Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 7 қарашадағы N 1479 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 сәуірдегі N 415 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 8 шілдедегі N 669 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Кеден төлемдерінің ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 7 қарашадағы N 1479 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 35, 441-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
     көрсетілген қаулыға қосымшада:
     2-бағанда "ЭКЮ" деген сөз "ЕВРО" деген сөзбен ауыстырылсын;
     мына:
     "Кеден аукционына қатысқаны
үшін төлем                                                  500 ЭКЮ
     Ақпарат пен консультация
берілгені үшін төлем                                         5 ЭКЮ"
 
деген жолдар алынып тасталсын;
     мына:
     "*Алымдардың ставкалары тиісті құқықтың үш жылға берілетіні
есептеліп белгіленеді" деген сілтеме алынып тасталсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және
жариялануға тиіс.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

     

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады