Хорватия Республикасының Президенті Стьепан Месичтің Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 16 сәуір N 436

      Қазақстан Республикасы мен Хорватия Республикасы арасындағы екі жақты ынтымақтастықты нығайту және Хорватия Республикасының Президенті Стьепан Месичтің Қазақстан Республикасына 2002 жылғы 18-21 сәуірдегі ресми сапарын дайындау және өткізу жөнінде Астана мен Алматы қалаларында протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Хорватия Республикасының Президенті Стьепан Месичтің Қазақстан Республикасына 2002 жылғы 18-21 сәуірдегі ресми сапарын (бұдан әрі - сапар) дайындау және өткізу жөнінде Астана мен Алматы қалаларында ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы (келісім бойынша) Хорватия Республикасы ресми делегациясының мүшелерін орналастыру, тамақтандыру және көліктік қызмет көрсету жөнінде қосымшаға сәйкес қажетті шаралар қабылдасын;
      2002 жылға арналған республикалық бюджетте "Ресми делегацияларға қызмет көрсету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражаттың есебінен сапарды өткізуге арналған шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша) Хорватия Республикасының ресми делегациясы мүшелерінің әуежайларда, тұратын және болатын орындардағы қауіпсіздігін, сондай-ақ жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі белгіленген тәртіппен:
      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Хорватия Республикасы Президентінің арнайы ұшағының Қазақстан Республикасының аумағы үстінен ұшып өтуін, Астана және Алматы қалаларының әуежайларында қонуын және ұшып шығуын;
      Астана және Алматы әуежайларының арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.
      5. Астана қаласының әкімі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар жөніндегі комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары, іскер топтары өкілдерінің және Хорватия Республикасының делегациясы құрамында келген іскер топтары өкілдерінің қатысуымен "дөңгелек үстел" ұйымдастырсын.
      6. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуін қамтамасыз етсін.
      7. Астана және Алматы қалаларының әкімдері Хорватия Республикасының

 

ресми делегациясын күтіп алу және шығарып салу, Астана және Алматы

қалаларының әуежайлары мен көшелерін безендіру жөніндегі ұйымдастыру

іс-шараларының орындалуын қамтамасыз етсін.

     8. Осы қаулының іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының

Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

     9. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


                                          Қазақстан Республикасы

                                               Үкіметінің

                                         2002 жылғы 16 сәуірдегі

                                             N 436 қаулысына

                                                 қосымша


     Хорватия Республикасының ресми делегация мүшелерін орналастыру

       және оларға қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары



 
       1. Хорватия Республикасы ресми делегациясының мүшелерін (1+1+10) және бірге жүретін адамдарды Астана қаласында "Окан Интерконтиненталь - Астана" қонақ үйіне, Алматы қаласында "Regent Almaty the Ankara" қонақ үйіне орналастыру, тамақтандыру және оларға көліктік қызмет көрсету.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі қызметкерлерін "Окан Интерконтиненталь - Астана" қонақ үйіне орналастыру.
      3. 2002 жылғы 18-21 сәуірде сапарды өткізуге жұмылдырылған адамдар үшін ұтқыр байланыс құралдарын (5 дана) жалға алу.
      4. Баспа өнімдерін (бейдждер, автомобильдерге арналған арнайы рұқсаттамалар) дайындау.
      5. Кәдесыйлар және делегация басшысы үшін сыйлық сатып алу.
      6. Хорватия Республикасының ресми делегациясын Астана және Алматы қалаларының әуежайларында күтіп алу және шығарып салу кезінде шай дастарханын ұйымдастыру.
      7. Хорватия Республикасының ресми делегациясын Астана және Алматы қалаларының әуежайларында күтіп алу және шығарып салу рәсімдерін техникалық безендіру (VIР-зал, сусындар, шай, жалаулар, Астана қаласының әуежайы мен делегацияның жол жүретін бағыттары бойынша қазақ және хорват тілдеріндегі құттықтау транспаранттары).
      8. Хорватия Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы мен

 

Хорватия Республикасының іскер топтары өкілдерімен кездесуін ұйымдастыру

және Астана қаласында "дөңгелек үстелді" өткізу.

     9. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев пен зайыбы

атынан Хорватия Республикасының Президенті С. Месичтің құрметіне Астана

қаласында ресми қонақасы ұйымдастыру.

     10. Астана қаласы әкімінің атынан түскі қонақасы ұйымдастыру.

     11. Хорватия ресми делегацияның мүшелері үшін Қазақстан

Республикасының Сыртқы істер министрлігі атынан кешкі асты ұйымдастыру.

     12. Ресми делегацияның мүшелеріне және бірге жүретін адамдарға

медициналық қызмет көрсету.

Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады