Иран Ислам Республикасының Президенті Мохаммад Хатамидің Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 22 сәуір N 454

      Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасының арасындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Иран Ислам Республикасының Президенті Мохаммад Хатамидің Қазақстан Республикасына 2002 жылғы 24-26 сәуірдегі ресми сапарын (бұдан әрі - сапар) дайындау және өткізу жөнінде Алматы қаласында протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы (келісім бойынша):
      қосымшаға сәйкес Иран Ислам Республикасының ресми делегациясы мүшелерін орналастыру, тамақтандыру және оларға көліктік қызмет көрсету жөнiндегі ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
      сапарды өткізуге арналған шығыстарды қаржыландыруды 2002 жылға арналған республикалық бюджетте "Ресми делегацияларға қызмет көрсету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражаттың есебінен ресми қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасының Iшкі iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша) Иран Ислам Республикасының ресми делегациясы мүшелерiнiң әуежайдағы, тұратын және болатын орындарындағы қауiпсiздiгін, сондай-ақ жүретiн бағыттары бойынша бiрге жүрудi қамтамасыз етсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгі белгіленген тәртiппен:
      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiмен бiрлесiп, Иран Ислам Республикасы Президентінің арнайы ұшағының Қазақстан Республикасының аумағы үстiнен ұшып өтуiн, Алматы қаласының әуежайына қонуын және ұшып шығуын;
      Алматы қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетудi, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм

 

министрлiгi сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуін

қамтамасыз етсiн.

     6. Алматы қаласының әкімі Иран Ислам Республикасының ресми

делегациясын қарсы алу және шығарып салу, Алматы қаласының әуежайы мен

көшелерін безендіру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының орындалуын

қамтамасыз етсін.

     7. Осы қаулының іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының

Сыртқы iстер министрлiгiне жүктелсiн.

     8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


                                    Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң

                                        2002 жылғы 22 сәуірдегі

                                            N 454 қаулысына

                                               қосымша


       Иран Ислам Республикасының ресми делегациясы мүшелерін             

        орналастыру, тамақтандыру және оларға қызмет көрсету

                   жөніндегі ұйымдастыру шаралары



 
       1. Иран Ислам Республикасының ресми делегациясы мүшелерін және бірге жүретін адамдарды (1+11 сызбасы бойынша) Алматы қаласында "Анкара Риджент Алматы" қонақ үйіне орналастыру, тамақтандыру және оларға көліктік қызмет көрсету.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі қызметкерлерін

 

"Анкара Риджент Алматы" қонақ үйіне орналастыру.

     3. Баспа өнімдерін (бейдждер, автомобильдерге арнайы рұқсаттамалар)

дайындау.

     4. Делегация басшысы үшін сыйлық және ресми делегация мүшелері үшін

кәдесыйлар сатып алу.

     5. Иран Ислам Республикасының ресми делегациясын Алматы қаласының

әуежайында қарсы алу және шығарып салу кезінде шай дастарханын ұйымдастыру.

     6. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың атынан Иран

Ислам Республикасының Президенті М. Хатамидің құрметіне Алматы қаласында

ресми қонақасын ұйымдастыру.

     7. Ресми делегацияның мүшелеріне және бірге жүретін адамдарға

медициналық қызмет көрсету.


Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады