Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Польша Республикасының Yкiметi арасында Ұйымдасқан қылмысқа және қылмыстардың өзге де түрлерiне қарсы күрестегi ынтымақтастық туралы келiсiм жасасу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 24 мамыр N 566

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Польша Республикасының Yкiметi арасындағы Ұйымдасқан қылмысқа және қылмыстардың өзге де түрлерiне қарсы күрестегi ынтымақтастық туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы - Қазақстан

 

Республикасының Сыртқы iстер министрi Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң атынан көрсетiлген Келiсiмдi жасассын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


     Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Польша Республикасының

       Yкiметi арасындағы Ұйымдасқан қылмысқа және қылмыстардың

        өзге де түрлерiне қарсы күрестегi ынтымақтастық туралы

                                КЕЛIСIМ


     Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Yкiметi мен

Польша Республикасының Yкiметi:

     екi мемлекет арасындағы достық қарым-қатынас пен ынтымақтастықты

дамыту мен нығайтуға ұмтыла отырып,


 
       өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңдарын құрмет тұта отырып және теңдiк, өзара сыйластық пен екi жаққа да пайдалы қағидаттарды басшылыққа ала отырып,
      ұйымдасқан қылмыс пен қылмыстардың басқа да түрлерiнiң таралуына алаңдаушылық бiлдiре отырып,
      ұйымдасқан қылмыстың және қылмыстардың өзге де түрлерiнiң тиiмдi алдын алу және оларға қарсы күрес үшiн құқық қорғау органдарының ынтымақтастығының мәнi зор екендiгiне көз жеткiзе отырып,
      осы органдардың жедел жұмысы мен алдын алу iс-қимылдарының оңтайлы қағидаттарын, нысандарын және тәсiлдерiн әзiрлеуге ұмтыла отырып,
      төмендегiлер туралы келiстi:
 

                                1-бап



 
 
       1. Тараптар ұйымдасқан қылмыстың және қылмыстардың өзге де түрлерiнiң алдын алу бойынша, оларға қарсы күресте және мынадай қылмыс түрлерiн жасаған кiнәлi адамдарды анықтау кезiнде ынтымақтасуға мiндеттенедi:
      1) адамдардың өмiрi мен денсаулығына қарсы;
      2) меншiкке қарсы;
      3) есiрткi құралдары мен психотроптық заттарды дайындауға арналған өсiмдiктердi заңсыз өсiру, осындай құралдар мен прекурсорларды өндiру, оларды заңсыз өңдеу, тасымалдау және олардың айналымы;
      4) терроршылдық және адамдарды кепiлдiкке алу;
      5) қоныс аударушыларды заңсыз әкелу, адамдарды саудаға салу және

 

оларды жезөкшелiкке мәжбүрлеу;

     6) порнографиялық сипаттағы мәтiндердi, фотосуреттердi немесе басқа

да материалдарды дайындау;

     7) қарулардың, оқ-дәрiлердiң, жарылғыш және басқа да қауiптi

заттардың, ядролық және радиоактивтiк материалдардың заңсыз дайындалуы мен

айналымы;

     8) өнер туындылары мен мәдени мұраларды ұрлау;

     9) ақша белгiлерiн, төлем карточкаларын, чектердi және өзге де

есептесу және төлем құжаттарын, бағалы қағаздарды, сондай-ақ басқа да

ресми құжаттарды қолдан жасау және оларды айналымға енгiзу;

     10) заңсыз экономикалық iс-әрекеттер, қылмыстардан, салық

қылмыстарынан түскен кiрiстердi заңдастыру;

     11) мемлекеттік қызметшiлердiң сыбайлас жемқорлығы;

     12) заңмен қорғалатын табиғи ортаға қарсы.

     2. Тараптар осы баптың 1-тармағында санамаланған қылмыстардың өзге де

түрлерi бойынша ынтымақтасуға мiндеттенедi.


                            2-бап


     Осы Келiсiмнiң 1-бабында сөз болып отырған ынтымақтастықты iске асыру

үшiн Тараптар өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес:

     1) бiр-бiрiне мыналарға қатысты ақпарат бередi:

     а) қылмыстық әрекеттерге кiнәлi адамдарға, оларды ұйымдастырушылар

мен қатысушыларға;

     б) кiнәлi адамдар арасындағы қылмыстық байланыстарға;

     в) қылмыстық топтар мен ұйымдардың құрылымына және олардың әрекет

жасау әдiстерiне;

     г) жекелеген кiнәлi адамдар мен олардың топтарына тән

мiнез-құлықтарға;


 
       д) қылмыстың жасалу уақытына, орнына, жасалу тәсiлiне, оның мәнiсi мен ерекшелiктерiне қатысты iстердiң айтарлықтай жай-жапсарларына;
      е) қылмыстық құқықтың бұзылған ережелерiне;
      ж) нақты қылмыстар бойынша Тараптар мемлекеттерiнiң құқық қорғау органдары қабылдаған iс-шаралар мен олар туралы нәтижелерге;
      2) осы Келiсiмнiң 1-бабында санамаланған қылмыстардың жасалуына күдiктi немесе оларды жасағандығы үшiн сот жазасынан жалтарған адамдарды iздестірудi жүзеге асырады;
      3) хабар-ошарсыз кеткен адамдарды iздестiрудi жүзеге асырады, белгiсiз адамдарды сәйкестендiруге байланысты, сондай-ақ мәйiттердi анықтау жөнiнде шаралар қабылдайды;
      4) қажет болған жағдайда, тиiстi жедел-iздестiру iс-шараларын қарастырады және кешiктiрмей орындайды;
      5) қылмысқа қарсы күрес әдiстерi туралы, сондай-ақ қылмыстық әрекеттердiң жаңа нысандары туралы жұмыс тәжiрибесiмен және ақпараттармен алмасады;
      6) қылмысқа қарсы күрес саласындағы заңнамалық кесiмдермен, сондай-ақ

 

криминалистика және криминология саласындағы зерттеу нәтижелерiмен

алмасады;

     7) жасалған қылмысқа байланысты заттар туралы бiр-бiрiне ақпарат

бередi;

     8) Тараптардың келiсiмi бойынша қылмысқа қарсы күреске арналған

техникалық жабдықтар бередi;

     9) кәсiптiк жетiлдiру үшiн, атап айтқанда, криминалистикалық техника

және қылмыстармен күрес әдiстерi саласында сарапшылар алмасуды, кәсiптiк

оқулықтар және осы Келiсiмнiң мәнiсiне қатысты басқа да басылымдармен

алмасуды ұйымдастырады;

     10) Тараптардың келiсiмi бойынша ынтымақтастықтың басқа да нысандары

қабылдануы мүмкiн.


                             3-бап



 
       Тараптар осы Келiсiмнiң 2-бабының 1-тармағында санамаланған ақпараттарға қарамастан, 1-баптың 1-тармағының 3-тармақшасында көзделген мәселелер шеңберiнде:
      1) бiр-бiрiне мыналар туралы ақпарат бередi:
      а) есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымы, сондай-ақ олардың заңсыз айналымына қатысты адамдар туралы;
      б) есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың жасалу, сақталу орындары мен тәсiлдерi, жеткiзуге қолданылатын көлiк құралдары, қозғалыс бағыттары мен жеткiзу орындары туралы;
      2) бiр-бiрiне өсiмдiк тектес және жасанды есiрткi құралдарының психотроптық заттар мен прекурсорлардың жаңа үлгiлерiн бередi;
      3) есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңды айналымын бақылау саласындағы жұмыс тәжiрибесiмен алмасады.
 
                            4-бап
 
      Тараптар жоспарланған және жасалған террорлық актiлер туралы, кiнәлi адамдар iс-әрекетiнiң тәсiлi туралы және Тараптар мемлекеттерiнiң мүдделерiне қатер төндiретiн қылмыстарды жоспарлап отырған немесе жасаған терроршыл топтар туралы ақпараттармен алмасады.
 
                            5-бап
 
      Қоныс аударушыларды заңсыз әкелуге қарсы күрес үшiн Тараптар бiр-бiрiне қылмыстың осы түрiнiң алдын алу және онымен күресу үшiн қажеттi ақпараттарды, ал әсiресе, қоныс аударушыларды заңсыз әкелудi ұйымдастырушылар, мемлекеттiк шекарадан өту үшiн талап етiлетiн

 

құжаттардың үлгілерi, осы құжаттарға қойылатын мөрлер, сондай-ақ визалар

мен рәмiздер түрлерi туралы ақпараттар бередi.


                           6-бап


     1. Мақсаты осы Келiсiмдi орындау болып табылатын барлық байланыстар

тiкелей құзыреттi мемлекеттік органдар немесе олардың уәкiлеттi өкiлдерi

арасында жүзеге асырылады.

     2. 1-тармақта сөз болған құзыреттi органдар мыналар болып табылады:

     Қазақстан Республикасының тарапынан:

     1) Бас Прокуратура;

     2) Iшкi iстер министрлiгi;

     3) Ұлттық қауiпсiздiк комитетi;

     4) Қаржы полициясы агенттiгi;

     5) Мемлекеттік кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi;

     Польша Республикасының тарапынан:

     1) iшкi iстер бойынша құзыретті министр;

     2) қаржы мекемелерiнiң мәселелерi бойынша құзыреттi министр;

     3) жария қаржы мәселелерi бойынша құзыреттi министр;

     4) Мемлекеттi қорғау жөнiндегi басқарма шефы;

     5) Полицияның бас коменданты;

     6) Шекара қызметiнiң бас коменданты;

     7) Бас прокурор;


 
       немесе Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес осы Келiсiммен көзделген ынтымақтастықты орындауға уәкiлеттi кез келген орган.
      3. Құзыреттi органдардың ресми атаулары өзгерген жағдайда, Тараптар ол туралы бiр-бiрiне дипломатиялық арналар бойынша дереу хабарлайды.
 
                             7-бап
 
      1. 6-бапта санамаланған органдар өз құзыреттерi шегiнде осы Келiсiмнiң ережелерiн iске асыру мақсатында ынтымақтастықтың нақты салалары бойынша атқару хаттамаларын жасауға өкiлеттi.
      2. Осы Келiсiмге Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын хаттамалармен ресiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
 
                             8-бап
 
      1. Тараптар құпия берiлетiн ақпараттың қорғалуын қамтамасыз етуге және оны осы Келiсiмдi орындау мақсатында ғана пайдалануға мiндеттенедi.
      2. Осы Келiсiмге сәйкес алынған мәлiметтердi, құжаттаманы және техникалық жабдықты берушi Тараптың жазбаша рұқсатынсыз үшiншi тарапқа бермеуге мiндеттенедi.
      3. Бiр Тараптың беретiн құпия мәлiметiнiң жария болуы ықтимал немесе ол жария болған жағдайда, екiншi Тарап ол оқиға туралы берушi Тарапқа дереу мәлiмдейдi, оқиғаның мән-жайы және оның зардаптары туралы, сондай-ақ мұндай оқиғалардың алдын алу үшiн қабылданған шаралар туралы хабарлайды.
      4. Тараптар өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасы мен қолданыстағы халықаралық шарттарға сәйкес бiр-бiрiне беретiн жеке деректердiң сақталуын қамтамасыз етедi.
 
                            9-бап
 
      1. Егер бiр Тарап осы Келiсiмнiң 2-5-баптарында сөз болып отырған ақпараттарды беру немесе бiрлескен iс-шараларды iске асыру оның мемлекеттiк егемендiгiн, қауiпсiздiгiн немесе құқық тәртiбiнiң қағидаттарын бұзуы мүмкiн деп санаса, ол ынтымақтастықтан толық немесе iшiнара бас тарта немесе осы Келiсiмнiң ережелерiн орындау үшiн қажеттi белгiлi бiр шарттар ұсына алады.
      2. Тараптар бiр-бiрiне сарапшылар алмасуына қатысатын адамдардың

 

аты-жөндерiн бұл iс-шара жоспарланған күнге дейiн екi аптадан кешiктiрмей

беруi тиiс.


                             10-бап


     Осы Келiсiмнiң 6-бабында санамаланған органдар осы Келiсiмнiң мәнi

болып табылатын ынтымақтастықтың тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету үшiн

консультацияларды жүзеге асыруы мүмкiн.


                             11-бап



 
       Осы Келiсiм Тараптардың халықаралық шарттардан туындайтын қылмыстық iстер, экстрадициялау және басқа да мiндеттемелерi бойынша құқықтық көмек туралы ережелердi қозғамайды.
 
                              12-бап
 
      Тараптар осы Келiсiмнiң ережелерiн орындау жөнiндегі шығыстарды өздерiнiң мiндеттемелерiн орындау үшiн қажеттi шегiнде дербес шешедi. Қажет болған жағдайда, Тараптар осы Келiсiм бойынша бiрлескен шығыстарды көтередi, бұл әрбiр нақты жағдай бойынша Тараптардың құзыреттi органдарының шешiмдерiмен анықталады.
 
                              13-бап
 
      1. Осы Келiсiмдi түсiндiруге немесе қолдануға қатысты даулар 6-бапта санамаланған органдар арасында олардың құзыретi шеңберiндегi тiкелей келiссөздер жолымен шешiлетiн болады.
      2. Қажет болған кезде даулы мәселелердi шешу үшiн Тараптардың өкiлеттi өкiлдерiнiң тең санынан тұратын келiсу комиссиясы құрылады. Тараптардың өкiлеттi өкiлдерiнiң қолдары қойылған Келiсу комиссиясы мәжiлiсiнiң хаттамасын Тараптардың құзыреттi органдары орындауға қабылдайды.
 
                             14-бап
 
      Тараптардың құзыреттi органдары осы Келiсiмдi орындауға байланысты мәселелер бойынша өздерiнiң мемлекеттiк тiлiн не орыс тiлiн пайдаланады.
 
                             15-бап
 
      1. Осы Келiсiм Тараптардың осы Келiсiмнiң күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк барлық рәсiмдердi орындау туралы ноталары басқа Тарапқа хабарлаған Тарап соңғы жазбаша хабарламаны алған күнiнен бастап күшiне енедi.
      2. Осы Келiсiм белгiсiз уақытқа жасалады. Оны жазбаша хабар беру

 

жолымен Тараптардың кез келгенi бұза алады. Бұл жағдайда Келiсiм, оны бұзу

туралы нота алынған күннен бастап 6 ай өткен соң күшiн жояды.

     ________ жылғы "___"__________ қаласында әрқайсысы қазақ, поляк және

орыс тiлдерiнде екi данада жасалды, әрi барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.

Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде келiспеушiлiк туындаған жағдайда

Тараптар орыс тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады.


     Қазақстан Республикасының          Польша Республикасының

         Yкiметi үшiн                         Yкiметi үшiн

Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.    







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады