Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің медальдары туралы" Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 2 мамыр N 488

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Қарулы

Күштерінің медальдары туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы

Президентінің қарауына енгізілсін.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



              Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы


              Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнің

                        медальдары туралы

     "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан Республикасы

Конституциялық 


Z952733_


  заңы 21-бабының 2-тармағы 3) тармақшасына сәйкес

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiндегi, басқа да әскерлерi мен

әскери құралымдарындағы қызметтің мәртебесiн арттыру, сондай-ақ Қазақстан

Республикасы Қарулы Күштерi құрылуының он жылдығын атап өту мақсатында

қаулы етемін:

     1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнің мынадай медальдары

бекiтiлсiн:

     1) "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне 10 жыл";

     2) "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнің ардагерi";

     3) I, II, III дәрежелi "Мiнсiз қызметi үшiн".


 
       2. 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес осы Жарлықтың 1-тармағында аталған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi медальдарының сипаттамасы бекiтiлсiн.
      3. 4, 5, 6-қосымшаларға сәйкес осы Жарлықтың 1-тармағында аталған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнің медальдарымен наградтау ережесi бекiтiлсiн.
      4. 7-қосымшаға сәйкес осы Жарлықтың 1-тармағында аталған Қазақстан

 

Республикасы Қарулы Күштерi медальдарының сипаттамасы мен куәлiктерiнiң

үлгілерi бекiтiлсiн.

     5. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнің медальдарын және олардың

куәлiктерiн дайындау жөнiндегi шығыстар заңнамада белгіленген тәртiппен

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлері мен әскери

құралымдарын ұстауға республикалық бюджетте көзделетін қаражат есебінен

және шегінде жүзеге асырылатын болып бекітілсін.

     6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

            Президенті


                                            Қазақстан Республикасы

                                                Президентiнiң

                                          2002 жылғы _______________

                                              N _____ Жарлығына

                                                  1-қосымша

         "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне 10 жыл"

                   мерекелiк медальдың сипаттамасы


 
       "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне 10 жыл" мерекелiк медаль диаметрi 34 мм дұрыс шеңбер пiшiнiнде жезден жасалады.
      Медальдың алдыңғы бетiнде лағыл түстi, тегiс екi қырдан тұратын бес бұрышты дөңес жұлдыз, күн мен шарықтай ұшқан бүркiт бейнеленген. Жұлдыз доғал бұрышты жұлдыздан тараған бес сәуле шоғырының үстiне орналасады. Жұлдыздың айналасы лавр бұтақтарымен көмкерілген. Медальдың төменгі бөлiгiнде 1992 жазуының астынан 2002 деп жазылған.
      Медальдың сыртқы бетiнде "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне

 

10 жыл" деп жазылған.

     Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар дөңестеу түрде орындалған.

Медаль шеттерi ернеумен жиектелген.

     Медаль дөңгелек шығыр арқылы жiбек муар лентамен тартылған, ені 34

мм, биiктiгі 50 мм бес бұрышты қалыпқа бекiтiледi. Лентаның ортасында енi

3 мм екi алтын түстi жолақ, олардың ортасында енi 2 мм қызыл жолақ, ал

алтын түстi жолақтардың шеттерiнде енi 9 мм көгiлдiр түстi жолақтар

орналастырылған. Лентаның шеттерiнде ендерi 2 мм жасыл жолақтар бар.

Лентаның енi 30 мм.

     Медаль киiмге түйреуiшпен бекiтіледi.

                                            Қазақстан Республикасы

                                                Президентiнiң

                                          2002 жылғы _______________

                                              N _____ Жарлығына

                                                  2-қосымша

          "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагерi"

                       медальдың сипаттамасы


 
       "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң ардагерi" медаль сары түстi тегiс екi қырдан тұратын бес бұрышты дөңес жұлдыз пiшiнiнде жезден жасалады, бес қырдың жазықтықтарында негiзгi әскер түрлерiнiң эмблемалары бар бес қалқан бейнеленген. Медаль ортасында - алтын түстi күн және шарықтай ұшқан бүркiт, лавр бұтақтары бейнеленген және шеңбер бойымен көмкерiлген "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң ардагерi" жазуы орналастырылған. Медальдың алдыңғы бетi тотықтырылған.
      Медальдардың қарама-қарсы бұрыштарының арасы 38 мм.

 

     Медальдың сыртқы бетiнiң ортасында "25 жыл" деп жазылған. Медальдың

сыртқы бетi күңгiрт.

     Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар дөңестеу түрде орындалған.

Медаль шеттерi ернеумен жиектелген.

     Медаль дөңгелек шығыр арқылы жiбек муар лентамен тартылған, енi 34

мм, биiктiгi 50 мм бесбұрышты қалыпқа бекiтiледi. Лентаның ортасында енi

17 мм көгiлдiр түстi жолақ орналастырылған, лентаның оң жағында ендерi 1

мм үш қара жолақпен кезек жүргiзiлген төрт сары жолақ орналастырылған.

Лентаның сол жағында ендерi 3 және 1 мм екi қызыл жолақ, олардың арасында

енi 2 мм көгiлдiр жолақ орналастырылған. Лентаның енi 30 мм.

     Медаль киiмге түйреуiшпен бекiтiледi.

                                            Қазақстан Республикасы

                                                Президентiнiң

                                          2002 жылғы _______________

                                              N _____ Жарлығына

                                                  3-қосымша

     I, II, III дәрежелi "Мiнсiз қызметi үшiн" медальдың сипаттамасы

     I дәрежелi "Мiнсiз қызметi үшiн" медаль диаметрi 34 мм дұрыс шеңбер

пiшiнiнде жезден жасалады.


 
       Медальдың алдыңғы бетінде лағыл түстi, тегiс екi қырдан жасалған бес бұрышты дөңес жұлдыз, алтын түстi күн мен шарықтай ұшқан бүркiт бейнеленген, ал төмен жағында римдiк "ХХ" жазуы және алтын түстi, қызыл жолақты сары лентамен оралған емен мен лавр бұтақтарының өрiмi бейнеленген. Медальдың төменгi шетi оюмен өрнектелген, шеңбердiң iшкi шетiнде қылыш орналастырылған, жоғарғы шетiнде "Мiнсiз қызметi үшiн" деп жазылған.
      Медальдың сыртқы бетiнiң ортасында "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiндегi мiнсiз қызметi үшiн" деп жазылған.
      Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар дөңестеу түрде орындалған. Медаль шеттерi ернеумен жиектелген.
      Медаль дөңгелек шығыр арқылы жiбек муар лентамен тартылған, ені 34 мм, биiктiгi 50 мм бес бұрышты қалыпқа бекiтiледi. Лентаның шеттерiнде ендерi 7 мм көгілдiр жолақтар, лентаның ортасында енi 6 мм қызыл жолағы бар, ендерi 5 мм екi сары жолақ орналастырылған. Лентаның енi 30 мм.
      Медаль киiмге түйреуiшпен бекiтіледi.
 
      II дәрежелi "Мiнсiз қызметi үшiн" медаль диаметрi 34 мм дұрыс шеңбер пiшiнiнде мельхиордан жасалады.
      Медальдың алдыңғы бетiнде лағыл түстi, тегiс екi қырдан жасалған бес бұрышты дөңес жұлдыз, алтын түстi күн мен шарықтай ұшқан бүркiт бейнеленген, ал төмен жағында римдiк "ХV" жазуы және алтын түстi, қызыл жолақты сары лентамен оралған емен мен лавр бұтақтарының өрiмi бейнеленген. Медальдың төменгi шетi оюмен өрнектелген, шеңбердің iшкi шетiнде қылыш орналастырылған, жоғарғы шетiнде "Мiнсiз қызметi үшiн" деп жазылған.
      Медальдың сыртқы бетiнiң ортасында "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiндегi мiнсiз қызметi үшiн" деп жазылған.
      Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар дөңестеу түрде орындалған. Медаль шеттерi ернеумен жиектелген.
      Медаль дөңгелек шығыр арқылы жiбек муар лентамен тартылған, енi 34 мм, биiктiгi 50 мм бесбұрышты қалыпқа бекiтiледi. Лентаның шеттерiнде ендерi 7 мм көгiлдiр жолақтар, лентаның ортасында үш сары (шеткiлерiнiң ендерi 4 мм, ортасындағыныкі 2 мм) жолақ кезек жүргiзiлген ендерi 3 мм екi қызыл жолақ орналастырылған. Лентаның енi 30 мм.
      Медаль киiмге түйреуiшпен бекiтiледi.
 
      III дәрежелi "Мiнсiз қызметi үшiн" медаль диаметрi 34 мм дұрыс шеңбер пiшiнiнде мельхиордан жасалады.
      Медальдың алдыңғы бетiнде лағыл түстi, тегiс екi қырдан жасалған бес бұрышты дөңес жұлдыз, алтын түстi күн мен шарықтай ұшқан бүркiт бейнеленген, ал төмен жағында римдiк "Х" жазуы және алтын түстi, қызыл жолақты сары лентамен оралған емен мен лавр бұтақтарының өрiмi бейнеленген. Медальдiң төменгi шетi оюмен өрнектелген, шеңбердiң iшкi шетiнде қылыш орналастырылған, жоғарғы шетiнде "Мiнсiз қызметi үшін" деп жазылған.

 

     Медальдың сыртқы бетiнiң ортасында "Қазақстан Республикасының Қарулы

Күштерiндегi мiнсiз қызметi үшiн" деп жазылған.

     Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар дөңестеу түрде орындалған.

Медаль шеттерi ернеумен жиектелген.

     Медаль дөңгелек шығыр арқылы жiбек муар лентамен тартылған, енi 34

мм, биiктiгi 50 мм бес бұрышты қалыпқа бекiтiледi. Лентаның шеттерiнде

ендерi 7 мм көгiлдiр жолақтар, лентаның ортасында төрт сары (шеткiлерінің

ендерi 4 мм, ортасындағыныкi - 1 мм) жолақ кезек жүргiзiлген, ендерi 2 мм

үш қызыл жолақ орналастырылған. Лентаның енi 30 мм.

     Медаль киiмге түйреуiшпен бекiтiледi.

                                            Қазақстан Республикасы

                                                Президентiнiң

                                          2002 жылғы _______________

                                              N _____ Жарлығына

                                                  4-қосымша

          "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне 10 жыл"

                   мерекелiк медальмен наградтаудың

                              ЕРЕЖЕСI


 
       1. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне 10 жыл" мерекелiк медаль (бұдан әрi - мерекелiк медаль) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен тағайындалады.
      2. Мерекелiк медальмен 2002 жылдың 7 мамырына дейiн Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызметте тұрған, қызметi бойынша жақсы мiнездеме алған және өзiнiң әскери борышын үлгiлi атқарып жүрген әскери қызметшiлер, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң құрылысына едәуiр үлес қосқан басқа да адамдар наградталады.
      3. Мерекелік медальмен наградтау туралы өтiнiштерді ұсыну және қарау тәртiбiн Қорғаныс министрi айқындайды.
      4. Мерекелiк медальды тапсыруды Қазақстан Республикасы Президентiнiң атынан Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, әскери бөлiмдер командирлерi, соның iшiнде (басқару органдарының, мекемелерінің, әскери оқу орындарының) командирлерi мен бастықтары, жергілiктi әскери басқару органдарының бастықтары (әскери комиссарлар) жүргiзедi.
      5. Әрбiр наградталушыға мерекелiк медальмен бiрге белгiленген үлгiдегi куәлiк берiледi.
      6. Мерекелiк медаль наградталушыға әскери бөлімдердің командирлерi, соның iшiнде (әскери басқару органдарының, мекемелерiнiң, әскери оқу орындарының) командирлерi мен бастықтары, жергiлiктi әскери басқару органдарының бастықтары (әскери комиссарлар) жасаған және бекiткен тiзiмдердiң негiзiнде тапсырылады.

 

     Наградталғандар тiзiмiнде мерекелiк медальды тапсыру туралы тиiстi

жазу жазылады.

     7. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 10 жыл" мерекелiк

медаль кеуденiң сол жақ өңiрiне тағылады. Қазақстан Республикасының

мемлекеттік наградалары бар болса, олардан кейiн орналастырылады. Аталған

медальға лентасымен планка кеуденiң сол жағына мемлекеттiк награда

нышандарынан кейiн орналастырылады.

                                            Қазақстан Республикасы

                                                Президентiнiң

                                          2002 жылғы _______________

                                              N _____ Жарлығына

                                                  5-қосымша

           "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагерi"

                         медальмен наградтаудың

                                ЕРЕЖЕСI


 
       1. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң ардагерi" медаль Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен тағайындалады.
      2. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң ардагерi" медалімен қызметi бойынша оң мiнездемесi әрi 25 және одан да көп жалпы қызмет өткерген күнтiзбелiк жылы бар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң әскери қызметшiлерi наградталады.
      3. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң ардагерi" медальмен наградтау туралы өтiнiштердi ұсыну және қарау тәртiбiн Қорғаныс министрі айқындайды.
      4. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң ардагерi" медаль тапсыруды Қазақстан Республикасы Президентiнiң атынан Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, әскери бөлiмдер командирлері, соның iшiнде (әскери басқару органдарының, әскери оқу орындарының) командирлері мен бастықтары, жергілiктi әскери басқару органдарының бастықтары (әскери комиссарлар) жүргiзедi. Наградталушыға медальмен бiрге белгiленген үлгiдегi куәлік тапсырылады.
      5. Әрбiр наградталушыға мерекелік медальмен бiрге белгiленген

 

үлгiдегi куәлiк берiледi.

     6. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң ардагерi" медаль

кеуденiң сол жақ өңiрiне тағылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк

наградалары бар болса, олардан кейiн орналастырылады. Аталған медальға

лентасымен планка кеуденiң сол жақ өңiрiне мемлекеттiк награда

нышандарынан кейiн орналастырылады.

                                            Қазақстан Республикасы

                                                Президентiнiң

                                          2002 жылғы _______________

                                              N _____ Жарлығына

                                                  6-қосымша

             "Мiнсiз қызметi үшiн" медалiмен наградтаудың

                               ЕРЕЖЕСI

     1. "Мiнсiз қызметi үшiн" медалi Қазақстан Республикасы Президентiнiң

Жарлығымен тағайындалады.

     2. "Мiнсiз қызметi үшiн" медалi үш дәрежеден туралы:

     I дәрежелi "Мiнсiз қызметi үшiн" медалi - 20 жыл мiнсiз қызмет

атқарғандарды наградтау үшiн;

     II дәрежелi "Мiнсiз қызметi үшiн" медалi - 15 жыл мiнсiз қызмет

атқарғандарды наградтау үшiн;

     III дәрежелi "Мiнсiз қызметi үшiн" медалi - 10 жыл мiнсiз қызмет

атқарғандарды наградтау үшiн.

     "Мiнсiз қызметi үшiн" медалінің ең жоғары дәрежесi I дәреже.


 
       3. "Мiнсiз қызметi үшiн" медалiмен наградтау төменнен жоғары дәрежеге бiрте-бiрте жүргізiледi. Алдындағы дәрежелi медальмен наградталмағандарға неғұрлым жоғары дәрежедегi медальмен наградтауға рұқсат берiлмейдi.
      4. "Мiнсiз қызметi үшiн" медалiмен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында 10 және одан да көп жыл қызмет өткерген, қызметiнде оң мiнездеме алған және өзiнiң әскери борышын үлгiлi атқарған әскери қызметшілер наградталады.
      5. "Мiнсiз қызметi үшiн" медалiмен наградтау туралы өтiнiштi полк, жеке батальон командирлерi, оларға теңестiрiлген және жоғары тұрған бастықтар әскери бөлiмдердiң (әскери басқару органдарының, мекемелерінің, әскери оқу орындарының) аттестациялау комиссияларының пiкiрiн ескере отырып, жүзеге асырады.
      "Мiнсiз қызметi үшiн" медалiмен наградтауға ұсыну кезiнде әскери қызметшiнiң қызмет өткерген жылдары ағымдағы жылдың 7 мамырындағы жағдайы бойынша есептеледi.
      Әскери қызметшiлердiң қызметi жөнiндегi кемшiлiктердi жоюға дейiн "Мiнсiз қызметi үшiн" медалiмен наградтауға ұсынылмауы мүмкiн себептерiн әскери бөлiмдердің (әскери басқару органдарының, мекемелерiнiң, әскери оқу орындарының) командирлерi әңгiмелесу парағында жазады. Қабылданған шешім әскери қызметшiге және жоғары тұрған кадр органына жеткізіледі.
      6. "Мiнсiз қызметi үшiн" медалiмен наградтауды Қазақстан Республикасы Президентiнiң атынан Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi, Iшкi iстер министрi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасы, Республикалық ұланның қолбасшысы, Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнің бастығы, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегі агенттiгiнiң төрағасы, әскери бөлiмдердiң командирлерi, соның iшiнде (әскери басқару органдарының, мекемелердiң, әскери оқу орындарының) командирлерi мен бастықтары, жергілiктi әскери басқару органдарының бастықтары (әскери комиссарлар) жүргiзедi.
      7. Әрбiр наградталушыға медальмен бiрге белгіленген үлгiдегi куәлiк

 

берiледi.

     8. "Мiнсiз қызметi үшiн" медалi кеуденiң сол жақ өңiрiне тағылады

және "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiне 10 жыл" мерекелiк медалiнен

кейiн дәрежесiнiң өсу тәртiбiне қарай орналасады. Жалпы планкада аталған

медальдiң лентасы "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiне 10 жыл"

мерекелiк медалiнің лентасынан кейiн орналастырылады.


                                            Қазақстан Республикасы

                                                Президентiнiң

                                          2002 жылғы _______________

                                              N _____ Жарлығына

                                                  7-қосымша


          Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері медальдарының

                 сипаттамасы мен куәліктерінің үлгілері


     Куәліктер көлемі 8х11 см алты бетті кітапша болып табылады.

Куәліктердің мұқабасы көгілдір түсті буминильді негізде жасалып, елтаңба

мен жазулар алтын түспен көмкеріліп басылған.

     Куәлік парақтары сутаңбасы бар қағаздан жасалады.

     Куәліктердің нобайлары қоса беріліп отыр.


Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады