Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. 2001 жылғы 16 қарашада Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Өзбекстан Республикасының Үкiметі арасындағы үкiметтiк байланыс саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасының Үкiметі мен Өзбекстан
Республикасының Yкiметi арасындағы үкіметтiк байланыс
саласындағы ынтымақтастық туралы
КЕЛIСIМ
(2005 жылғы 27 мамырда күшіне енді - СІМ-нің ресми сайты)
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасының Үкiметi,
екi мемлекеттiң арасындағы қазiргі достық қатынастарды одан әрi нығайту ниетiн басшылыққа ала отырып,
халықаралық үкiметтiк байланысты сақтау мен дамытудағы Тараптардың мүдделілігiн ескере отырып,
Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасында, сондай-ақ Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы шеңберiнде жасалған халықаралық шарттарды назарға ала отырып,
өзара сенiм бiлдiру және бiрiн бiрi құрмет тұту негiзi болып табылатын қарым-қатынастарды нақты тәртiпке келтiрудiң көкейкестi қажеттілігiн негiзге ала отырып,
төмендегiлер туралы келiстi:
1-бап
Осы Келісiмнiң мақсаттары үшiн мынадай анықтамалар қолданылады:
1) "құзыреттi ұйымдар" - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi және Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Yкiметтік байланыс қызметi, Өзбекстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк қызметi;
2) "үкiметтік байланыс" - мемлекеттiк басқарудың қажеттiлiгiне арналған арнайы байланыс;
3) "халықаралық үкiметтiк байланыс" - Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының үкiметтiк байланыс абоненттерi арасындағы ақпарат алмасуға арналған үкiметтiк байланыс жүйесi;
4) "шифрлау құралдары" - ақпаратты өңдеу, сақтау және байланыс арналары бойынша беру кезiнде оны қорғауға арналған, ақпараттың түрiн өзгертетiн криптографиялық алгоритмдердi іске асыратын, оның iшiнде рұқсат берiлмеген араласудан, жалған ақпаратты таңудан қорғауға арналған аппараттық, бағдарламалық-аппараттық және бағдарламалық құралдар, негiзгі құжаттарды дайындау құралдары, қолдан жасалатын шифрлар, кодтау құжаттары.
2-бап
Тараптар тұрақты жұмыс iстейтiн халықаралық үкіметтік және шифрланған құжаттамалық байланысты қамтамасыз етедi және жетiлдiредi.
Тараптардың әрқайсысы екiншi Тараптың мүддесiн қозғайтын халықаралық үкiметтiк байланысты ұйымдастыру, техникалық тұрғыдан пайдалану және оның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерiн шешуде тең құқылы.
Халықаралық үкiметтiк байланысты ұйымдастыруды, техникалық пайдалануды, қауiпсiздiгi мен үзiлiссiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мәселелерін құзыреттi ұйымдар шешеді.
3-бап
Тараптардың әрқайсысы өз мемлекетiнiң заңнамасына сәйкес, егер Тараптар қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарда өзгеше талаптар айтылмаса, екiншi Тарап мемлекетiнiң жоғары лауазымды тұлғаларына өз мемлекетiнiң аумағында үкiметтiк байланысты ұсынады.
4-бап
Өз мемлекетi аумағының шектерiнде халықаралық үкiметтiк байланысты ұйымдастыру, iске қосу, техникалық пайдалану және одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шығыстарды Тараптардың әрқайсысы төлейдi.
5-бап
Құзыреттi ұйымдар мынадай бағыттар бойынша:
1) халықаралық үкiметтiк байланысты, сондай-ақ үкiметтік байланыстың ұлттық жүйелерiн пайдалану мен олардың жаңа жүйелерiн және құралдарын өндiру саласында ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк конструкторлық жұмыстарды бiрлесiп жүргізедi;
2) үкiметтiк байланыс құралдарын өндiру саласында;
3) үкiметтiк байланыс жүйелерiндегі және құралдарындағы ақпаратты қорғау саласында;
4) Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының үкiметтiк байланысының радиоэлектрондық құралдарының электромагнитта бiрлігін қамтамасыз ету мақсатында өз мемлекетiнiң аумағында өздерiне бөлiнген жиiлiк спектрiн пайдалану саласында;
5) кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру саласында өзара iс-қимылды жүзеге асырады.
Өзара iс-қимылдың көрсетiлген бағыттары бойынша ынтымақтастық құзыреттi ұйымдардың арасындағы келiсiм бойынша жүзеге асырылады.
Бiрлескен ғылыми-зерттеу, тәжiрибелiк-конструкторлық әзiрлемелер және олар бойынша дайындалған халықаралық үкiметтік байланыстың дауыстық, сондай-ақ құжаттық ақпаратын берудiң және шифрлаудың техникалық құралдары - Тараптардың құзыреттi органдарының меншiгi болып табылады және олар өзара келiсiмсiз үшiншi тарапқа берiлмеуi тиiс.
6-бап
Тараптар екi мемлекеттiң заңнамаларына сәйкес халықаралық үкiметтiк байланысты, сондай-ақ үкiметтiк байланыстың ұлттық жүйелерiн ұйымдастыру және пайдалану үшiн қажеттi шифрлау құралдарының, байланыс техникасы құралдарының, жинақтаушы бұйымдардың және қосалқы бөлшектердiң жеткiзiлiмiн келiсiлген көлемде қамтамасыз етедi.
Шифрлау құралдарын, байланыс техникасының құралдарын, жинақтаушы бұйымдарды және қосалқы бөлшектердi жеткiзу, сондай-ақ аталған құрал-жабдықтарды жөндеудi ұйымдастыру және арнайы мақсаттағы қызметтер көрсетудi Тараптар олардың арасында жасалған шарттарға (келiсiм-шарттарға) сәйкес жүзеге асырады.
7-бап
Осы Келiсiмнен туындайтын мәселелердi iске асыру бойынша құзыреттi ұйымдардың өзара iс-қимылы кезiндегі жұмыс тiлi орыс тiлi болып табылады.
8-бап
Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруге және қолдануға қатысты мәселелер Тараптар арасындағы келiссөздер және консультациялар арқылы шешiлетiн болады.
9-бап
Осы Келiсiмге Тараптардың өзара уағдаластығы бойынша осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгі болып табылатын жекелеген хаттамалармен ресiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлуi мүмкiн.
10-бап
Осы Келiсiм оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама күнiнен бастап күшiне енедi.
Осы Келiсiм бес жыл мерзiмге жасалады және де егер Тараптардың бiрде-бiрi осы Келiсiмнiң қолданысын тоқтату ниетi туралы екiншi Тарапқа кезектi бесжылдық кезеңнiң аяқталуынан кем дегенде алты ай бұрын жазбаша хабарлама жолдамаса, келесi бесжылдық кезеңдерге ұзартылатын болады.
Астана қаласында 2001 жылғы 16 қарашада әрқайсысы қазақ, өзбек және орыс тiлдерiнде екi дана болып жасалды және де барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.
Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру мақсаты үшiн орыс тiлiндегi мәтiн қолданылады.
Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасының
Yкiметi үшiн Үкiметі үшiн
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.