"Мал өнімдері корпорациясы" жабық акционерлік қоғамын несиелендірудің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 25 сәуір N 471

      "Мал шаруашылығы өнімін өндіруді және оны сатып алуды несиелендірудің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 6 наурыздағы N 277 P020277_ қаулысына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 1440 P001440_ қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарының несиелер беру ережелеріне сәйкес, сондай-ақ мал шаруашылығы саласын қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының қаржы министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне "Мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындау мақсатында республикалық бюджеттен берілген несиелер бойынша, сондай-ақ республикалық бюджеттен оқшауландырылған сомалар бойынша сыйақы ставкасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 қыркүйектегі N 1131 P011131_ қаулысына сәйкес белгіленген сыйақы ставкасы бойынша 2002 жылға арналған республикалық бюджетте 088 "Мал шаруашылығы өнімін өндіруді және оны сатып алуды несиелендіру" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен ақы төленуі, мерзімділігі, қайтарымдылығы және қамтамасыз етілуі шарттарымен 2007 жылға дейінгі мерзімге "Мал өнімдері корпорациясы" жабық акционерлік қоғамын кейін несиелендіру үшін "ҚазАгроҚаржы" жабық акционерлік қоғамына 500000000 (бес жүз миллион) теңге сомасында ұзақ мерзімді несие берілсін.
      2. Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы

 

Үкіметінің атынан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің

қатысуымен 2002 жылғы 17 сәуірде дейінгі мерзімде "ҚазАгроҚаржы" жабық

акционерлік қоғамымен тиісті несиелік келісім жасассын.

     3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ. Мәсімовке жүктелсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі

Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады