Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасында мұнай транзитi туралы келiсiмге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 29 мамыр N 586

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы мұнай транзиті туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Кәрiм Қажымқанұлы Мәсiмовке Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң атынан Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы мұнай транзитi туралы келiсiмге қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.
      3. "Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының

 

Yкiметi арасындағы мұнай транзитi туралы келiсiмге қол қою туралы"

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 27 қарашадағы N 1529 


P011529_



қаулысының күшi жойылды деп танылсын.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


                                                             Жоба


        Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының

                Yкiметi арасындағы мұнай транзитi туралы

                                КЕЛIСIМ


     Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Yкiметi мен

Ресей Федерациясының Yкiметi,


 
       1993 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы ынтымақтастық және отын-энергетика кешендерiн дамыту туралы келiсiмдi,
      1997 жылғы 25 ақпандағы Қазақстан Республикасының Yкiметі мен Ресей Федерациясының Yкiметі арасындағы мұнай-газ салаларындағы техникалық және экономикалық ынтымақтастық пен интеграция туралы келiсiмдi,
      1996 жылғы 12 сәуiрдегi Магистральды құбыр желiлерi бойынша мұнай мен мұнай өнiмдерiнiң транзитi саласында келiсiлген саясат жүргiзу туралы келiсiмдi, 1998 жылғы 22 қаңтардағы Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң аумағы арқылы транзиттiң бiрыңғай шарттары туралы келiсiмдi, 1999 жылғы 4 маусымдағы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң аумағы арқылы транзит тәртiбi туралы келiсiмдi басшылыққа ала отырып,
      мұнай транзитi саласында бұдан былайғы өзара тиiмдi ынтымақтастықты дамыту мен тереңдетуге мүдделiлiкке сүйене отырып,
      төмендегілер туралы келiстi:
 
                                1-бап
 
      Тараптар өзара пайда негізiнде және бiр-бiрiнiң экономикалық

 

мүдделерiн ескере отырып, құбыр желiсiмен және көлiктiң басқа түрлерiмен

жүзеге асырылатын мұнай транзитi саласында ынтымақтасады.

     Осы Келiсiм Тараптар мемлекеттерiнiң аумақтары арқылы мұнай

транзитiнiң тәртiбiн, шарттарын және жалпы қағидаттарын белгiлейдi.


                               2-бап


     Осы Келiсiмдi iске асыру үшiн Тараптар мынадай құзыреттi органдарды:

     Қазақстан Тарапынан - Қазақстан Республикасының Энергетика және

минералдық ресурстар министрлiгін,

     Ресей Тарапынан - Ресей Федерациясының Энергетика министрлiгiн

тағайындайды.


                               3-бап



 
       Тараптар жұмыс iстеп тұрған көлiк жүйесiмен, соның iшiнде

 

магистральды мұнай құбырлары жүйесiмен, келiсiлген мөлшерде Тараптар

мемлекеттерiнiң аумағы арқылы ұзақ мерзiмдi мұнай транзитiн жүзеге

асырудың кепiлдi мүмкiндiгін бередi.


                               4-бап


     Тараптар магистральды мұнай құбырларының жұмыс iстеп тұрған жүйелерiн

кеңейту және қайта құру жөнiндегі жобаларды, сондай-ақ жаңа экспорттық

бағыттар бойынша, соның iшiнде "Приморск порты" бағыты бойынша мұнай

тасымалының перспективалық жобаларын әзiрлеуге және жүзеге асыруға ықпал

ететiн болады.


                                5-бап



 
       Қазақстан мұнайы транзитiнiң бағыттары және оның мөлшерi Қазақстан Тарабының құзыреттi органының өтiнiмдерi және мұнай тасымалының кестелерi негiзiнде айқындалады.
 
                                6-бап
 
      Ресей Тарабы қазақстан мұнайының транзитiн магистральдық құбырлар жүйесi бойынша Ресей Федерациясының аумағы арқылы жүзеге асыруға кепiлдi түрде мүмкiндiк бередi, ал Қазақстан Тарабы транзит режимiнде осы Келiсiм қолданылатын мерзiм бойына мұнай жеткiзу мүмкiндiгін кепiлдi түрде мынадай мөлшерде қамтамасыз етедi:
      Атырау-Самара мұнай құбырымен - жылына кемiнде 15 млн.тонна;
      Махачкала - Тихорецк - Новороссийск мұнай құбырлары жүйесiмен - жылына кемiнде 2,5 млн.тонна.
 
                              7-бап
 
      Қазақстан Тарабы қолда бар және жаңадан құрылатын магистральды мұнай құбырлары жүйелерiмен Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ресей мұнайының транзитiн кепiлдi түрде жүзеге асыру мүмкiндiгін бередi.
      Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жеткiзiлетiн ресей мұнайының бағыттары және оның мөлшерi Ресей Тарабының құзыретті органы мәлiмдеген мұнай көлемiнiң негізiнде және экспортқа арналған мұнай тасымалының кестелерiмен белгіленетiн болады.
 
                              8-бап
 
      Каспий Құбыр Консорциумының (КҚК) Теңiз - Новороссийск мұнай құбыры бойынша қазақстан мұнайының транзитi жүйенiң техникалық мүмкiндiгіне және "КҚК-Р" жабық акционерлiк қоғамы (Ресей) мен "КҚК-Қ" жабық акционерлiк қоғамы (Қазақстан) шаруашылық жүргiзушi субъектiлерi арасында және

 

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының мұнай жеткiзушiлерiмен

жасалатын шарттарға сәйкес iске асырылады.


                             9-бап


     Тараптар мемлекеттерiнiң аумақтары арқылы транзит режимiнде мұнай

тасымалдау жөнiндегі қызметтер көрсету шаруашылық жүргізушi субъектілерi

арасындағы шарттардың (келiсiм-шарттардың) негiзiнде жүзеге асырылады.


                             10-бап


     Тараптар мемлекеттерiнiң аумақтары бойынша мұнай транзитiн жүзеге

асыру жөнiндегi қызметтерге ақы төлеу Қазақстан Республикасы мен Ресей

Федерациясының атқарушы билiк органдары бекiткен тарифтер бойынша

жүргізiледi.


                             11-бап


     Осы Келiсiмнiң объектiсi болып табылатын құбырлармен және көлiктiң

өзге де түрлерiмен тасымалданатын мұнайға меншiк құқығы шаруашылық

жүргізушi субъектілерi арасындағы шарттарға сәйкес тиiстi жүк

жөнелтушiлерде сақталады.


                             12-бап



 
       Тараптар мемлекеттерiнiң кеден аумақтары арқылы мұнай тасымалдау Қазақстан Республикасының заңнамасына және Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
 
                              13-бап
 
      Қосымша мұнай көлемiнiң транзитi үшiн жобаларды қаржыландыруды ұйымдастыру және Тараптардың бiрiнiң қолда бар мұнай құбыры жүйесiнiң транзиттiк қуаттарын кеңейту кезiнде заем қаражатының қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатында Тараптар тиiстi кезеңге ең аз қажеттi мұнай көлемiнiң жеткiзiлiмiне кепiлдiк бередi.
      Егер транзит үшiн магистральды мұнай құбырлары жүйесiнiң қолда бар қуаттарының мүмкiндiгiнен асып кететiн мұнай көлемi мәлiмделген жағдайда Тараптардың құзыреттi органдары қосымша қуаттарды құру және заем қаражаттарының қайтарылуын қамтамасыз ететiн кезеңге тиiстi мұнай көлемiнiң жеткiзiлiмiне кепiл шарттарын келiседi.
      Осы баптың шеңберiнде қол жеткен уағдаластықтар осы Келiсiмнiң ажыратылмас бөлiгi болып табылатын жеке хаттамалармен ресiмделедi.
 
                             14-бап
 
      Тежеусiз күш жағдаяттарының орын алуы салдарынан транзит үзiлген, қысқартылған немесе тоқтатылған жағдайда Тараптардың құзыреттi органдары бұдан арғы iс-қимылдарын келiсiп алу үшiн тиiстi консультациялар өткiзедi. Тежеусiз күш жағдаяттары орын алған жағдайда осы Келiсiмде белгiленген мiндеттемелерiн орындауы мүмкiн болмайтын Тарап бұл туралы басқа Тарапты үш жұмыс күнi iшiнде хабардар етедi.
 
                              15-бап
 
      Тараптар магистральды мұнай құбырлары объектiлерiндегi табиғи апаттар, авариялық жағдайлар мен алапаттар зардаптарын жою кезiнде мамандар жiберу, материалдық-техникалық ресурстар мен арнайы техника беру жолымен өзара көмек көрсетедi.
      Әр Тарап өздерiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес авариялық-қалпына келтiру бригадаларының шекарадан тосқауылсыз өтуi және магистральды мұнай құбырлары объектiлерiндегi табиғи апаттар, авариялық жағдайлар және алапаттар зардаптарын жоюға пайдаланылатын жабдықтарды, материалдар мен арнайы техниканы уақытша әкелу үшiн Тараптар мемлекеттерiнiң қажеттi

 

шаралар қабылдауын қамтамасыз етедi.


                            16-бап


     Осы Келiсiм шеңберiндегі ынтымақтастық Қазақстан Республикасы мен

Ресей Федерациясы қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық шарттар

мен уағдаластықтар бойынша мiндеттемелерiн орындауына нұқсан

келтiрмейтiндей етiп жүзеге асырылады.


                            17-бап


     Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру мен қолдануға қатысты Тараптар

арасындағы даулар өзара консультациялар мен келiссөздер жүргiзу арқылы

шешiлетiн болады.


                            18-бап



 
       Осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгізу Тараптардың келiсiмi бойынша жүзеге асырылады және осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын жекелеген хаттамалармен ресiмделедi.
 
                             19-бап
 
      Осы Келiсiм оған қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және 15 жыл бойына қолданылады. Оның күшi келесi бес жыл кезеңге өздігінен ұзартылып отырады. Осы Келiсiмнiң күшi Тараптардың бiрi басқа Тараптан осы Келiсiмнiң қолданылуын тоқтату ниетi туралы жазбаша хабарлама алған күнiнен бастап 12 ай өткеннен кейiн тоқтатылуы мүмкiн.

 

     Осы Келiсiмнiң күшi тоқтатылғаннан кейiн оның ережелерi, Тараптарда

оны тоқтатуға дейiн туындаған мiндеттемелер толық орындалғанға дейiн

қолданылатын болады.

     _______ жылғы "____"_______ ________ қаласында орыс және қазақ

тiлдерiнде екi түпнұсқа данада жасалды және екi мәтiннiң де күшi бiрдей.

Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда

Тараптар орыс тiлiндегі мәтiнге жүгінетiн болады.


     Қазақстан Республикасының            Ресей Федерациясының

     Yкiметі үшiн                         Yкiметi үшiн


Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады