Психиатрия мен наркология саласында ғылыми зерттеулердің тиісті деңгейде жүргізілуін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Республикалық клиникалық психиатриялық аурухана" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Орталық) болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Орталықтың жарғысына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізсін және оның әділет органдарында қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. <*>
Ескерту. 3)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N
1117
қаулысымен.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі