Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
"Қазақстан Республикасының K970167_ Қылмыстық кодексін күшіне енгізу туралы" Z970168_ Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
"Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін күшіне енгізу
туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен
толықтыру енгізу туралы
"Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін күшіне енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 15-16, 212-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
4-бапта:
"Осы Кодекстің" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
"бас бостандығын шектеу," деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бас бостандығын шектеу түріндегі жазалар туралы ережелері 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.".
Қазақстан Республикасының
Президенті