"Қарашығанақгазөнеркәсіп" ашық акционерлік қоғамының конкурстық массасын сатудың ерекше шарттары мен тәртібі туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 17 мамыр N 535

      "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Z970067_ Заңына сәйкес және республикамыздың экономикасы үшін ерекше маңызы бар Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнын әзірлеу жөніндегі өндірістік қызметті қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қарашығанақгазөнеркәсіп" ашық акционерлік қоғамының конкурстық массасын сатудың мыналарды көздейтін ерекше шарттары мен тәртібі белгіленсін:
      1) өндірістің бірыңғай технологиялық циклін қамтамасыз ететін мүліктік кешеннің сатылуын бірыңғай лотпен жүзеге асыру;
      2) бірыңғай лотты сатудың ең төменгі бағасын бірінші және екінші кезектердегі несие берушілер талаптарының, сондай-ақ әкімшілік шығыстардың сомасынан төмен емес етіп белгілеу;
      3) конкурстық массаны сату жоспарын Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігімен келісу.
      2. Мүліктік кешенді сатып алушыны сатып алу-сату шартына енгізу жолымен оған Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнын әзірлеу жөніндегі өндірістік қызметті қамтамасыз ету үшін сатып алынған мүлікті пайдалану жөнінде сатып алушының міндеттемелер қабылдауын көздейтін қосымша талап

 

белгіленсін.

     3. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар

министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен сатып алушының сатып алу-сату

шарты бойынша өз міндеттемелерін орындауын бақылауды жүзеге асыруды

қамтамасыз етсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.    





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады