Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасында мұрағат ісін дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 маусымдағы N 797 P010797_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 21, 268-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында мұрағат
ісін дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасында:
1-бөлімде. Қазақстан Республикасында мұрағат ісін дамытудың 2001-2005
жылдарға арналған бағдарламасының паспорты:
"Қаржыландыру көзі және көлемі" деген жолдағы "142" деген сан
"114,47" деген санмен ауыстырылсын;
6-бөлімде. Қажетті ресурстар мен оларды қаржыландыру көздері:
екінші абзацтағы "142" деген сан "114,47" деген санмен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы "50" деген сан "22,47" деген санмен ауыстырылсын;
8-бөлімде. Қазақстан Республикасында мұрағат ісін дамытудың 2001-2005
жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
реттік нөмірі 3-жолдың "Орындау мерзімі" деген 5-бағанындағы "2002"
деген сан "2004" деген санмен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.