Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Хорватия Республикасының Үкiметi арасында Сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келiсiм жасасу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 22 сәуір N 455

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Хорватия Республикасының Үкiметi арасындағы Сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрi Мәжит Төлеубекұлы Есенбаевқа қағидатты сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Хорватия Республикасының Үкіметі арасында Сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келiсiм жасасуға өкілеттiк берiлсiн.
      3. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Хорватия Республикасының Үкіметі арасында Сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келiсiм жасасу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 шілдедегі N 972 P010972_ қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
 

     Қазақстан Республикасының  

         Премьер-Министрi


 
 
               Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Хорватия
          Республикасының Үкіметі арасындағы Сауда-экономикалық
                       ынтымақтастық туралы келісім
 
      Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Хорватия Республикасының Yкiметi (бұдан әрi Тараптар деп аталатын),
      ұзақ мерзiмдi, тұрақты және тең құқықты негiздегi сауда-экономикалық ынтымақтастық екі жақты қатынастарды дамытуда маңызды және қажеттi фактор болып табылатындығын тани отырып,
      екi елдiң экономикалық субъектiлерiнiң арасындағы байланыстарды дамыту мақсатында қолайлы жағдайлар туғызуға және өзара мүдделiлiкті бiлдiретін салаларда сауда-экономикалық ынтымақтастыққа жәрдемдесуге ұмтыла отырып, сондай-ақ транзит еркiндiгi қағидатын сақтау мақсатында
      төмендегiлер туралы келiстi:
 
                               1-бап

 

                              Мақсат


     Осы Келiсiмнiң мақсаты Тараптардың арасында өзара сауда жүргiзу және

экономикалық қатынастар үшiн қағидаттарды айқындау болып табылады.

     Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына және халықаралық

мiндеттемелерiне сәйкес екiжақты сауда-экономикалық қатынастарды үйлесiмдi

дамытуға Тараптар жәрдемдесетін болады.

                              2-бап

                    Ұлтқа неғұрлым қолайлы режимi

     1. Тараптар ұлттық заңнамаларына және:


 
       а) мұндай баждар мен алымдарды өндiрiп алу тәсiлiн қоса алғанда, кеден баждары мен импортқа және экспортқа салынатын кез келген түрдегi алымдарға;
      б) кедендік тазартуды, транзиттi, қоймаға жинауды және қайта тиеудi қоса алғанда, импортқа және экспортқа ережелер мен ресмилiктерге;
      в) импортталатын тауарларға (жұмыстарға, қызмет көрсетулерге) қатысты тікелей немесе жанама қолданылатын салықтарға және кез келген түрдегi басқа iшкi алымдарға;
      г) iшкi рынокта импортталатын тауарларды сатуға, сатып алуға, тасымалдауға, бөлуге, қоймада жинауға және пайдалануға;
      д) тауарлармен саудаға жататын төлемдерге жататын барлық мәселелер

 

бойынша Тараптар мемлекеттерінің мүдделеріне сәйкес бiр-бiрiне ұлтқа

неғұрлым қолайлы режим ұсынады.

     2. Осы баптың 1-тармағының ережелерi Тараптардың әрқайсысы:

     а) шекара маңындағы сауданы жеңiлдету үшiн шектес мемлекеттерге;

     б) кеден одағына, еркiн сауда аймағына немесе аймақтық экономикалық

ұйымға қатысу мақсатында;

     с) Дүниежүзілік сауда ұйымының/Тарифтер және сауда жөніндегі бас

келісіміне (бұдан әрі - ДСҰ) сәйкес дамушы елдерге берген немесе бере

алатын артықшылықтарға және жеңiлдiктерге қолданылмайтын болады.

                              3-бап

                             Транзит

     Әрбiр Тарап Тараптардың ұлттық заңнамаларына сәйкес басқа Тарап

мемлекетiнiң аумағынан шығатын немесе басқа Тарап мемлекетiнiң аумағына

арналған тауарлардың өз мемлекетiнiң аумағы арқылы кедергiсiз транзитiн

қамтамасыз етедi.

     Осы мақаланың редакциясы Қазақстан ДСҰ-ға кіргеннен кейін өзгеруі

мүмкін.

                              4-бап

                          Ұлттық режим


 
       Бiр Тараптың мемлекетiнiң аумағында өндiрiлген, басқа Тарап мемлекетiнiң аумағына импортталған тауарларға басқа Тарап мемлекетiнiң аумағында айналымда болған кезде қолайлылығы iшкi өндiрiстiң осындай тауарларына қолданылатыннан кем емес шарттар қолданылуы тиiс. Көрсетiлген шарттар, соның iшiнде iшкi салықтарды және басқа iшкi алымдарды, iшкi саудаға, сату, сатып алу, тасымалдау, тауарларды бөлу немесе пайдалану

 

туралы ұсыныстарға қатысты заңнаманы, ережелер мен талаптарды қамтиды.

                              5-бап

                           Ырықтандыру


     Әрбiр Тарап Тараптар мемлекеттерi өнімінiң импортын ырықтандыруға

неғұрлым қолайлы деңгейдi ұсынады. Ырықтандыру процесi Тараптар арасындағы

сауданы дамытудың, рыноктағы жағдайлардың, Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық

заңнамаларындағы өзгерiстердiң негiзінде есепке алынатын болады.

                              6-бап

                            Шыққан елi



 
       Бiр Тарап мемлекетiнiң аумағына импортталатын тауарлардың шыққан елi осындай Тарап мемлекетiнiң ұлттық заңнамасы және екi Тарап қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес айқындалатын болады.
 
                               7-бап
                              Төлемдер
 
      1. Егер жекелеген шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң арасында өзгеше арнайы келiсiлмеген немесе Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес белгіленбеген болса екi елдiң арасында тауарлармен және қызмет көрсетулермен сауда кезiндегі барлық төлемдер еркiн айырбасталатын валютада жүзеге асырылуы тиiс.
      2. Жеке мәмiлелерге қатысушы Тараптар мемлекеттерінің субъектiлерiне еркiн айырбасталатын валютаға не Тараптар мемлекеттерінің жекелеген шаруашылық жүргізуші субъектiлерiнің арасында келісілген кез-келген басқа валютаға қол жеткізуге немесе оның аударымына қатысты үшінші мемлекеттің субъектілеріне ұсынылғаннан қолайлығы кем емес режим ұсынылады.
 
                               8-бап
                     Экономикалық ынтымақтастық
 
      1. Тараптар екiжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мақсатында ақпарат алмасуды көтермелейтін болады.
      2. Тараптар:
      жәрмеңкелер, көрмелер, конференциялар, жарнамалар, консультациялар және басқа да бизнес қызметтерін ұйымдастыруды және өткiзудi;
      шаруашылық жүргізуші субъектілердің, өндірушілер ассоциацияларының, сауда палаталарының және Тараптар мемлекеттерi басқа сауда ассоциацияларының арасындағы байланыстарды дамытуды;
      бiрлескен экономикалық және өнеркәсiптiк, атап айтқанда, ауыл

 

шаруашылығы, агроөнеркәсiптiк қызмет, телекоммуникациялар, денсаулық

сақтау, медициналық жабдықтар және бiлiм беру саласындағы ынтымақтастықты

дамытуды қоса алғанда, өзара сауданы жақсартуға бағытталған шаралар арқылы

сауда-экономикалық ынтымақтастыққа жәрдемдесуге келiседi.

                              9-бап

                          Сауда өкiлдiгi


     Тараптар өзара уағдаластық бойынша өз қызметін болатын елінің ұлттық

заңнамаларына не Тараптар мемлекеттерi бекіткен жекелеген халықаралық

шарттарға сәйкес жүзеге асыратын сауда өкiлдiктерiн ашуға құқылы.

                              10-бап

          Қорғау, демпингке қарсы және өтемдiк шаралар


     Тараптар өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына және ДСҰ-ы

келісімдері мен ережелеріне сәйкес Тараптар мемлекеттері тауарларының

импорты кезінде қорғау, демпингке қарсы және өтемдiк шаралар қолданатын

болады.

                              11-бап

                        Жалпы ерекшелiктер


     Осы Келiсiмде Тараптарға ұлттық қауiпсiздiк, қоғамдық мораль және

қоғамдық тәртiп мүдделерiн, адамдардың өмірі мен денсаулығын, жануарлар

мен өсiмдiктердi, ұлттық байлықты құрайтын көркем, археологиялық, тарихи

құндылықтарды қорғауға бағытталған шаралар қабылдауға ешнәрсе де кедергi

жасамайды.

                              12-бап

                         Санаткерлiк меншiк



 
       1. Санаткерлік меншіктің сауда және экономикалық ынтымақтастықты дамыту үшiн маңыздылығын ескере отырып, Тараптар өнертапқыштық, өнеркәсiптiк үлгiлер, интегралдық шағын схемалар және ноу-хау ашылмаған ақпарат топографиясы саласындағы авторлық және сабақтас құқықтарды, тауарлық белгiлердi, географиялық көрсеткiштердi, патенттердi кемсiтусiз толық және тиімді қорғауды қамтамасыз етеді.
      2. Әсiресе, Тараптар 1994 жылғы 15 сәуірдегі Санаткерлік меншік

 

құқықтарының сауда аспектiлері жөніндегi ДСҰ Келiсiмінің ережелерiне сай

сәйкес болуы үшiн шаралар қабылдайды.

     3. Бұдан әрi Тараптар санаткерлiк меншiк құқықтарын қорғау

саласындағы халықаралық конвенцияларға кiру үшiн барлық күш-жiгерлерiн

жұмсайтын болады.

                              13-бап

                           Стандарттар

     1. Әрбiр Тарап басқа Тараптың сұрау салуы бойынша стандарттауға

қатысты шаралар жөнiнде ақпарат бередi.

     2. Тараптар саудадағы кедергiлердi қысқарту мақсатында стандарттау

саласында ынтымақтасатын болады.

                              14-бап

                         Бiрлескен комиссия

     Осы Келiсiмдi iске асыруды жеңілдету және сауда-экономикалық

ынтымақтастықты жетiлдiру жөнiнде ұсынымдарды пысықтау мақсатында Тараптар

Қазақстан-хорват сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөнiнде бiрлескен

үкiметаралық комиссиясын құруға келiстi.

                              15-бап

                         Ерекше жағдайлар


 
       Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге осы Келісімнің ажырамас бөлiгi болып табылатын жекелеген хаттамалармен ресiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгізілуі мүмкiн.
 
                               16-бап
                             Күшiне енуi
 
      Осы Келiсiм оның күшiне енуі үшiн қажеттi мемлекетішілік рәсімдерді орындауы туралы Тараптар бір-бірін хабардар ететін дипломатиялық арналар бойынша соңғы жазбаша хабарламаны алған күнiнен бастап күшiне енедi.
      Осы Келiсiм мерзiмi белгiленбей жасалады және Тараптардың бiрi оның

 

қолданылуын тоқтатуға өз ниетi туралы басқа Тарапқа жазбаша хабарлама

жiберген күнiнен бастап 6 ай өткенге дейiн күшiнде қалады.

     200__ жылғы "___"______________ ___________ қаласында әр мәтін

қазақ, хорват, ағылшын және орыс тiлдерiнде екi түпнұсқа данада жасалды,

мұның өзiнде барлық мәтiндердiң күшi бiрдей. Осы Келiсiмнiң ережелерiн

түсiндiруде келiспеушiлiктер пайда болған жағдайда, Тараптар ағылшын

тiлiндегi мәтiнге жүгiнедi.

     Қазақстан Республикасының           Хорватия Республикасының

            Үкiметi үшiн                       Үкіметі үшін


  Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады