Мемлекеттік қаражатты ұтымды пайдалану және шет елдегі Қазақстан Республикасының меншігіндегі жылжымайтын мүлік объектілерінің тізбесін кеңейту жөніндегі белгіленген жобаларды одан әрі іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Қазақстан Республикасының Түркіменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісінің резиденциясын орналастыру үшін Ашгабат қаласы, Гарашсызлык даңғылы, 15 мекен-жайы бойынша орналасқан ғимаратты (бұдан әрі - Ғимарат) Қазақстан Республикасының меншігіне сатып алу туралы ұсынысы қабыл алынсын.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне 2002 жылға арналған республикалық бюджетте "Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерін орналастыру үшін шет елдерде жылжымайтын мүлік сатып алу" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен Ғимаратты сатып алуға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ақы төленетін күнге белгілеген
бағам бойынша 220000 (екі жүз жиырма мың) АҚШ долларына баламалы сомада
қаражат бөлінсін.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың
мақсатты пайдаланылуын бақылауды заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге
асырсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.