолдауға бағытталған әлеуметтiк-экономикалық, саяси, ұйымдастыру және құқықтық шаралар жүйесi;
      4) жастарға арналған әлеуметтiк инфрақұрылым - жастар өмiрiн қамтамасыз етуге қажеттi нысандар жүйесi (ғимараттар, құрылыстар, имараттар), және де жас азаматтардың денсаулығын қорғау, бiлiм беру, тәрбиелеу, әлеуметтiк бейiмделуiн, дене тәрбиесi, рухани және адамгершiлiк тұрғыдан дамыту, жастарды еңбекпен қамтамасыз ету жөнiндегi ұйымдар;
      5) жастарға арналған әлеуметтiк қызметтер - жастарға медициналық, психологиялық-педагогикалық, құқықтық қызмет көрсету және материалдық көмек жасау, жас азаматтардың әлеуметтік бейiмделуiне ықпал ету жөнiндегi шараларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйымдар;
      6) жастардың кәсiпкерлiк iс-әрекетi - жас азаматтардың өз атынан және мүлiктiк жауапкершiлiк өзiне артылғандағы табысы немесе жеке кiрiс табуға арналған Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн бастамашылдық, өзiндiк iс-әрекетi.
 

     2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк

            жастар саясаты туралы заңнамасы


 
 
       1. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк жастар саясаты туралы заңнамасы K951000_ Конституцияға, осы Заң және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiнен құрылған.
      2. Осы Заңның немесе оның жекелеген баптарының Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық келiсiмдерге сай келмейтiн немесе қайшы келетiн жағдайда, халықаралық келiсiм бойынша оның қолданылуы Заң қабылдау қажеттiгiн талап етпеген жағдайдан басқа кезде, халықаралық келiсiм талаптары қолданылады.
 

 

     3-бап. Мемлекеттiк жастар саясатының мақсаттары

            мен қағидаттары

     1. Мемлекеттiк жастар саясаты Қазақстан Республикасында мына

мақсаттарда жүргiзiледi:

     1) жастардың рухани, мәдени, бiлiм, кәсiби және дене тәрбиесiн

дамытуға арналған әлеуметтiк-экономикалық, құқықтық ұйымдастырушылық

жағдайлар жасау мен кепiлдiк беру, бүкіл қоғам мүддесi үшiн олардың

шығармашылық әлеуетiн арттыру;

     2) олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;

     3) жас азаматтарға көмек пен әлеуметтiк қызмет көрсету;

     4) жастардың әлеуметтiк мәнi бар бастамаларын жүзеге асыру.

     2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жастар саясаты мынадай

қағидаларға негiзделедi:

     1) Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени құндылықтарының

басымдылығына;

     2) дене тәрбиесi мен рухани саулығын сақтау мен дамытуға;

     3) адамгершiлiк және рухани дамытуға;

     4) қазақстандық патриотизмдi қалыптастыру;

     5) азаматтықты қалыптастыру;

     6) жастардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау;

     7) мұқтаж жастарға әлеуметтiк қызмет пен көмек көрсету;

     8) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жастар саясатын жүргiзуде

мемлекеттiк билiк органдары қызметтерiнiң заңдылығы.

     4-бап. Жастар саясатын іске асыру жөнiндегі

            мемлекеттік органдар

     1. Мемлекеттік жастар саясаты Қазақстан Республикасының заңнамасына

сәйкес мемлекеттiк органдар, басқа да ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

     2. Жастар саясаты мәселелері жөнiндегi атқарушы органдар және оның

аймақтық бөлiмшелерi туралы ережесi Қазақстан Республикасының Yкiметi

бекiтедi.

                    2 тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ

                    МЕМЛЕКЕТТIК ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ НЕГIЗГI

                                  БАҒЫТТАРЫ

     5-бап. Мемлекеттік жастар саясатының негiзгі

            бағыттары

     Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясатының негiзгі

бағыттары болып мыналар табылады:

     1) жастардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету;

     2) еңбек және жұмыспен қамтамасыз ету саласында кепiлдiктi қамтамасыз

ету;

     3) жастардың кәсiпкерлiк қызметiне қолдау көрсету;

     4) жас отбасыларды мемлекеттiк қолдау;

     5) жастарға тегiн орта бiлiм алуға конституциялық құқығын жүзеге

асыру үшiн жағдай жасалуын қамтамасыз ету;

     6) жастарға жан-жақты бiлiм мен тәрбие беру үшiн жағдай жасалуын

қамтамасыз ету;


 
       7) жастардың - мүгедектер мен балалар үйлерi тәрбиелеушiлерiнiң

 

құқықтары мен әлеуметтiк қорғау кепiлдiгiн қамтамасыз ету;

     8) Жастардың патриоттық және азаматтық қалыптасуларына жағдай

жасалуын қамтамасыз ету;

     9) жастар арасында ұлттық мәдениет пен тiлдiң дамуы үшiн жағдай

жасалуын қамтамасыз ету;

     10) жастардың денсаулығын сақтау, олардың салауатты өмiр салтын

қалыптастыруын қамтамасыз ету;

     11) әлеуметтiк қолдауды қажет ететiндер қатарындағы жастарға

әлеуметтiк көмек көрсетудi қамтамасыз ету;

     12) жастардың мәдени бос уақытына және демалысына жағдай жасалуын

қамтамасыз ету;

     13) талантты жастарды мемлекеттiк қолдау;

     14) өкiлеттi мемлекеттiк органдардың жастар саясатын iске асыруда

жастардың коммерциялық емес ұйымдарымен ынтымақтасуы;

     15) жастардың халықаралық ынтымақтастығына ықпал жасау.

     6-бап. Жастардың әлеуметтiк құқықтарын

            қамтамасыз ету

     Қазақстан Республикасында жастар мынадай әлеуметтiк құқықтарға ие:

     1) заңнамаларға сай мемлекеттiк медициналық мекемелерде тегiн

медициналық қызмет көрсетiлуiне;

     2) мiндеттi тегiн орта бiлiм алуға және де заңнамаларға сай байқау

негiзiнде тегiн жоғары бiлiм алуға;


 
       3) жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының шешiмiмен мемлекеттiк спорттық-сауықтыру және мәдени-ағартушылық мекемелерге жеңiлдiк пайдалануға;
      4) жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының шешiмi бойынша қоғамдық көлiкте жастар iшiнен оқушыларға арналған жеңiлдiктi пайдалануға.
      5) құқықтық, психологиялық, педагогикалық мәселелер және де отбасылық және жыныстық тәрбие мәселелерi бойынша кеңес, мүгедектердiң, әскери қызметтен босатылғандардың, бас бостандығын айыру орындарынан босатылғандардың, және де арнаулы оқу-тәрбие мекемелерiнен оралғандардың, нашақорлықтан, токсикоманиядан, алкоголизмнен емдеуден өткендердiң, ВИЧ- жұқтырғандардың (СПИД-пен ауыратындар) ортаға қайта араласулары сияқты әлеуметтiк қызмет алуға.
 

 

     7-бап. Жастардың саяси құқықтары мен

            бостандықтары

     1. Қазақстан Республикасының жастары Қазақстан Республикасының

Конституциясында және басқа да заңнамаларда қарастырылған барлық саяси

құқықтар мен бостандықтарға ие.

     2. Жастардың саяси құқықтары мен бостандықтары азаматтарға

мемлекеттiк жастар саясатының жүргiзiлуiне қатысуға мүмкiндiк беру арқылы

жүзеге асырылады.

     8-бап. Жастарды еңбек және жұмыспен қамту

            саласында кепiлдiктер, тұрғын үй

            проблемаларын шешуге жәрдемдесу


 
       1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты еңбек және жұмыспен қамту саласында төмендегiдей жолмен жүзеге асырылады:
      1) жастарға арналған маусымдық және қоғамдық жұмыстарды дамыту;
      2) жастарды жұмыспен қамту мәселелерi туралы тұрғындарды жұмыспен қамту жөнiндегi бағдарламалар әзiрлеу және жүзеге асыру;
      3) жастарға арналған жұмыс орындарын құратын шаруашылық қызмет субъектiлерiне ұйымдастырушылық қолдау көрсету;
      4) орта кәсiби және жоғары оқу орындары базасында студенттiк еңбек отрядтарының қызметiн ұйымдастыру және құру.
      2. Қазақстан Республикасының жастарына:
      1) жұмысқа тұруға, кәсiптiк даярлыққа, бiлiктiлiктi жетiлдiруге, қоғамдық жұмыстарға уақытша орналастыруға ықпал ету;
      2) мемлекеттiк тапсырыс бойынша кәсiптiк-техникалық және жоғары оқу орындарын бiтiргеннен кейiн 1 жылдан кем емес уақытқа мемлекеттiк кәсiпорындардың бiрiншi жұмыс беруiне ықпал ету;
      3) заңнамаға сәйкес мемлекеттiк нысаналы әлеуметтiк көмек алу;
      4) жас мүгедектердiң оқу бағдарламасын меңгеруiне, жоғары оқу орнында қайта даярлануына және бiлiктiлiгiн жетiлдiруге, сонымен қатар, дистанциялық оқуына ықпал ету.
      3. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары жастардың тұрғын үй мәселелерiн шешу үшiн төмендегiдей жағдай жасайды:
      1) 3 және одан да көп балалы жас отбасыларға беру үшiн мемлекет қаржысына тұрғын үй құрылысын жүргiзу;
      2) тұрғын үй құрылысына тарту үшiн материалдық және қаржылық алғышарттарды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттiк тапсырысты пайдалану;
      3) Қазақстан Республикасы Үкiметi белгiлеген тәртiпке сай жастарға тұрғын үй сатып алу және салу үшiн жеңiлдiктi заем қаржысын беру.
 
      9-бап. Жастар жүзеге асыратын кәсіпкерлiк
             қызметтi мемлекеттiк қолдау
 
      1. Жастар кәсiпкерлiгiне байланысты қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамаларымен және осы Заңмен реттеледi.
      2. Қазақстан Республикасы жастардың кәсiпкерлiк, фермерлiк және шаруа қожалығы қызметтерiн әлеуметтiк-экономикалық, ұйымдастырушылық және құқықтық қолдау жөнiндегi шаралар жүйесiн белгiлейдi.
      3. Қазақстан Республикасы аумағында кәсiпкерлiк қызмет атқаратын және жастар саясаты саласындағы мемлекеттiк қолдауды пайдаланушыларға мыналар жатады:
      1) кәсiпкерлiкпен заңды тұлғалық құрмай айналысатын жастар, оның ішiнде жастар құрған фермерлiк және шаруа қожалықтары;
      2) құрылтайшылары жастар болып табылатын, құрамындағы жастар саны жалпы жұмысшылар санының 70 пайызынан кем емес ұйымдар.
      4. Жастар кәсiпкерлiгiне қолдау көрсету саласындағы мемлекеттiк жастар саясаты төмендегiдей жолмен жүзеге асырылады:
      1) Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының бастауыш, орта, жоғары, жоғары оқу орнынан кейiнгi және қосымша кәсiптiк оқу орындарының оқу-өндiрiстiк базасында жастардың кәсiпкерлiк қызметтерiн ұйымдастыруына ықпал ету;
      2) тұрмысы төмен тұрғындар арасындағы жастарды (мүгедектер, жұмыссыздар және т.б.) кәсiпкерлiк қызметке араластыру;
      3) жастарды кәсiпкерлiк қызмет негiздерiне үйрету, оқу орындары мен жұмыс берушiлер арасындағы ынтымақтастықты тарту.
      5. Мемлекет жастардың өнеркәсiп пен ауыл шаруашылығы, ғылым мен техника, мәдениет пен өнер, бiлiм, денсаулық сақтау, сондай-ақ тұрғындарға әлеуметтiк қызмет көрсетудiң түрлi салаларында жұмыспен қамтылуына ықпал етушi жас кәсiпкерлердi ынталандырады.
 
      10-бап. Жас отбасыларды мемлекеттік қолдау
 
      1. Жас отбасыларды мемлекеттiк қолдау саласындағы мемлекеттiк және салалық бағдарламаларды қалыптастыру мен iске асыру мемлекеттiк қолдау шараларды белгiленетiн Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуын болжауға сәйкес жас отбасылардың әлеуметтiк сұранысты талдау негiзiнде жүзеге асырылады.
      Аталған шаралар жас отбасыларына әлеуметтiк-экономикалық мәселелердi шешу үшiн материалдық және басқа көмек көрсетудi, тиiсті білiм, медициналық, құқықтық, психологиялық-педагогикалық, ақпараттық, кеңестiк және басқа қызмет көрсетудi, оның iшiнде денсаулық сақтауды, бала өсiру мен тәрбиелеудi, әлеуметтiк қорғауды, бейiмдеу мен қайта үйренудi қамтамасыз етеді.
      2. Жас отбасыларды мемлекеттiк қолдау Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару органдары, тиістi ұйымдар арқылы жас отбасының дамуын, балаларды өсiру, оларды тәрбиелеу мақсатында мынадай жолдармен жүзеге асырылады:
      1) Қазақстан Республикасы үкiметi белгiлеген тәртiпке сай, 3 немесе одан да көп балалы жас отбасылардың несие сомасын процентсiз жабу мүмкiндiгi және мерзiмiн ұзарту (пролонгация);
      2) жастар арасындағы студенттер мен оқушылар болып табылатын жас ата-аналарға оқу орнының әкімшiлiгiмен келiсе отырып, оқу сабақтарын еркiн қатысуға, баланың 1,5 жыл толуға дейiн академиялық демалыс алуға құқық беру;
      3) отбасы өмiрiндегi психологиялық-педагогикалық, құқықтық және өзге де мәселелер бойынша кеңес берудi кеңейту;
      4) әлеуметтiк қызмет, әлеуметтiк көмек беретiн коммерциялық емес ұйымдар жүйесiн дамыту;
      5) жазғы демалысты және жастарды сауықтыруды ұйымдастыру жүйесiн сақтау мен дамыту.
      3. Мемлекеттiк қолдауға зәру отбасыларды Қазақстан Республикасының Yкiметi мен жергiлiктi өкiлетті мемлекеттiк органдар айқындайды.
 
      11-бап. Талантты жастарды қолдау
 
      1. Қоғамның интеллектуалдық және шығармашылық қуатын сақтау мен дамыту, Қазақстан Республикасының ғылыми, мәдени дәстүрлер сабақтастығын қамтамасыз ету мақсатында талантты және дарынды жастарды қолдау, олардың жемiстi қызметiне жағдай жасау жөнiнде іс-шаралар жүйесi жүзеге асырылады.
      2. Талантты жастарға мемлекеттiк қолдауды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары, мүдделi ұйымдар, азаматтар Қазақстан Республикасының заңнамасы негiзiнде көрсетедi және мына жолдармен жүзеге асырады:
      1) заңнамаға сәйкес сыйлықтар, стипендиялар, белгiлеу, заңнамада белгiленген тәртiпке сәйкес, талантты балалар мен жастар үшiн бiлiм алуға арналған гранттар мен несиелер беру;
      2) шығармашылық шеберханалар, мектептер мен бiрлестiктер, сондай-ақ атақты ғылым, мәдениет пен өнер қайраткерлерiнiң бiлiм мекемелерiн ашуға қол ұшын беру;
      3) жастардың шығармашылық жетiстiктерiн ашу мен тарату мақсатында конкурстар, көрмелер, фестивальдер, байқаулар, концерттер, симпозиумдер, дәрiстер оқуды конференциялар мен семинарлар ұйымдастыру және өткiзу, халықаралық жастар алмасуларын ұйымдастыру;
      4) неғұрлым дарынды және талантты жастарды шет елдердегi бiлiм және ғылыми-зерттеу мекемелерiне оқуға, қайта даярлауға, тәжiрибе жинақтауға ағартушылық бағдарламалары бойынша конкурстық негiзде жiберудi қамтамасыз ету;
      5) ғылыми-мәдени жұмыстар жүргiзу үшiн, сондай-ақ жоғары интеллектуалдық кадрлар ресурсын, соның iшiнде өндiрiстiк салада, сақтау мен дамыту үшiн жас ғалымдарға, мәдениет, өнер және бiлiм қайраткерлерiне жағдай жасау;
      6) дене шынықтыру спорт мектептерiн қолдау, жастар спорты мен спорттық инфрақұрылымды дамыту, жастар арасында спартакиадалар мен олимпиадалар өткiзуiн ұйымдастыру.
 

     12-бап. Жастардың халықаралық ынтымақтастығына

             жәрдемдесу


 
 
       1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік билiк органдары халықаралық жастар ынтымақтастығын дамытуға мынадай жолдармен қолдау көрсетедi:
      1) халықаралық жастар ауысымдары туралы келiсiмдерді бекiту мен

 

жүзеге асыру, жастарды халықаралық бағдарламаларға қатыстыру;

     2) халықаралық жастар алмасулары ұйымдастырушылар мен қатысушыларға

ақпарат алуда, құжаттар әзiрлеу мен халықаралық жастар ынтымақтастығы

саласында әрiптестер таңдауда көмек көрсету.

     2. Жастардың халықаралық ынтымақтастығына ықпал ету қолданыстағы

заңдар, нормативтiк құқықтық актiлер және Қазақстан Республикасы бекiткен

халықаралық келiсiмдердiң негізiнде жүзеге асады.

                    3 тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ЖАСТАР САЯСАТЫН

                       ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ IСКЕ АСЫРУ

     13-бап. Мемлекеттiк жастар саясатын қаржылай

             қамтамасыз ету

     1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты мына

қаражат есебiнен қаржыландырылады:

     1) республикалық және жергiлiктi бюджет;

     2) жеке және заңды тұлғалардың қайырымдылық жарналары;

     3) заңнамада тиым салынбаған өзге де қаржы көздерiнен.

     2. Қаржының есептiк көлемі Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік

жастар саясаты саласындағы мемлекеттiк және салалық бағдарламаларды iске

асыруға қажеттi материалдық және қаржылық ресурстарды коммерциялық емес

жастар ұйымдарымен ынтымақтастығы саласындағы шараларды ескере отырып

айқындалады.

     14-бап. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік

             жастар саясатын қалыптастыру мен iске асыруға

             жастардың қатысуы


 
       1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясатын қалыптастыру мен жүзеге асыруға жастардың қоғамдық маңызы бар бастамаларды жүзеге асыру, мемлекеттiк билiктiң орталық және жергiлiктi атқару органдарына үндеу, аталған органдармен жастардың коммерциялық емес ұйымдарының келiсiм негiзiндегi байланысы, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясатын қалыптастыру мен жүзеге асыруға жас азаматтардың тiкелей қатысуы мен мүдделерiн білдiру арқылы қатысады.
      2. Жастардан, жастардың коммерциялық емес ұйымдарынан Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясатын жүзеге асыруға байланысты мемлекеттiк органдарына түскен ұсыныстары аталған органның өкiлеттiгiне сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қаралады.
      Егер қаралатын ұсыныстарға қаржы есебi, ақпарат жинау, құжаттар жобасын жасау қажет болған жағдайда, мемлекеттiк органдар ақпараттық көмектi іске асырады, аталған ұсыныстарды енгiзушi жастармен, жастардың коммерциялық емес ұйымдары өкiлдерiмен кеңестер өткiзедi.
      3. Мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясатын жүзеге асыру саласындағы iс-қимылды үйлестiру мен кеңесу үшiн жастардың коммерциялық емес ұйымдарын олардың келiсiмi арқылы тартуға құқылы.
      Жастардың коммерциялық емес ұйымдары мемлекеттiк органдарымен белгiлi бiр жұмыстарды орындау арқылы бiрлесiп жұмыс жасайды, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясатын жүзеге асыру саласындағы мемлекеттiк және салалық бағдарламалардың iс-шаралар жоспары шеңберiнде қызмет көрсетедi. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру жөнiндегi бiрлескен консультативтiк органдар құрылуы мүмкiн.
      4. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыру мен жүзеге асыруға жастарды тарту мақсатында мемлекеттiк өкiлеттi органдар жастардың республикалық маңыздағы коммерциялық емес ұйымдарымен бiрге Қазақстан жастарының конгресiн шақырады.
      5. Қазақстан Республикасы жастар конгресi заңды тұлғалардың ассоциация түрiндегi ерiктi бiрлестiктерi болып табылады және жарғы негiзiнде қызмет етедi.
      Қазақстан жастарының конгресi өз құзыры шегiндегi ұсыныстарды әзiрлеп, жастарға, мемлекеттiк билiк органдарына Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясатын қалыптастыру мен жүзеге асыруға қатысты үндеу қабылдай алады.
      6. Мемлекеттiк орталық органдар өз құзыреттерi шегiнде Қазақстан жастары конгресiнiң үндеуi мен ұсыныстарын талдайды. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясатын жүзеге асырған ұсыныстарды ескередi.
 
      15-бап. Жастарға арналған әлеуметтік қызметтер
 
      1. Жастарға арналған әлеуметтiк қызметтер - Қазақстан Республикасы аумағында орындалатын және әлеуметтiк қолдау бойынша шараларды жүзеге асыратын, жастарға әлеуметтiк қызмет көрсететiн Қазақстан Республикасының азаматтық құқықтары бар барлық субъектiлердiң қатысуын қамтамасыз етедi.
      2. Ондай қызметтерге мыналар жатады:
      1) психологиялық-педагогикалық, медициналық-биологиялық, заңдық көмек

 

және кәмелетке толмаған, жастардың басқа да өкiлдерiне кеңес беру мен

көмектi жүзеге асыру;

     2) дене кемтарлығы салдарынан ерекше қолайсыз жағдайда қалған

жастарға әлеуметтiк көмек;

     3) жас отбасыларға әлеуметтiк көмек;

     4) еңбек және оқу ұжымдарындағы жастарды құқықтық қорғау;

     5) кәмелетке толмаған тәртiп бұзушыларға арнайы тәрбие

мекемелерiндегi әлеуметтiк көмек;

     6) бас бостандығынан айыру орындарынан, арнайы тәрбие және емдеу

мекемелерiнен оралған жастарға әлеуметтiк көмек (реабилитация);

     7) құқықтық насихат, оларды жұмысқа орналасу, бiлiм алу және кәсiби

даярлау, демалыс, туризм және спорт салаларындағы құқықтарын іске асыру

мүмкiндiгiнен ақпараттандыру;

     8) жастардың өзiн-өзi басқару нысандарын дамытуды қолдау;

     9) жастардың тұрғылықты жерiнде лайықты демалысын және жастарға өзге

де көмек көрсету түрлерiн ұйымдастыру.

     16-бап. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк

             жастар саясатын ақпараттық қамтамасыз ету және

             ғылыми негіздеу


 
       1. Жастардың құқықтары мен мiндеттерi туралы ақпар берудi, денсаулықты қорғау, бiлiм алу, әлеуметтiк қамсыздандыру, кәсiби даярлау мен жұмысқа орналасу, демалыс, әлеуметтiк реабилитация, өмiрдегi қиыншылықтарды жеңуге көмек, жас отбасыларды қолдау, коммерциялық емес ұйымдармен байланыс түрлерiн және өзге де Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты саласындағы құқықтарды жүзеге асыруды, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясатын ақпараттық қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi мемлекеттiк органдар iске асырады.
      Осы мақсатта ақпараттық жүйелер, жастарға арналған ақпарат орталықтарын, баспасөз бен өзге де бұқаралық ақпарат құралдарын қолдау жасау арқылы жастарды ақпараттық қамтамасыз етудi кеңейтуге жағдай жасалады, кiтапханаларды, мұражайларды, мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын өзге де мәдениет мекемелерiне лайықты мемлекеттік қолдау көрсетiледi, бұқаралық ақпарат құралдарымен ынтымақтастық орнатылады, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты саласындағы мемлекеттiк және салалық бағдарламалар ауқымында өзге де iс-шаралар қарастырылады.
      2. Уәкiлеттi органдар Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер ұйымдастырады. Аталған зерттеулер ұзақ мерзiмдi негiзде жүзеге асырылады және Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты саласындағы кешендi және мақсатты мемлекеттiк бағдарламалар жасалғанда мiндеттi түрде ескерiледi.
      3. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты саласындағы зерттеулер қорытындысы негiзiнде мемлекеттiк орталық уәкiлеттi атқарушы органы екi жылда бiр рет Қазақстан Республикасының Yкiметiне Қазақстан Республикасындағы жастар жағдайы туралы мемлекеттiк баяндама ұсынады және ресми оны баспасөзде жариялайды.
      Қазақстан Республикасындағы жастар жағдайы туралы мемлекеттiк баяндама мемлекеттiк орталық және жергiлiктi атқарушы органдарда, аталған органдардың құзiретi шегiнде тиiстi шешiм қабылдау үшiн қаралатын болады.
 

     17-бап. Жастарға арналған әлеуметтік

             инфрақұрылым


 
 
       1. Билiктiң мемлекеттiк органдағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жастарға арналған әлеуметтiк инфрақұрылымдар объекттерiн құру мен қызметiн жолға қоюды қамтамасыз етедi.
      2. Билiктiң мемлекеттiк органдарының жастарға арналған әлеуметтiк инфрақұрылымдар нысандарын құру, қайта құру, жаңарту, өзгерту, тарату туралы шешiм тәртiбi мұндай шешiмдердiң жастардың өмiр сүруiн, бiлiм алуын, дене тәрбиесiн, рухани және адамгершiлiк тұрғыда дамуын қамтамасыз етуге тигiзер әсерiн зерделейтiн арнайы тиiстi мемлекеттiк орган немесе органдардың арнайы құрылған сараптама комиссияларының бағалау жөнiндегi iс-шараларын қарастырады.
      Тиiстi мемлекеттiк органының құрылыс салу шешiмiнде де жастардың өмiр сүруiн, бiлiмi мен тәрбиесiн, дене тәрбиесiн, рухани және адамгершiлiк тұрғыда дамуын құрайтын нысандар ғимаратының нормативтерi ескерiледi. Аталған нормативтер Қазақстан Республикасының заңнамасына және сол аумақтың ерекшелiктерiне сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сол аумақтарының әлеуметтiк-экономикалық және мәдени дамуын ескере отырып бекiтiледi.
      3. Пайда болуы, жекеленуi, иеленуi оқу және тәрбие үрдiстерiмен, жастарға арналған әлеуметтiк инфрақұрылымдар нысандары қызметiн қамтамасыз етуге байланысты мемлекеттiк немесе коммуналдық (соның iшiнде жер учаскелерi, ғимараттар, құрылыстар, құрал-жабдықтар) мүлiктер аталған мақсаттарға ғана пайдаланылады.
      Егер белгiлi бiр жағдайлармен аталған мүлiктер жастарға арналған әлеуметтiк инфрақұрылымдар нысандары қызметiн тиiмдi қамтамасыз ете алмаса, өкiлеттi орган әлеуметтiк инфрақұрылымдар нысандардың өтемiне бағытталған шаралар қабылдағаннан соң ғана оны өзге мақсаттарға пайдалану туралы шешiм шығара алады.
      4. Жергiлiктi атқарушы органдар жастардың коммерциялық емес

 

ұйымдарының пайдалануына және заңнамаға сәйкес өзге де мүлiктiк

қажеттiлiктердi жүзеге асыру үшiн ғимараттарды, құрылыстарды қайтарымсыз

беруге құқылы.

     5. Жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрылымдар қызметiнiң тәртiбi,

оны материалдық және қаржылай қолдау шаралары Қазақстан Республикасының

өкiлеттi мемлекеттiк органы қабылдаған тиiстi нормативтiк-құқықтық

актiлермен айқындалады.

                     4 Тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

     18-бап. Осы Заңды бұзғаны үшiн жауапкершiлік

     Заңды және жеке тұлғалар, соның ішiнде мемлекеттiк органдардағы

лауазым иелерi осы Заң ережелерiн сақтамағаны үшiн Қазақстан

Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жауап бередi.

     Қазақстан Республикасының

           Президенті



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады