Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын түгендеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 12 мамыр N 516. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.06.01. N 490 қаулысымен.

     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. Қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын түгендеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылсын.
     2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын түгендеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекітілсін.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің        
2002 жылғы 12 мамырдағы N 516          
қаулысына қосымша                 

  Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын түгендеу
мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы 

       Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2003.05.26. N  491   қаулысымен.

Тоқаев                    - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
Қасымжомарт Кемелұлы        хатшысы - Қазақстан Республикасының
                            Сыртқы iстер министрi, төраға;

Әбусейiтов                - Қазақстан Республикасының Сыртқы
Қайрат Қуатұлы              iстер бiрiншi вице-министрi,
                            төрағаның орынбасары;

Аманжолова                - Қазақстан Республикасының Сыртқы
Зұлфия Алтайқызы            iстер министрлiгi Халықаралық құқық
                            департаментiнiң директоры, хатшы;

Айсағалиева               - Қазақстан Республикасының Кедендік
София Серiкбайқызы          бақылау агенттiгi төрағасының
                            орынбасары;

Айтжанов                  - Қазақстан Республикасының Ауыл
Дулат Нулиұлы               шаруашылығы вице-министрi;

Ахметжанов                - Қазақстан Республикасының  
Саян Қылышұлы               Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Заң бөлiмi
                            меңгерушiсiнiң орынбасары;

Әшитов                    - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Батыржан Зайырханұлы        халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi;

Баялиев                   - Қазақстан Республикасының Индустрия
Рүстем Ахатханұлы           және сауда министрлiгi Дүниежүзiлiк
                            сауда ұйымына кiру және халықаралық
                            қатынастар департаментiнiң директоры;

Бұқанов                   - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер 
Марат Әбдiхалықұлы          министрлiгiнiң Штаб-департамент
                            бастығы;

Досполов                  - Қазақстан Республикасының Бас
Сергей Долдович             прокуратурасы Халықаралық
                            қатынастар басқармасының, бастығы
                            (келiсiм бойынша);

Дунаев                    - Қазақстан Республикасының Экономика
Арман Ғалиасқарұлы          және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi;

Есенғалиев                - Қазақстан Республикасының Қорғаныс 
Кенжебай Есенғалиұлы        министрi аппараты Халықаралық
                            ынтымақтастық департаментiнiң бастығы;

Жәшiбеков                 - Қазақстан Республикасының
Ғабдулхәкiм Балташұлы       Қаржы полициясы агенттiгi төрағасының
                            орынбасары;

Жолдыбаева                - Қазақстан Республикасы Табиғи
Ғалия Тағыбердiқызы         монополияларды реттеу және
                            бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi
                            агенттiгiнiң Заңнама және тұрғын
                            үй-коммуналдық қатынастарды реттеу
                            департаментi директорының мiндетiн
                            атқарушы;

Iзбанов                   - Қазақстан Республикасының
Мұхит Кәрiмұлы              Көшi-қон және демография жөнiндегi
                            агенттiгi төрағасының орынбасары;

Қанаев                    - Қазақстан Республикасының Бiлiм және
Серiкжан Зиаданұлы          ғылым министрлiгi Әкiмшiлiк
                            департаментiнiң директоры;

Меңсейiтов                - Қазақстан Республикасының Қаржы
Рафхат Сәрсенұлы            министрлiгi Заң қызметi департаментiнiң
                            директоры;

Нигай                     - Қазақстан Республикасы Төтенше
Эдуард Михайлович           жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң Астана
                            қаласындағы жедел топ басшысының
                            орынбасары;

Никитинский               - Қазақстан Республикасының Туризм және
Евгений Сергеевич           спорт жөнiндегi агенттігі төрағасының
                            орынбасары;

Нұрмұхамедов              - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Игорь Хабирович             қауiпсiздiк комитетiнiң Департамент
                            бастығы (келiсiм бойынша);

Пiрiмбетова               - Қазақстан Республикасы Премьер-
Сәуле Марланқызы            Министрiнiң Кеңсесi Сыртқы байланыстар
                            бөлiмiнiң консультанты;

Рябченко                  - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
Олег Григорьевич            ақпарат және қоғамдық келiсiм бiрiншi
                            вице-министрi;

Сағын Халел               - Қазақстан Республикасының Денсаулық
                            сақтау министрлiгi Емдеу-алдын-алу
                            жұмысы департаментiнiң директоры;

Сақыпов                   - Қазақстан Республикасының Көлiк және 
Камалхан Еркешұлы           коммуникациялар министрлiгi Транзиттiк
                            саясат және сыртқы байланыстар
                            департаментiнiң директоры;

Сәрсембаев                - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Қанат Маратұлы              Әкiмшiлiгi Мемлекеттiк-құқықтық
                            бөлiмiнiң аға сарапшысы
                            (келiсiм бойынша);

Сұлтанова                 - Қазақстан Республикасының Статистика
Зұлфия Медетқызы            жөнiндегi агенттiгi Үйлестiру және
                            статистикалық инструментарий
                            департаментiнiң директоры;

Тәджияқов                 - Қазақстан Республикасының Ұлттық
Бисенғали Шамғалиұлы        банкi Төрағасының орынбасары
                            (келiсiм бойынша);

Төлебаев                  - Қазақстан Республикасының Энергетика
Алмас Қашкенұлы             және минералдық pecуpcтap министрлiгi
                            Импорт алмастыру және сыртқы
                            байланыстар департаментiнiң директоры;

Шамсутдинов               - Қазақстан Республикасының
Ринат Шарафутдинович        Әдiлет вице-министрi;

Шәмен                     - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Атамұрат Мұралыұлы          ортаны қорғау министрлiгi Экологиялық
                            саясат департаментiнiң директоры

Қазақстан Республикасы         
Үкіметінің               
2002 жылғы 12 мамырдағы         
N 516 қаулысымен             
бекітілген                 

  Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын түгендеу 
мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже

  1. Жалпы ережелер

       1. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын түгендеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. 
      2. Комиссия өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының   Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің кесімдерін, Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарды, өзге де нормативтік құқықтық кесімдерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады. 
      3. Комиссия Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға кіруіне, мүше болуына және олардан шығуына, сондай-ақ көп жақты халықаралық шарттарға қосылуына қатысты мәселелерді қарамайды. 

  2. Комиссияның негізгі міндеттері 

      4. Комиссияның негізгі міндеттері Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін тиісті ұсыныстар әзірлеу және: 
      1) олардың ұлттық заңнамаға және жүргізіліп жатқан реформаларға сәйкестігі мәнінде Қазақстан Республикасының қазіргі халықаралық шарттарын түгендеу; 
      2) <*>
       Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.05.26. N  491   қаулысымен.

    3. Комиссияның негізгі функциялары 

      5. Комиссия өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес: 
      1) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын іске асыруға байланысты проблемалық мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлейді; 
      2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарға қатысуының орындылығы және қажет болған жағдайда, оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу не халықаралық шарттардың күшін жою туралы мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлейді; 
      3) Қазақстан Республикасының қазіргі халықаралық шарттарына олардың ұлттық мүдделерге, қолданыстағы заңнамаға және республикада жүргізіліп жатқан реформаларға сәйкестігі бөлігінде түгендеу жүргізеді; 
      4) <*>
       Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.05.26. N  491   қаулысымен.

    4. Комиссияның құқықтары 

      6. Оған жүктелген міндеттерді іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшін Комиссия заңнамада белгіленген тәртіппен: 
      1) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын түгендеу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізуге; <*>
      2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарға қатысуының орындылығы және қажет болған жағдайда, оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу не халықаралық шарттардың күшін жою туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізуге; 
      3) қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасы мүдделі мемлекеттік органдарының мамандарын Комиссияның қызметіне қатысуға тартуға; 
      4) халықаралық шарттардың мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының және ұйымдардың өкілдерін Комиссияның мәжілісіне шақыруға және оларды тыңдауға; 
      5) мемлекеттік органдардан және ұйымдардан Комиссияның құзыретіне қатысты мәселелер бойынша қажетті ақпаратты сұратуға құқылы.
       Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.05.26. N  491   қаулысымен.

    5. Комиссия жұмысын ұйымдастыру 

      7. Комиссия мәжілістері қажеттігіне қарай, бірақ оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі болған жағдайда, тоқсан сайын кемінде бір рет өткізіледі. 
      8. Мәжілістің күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша шешім ашық дауыспен қабылданады және егер ол үшін Комиссия мүшелері жалпы санының көпшілік дауысы берілсе, қабылданды деп саналады. Дауыс саны бірдей болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп саналады. Қабылданған шешіммен келіспеген Комиссия мүшесі хаттамаға қоса берілетін ерекше пікірін жазба түрде білдіре алады. 
      9. Комиссия шешімдері ұсынымдық сипатқа ие. 
      10. Өткізілген Комиссия мәжілістерінің нәтижелері бойынша хаттамалары ресімделіп, оларға Комиссия мүшелері қол қояды және олардың құзыретіне орай барлық мүдделі мемлекеттік органдарға жіберіледі.
     11. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
     12. Комиссияның хатшысы Комиссия мәжілісінің күн тәртібі жөнінде ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды және мәжілістердің хаттамаларын ресімдейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады