"Инвестициялар мен Экспорттық несиелендiрудi сақтандыру жөнiндегi Ислам Корпорациясы Құрылтай шартының Баптарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 14 маусым N 643

 


     Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

     1. "Инвестициялар мен Экспорттық несиелендiрудi сақтандыру жөнiндегi

Ислам Корпорациясы Құрылтай шартының Баптарын бекiту туралы" Қазақстан

Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi

Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзілсiн.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі

                                                                Жоба


                       Қазақстан Республикасының Заңы

     Инвестициялар мен Экспорттық несиелендіруді сақтандыру жөніндегі

              Ислам Корпорациясы Құрылтай шартының Баптарын

                              бекіту туралы


     1992 жылғы 19 ақпанда Трипольда жасалған Инвестициялар мен Экспорттық

несиелендіруді сақтандыру жөніндегі Ислам Корпорациясы Құрылтай шартының

Баптары бекітілсін.

     Қазақстан Республикасының

         Президенті

                ИНВЕСТИЦИЯЛАР МЕН ЭКСПОРТТЫҚ НЕСИЕЛЕНДІРУДІ

                  САҚТАНДЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ИСЛАМ КОРПОРАЦИЯСЫ

                         ҚҰРЫЛТАЙ ШАРТЫНЫҢ БАПТАРЫ    

     Осы Шарттың тараптары болып табылатын мемлекеттер және Ислам Даму

Банкi,


 
       Ұйымның Жарғысында көрсетілгендегідей, Ислам Конференциясы Ұйымы мақсаттарының бiрi экономикалық және әлеуметтiк салалардағы мемлекеттер-мүшелердiң арасындағы ынтымақтастықты дамыту және қолдау болып табылатынын ескере отырып;
      Ислам принциптерi мен идеясының негiзiнде Ислам Конференциясы Ұйымы мемлекеттерi-мүшелерiнiң арасындағы қарым-қатынастарды нығайтуды тiлей отырып;
      Дамытуға олардың жiгерiн нығайту және ықпал ету мақсатында капиталдың қозғалысын ынталандыруға және Ислам мемлекеттерінiң арасындағы сауда қарым-қатынастарының көлемiн арттыруға талпына отырып;
      Мыналарды:
      (а) Шариғаттың ережелерiне сәйкес аталған Шарттың тараптары болып табылатын мемлекеттердiң аумағында инвестициялардың сақтандырылуын қамтамасыз етудi өзiне алу үшiн Ұйым Ислам Даму Банкi арқылы Ислам Инвестицияларды кепiлдендiру институтын құруды көздейтiн Ислам Конференциясы Ұйымы мемлекеттерi-мүшелерiнiң арасындағы инвестицияларды қолдау, қорғау және кепілдендiру туралы шарттың 15-бабын;
      (b) Ислам мемлекеттерінің коммерциялық және коммерциялық емес тәуекелдерге қарсы жасасқан сауда мәмілелерiн қорғау жөніндегi экспорттық-несиелiк сақтандыруды жүзеге асыру тетiгiн Шариғаттың ережелерiне сәйкес құру жөнiндегi Хижра бойынша 1410 жылы Сафар айында

 

Түркия Республикасы, Стамбулда оның Бесiншi Сессиясын өткiзу уақытында

Ислам Конференциясы Ұйымының Сауда және Экономикалық Ынтымақтастық

(СОМСЕС) жөнiндегi Тұрақты Комитетi ұсынған кепiлдіктердi;

     назарға ала отырып,

     мына төмендегілер туралы келісті.

     І ТАРАУ. МЕКЕМЕ, АНЫҚТАМАЛАР, МӘРТЕБЕСI, БАС ОФИС, МАҚСАТТАРЫ МЕН

              МIНДЕТТЕРI, МYШЕЛIК

     1-бап. Мекеме


     Осы Шарттың ережелерiне сәйкес Ислам Даму Банкiнің корпоративтiк

бөлiмшесiне бағынышты болып табылатын Корпорация "Инвестициялар мен

Экспорттық Несиелердi Сақтандыру Ислам Корпорациясы" (бұдан әрi

"Корпорация") толық атауымен құрылады.

     2-бап. Анықтамалар


     Осы шартта, егер контексте басқа көзделмесе, төменде келтiрілген

сөздер мен терминдер мынадай мағынаны бiлдіредi:


     Ұйым:              Ислам Конференциясының ұйымы.

     Банк:              Ислам Даму Банкі.

     Мемлекет-мүше:     Осы Шарттың тарапы болып табылатын ұйымның        

                        мемлекеті-мүшесі.

     Мүшелер:           Банк және Мемлекеттер-мүшелер.

     Экспорттық несие:  Экспорттық несиеге жататын несие.

     Келген елі:        аумағында инвестициялар сақтандырылған немесе     

                        қайта сақтандырылған, не болмаса аумағында        

                        Корпорация сақтандыруды немесе қайта сақтандыруды 

                        өткiзудi ұйғарып отырған мемлекет-мүше; сондай-ақ 

                        аумағына сақтандырылған немесе қайта              

                        сақтандырылған несиелердiң есебiнен               

                        қаржыландыратын тауарлар, не болмаса          

                        Корпорация сақтандыруға және қайта сақтандыруға   

                        ұсынатын тауарлар импортталатын Мемлекет-мүше.

     Инвестицияларды    осы Шарттың 17-бабында анықталған инвестициялар 

     сақтандыру:        үшін, осы Шарттың 19-бабының (2) тармағында       

                        белгiленген тәуекелдерге, не осы Шарттың          

                        19-бабының (3) тармағына сәйкес директорлар Кеңесi

                        өтеу үшiн мақұлдаған тәуекелдерге қарсы Корпорация

                        қамтамасыз ететiн сақтандыру өтемi.

     Экспорттық-        Корпорация экспорттық несиелер үшiн осы Шарттың

     несиелiк           19-бабының (1) және (2) тармақтарында анықталған

     сақтандыру:        тәуекелдерге, не осы Шарттың 19-бабының (3)       

                        тармағына сәйкес Директорлар Кеңесi өтеу үшiн     

                        мақұлдаған тәуекелдерге қарсы қамтамасыз ететiн   

                        сақтандыру өтемi.

     Сақтандыру         Инвестицияларды сақтандыру шарттары не

     (шарттары):        экспорттық несиелендiрудi сақтандыру шарттары.

     Қайта сақтандыру   Сақтандыру шартына, не Корпорация сақтандырған

     шарты (шарттары):  немесе қайта сақтандырған тәуекелдердi беру үшiн  

                        Корпорациямен жасасқан Қайта сақтандыру шартына   

                        қатысты Корпорацияның қайта сақтандыруды          

                        қамтамасыз етуі.

     Сақтандырушы:      жеке немесе заңды тұлға немесе осы Шарттың 

     (Полистiң          ережелеріне сәйкес Корпорациямен Сақтандыру шартын

     ұстаушысы)         жасасатын тұлғалар.

     Сақтандырушының    Корпорация Басқарушыларының Кеңесі.

     елi:

     Директорлар        Корпорацияның Директорлар Кеңесі.

     Кеңесi:

     Президент:         Корпорацияның Президенті.

     Ислам динары:      Мөлшерi Халықаралық Валюта Қоры қабылдаған Қарыз  

                        алудың арнайы құқығының бiр көрсеткiшiне баламалы 

                        Корпорацияның есеп айырысу бiрлiгі.

     3-бап. Мәртебесi


     Осы Шарттың 1-бабының ережелерiн ескере отырып, Корпорация толық

заңды құқық қабiлетi бар, атап айтқанда:

     (а) шарттар жасасуға;

     (b) жылжитын және жылжымайтын мүлiктi сатып алуға және иелiк етуге;

     (с) заң рәсiмдерiн белгiлеуге құқығы бар Халықаралық ұйым болып

табылады.

     4-бап. Корпорацияның офисi


     (1) Корпорацияның бас офисi Сауд Аравиясы, Джидда қаласында.

     (2) Корпорация өзiнiң агенттiктерiн немесе филиалдарын басқа

орындарда аша алады.

     5-бап. Мақсаттары мен мiндеттерi



 
       (1) Корпорацияның мақсаты сауда қарым-қатынастарының ауқымын кеңейту және Ислам мемлекеттерiнің арасындағы капиталдың қозғалысын арттыру болып табылады.
      (2) Өз мақсаттарына жету үшiн Корпорация осы шарттың 19-бабының (1) және (2) тармақтарында санамаланған тәуекелдер, не осы шарттың 19-бабының 3-тармағына сәйкес Директорлар Кеңесi анықтаған тәуекелдер басталуының нәтижесінде шығындар туындаған кезде сақтандырушыға қолайлы сыйақы төлей отырып, осы Шарттың 16-бабында белгiленген талаптарға жауап беретiн тауарларды Шариғаттың принциптерiне сәйкес экспорттық-несиелiк сақтандыруды немесе қайта сақтандыруды ұсынады.
      (3) Құрылғаннан кейiн өзiне қолайлы уақытта Корпорация Шариғаттың принциптерiне сәйкес Мүшелер осы Шарттың 19-бабының (2) тармағында санамаланған тәуекелдерге, не болмаса осы шарттың 19-бабының (3) тармағына сәйкес Директорлар Кеңесi анықтаған тәуекелдерге қарсы Мемлекеттерде-мүшелерде жүзеге асыратын инвестицияларды сақтандыруды және қайта сақтандыруды ұсынады.
      (4) Корпорация өз мақсаттарына жету үшiн қажеттi немесе қолайлы деп есептейтін өкiлеттiктердi жүзеге асырады. Өздерiнiң барлық шешімдерiнде Корпорация осы баптың ережелерiн басшылыққа алады.
 
      6-бап. Мүшелiк
 
      (1) Құрылтайшылары-мүшелерi Банк және осы шарттың 61-бабында белгіленген күнi немесе күнiне дейiн осы Шартқа қол қойған және мүшелiкке енудiң барлық басқа да шарттарын орындаған, осы Шарттың "А" қосымшасында санамаланған Ұйымның Мемлекеттерi-мүшелерi.
      (2) Ұйымның мүшесi болып табылатын кез келген басқа мемлекет барлық Мүшелер дауыстарының жалпы санының көпшiлiгiмен берiлетiн Басқарушылар жалпы санының көпшiлiк дауыстарымен дауыс беру жолымен анықталуы мүмкін шарттарда осы Шарт күшiне енгеннен кейiн өтiнiм бере және Мүше ретінде жiберiле алады.
      (3) Ұйымның мүшесi болып табылатын мемлекет осы Шарттың 62-бабында анықталған жағдайларды қоспағанда, өз атынан осы Шартқа қол қою және осы Шартқа қатысты барлық мәселелер бойынша оны білдіру үшін тұлғаға немесе агентке уәкілеттік бере алады.
 
      ІІ ТАРАУ. ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРI
 
      7-бап. Корпорацияны қаржыландыру көздері
 
      Корпорацияны қаржыландыру көздері мыналардан тұрады:
      (а) Корпорацияның жарғылық (акционерлiк) капиталына жарналар,
      (b) сақтандыру жөніндегі өтемақыларды төлеу үшін Корпорация талап ететін сома мөлшерінде Полистерді ұстаушылардың Корпорацияға төлейтін сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша жарналар,
      (с) ақшалай сома және сақтандыру жөніндегі өтемақыны төленгеннен кейін оған қатысты Корпорация құқықтық мирасқор болатын басқа активтер,
      (d) Корпорацияның активтерін инвестициялық салудан кіріс.
 
      8-бап. Жарияланған жарғылық капитал
 
      (1) Корпорацияның жарияланған жарғылық капиталы осы Шарттың 9-бабының ережелеріне сәйкес әрбіреуі олардың Мүшелері сатып алу үшін қол жеткізілімді болатын номиналдық құны 1000 (мың) Исламдық динармен 100,000 (жүз мың) акцияға бөлінген 100,000,000 (жүз миллион) Ислам динарын құрады.
      (2) Жарияланған жарғылық капиталдың мөлшері барлық Мүшелер дауыстарының жалпы санының кемінде төрттен үші беретін Басқарушылардың жалпы санынан дауыстардың үштен екісінің дауыс беру жолымен ол қолайлы деп есептейтін мерзімде және жағдайларда Басқарушылар Кеңесінің шешімімен арттырылуы мүмкін.
 
      9-бап. Капиталды қалыптастыру және акцияларды бөлу
 
      (1) Банк осы шарттың 10-бабының (1) тармағына сәйкес оларды сатып алу үшін Корпорацияның 50,000 (елу мың) акциясына қол қояды.
      (2) Әрбiр Мемлекет-мүше акцияларды сатып алу жолымен Корпорацияның жарғылық капиталына жарна төлейді және Мемлекет-мүше сатып алатын акциялардың ең аз мөлшері 250 (екi жүз елу) акция болып табылады.
      (3) Әрбiр Мемлекет-мүше осы Шарттың 61-бабының (1) тармағында анықталған мерзім басталғанға дейін олар сатып алған акциялардың саны туралы хабарлауы тиіс.
      (4) Осы баптың (2) тармағының ережелерiн ескере отырып, осы Шарттың 6-бабының (2) тармағына сәйкес мүшелікке қабылданған мемлекет Басқарушылар Кеңесі анықтаған Корпорацияның төленбеген акцияларының санын сатып алады.
      (5) Егер Басқарушылар Кеңесi жарғылық капиталды арттыру өтемдi әрекет деп есептесе, онда Басқарушылар Кеңесi анықтаған мерзiмде және жағдайларда бұл ретте жоғарыда айтылған жағдайлар кез келген арттыруға және осы баптың (4) және (6) тармақтарына сәйкес тек Басқарушылар Кеңесi белгілеген талаптарды орындау үшiн ғана жүзеге асырылған жарғылық капиталдың мөлшерiн кез келген бөлiгiн арттыруға қатысты қолданылмайтынын ескере отырып, осындай арттыруды жүйеге асыру сәтiне дейiн жарғылық капиталға олар бұрын енгiзген жарна мөлшерiнiң үйлесiмiне тең жарғылық капиталдың арттыру үйлесiмiне жарна енгiзуге тиiстi мүмкiндiгi болады.
      (6) Басқарушылар Кеңесi барлық Мүшелердiң жалпы санының көпшiлiгi беретiн Басқарушылардың жалпы санының көпшiлiк дауысымен дауыс беру негiзiнде Мүшенiң сұрауы бойынша Басқарушылар Кеңесi анықтаған жағдайларда Корпорацияның жарғылық капиталына осы мүшенiң салым үлесiн арттыра алады.
      (7) Құрылтайшылар-мүшелер төлейтiн акциялар номиналдық құны бойынша шығарылады. Әрбiр басқа Мүше номиналдық құнынан төмен емес баға бойынша Басқарушылар Кеңесi анықтайтын акцияның сол санын және сол шарттарда сатып алады.
 
      10-бап. Жарғылық капиталға жарналарды төлеу
 
      (1) Корпорацияның жарғылық капиталының Банкке тиесiлi үлесiн төлеу осы Шарт күшіне енгеннен кейiн 30 (отыз) күннiң iшiнде айырбасталымды валютада жүзеге асырылады.
      (2) Мүше-мемлекеттердiң атынан құрылтайшылардың акцияларын төлеу былайша жүзеге асырылады:
      (а) әрбiр акция құнының 50%-ы (елу пайызы) Корпорация үшін қолайлы айырбасталымды валютада екi тең бөлiкпен қолма-қол ақшамен төленедi, оның бiрiншiсi бекiту грамотасын немесе белгiлi бiр Мүше-мемлекеттiң тарапынан бiрi туралы құжатты сақтауға бергеннен кейiн 30 (отыз) күн iшiнде төленедi; екiншi бөлiгi бiрiншi бөлiк төленгеннен кейiн екі айдан аспайтын кезеңнiң iшiнде төленедi.
      (b) Корпорация төленбеген капиталдың қалған бөлiгi бойынша талаптарды өзiнiң мiндеттемелерiн орындау үшiн оған қажет болатын жағдайда және мерзiмдерде Корпорация үшiн қолайлы еркін айырбасталымды валютада қоятын болады.
      (с) Төленбеген капиталдың кез келген бөлігi бойынша талаптар барлық акциялар үшiн бiрдей болуы тиiс.
      (d) Егер талап ету бойынша Корпорация алған сома талап етудiң қажеттiлiгiн туындатқан оның мiндеттемелерiн орындау үшiн жеткiлiксiз болса, Корпорация жиынтық түсiмдердiң мөлшерi осы мiндеттемелердi орындауға жеткiлiктi болғанға дейiн капиталдың төленбеген бөлiгiн төлеу жөнiнде қосымша талаптар қоюы мүмкiн.
      (3) Корпорация осы бапта сипатталған төлеудің кез келген тәсiлi үшiн орынды белгiлейдi. Егер өзгеше көзделмесе, осы баптың (2) тармағының (а) тармақшасында сипатталған шарттар бойынша акцияларды төлеу банк анықтауы мүмкiн орында жүргiзiлетiн болады.
 
      11-бап. Өтеулер
 
      (1) Корпорация Мүше-мемлекеттерге талаптар бойынша жарғылық капиталға төленген соманы мүмкiндiгiнше жылдам қайтарады.
      егер
      (а) Сақтандыру немесе қайта сақтандыру шартынан туындайтын, Сақтандырушылардың активтерi жауап бермейтiн наразылықтар бойынша ақы төлеу үшiн осы талап қойылатын болады, сондықтан да Корпорацияның осындай наразылықтың сомасына еркiн айырбасталымды валютада толық немесе iшiнара өтемi болуы тиiс;
      немесе
      (b) Мүше-мемлекет жiберген ақы төлеу жөнiндегi кешiктiру негiзiнде талап қойылатын болады, соның салдарынан осындай Мүше-мемлекет ақы төлеу жөнiндегi кешiктiрудi толық немесе iшiнара жоюға тиiс болады;
      немесе
      (с) Басқарушылар Кеңесi дауыстардың жалпы санының кемiнде үштен екiсi санымен дауыс беру негiзiнде Корпорацияның қаржылық жағдайы оған осы соманы толық немесе iшiнара қайтаруға мүмкiндiк беретiнiн анықтайды.
      (2) Осы баптың негiзiнде Мүше-мемлекеттiң пайдасына жүзеге асырылатын кез келген қайтару осындай қайтару басталғанға дейiн талаптарға сәйкес төленген жалпы сомаға Мүше-мемлекет жүзеге асыратын төлемдер үйлесiмiмен еркiн айырбасталымды валютада жүзеге асырылатын болады.
      (3) Осы баптың негiзiнде Мүше-мемлекетке өтелген сомаға тең сома Мүше-мемлекеттiң 10-баптың (2) тармағының (b) тармақшасының негiзiнде жарғылық капиталға төлеуге жататын мiндеттемелерiнiң бөлiгiне айналады.
 
      12-бап. Жарғылық капиталға жататын шарттар
 
      (1) Акциялар қандай да болмасын кез келген нысанда негiзделуi немесе оларға борышпен ауыртпалық түсуi мүмкiн емес және VІ тараудың ережелерiне сәйкес Корпорациядан басқа ешкiмге беру мүмкiн емес.
      (2) Осы Шарттың ережелерiне сәйкес Мүшелердiң жауапкершiлiгi жарғылық

 

капиталға төленбеген соманың шегiнде шектеледi.

     (3) Өзiнiң мүшелiгiне қарамастан, бiр де бiр Мүше үшiншi тараптарға

қатысты Корпорацияның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.

     13-бап. Капиталға қатысты iс-қимылдан туындайтын мiндеттемелер мен

             құқықтар


     (1) Құрылтайшы шығыстар жарғылық капиталдың қаражатынан емес,

Сақтандырушылар Қорының жинақтаулары есебiнен қайтарылатын заем арқылы

төленедi.

     (2) Жарғылық капитал Сақтандырушылар Қорында пайда болатын кез келген

жинақтаулар бойынша бөлуге жатпайды.

     (3) Сақтандырушылар Қорындағы қаражаттың кез келген жетiспеуi

Сақтандырушылар Қорының жинақтаулары есебiнен қайтарылатын заем арқылы

өтеледi.

     ІІІ ТАРАУ. КОРПОРАЦИЯНЫҢ ҚЫЗМЕТI

     14-бап. Ресурстарды пайдалану


     Корпорацияның ресурстары мен мүлкі Корпорацияның осы Шарттың

5-бабында анықталған мақсаттары мен мiндеттерiне қол жеткiзу үшiн ғана

пайдаланылатын болады.

     15-бап. Корпорацияның қызметіне жататын ережелер


     (1) Өз қызметiн жүзеге асыру үшiн Корпорация:


 
       (а) қандай да бiр тәуекелдердi немесе Корпорация сақтандырған немесе қайта сақтандырған тәуекелдердi заттандыру кезінде Сақтандырушылардың кез келгенiне келтiрілуi мүмкiн шығындарды ұжымдық өтеу арқылы Сақтандырушылардың өзара ынтымақтастығына қол жеткiзу үшiн барлық күштерiн салады;
      (b) Басқарушылар Кеңесi анықтауы мүмкiн шарттардың негiзiнде сақтандыру және қайта сақтандыру операцияларын жүргiзу кезiнде жинақталуы мүмкiн кiрiстi Сақтандырушылар арасында бөледi;
      (с) бизнесте белгiленген iс-тәжiрибеге сәйкес тұрақты қаржылық жағдайды қолдау үшiн тиiстi негiзде әрекет етеді.
      (2) Егер түпнұсқа мәтiн бойынша өзгеше түсiнiлмесе, осы Шарттың сақтандыру жөнiндегi операцияларға жататын барлық ережелерi Корпорация жүзеге асыратын сақтандыру жөнiндегi операцияларға да қатысты болады.
 
      16-бап. Сақтандыруға жататын экспорттық несиелендiру
 
      Мүше-мемлекеттен басқа Мүше-мемлекетке экспортталатын тауарларға жататын барлық Экспорттық несиелер мынадай жағдайда:
      (а) Несиелендiру мәнi болып табылатын тауарлар өзiнен осы тауарлар экспортталған негiзделген үстеме құн Мүше-мемлекетке қайтарылатын жағдайда, толық немесе iшiнара өндiрiлуi және шығарылуы, бiр немесе бiрнеше Мүше-мемлекетте жинақталуы немесе өңделу тиiс болса. Директорлар Кеңесi кейде тауарлардың түрлерi мен айрықшалығын анықтайтын нұсқаулықтар шығарады, оларға сәйкес Корпорация Экспорттық несиелердi және осы тауарлар өндiрiлген, шығарылған, өңделген немесе жинақталған Мүше-мемлекетке қайтарылуы тиiс үстеме құнның ең төмен мөлшерiн сақтандыра алады.
      (b) Егер Директорлар Кеңесi басқаша анықтамаса, несие мерзiмi бес жылдан аспайтын болса сақтандыруға жатады.
 
      17-бап. Сақтандыруға жататын инвестициялар
 
      (1) Сақтандыруға жататын инвестицияларға кәсiпорындарға, олардың филиалдарына және агенттіктерiне тiкелей инвестицияларды қоса алғанда, Мүше-мемлекеттердiң аумағында Мүшелер не Мүше-мемлекеттердiң азаматтары жүзеге асыратын барлық инвестициялар; кәсiпорындардың акционерлiк капиталына инвестициялар, оның iшiнде осы кәсiпорындардағы акционерлер берген не кепiлдiк берген заемның негiзгi сомасы; сондай-ақ директорлар Кеңесi сақтандыруға жатады деп танитын тiкелей инвестициялаудың басқа да барлық нысандары жатады.
      (2) Қайта сақтандыру жөнiндегі операцияларды қоспағанда, сақтандыру Корпорация сақтандыруға арналған өтiнiмдердi тiркегеннен кейiн жүзеге асырылуы басталатын инвестициялар үшiн шектелетiн болады. Мұндай инвестициялар:

 

     (а) инвестицияларды жетiлдiру, кеңейту немесе дамыту мақсатында

жүзеге асырылған шетелдiк валютаны аударуды, және

     (b) Келген елiнен тыс жерлерге аударылуы мүмкiн инвестициялардан

алынатын кiрiстi пайдалануды қамтуы мүмкiн.

     (3) Коммерциялық негізде жүзеге асырылатын жеке, мемлекеттiк немесе

аралас инвестициялар Корпорацияның сақтандыруына жатады.

     18-бап. Корпорацияның қызметтерiн алу құқығы


     (1) Мынадай субъектiлердiң:

     (a) Банктiң,

     (b) кез келген жеке тұлғаның - Келген елi болып табылмайтын

Мүше-мемлекет азаматының, және


 
       (с) акцияларының немесе үлестерiнiң көпшiлiгі бiр немесе бiрнеше Мүшеге не азаматқа немесе бiр немесе бiрнеше Мүше-мемлекеттердің азаматына немесе азаматтарына тиесiлi және бас офисi Мүше-мемлекеттiң аумағында орналасқан кез келген заңды тұлғаның Корпорацияның қызметтерiн алуға құқығы бар.
      (2) Осы Шарттың 16 және 17-баптарын сақтаумен және осы баптың алдыңғы тармақтарының ережелерiне қарамастан, Директорлар Кеңесiнiң қаулысымен заңды тұлға, егер оның бас офисi Мүше-мемлекеттен аумағында орналаспаса да осындай заңды тұлға кемiнде елу пайызға бiр немесе бiрнеше мүшеге не бiр немесе бiрнеше Мүше-мемлекеттердiң азаматына немесе азаматтарына не осы баптың (1) тармағына сәйкес Сақтандыру немесе қайта сақтандыру шартының құқық қабiлетi қатысушылары болуы мүмкiн заңды тұлғаларға тиесiлi болған жағдайда, Сақтандыру немесе қайта сақтандыру шартының қатысушысы ретiнде жіберілуi мүмкiн.
      (3) Директорлар Кеңесi Келген елдiң азаматы болып табылатын жеке тұлғаға не Келген ел аумағында тiркелген немесе капиталының едәуiр бөлiгi оның азаматтарына тиесілi заңды тұлғаға сақтандыру құқығын қолдана алады, егер
      (а) сақтандыруға сұрау салу Келген елден және сақтандыруға өтiнiш беруден бiрлескен болып табылса, және
      (b) сақтандыруға жататын активтер Келген елден тыс жерлерге аударылған немесе аударылатын болса.
      (4) Егер сақтандыруға өтiнiш берушiнiң бiрден артық азаматтығы болса, онда Мүше-мемлекеттiң азаматтығы мүше болып табылмайтын Мемлекеттiң азаматтығынан басым болуы тиiс, Келген елiнiң азаматтығы кез келген басқа Мүше-мемлекеттiң азаматтығынан басым болады.
 
      19-бап. Өтелген тәуекелдер
 
      (1) Корпорация коммерциялық тәуекелдердiң мынадай түрлерiнiң бiрi:
      (а) сатып алушының дәрменсiздiгi немесе банкроттығы,
      (b) мiндеттемелердi орындаудан бас тарту немесе сатып алушының сатып алу-сату шартын бұзуы не сатушының сатып алушыға қатысты барлық өзiнiң мiндеттемелерiн орындағанына қарамастан оның тауарларды жеткiзiп беруден бас тартуы немесе қабiлетсiздiгi,
      (с) сатып алушының сатушыға сатып алынған зат үшiн ақы төлеуден бас тартуы немесе сатушының сатып алушыға қатысты барлық өзiнiң мiндеттемелерiн орындағанына қарамастан оның мұны iстеуге қабiлетсiздiгі басталуы нәтижесiнде болған шығындарға қарсы тиiстi Экспорттық несиелердi өтей алады.
      (2) Корпорация тиiстi Экспорттық несиелердi, сондай-ақ төменде санамаланған коммерциялық тәуекелдердiң бiрi немесе бiрнешеуi басталуы нәтижесiнде болған шығындарға қарсы тиiстi инвестицияларды өтей алады:
      (а) Валюта аудару
      Келген елi немесе Сақтандырушының мемлекетi үкіметiнiң осындай айырбастауды жүзеге асыруға осындай Сақтандырушының өтінiмi бойынша парасатты мерзiм iшiнде әрекет етуден бас тартуын немесе қабiлетсiздiгiн қоса алғанда, Келген елi немесе Сақтандырушының мемлекетi үкiметiнiң Келген елден немесе Сақтандырушының мемлекетiнен тыс жерлерге белгiлi бiр жергiлiктi валютаны еркiн айырбасталымды валютаға не Сақтандырушы үшiн қолайлы басқа валютаға ауыстыруға шектеудi кез келген енгiзуi; сондай-ақ Келген елiнiң, немесе Сақтандырушы мемлекетiнің өкiмет органдарының айырбастау кезеңінде Сақтандырушыға қатысты тең құқықтан айырмайтын болып табылатын валютаның айырбас бағамын енгiзуi.
      (b) Экспроприация және ұқсас шаралар
      Келген елінің немесе Сақтандырушы мемлекетiнің үкіметі тiкелей немесе Сақтандырушыны оның меншік құқығынан не оның Экспорттық несие есебінен сатылған инвестициялары мен тауарларын немесе олардың аумақтарындағы экономикалық қызметті реттеу мақсатында үкімет әдетте пайдаланатын жалпы қолданыстағы кемсітпейтін шараларды қоспағанда, белгілі бір инвестициялардан немесе белгілі бір тауарлардан туындайтын оның мүдделерін бақылау құқығынан айыруға өкілеттігі бар агент арқылы жасаған кез келген заңнамалық немесе әкімшілік іс-қимыл немесе жіберілген қате. Осындай сипаттағы шараларға осы тауарлар тиелгеннен кейін Келген елінің Корпорация сақтандырған Экспорттық несиелендірудің мәні болып табылатын тауарлар импортына арналған лицензияны жою; Келген елінің оның аумағында тауарларды әкелуге рұқсат беруден бас тартуы; сондай-ақ тауарлар транзитіне рұқсат беруден бас тарту не Корпорацияның Мүшесі болып табылатын транзиттік мемлекеттің осындай тауарды тәркілеуі немесе тұтқынға алуы жатады.
      (c) Шартты бұзу
      егер (а) Сақтандырушы міндеттемелерді орындаудан бас тарту немесе шарттың ережелерін бұзу себебі бойынша өз наразылықтарын қанағаттандыру үшін сотқа немесе төрелік сотқа өтініш жасамаса не (b) осындай қарау шешімін орындау Корпорацияның нұсқаулықтарына сәйкес Сақтандыру шартында көзделген тиісті кезеңде жүзеге асырылмаса не (c) осындай шешім орындалмаса, Келген елі немесе Сақтандырушының мемлекеті үкіметінің тарапынан міндеттемелерді орындаудан кез келген бас тарту немесе Сақтандырушымен жасалған шарттың ережелерін бұзу; және
      (d) Соғыс және азаматтық тәртіпсіздіктер
      Келген елі, Сақтандырушының мемлекеті не Корпорацияның Мүшесі болып табылатын транзиттік мемлекет аумағының кез келген бөлігіндегі кез келген әскери іс-қимыл немесе азаматтық толқу.
      (3) Директорлар Кеңесі осы баптың (1) және (2) тармақтарында анықталғандардан ерекше арнаулы коммерциялық және коммерциялық емес тәуекелдерді жабу үшін өтемақы мөлшерін арттыруды бекіте алады.
      (4) Мынадай оқиғалардың нәтижесінде болған шығындар қалай болғанда да өтелмейді:
      (a) девальвация немесе валютаның құнсыздануы,
      (b) Келген елiнен немесе Сақтандырушы өзiмен келiскен не ол үшін жауапты болған Сақтандырушы мемлекетінің өкiмет органдарының тарапынан кез келген іс-қимыл немесе жіберілген қате, және
      (c) Келген елі немесе Сақтандырушының мемлекеті өкіметтерінің тарапынан осы Шартты жасасқанға дейін орын алған кез келген іс-қимыл немесе жіберілген қате.
 
      20-бап. Сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары
 
      Корпорация сақтандырылған немесе қайта сақтандырылған шығындарды толық өтемейдi деген шартпен Директорлар Кеңесi анда-санда шығаруы мүмкiн ережелер мен нұсқаулықтарға сәйкес Корпорация Сақтандыру және қайта сақтандыру шарттарын дайындайды.
 
      21-бап. Сақтандыру жөнiндегi шектеулер
 
      (1) Егер Басқарушылар Кеңесi барлық Мүшелердің көпшiлiк даусын бiлдiретiн оның Мүшелерiнiң көпшiлiгiмен дауыс беру жолымен басқа шешiм қабылданбайтын болса, Корпорация өзiне қабылдаған шартты мiндеттемелердiң жиынтық мөлшерi қол тимеген төлемеген капитал мөлшерiнiң жүз елу пайызынан және оның резервтерi қосу Директорлар Кеңесi анықтайтындай, қайта сақтандыру жөнiндегi оның төлемдерiнiң, бөлiгiнен аспауы тиiс. Директорлар Кеңесi анда-санда Басқарушылар Кеңесiне шартты мiндеттемелердiң ең жоғары жиынтық мөлшерiн ұсыну қажет пе екендiгiн белгiлеу мақсатында өтемақыны өтеу жөнiндегi өзiнiң тәжiрибесi, тәуекелдердi әртараптандыру дәрежесiн, қайта сақтандыру жөнiндегі өтеу және басқа да тиiстi факторларды ескере отырып, корпорациялық портфель үшiн тәуекелдерге шолу жүргiзедi. Басқарушылар Кеңесi анықтайтын барынша жоғары мөлшер ешқандай да жағдайда қол тимеген төленген капитал сомасынан, оның резервтерiнен және қолайлы деп саналуы мүмкiн сақтандыру жөнiндегi оның өтеу бөлiгiнен он есе аспауы тиiс.
      (2) Осы баптың (1) тармағында белгiленген шартты мiндеттемелердiң максимумы туралы ережелерге қайшы келмей, Директорлар Кеңесi мыналарды белгiлеуi мүмкiн:
      (а) әрбiр нақты Мүше-мемлекеттен шыққан Мүшемен немесе Сақтандырушылармен жасалған барлық келiсiм-шарттар бойынша Корпорация өзiне алуы мүмкiн шартты мiндеттемелердiң ең жоғары жиынтық мөлшерiн. Директорлар Кеңесi тиiстi Мүшенiң Корпорация капиталындағы үлесiн ескере отырып, осындай мөлшердi анықтайды.
      (b) кез келген бiр операцияға қатысты Корпорация өзiне алуы мүмкін шартты мiндеттемелердiң ең жоғары жиынтық мөлшерiн.
 
      22-бап. Алымдар мен жарналар
 
      (1) Корпорация сақтандыруға және қайта сақтандыруға арналған өтiнiмдерге тексерудi жүзеге асыруға қажеттi шығыстардың құнын өтеу үшiн алымдар қабылдайтын болады.
      (2) Корпорация жарналар ставкаларын, алымдарды және тәуекелдердiң әрбiр түрiне сәйкес келетiн кез келген түрдегi басқа да төлемдердi салады.
      3) Корпорация анда-санда жарналар ставкаларын, алымдарды және басқа да төлемдерді қайта қарауы мүмкін.
 
      23-бап. Өтемақы төлеу
 
      Корпорацияның Президенті тиісті оқиғалар басталған жағдайда, Директорлар Кеңесі шығаруы мүмкін бас директиваларға сәйкес Сақтандырушыларға сақтандыру немесе қайта сақтандыру шартының ережелеріне сәйкес өтемақы төлеу жайында шешім шығарады. Сақтандыру және қайта сақтандыру шарттарының ережелері Сақтандырушылардан Корпорация төлемдерді жүзеге асырғанға дейін келген елінің заңнамасын ескере отырып, оларға әрдайым қолдануға болатын міндеттемелерге сәйкес келетін әкімшілік шараларды сақтауды талап етуі тиіс. Сақтандыру және қайта сақтандыру шарттарының ережелері өтемақыға арналған құқықты беретін оқиғалардың басталу сәті мен оны төлеу сәті арасындағы белгілі бір уақыт аралығын белгілеуді талап етуі мүмкін.
 
      24-бап. Суброгация
 
      (1) Сақтандырылған залал жағдайында Сақтандырушыға өтемақы төлеу отырып немесе төлеуге келісе отырып, нақты тәуекелді заттандыру нәтижесінде Сақтандырушыда болуы мүмкін сақтандырылған активтерге жататын құқықтар немесе талаптар Корпорацияға өтуі мүмкін. Сақтандыру шарттарының ережелері олардың шеңберінде Сақтандырушының құқықтары Корпорацияға өтетін шектерді тегжей-тегжейлі анықтау тиіс.
      (2) Осы баптың (1) тармағында айтылған Корпорацияның құқықтарын барлық Мүшелер тануы тиіс.
      (3) Осы баптың (1) тармағында айтылған Сақтандырушы құқықтарының өтуі нәтижесінде Келген елі немесе Сақтандырушының мемлекеті тиісті оқиғалар басталған жағдайда, Сақтандырушыға қатысты өз міндеттемелерін мүмкіндігінше жылдам орындауы және Корпорацияның талап ету бойынша осындай өту нәтижесінде алынған құқықтардан туындайтын барлық пайдаларды пайдалануға мүмкіндік беруі тиіс.
 
      25-бап. Сақтандыру және қайта сақтандыру жөніндегі ұлттық, аймақтық
              және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық
 
      Осы Шарттың 5-бабының ережелеріне қайшы келместен
      1) Корпорация талап ететіндерге ұқсас жағдайларда өз жұмысын жақсарту және коммерциялық және коммерциялық емес тәуекелдердің өтелуін қамтамасыз ету кезінде осы сияқты ұйымдарды қолдау үшін Корпорация Мүше-Мемлекеттердегі ұлттық жеке және мемлекеттік сақтандырушылармен және қайта сақтандырушылармен уағдаластыққа келуі мүмкін. Осындай уағдаластықтар Корпорацияның осы сияқты ұйымдарды қайта сақтандыру жөніндегі қызметтермен қамтамасыз етуді қамтуы мүмкін.
      (2) Корпорацияның мақсаттарына жету үшiн ол қолайлы деп санайтын кез

 

келген нысанда Корпорация осы сияқты ұлттық, аймақтық немесе халықаралық

ұйымдармен ынтымақтасуы мүмкін.

     (3) Корпорация ол сақтандырған Экспорттық несиенi немесе

инвестицияларды қайта сақтандыру жайында толық көлемде не iшiнара кез

келген қолайлы қайта сақтандырушымен қарым-қатынасқа түсуі мүмкін.

     VI ТАРАУ. ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАР


     26. Қаржыны басқару


     (1) Директорлар кеңесi қаржы мәселелерiн реттейтiн ереже мен

нұсқаулықтарды Корпорацияның бизнесiн жүргiзу үшiн қажет болған жағдайда

шығарады.

     (2) Хижра Жылы Корпорацияның қаржы жылы болып табылады.


     27-бап. Шоттар


     Корпорация өздерiнiң шоттары бойынша тәуелсiз аудиторлар тексерген

жылдық есептерiн жариялайды және Мүшелерiне жiбередi.

     28-бап. Қорлар


     (1) Қор екi жекелеген қорларды:

     (а) Сақтандырушы қорларын және

     (b) Акционерлер қорын сақтайды және басқарады.

     (2) Сақтандырушылар қорының активтерi:

     (а) сақтандыру мен қайта сақтандыру жарналарынан және жиналған

алымдардан;

     (b) қайта сақтандырудан алынған өтемақыдан;

     (с) Корпорация қызметiнiң нәтижесiнде қалыптасуы мүмкiн кiрiстен;

     (d) алдыңғы тармақта (с) келтiрiлген кiрiстер бөлiгiнiң бөлiнуi

есебiнен белгiленген резервтерден;

     (e) Сақтандырушылар Қорына жатқызылған резервтердi инвестициялау

нәтижесiнде алынған пайдадан;


 
       (f) Мудариба ретiнде Сақтандырушылардың Қорының сыбағасына түсетiн Акционерлер Қорының ақшалай қаражатын инвестициялаудан түсетiн пайданың бөлiгiнен;
      (g) Сақтандырушыларға өтемақы төлегеннен кейiн Корпорацияға құқық өту нәтижесiнде ол иелiк ететiн сомадан тұрады.
      (3) Акционерлер Қорының активтерi:
      (а) төленген жарғылық капиталдан, сондай-ақ Акционерлер Қорына жатқызылған резервтерден;
      (b) Акционерлер Қорына жатқызылған төленген жарғылық капитал мен резервтердi инвестициялаудан түскен пайдадан тұрады.
 
      29-бап. Резервтер және таза пайданы бөлу
 
      (1) Басқарушылар Кеңесi Сақтандырушылар Қорына жатқызылған барлық кiрiстердi, Акционерлер қорына, резервтерге жатқызылған барлық пайданы осындай резервтер Корпорацияның төленген жарғылық капиталынан бес есе мөлшерге жетпейiнше бөледi.
      (2) Корпорация резервтерi алдыңғы тармақта (1) белгiленген деңгейге жеткеннен кейiн Басқару Кеңесi: резервтер бойынша Сақтандырушылар Қорында жинақталған кiрiстi бөлу не оны Сақтандырушылар арасында бөлу, акционерлер Қоғамында жинақталған таза пайданы Акционерлер Қоғамының резервтерiне бөлу, оны Корпорация Мүшелерiнiң арасында бөлу не оны басқа тәсiлмен

 

пайдалану қажеттiлiгi немесе мөлшерлерi шешiм қабылдайды. Корпорация

Мүшелерiнiң арасында таза пайданы кез келген бөлу Корпорацияның жарғылық

капиталындағы әрбiр Мүшенiң үлесiне үйлесiмдi жүргізіледі.

     30-бап. Бюджет


     Президент Корпорацияның жылдық бюджетiн жасайды және оны Директорлар

Кеңесiне бекiтуге ұсынады.

     31-бап. Валютаның айырбас бағамын және олардың айырбасталымдылығын

             анықтау


     (1) Ислам Динарына қатысты валютаның айырбас бағамын анықтауды немесе

валютаның айырбас бағамына қатысты кез келген мәселенi реттеудi

Халықаралық Валюта Қоры жариялаған баға белгілеулердiң негiзiнде

Корпорация жүзеге асыруы тиiс.

     (2) Осы Шарттың ережелерi бойынша валюта еркiн айырбасталатындығын

анықтау қажеттiлiгi туындаса, мұндай анықтауды Корпорация жүзеге асырады,

ол егер қажет деп санаса, Халықаралық Валюта Қорынан консультация алуына

болады.

     32-бап. Валютаны пайдалану және айырбастау


     Осы Шарттың 24-бабының ережелерiн ескере отырып


 
       (1) Мүше-ел оның валютасын не Корпорацияның шотындағы кез келген басқа валютаны алуға, ұстауға және пайдалануға қандай-да бiр шектеу енгiзбеуi немесе қоймауы керек.
      (2) Мүше-мемлекет Корпорацияның өтiніші бойынша Корпорация пайдаланатын өзiнің валютасын 31-бапқа сәйкес айырбастау күнi анықталған валюта айырбас бағамының негiзiнде еркiн айырбасталатын валютаға жылдам айырбастауды жүзеге асыруға ықпал етуi тиіс.
      (3) Мүше болып табылмайтын мемлекеттердiң Корпорация операция жасайтын валютасы өзiнiң қызметiн жүзеге асыру барысында не Мүше-мемлекеттiң рұқсатымен Корпорацияның оны әдетте пайдалануын қоспағанда, Мүше-мемлекеттердiң валютасын сатып алу үшін пайдаланылады.
      (4) Мүше-мемлекет Корпорация үшiн қолайлы айырбасталатын валютадағы Корпорацияның алымдарын аударуға шектеу қоймауы керек.
 
      V БӨЛІМ. ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ
 
      33-бап. Корпорацияның құрылысы
 
      Корпорация Басқарушылар Кеңесiнен, Директорлар Кеңесiнен, Президенттен, Менеджерден, сондай-ақ Корпорация белгілеуі мүмкін міндеттемелерді орындауға қажет болуы мүмкін басқа органдар мен қызметкерлерден тұрады.
 

 

     34-бап. Басқарушылар Кеңесi: құрамы


     (1) Басқарушылар Кеңесi Басқарушылардан және Банктің баламалы

Басқарушыларынан тұрады. Банктің Басқарушылар Кеңесінің Төрағасы лауазымы

бойынша Корпорацияның Басқарушылар Кеңестiң Төрағасы болып табылады.

     (2) Басқарушылар және баламалы Басқарушылар Корпорациядан сыйақы

төленбей осындайлар ретінде жұмыс iстейдi, бiрақ Корпорация олар жиналысқа

барған кезде шеккен тиiстi шығыстарды өтей алады.

     35-бап. Басқарушылар Кеңесi: өкілдіктері


     (1) Корпорацияның барлық өкілдіктерi Басқарушылар Кеңесіне тиесілi.

     (2) Басқарушылар Кеңесi директорлар Кеңесiне қандай-да бiр немесе,

     (а) жаңа Мүшелердi қабылдау және оларды қабылдау шарттарын анықтау,

     (b) Корпорацияның жарғылық капиталының белгiленген мөлшерiн арттыру

немесе кемiту,

     (с) Мүшенi шығару,

     (d) директорлар кеңесi ұсынған осы Шартты талқылау немесе қолдану

бойынша шешiм қабылдау,

     (e) Корпорацияның резервтерiн анықтаудан және таза пайда мен

кiрiстердi бөлу,

     (f) Осы Шартқа түзетулер жасау,

     (g) Корпорацияның қызметiн тоқтату және оның активтерiн бөлу жөнiнде

шешiм қабылдау,

     (h) директорларға сыйақы анықтау,


 
       (i) Басқарушылар Кеңесi үшiн арнайы осы Шартта белгiленген басқа ерекше өкiлдіктердi жүзеге асыру өкiлдiктерiнен басқа барлық өз өкiлдiктерiн табыстайды.
      (3) Басқарушылар Кеңесi және директорлар Кеңесi өз өкiлдiктерiнiң шегiнде қызметкерлер штатына, зейнеткерлiкке шығу және басқа мәселелерге қатысты ережелер мен нұсқаулықтарды қоса алғанда, Корпорацияның iсiн жүргiзуге қажет не сәйкес келуi мүмкiн ережелер мен нұсқаулықтарды қабылдауы мүмкiн. Әзiрге мұндай ережелер мен нұсқаулықтар қабылданған жоқ, егер осыған ұқсасты осы Шартта анықталған өкiлдiктер шегiнде Басқарушылар Кеңесi немесе Директорлар Кеңесi қабылдаған болса, осы Шарттың ережелерiне сәйкес келтiруге мүмкiндiк беретiн шеңберде Банктiң билiк органдарының ережелерi, нұсқаулықтары мен қаулылары Корпорацияда қолданылады.
      (4) Басқарушылар Кеңесi өз өкiлдiктерiн осы баптың (2) және (3) тармақтарына сәйкес директорлар Кеңесiне кез келген табыстаған жағдайда толық жүзеге асыру құқығын сақтайды.
 
      36-бап. Басқарушылар Кеңесi: рәсiмдер
 
      (1) Басқарушылар Кеңесi жылдық жиналыстарды, сондай-ақ Басқарушылар Кеңесi өткiзу үшiн қажет деп санаған басқа жиналыстарды өткiзедi не директорлар Кеңесi шақырады. Басқарушылар Кеңесiнiң жиналыстары әр кезде Банктiң не Мүше-мемлекеттердiң үштен бiрiншi ұсынысы бойынша шақырылады.
      (2) Корпорацияны Басқарушылар Кеңесiнiң жылдық жиналысы Банктiң Басқарушылар Кеңесiнiң жылдық жиналысымен бiр уақытта өткізiледi.
      (3) Басқарушылардың көпшiлiгі, осындай көпшiлiк барлық Мүшелердің жалпы санының кемiнде үштен екiсiн бiлдiредi деген шартпен Корпорация Басқарушыларының әрбiр жиналысына кворум белгiлеуі тиiс.
      (4) Басқарушылар Кеңесi нұсқаулық түрiнде рәсiм әзiрлейдi, оның көмегiмен Директорлар Кеңесi егер соңғысы мұндай iс-қимыл мақсатты деп санаса, Басқарушылар Кеңесiнiң жиналысын шақырмай-ақ, кейбiр арнаулы мәселелер жөнiнде шешiм қабылдайды.
 
      37-бап. Директорлар Кеңесi: құрамы
 
      (1) Банктiң Атқарушы Директорларының Кеңесiн Корпорацияның Директорлар Кеңесi құрайды.
      (2) Банктiң Атқарушы Директорлары Кеңесiнiң барлық нұсқаулықтары, қаулысы және рәсiмдерi егер соңғысы Банктiң Атқарушы Директорларының Кеңесi болып табылса, Корпорацияның Директорлар Кеңесiне қатысты.
 
      38-бап. Директорлар Кеңесi: өкiлеттiктерi
 
      Директорлар Кеңесi Корпорацияның қызметiне жалпы басшылық жасауға жауап бередi және осы мақсатпен осы келiсiммен оған арнайы ұйғарылған өкiлдiктерге қосымшада Басқарушылар Кеңесi оған табыстаған барлық өкiлдiктердi орындайды, атап айтқанда,
      (1) Басқарушылар Кеңесiнiң жұмысын дайындайды;
      (2) Басқарудың бас директиваларына сәйкес Корпорацияның бизнесiн және оның қызметiн жүзеге асыру үшiн бағыттар әзiрлейдi; және
      (3) Корпорацияның бюджетiн бекiтедi.
 
      39-бап. Директорлар Кеңесi: рәсімдер
 
      (1) Директорлар Кеңесi егер Кеңес басқаша шешпесе, Корпорацияның бас офисiнде жұмыс iстейдi және Корпорацияның бизнесi қанша қажет етсе, сонша рет кездеседi.
      (2) Басқарушылар Кеңесi Директорлар кеңесiнiң құрамында оның азаматтылығының Директоры жоқ болса, өзiнiң өкiлiн дауыс беру құқығынсыз Директорлар кеңесiнiң кез келген жиналысына қатысу үшiн, атап айтқанда талқыланатын мәселелер Мүше-мемлекеттiң мүддесiн қозғаса, Мүше-мемлекет өзiнiң өкiлiн жiбере алады.
 
      40-бап. Дауыс беру
 
      (1) Әрбiр Мүшенiң қол қойылған және төленген акцияның әрқайсысына бiр дауысы болуы тиiс.
      (2) Басқарушылар Кеңесiнде дауыс беру кезiнде әрбiр Басқарушы Банк акцияларының жалпы санына қатысы бойынша Банктегi Мүше-мемлекеттiң ұсынылған акциясының санына үйлесiмдiге тең болатын Корпорациядағы Банктiң үйлесiмдi үлесiне дауыстардың санын беруге құқығы бар. Егер Банктiң Мүшесi Корпорацияға Мүше-мемлекет болып табылса, оны ұсынушы Басқарушы жоғарыда анықтаған Банк дауыстарының үйлесiмдi үлесiне қосымшада Корпорацияның құрамындағы осындай Мүше-мемлекетке дауыс беруге құқығы бар.
      (3) Егер осы Шартта өзге негiзделмесе, Басқарушылар Кеңесiнде көтерiлген мәселелер бойынша барлық шешiмдердi жиналысқа қатысушылардың жалпы санының көпшiлiгі қабылдауы тиiс.
      (4) Осы баптың (1) тармағының ережелерiн ескере отырып, Директорлар Кеңесiнде дауыс беру уақытында
      (а) тағайындалған Директордың ол бiлдiретiн, Корпорацияда құқық қабiлеттi Мүше-мемлекетке беруге құқығы бар. Бұған қосымша мұндай Директордың Банктiң жарғылық капиталының жалпы мөлшерiне қатысты ол Банкте бiлдiретiн Мүше-мемлекеттiң, ұсынылған акциясының мөлшерiне үйлесiмдiге тең болуы тиiс Корпорациядағы Банк дауыстарының үлесiне үйлесiмдi санды беруге құқығы бар.
      (b) Сайланған директор осыларға мемлекеттердiң Корпорацияда құқығы бар оларға берген Банктiң Мүше-мемлекеттерi үшiн дауыс беруге құқығы бар. Бұған қосымша мұндай Директордың Банктің жарғылық капиталының жалпы мөлшерiне қатысты ол Банкте бiлдiретiн Мүше-мемлекеттiң ұсынылған акциясының мөлшерiне үйлесiмдiге тең болуы тиiс Корпорациядағы Банк дауыстарының үлесiне үйлесiмдi үлестi беруге құқығы бар. Тағайындалған Директордың беруге құқығы бар дауыстар бiрыңғай ретiнде беруге міндеттi емес.
 
      41-бап. Президент
 
      (1) Банктiң Президентi лауазымы бойынша Корпорацияның Президентi болып табылады.
      (2) Президент Корпорацияның атқарушы өкiметiнiң басшысы болып табылады Директорлар Кеңесiнiң басшылығымен Корпорацияның барлық iстерiн жүргiзедi. Президент ұйымдастырылған жұмыс, Директорлар кеңесi қабылдаған ережелер мен нұсқаулықтарға сәйкес лауазымды тұлғаларды орнына тағайындау және алу үшiн жауап бередi.
      (3) Президент Корпорацияның заңды өкiлi болып табылады және Корпорация қызметiнiң түрлерiн және Директорлар Кеңесi әзiрлеген бас директиваларға сәйкес осы Шартқа қатысы бар келiсiм-шарттарды жасауды мақұлдауға өкiлеттiгі бар.
      (4) Осы баптың (2) тармағына сәйкес лауазымды тұлғаларды және штаттың қызметкерлерiн тағайындау кезінде Президент тиiмдiлiктiң, және техникалық құзыреттiлiктiң жоғары деңгейiн қамтамасыз етудiң бiрiншi деңгейлi маңыздылығын ескере отырып, мүмкiндігiнше неғұрлым кең географиялық өкiлдiктiң негiзiнде персоналды жұмысқа қабылдау мәселесiне ерекше көңiл бөлуi тиiс.
      (5) Жоғарыда суреттелген жалпы ережелердi ескере отырып, Президент Корпорацияның Менеджерiн тағайындайды, оған Корпорацияның бизнесiн жүргiзу жөнiндегi ағымдағы міндеттер жүктейдi. Президент осы Шарттың негiзiнде президенттiк өкiлеттiктерiнiң кез келгенiн Менеджерге табыстай алады. Президент Менеджердiң жалақысын және жұмыс шартын анықтайды және оны қайта тағайындай алады.
 
      42-бап. Корпорацияның халықаралық сипаты және саяси қызметiн
              жүргiзуге тиым салу
 
      (1) Корпорация, оның, Директорлары, Президенті, лауазымды тұлғалары және штат қызметкерлерi кез келген Мүше-мемлекеттiң саяси iсiне араласа алмайды. Инвестицияны немесе Экспорт несиесiн жүзеге асыру кезiнде қалыптасқан барлық жағдайларды назарға ала отырып, өздерiнiң құқықтарына зиян келтiрмей Корпорация, оның Директорлары, Президентi, Менеджерi, лауазымды тұлғалары және штат қызметкерлерi өз шешiмдерiнде қаралған Мүшенiң немесе Мүше-мемлекеттің саяси сипатынан тәуелдi болмауы тиiс.
      (2) Өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде Корпорацияның Президентi, Менеджерi, лауазымды тұлғалары және штат қызметкерлерi оларды қандай-да бiр басқа басшылық үшiн емес толығымен Корпорация үшiн орындауы тиiс. Корпорацияның әрбiр Мүшесi оның мiндеттерiнiң халықаралық сипатын құрметтеуi және олардың қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде олардың кез келгенiне ықпал етудiң барлық әрекетiнен қалыс қалуы тиiс.
 
      43-бап. Коммуникациялар арнасы және депозитарийлер
 
      Мүше-мемлекеттер коммуникациялардың жаңа арналарын және жаңа депозитарийлерiн белгiлегенге дейiн осы Шарт күшiне енгеннен кейiн 60 күн iшiнде осы Шарт бойынша туындаған кез келген мәселеге байланысты коммуникацияның арнасы болып, әрбiр Мүше-мемлекеттiң валютасын және сондай-ақ Корпорацияның басқа активтерiн сақтау үшiн депозитарийi болып Банктiң Құрылтай Шартының 40-бабын орындау үшiн осы Мүше-мемлекет таңдап

 

алған коммуникация арнасы және депозитарий болып табылады.

     44-бап. Есептер және баяндамалар


     (1) Корпорация Мүшелерiне оның қызметiнiң нәтижелерiн көрсететiн

тоқсандық есептердi ұсынады.

     (2) Корпорация, сондай-ақ егер бұл оның мақсаты мен функциясын жүзеге

асыру үшiн қажет болса, басқа есептердi де жариялай алады. Мұндай есептер

Мүшелерге берiледi.

     VІ БӨЛIМ. ҚҰРАМНАН ШЫҒУ ЖӘНЕ МYШЕЛIКТІ УАҚЫТША ТОҚТАТУ; КОРПОРАЦИЯНЫҢ

               ҚЫЗМЕТIН УАҚЫТША ЖӘНЕ ТҮПКІЛIКТI ТОҚТАТУЫ

     45-бап. Құрамнан шығу



 
       (1) Бiрде бiр Мүше-мемлекет оның мүшелiкке енген күнiнен бастап 5 (Бес) жыл мерзiм өткенге дейiн Корпорациядан шығуға құқығы жоқ.
      (2) Осы баптың (1) тармағын ескере отырып, кез келген Мүше-мемлекет Корпорацияға жазбаша нысанда хабарлама бере отырып, Корпорациядан шыға алады.
      (3) Осы баптың (1) тармағын ескере отырып, Мүше-мемлекеттiң шығуы жарамды болады және оның мүшелiгi оның хабарламасында көрсетiлген күнi, бiрақ ешқандай да бұл хабарламаны Корпорация алған күннен кейiн 6 (алты) күннен бұрын емес тоқтатылады. Алайда, шығуы жарамды болғаннан бұрын кез келген сәтте Мүше-мемлекет құрамнан шығу ниетi туралы оның хабарламасын жою туралы жазбаша нысанда Корпорацияны хабардар ете алады.
      (4) Құрамнан шығатын Мүше-мемлекет оның шығуы жарамды болатын күнге Корпорация алдындағы тiкелей және шартты мiндеттемелер бойынша жауап берудi өзiне қалдырады. Корпорация мен Мүше-мемлекет арасындағы осындай инвестицияларға қатысты Корпорация үшiн қолайлы келiсiм жасалғанға дейiн Корпорацияның ойынша осы Мүше-мемлекеттiң аумағында Корпорацияның инвестицияларына әсер ететiн осы Шарттың ережелерi бойынша субъектi де болып табылады. Мүше-мемлекет шығуы жарамды болғанда осы күннен кейiн Корпорация қызметiнiң нәтижесiнде туындаған мiндеттемелер бойынша жауап бермейдi.
      (5) Ұйымда мүшелігiн тоқтатқан кез келген Мүше-мемлекет осы баптың ережелерiнiң негiзiнде Корпорацияның құрамынан шыққандығы туралы хабардар етiлген болып саналады. Шығуы түпкiлiктi жарамды болған күндi осы баптың (1) тармағын ескере отырып Басқарушылар Кеңесi анықтайды.
 
      46-бап. Мүшелiгiнiң тоқтатылуы
 
      (1) Егер Мүше-мемлекет Корпорация алдындағы өз мiндеттемелерiнiң кез келгенiн орындауға дәрменсiз болса, Басқарушылар Кеңесi Мүшелердiң жалпы санының кемiнде төрттен үшiн бiлдiретiн дауыс берудiң негiзiнде мұндай Мүше-мемлекеттiң мүшелiгiн тоқтата алады.
      (2) Мүшелігі осылайша тоқтатылған Мүше-мемлекет тоқтатылған күннен кейiн бiр жыл кезең бойынша Корпорацияға мүшелiгiн автоматты түрде тоқтатады, оның кезеңi Басқарушылар Кеңесi осы кезеңнiң уақытында оның мүшелiгiн тоқтату туралы шешiм қабылдау үшiн қажет дауыс беру кезiндегі сол көпшiлiктiң негiзiнде осы Мүше-мемлекеттiң мүшелiгiн қалпына келтiрудi шешкенше, егер Басқарушылар Кеңесi қажет деп санаса оның кезеңi ұзартылуы мүмкiн.
      (3) Мүшелiгiн тоқтату жағдайында бола отырып, Мүше-мемлекеттiң осы Шартта көзделген қандай-да бiр құқығы жоқ, бiрақ ол бойынша барлық мiндеттемелерi бар.
 
      47-бап. Мүшелiгiн тоқтату кезiндегi мiндеттемелер бойынша
              берешегiн өтеу
 
      (1) Мемлекет Мүшелiгiн тоқтатқан күннен кейiн осы күнге ол қабылдаған Корпорацияға қатысты өзiнiң тiкелей мiндеттемелерi бойынша жауап берудi өзiне қалдырады. Ол, сондай-ақ ол Мүшелiгiн тоқтатқанның алдында орындалған операцияның кез келген бөлiгi шешiлмей қалса, Корпорацияға қатысты өзiнiң шартты міндеттемелерi бойынша жауапты болып қалады, ол бiрақ осы күннен кейiн Корпорация орындаған операциялар бойынша мiндеттемелердi өзiне алмайды, сондай-ақ Корпорацияның пайдалары мен шығыстарын бөлуде қатыспайды.
      (2) Мемлекет мүше болуды тоқтатқан сәтте, Корпорация осы баптың (3) және (4) тармақтарының ережелерiне сәйкес оның берешегiн өтеу бөлiгi ретiнде осындай мемлекеттiң акцияларын қайта сатып алу жөнiнде шаралар қолданады. Осы мақсатта акцияларды қайта сатып алу бағалары үшiн мемлекет мүшелiгiн тоқтатқан күнгi осындай акциялардың бухгалтерлiк құны алынады.
      (3) Осы бапқа сәйкес Корпорацияның акцияларды қайта сатып алуын төлеу мынадай шарттармен: жүзеге асырылуы тиiс.
      (а) өз акцияларына Мүше-мемлекет алатын кез келген сома осы Мүше-мемлекет, оның орталық банкi немесе уәкiлеттi немесе саяси бөлiмшелерi агенттерінiң кез келгенi Корпорация алдында мiндеттеме алатын кезге дейiн ұсталатын болады. Корпорацияның таңдауы бойынша осындай Мүше-мемлекетке тиесiлi кез келген сома ол бiте салысымен осындай Мүше-мемлекеттiң кез келген мiндеттемесiне жатқызылатын болады;
      (b) акцияларды қайта сатып алу бағасы (осы баптың (2) тармағына сәйкес) және Корпорация алдындағы Мүше-мемлекет мiндеттемелерiнiң жалпы сомасы арасындағы айырмаға тең таза сома Мүше-мемлекет бiлдiретiн тиiстi акцияларға меншiк құқығы аударылғаннан кейiн, Корпорация анықтайтындай 5 (Бес) жылдан аспайтын уақыт аралығы iшiнде төленетiн болады;
      (с) төлемдер еркiн айырбасталымды валютада жүзеге асырылады;
      және,
      (d) егер Корпорация Мүше-мемлекет өз мүшелiгiн тоқтатқан күнге қалдырылатын сақтандыру және қайта сақтандыру жөнiндегi операциялар бойынша шығын шексе, осындай шығындардың сомасы оның акцияларының қайта сатып алу бағасы қысқартылған болса, егер шығындар қайта сатып алудың бағалары анықталғанда есептемеге алынатын болса, оған талаптар, сомалар бойынша белгiлейтiн Мүше-мемлекет күнге төлегенде залалдың орнын толтыру үшiн тағайындалған резервтердiң сомасын көтередi.
      (4) Егер Корпорация кез келген Мүше-мемлекет өз мүшелiгiн тоқтатқан күннен кейiн 6 (Алты) ай iшiнде осы Шарттың 49-бабының ережелерiне жататын өз операцияларын тоқтатса, мұндай Мүше-мемлекеттiң барлық құқықтары осы Шарттың 49 және 51-баптарының ережелерiне сәйкес анықталатын болады. Осындай Мүше-мемлекет осы баптардың ережелерi шеңберiнде Мүше болып саналатын болады, бiрақ дауыс беру құқығынан айырылатын болады.
 
      48-бап. Қызметтiң уақытша тоқтатылуы
 
      (1) Директорлар Кеңесi ол әдiл деп санаса белгiлi бiр кезеңге сақтандыру немесе қайта сақтандыру жөнiндегi қызметтердi ұсынуды кез келген сәтте тоқтата алады.
      (2) Директорлар Кеңесi күтпеген жағдайлар басталған кезде Корпорацияның және үшiншi тараптардың мүдделерiн қорғау үшiн қажеттi шаралар қолданылатынын ескере отырып, осындай жағдайлардың ұзақтығынан аспайтын мерзiмге Корпорацияның қызметiн тоқтата алады.
      (3) Қызметтi тоқтату шешiмi осы Шартқа қатысты Мүшелер мiндеттерiнің немесе Сақтандырушыларға немесе үшiншi тараптарға қатысты Корпорация мiндеттерiнiң жағдайына ешқандай әсер етпейдi.
 
      49-бап. Қызметтердi тоқтату
 
      (1) Корпорация Мүшелердiң барлық дауыстарының жалпы санының кемiнде төрттен үшiн бiлдiретiн Басқарушылардың жалпы санының үштен екiсiмен расталған Басқарушылар Кеңесi қарарының негізiнде өз қызметiн тоқтата алады. Осындай тоқтатудан кейiн Корпорация мiндеттi iске асыруды, уақытша тоқтатып қою және оның активтерiн қорғау және оның мiндеттемелерiн қорғауды талап ететiн жағдайларды қоспағанда, бүкiл қызметiн бiрден аяқтайды.
      (2) Осындай мiндеттемелердi түпкіліктi орындау және активтердi бөлу аяқталмайынша, Корпорация әрекет ете бередi және Корпорацияның және оның Мүшелерiнiң барлық өзара құқықтары мен мiндеттерi күшінде қалады.
 
      50-бап. Мүшелердің жауапкершiлiгi және талаптарды төлеу
 
      (1) Корпорацияның қызметi тоқтатылған жағдайда Корпорацияның талап етiлмеген акционерлiк капиталы жөнiндегi барлық Мүше-мемлекеттердiң жауапкершiлiгi несие берушiлердiң және Сақтандырушылардың барлық талаптары, шартты мiндеттемелердi қоса алғанда, қанағаттандырылғанға дейiн жарамды болады.
      (2) Корпорацияның қызметi тоқтатылған жағдайда
      (а) Акционерлер Қорына жататын борыштар Акционерлер Қоры активтерiнiң есебiнен төленетiн болады. Егер осындай активтер осындай борыштарды өтеу үшiн жеткiлiксiз болса, соңғылары өндiрiп алуға жататын төленбеген акционерлiк капитал бойынша Корпорация жинақтайтын төлемдерден төленедi.
      (b) Сақтандырушылар Қорына жататын борыштар Сақтандырушылар Қоры активтерiнiң есебiнен бiрiншi кезекте төленетiн болады. Аталған борыштар сияқты осылайша төленгеннен кейiн, Сақтандырушылардың талаптары қанағаттандырылатын болады. Егер Сақтандырушылар Қорының активтерi аталған талаптарды қанағаттандыру үшiн жеткiлiксiз болса, соңғылары Акционерлер Қорынан қанағаттандырылуы тиiс. Егер Акционерлер Қорының активтерi осындай талаптарды қанағаттандыру үшiн жеткiлiксiз болса, мұндай есеп айырысу қайтарылмайтын жарналар түрiнде жүргiзiлген жағдайда, олар өндiрiп алуға жататын төленбеген акционерлiк капитал жөнiндегi жинақталатын төлемдер есебiнен өтелетiн болады.
      (с) егер активтер Сақтандырушылардың талаптары бойынша борыштарды өтеуге немесе төлеуге жеткiлiксiз болса, қолда бар активтер несие берушiлер мен Сақтандырушылар арасында үйлесiмдi бөлiнуi тиiс.
 
      51-бап. Активтердi бөлу
 
      (1) Егер борыштарды өтегеннен және Сақтандырушылардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейiн Сақтандырушылар Қорында кез келген қаражаттар қалса, мұндай активтер қайырымдылық мақсатында пайдаланылуы тиiс.
      (2) Егер борыштарды өтегеннен және Сақтандырушылардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейiн Акционерлер Қорында кез келген қаражаттар қалса, мұндай активтер Корпорация мүшелерiнiң арасында әрбiр Мүшеге тиесiлi төленген акциялардың құнына үйлесiмдi бөлiнуi тиiс. Мұндай бөлудi барлық Мүшелердiң кемінде жалпы санынан үштен төртiне қарағанда ұсынатын Басқарушылардың жалпы санынан екі үшiне дауыс беру негiзiнде Басқарушылар Кеңесi мақұлдауы тиiс.
      (3) Осы баптың шарттарына сәйкес бөлiнетiн қаражаттарды алатын кез келген Мүшенiң бөлудi жүзеге асыруға дейiн Корпорацияда болған құқықтар сияқты осы қаражаттарға қатысты осындай құқықтары болады.
 
      VІІ ТАРАУ. ИММУНИТЕТТЕР, ЖЕҢІЛДІКТЕР ЖӘНЕ АРТЫҚШЫЛЫҚТАР
 
      52-бап. Корпорацияның иммунитеттерi
 
      Өз мақсаттарын жүзеге асыру және оған жүктелген функцияларын орындау мүмкiндiгi болуы үшiн Корпорация, Басқарушылар, альтернативтi Басқарушылар, Директорлар, Президент, Менеджер, лауазымды тұлғалар, активтер, мұрағаттар және байланыс арналары әрбiр Мүше-мемлекеттiң аумағында Банктiң Құрылтайшы Шартының 53, 54, 55, 56, 57, 58 және 59-баптарында сипатталған барлық тиiстi иммунитеттермен, жеңiлдiктермен және артықшылықтармен қамтамасыз етiледi.
 
      53-бап. Активтердiң иммунитетi
 
      (1) Осы Шарттың 54-бабының ережелерiн ескере отырып, Корпорацияның мүлкi және активтерi тiнтуге, иелiктен айыруға, тәркiлеуге, экспроприацияға немесе оларды тұтқындайтын әкiмшiлiк немесе заңнамалық тәртiптiң кез келген басқа әрекетiне жатпайды.
      (2) Осы Шарттың ережелерiне сәйкес өз қызметiн жүзеге асыру үшiн қажеттi шеңберде Корпорацияның барлық мүлкi және активтерi Сақтандырушының құқықтық мирасқоры ретiнде Корпорация иелiк ететiн мүлiк және активтер құқықтық мирасқоры Корпорация болып табылатын Сақтандырушыға қатысты қолданылатын Мүше-мемлекет аумағында әрекет ететiн тиiстi валюталық шектеулерден, нұсқаулықтардан және бақылаудан босатылатынын ескере отырып, кез келген түрдегi шектеулерден, нұсқаулықтардан, бақылаудан және мораторийден босатылады.
 
      54-бап. Сот рәсiмдерi
 
      Корпорацияға қатысты Корпорацияның офисi орналасатын немесе қызметтердi немесе процестi жүргізу туралы хабарлама алу үшiн тағайындалған агентi бар Мүше-мемлекет аумағында құзыреттi соттың шеңберiнде тек 59-бапта сипатталғандардан басқа әрекет қолданылуы мүмкiн. Мұндай әрекеттердiң ешбiрi Мүшелер тарапынан талаптарын қанағаттандыруға ұмтыларын немесе (ii) қызметкерге қатысы бар мәселелерге қатысты Мүшелер немесе тұлғалар (i) тарапынан Корпорацияға қарсы қолданылуы мүмкiн емес. Корпорацияның мүлкi және активтерi қай жерде болмасын және кiмдi басқармасын осы Шарттың 52 және 53-баптарының ережелерiне сәйкес Корпорацияға қарсы жiберiлген үкiм немесе сот шешiмiн алған сәтке дейiн иммунитетi болады.
 
      55-бап. Шарттың ережелерiн орындау
 
      Әрбiр Мүше-мемлекет өзiнің заңды жүйесiне сәйкес оның аумағында осы

 

тарауда айтылған ережелердi жүзеге асыру үшiн қажеттi тиiстi шаралар дереу

қабылдануы және осы мәселеге қатысты олар қабылдаған шаралар туралы

Корпорацияға хабарлауы тиiс.

     56-бап. Иммунитеттерден, жеңiлдiктерден және артықшылықтардан

             бас тарту


     Корпорация өз қалауынша кез келген жағдайларда және кез келген уәж

бойынша осы тарау негiзiнде ұсынатын артықшылықтардан, иммунитеттерден

және жеңiлдіктерден, ол өз мүдделерiн таңдаулы жолмен сақтау үшiн қолайлы

ретiнде анықтауы мүмкiн тәсiлмен және осындай жағдайларда бас тартуы

мүмкiн.

     VІІІ ТАРАУ. ТYЗЕТУЛЕР, ТҮСIНIК БЕРУ, ТӨРЕЛIК СОТ

     57-бап. Түзетулер



 
       (1) Осы Шарт мүшелердiң жалпы санының кемiнде төрттен үшiн білдiретiн Басқарушылардың жалпы санының үштен екiсiнiң даусымен мақұлдаған Басқарушылар Кеңесi қарарларының негiзiнде түзетулер енгiзуi мүмкiн.
      (2) Осы Баптың (1) тармағының ережелерiне қарамастан, кез келген түзетудi мақұлдау үшiн Басқарушылар Кеңесiнiң шешiмiн бiр ауыздан келiсуi талап етiледi, ол:
      (а) Корпорацияның құрамынан шығу құқығына;
      (b) 12-баптың (2) және (3) тармақтарында белгiленген мiндеттемелер бойынша шектеулерге;
      (с) 9-баптың (5) тармағында анықталған акцияларды сатып алуға қатысты құқықтарға өзгерiстер енгiзедi.
      (3) Осы Келiсiмге түзетулер енгiзу туралы Мүшелер тарапынан да, Директорлар Кеңесi тарапынан да болатын кез келген ұсыныс Басқарушылар Кеңесiне ұсыныс енгiзетiн Басқарушылар Кеңесiнiң Төрағасына берiлуi тиiс. Егер түзету мақұлданса, Корпорация мұны барлық Мүшелерге жiберiлетiн ресми хабарында растайды. Түзетулер егер Басқарушылар Кеңесi басқа мерзiмдi белгiлемесе, ресми хабар жасалған күннен кейiн 3 (үш) айдан соң барлық Мүшелер үшiн күшiне енеді.
      (4) Шариғат ережелерiмен Корпорацияның жолын ұстауға ықпал ететiн бiр де бiр түзету жүзеге асырылмауы тиiс.
 
      58-бап. Тiлдер, түсiнiк беру және қолдану
 
      (1) Корпорацияның ресми тiлi Араб тiлi болып табылады. Оған қосымша ретiнде ағылшын және француз тiлдерi жұмыс тiлдерi болып табылады. Араб тiлiндегi Шарттың мәтiнi түсiндiру үшiн де, оны қолдану үшiн де түпнұсқа (бастапқы) болып табылады.
      (2) Кез келген Мүше мен Корпорация арасында немесе Корпорацияның екi немесе бiрнеше Мүшелерi арасында туындайтын осы Шарттың ережелерiн түсiндiруге немесе қолдануға байланысты кез келген қарама-қайшылық директорлар Кеңесiне өтiнiш жасау арқылы шешiлуi тиiс. Егер осындай қарама-қайшылыққа келген Мүше-мемлекеттiң азаматы болып табылатын Кеңесте Директор болмаса, онда 39-баптың (2) тармағынан ережесi қолданылады.
      (3) Кез келген мүше Директорлар Кеңесi осы Баптың (2) тармағына сәйкес шешiм шығарғаннан кейiн 6 (Алты) айдың iшiнде, шешiмi түпкi болып табылатын Басқарушылар Кеңесiнiң қарауына даулы мәселенiң ұсынылуын талап ете алады. Басқарушылар Кеңесi шешiм шығарғанын күте отырып Корпорация, ол қажет деп санайтындықтан Директорлар Кеңесiнiң шешiмi негiзiнде әрекет ете алады.
 
      59-бап. Төрелiк сот
 
      (1) Егер Корпорацияның қызметiн тоқтату туралы қарар қабылданғаннан кейiн Корпорация мен өзінің мүшелiгiн тоқтатқан мемлекет арасында немесе Корпорация мен кез келген Мүше арасында немесе Сақтандырушының құқықтық мирасқоры ретiнде әрекет ететiн Корпорацияның талаптары бойынша Корпорация мен Мүше-мемлекет арасында немесе осы Шарттың 58-бабының (2) тармағында айтылғандардан басқа кез келген басқа мәселе бойынша Корпорация мен Мүше арасында дау туындаса, онда мұндай дауды бейбiт тәсiлдермен шешу қажет. Егер келiсiм бейбіт тәсiлдермен шешiлмесе, осындай келiспеушiлiк үш (3) төрешiден тұратын төрелiк сот негiзiнде шешiлуі тиiс. Төрешiлердiң бiрiн Корпорация тағайындайды, екіншiсiн - қарсы тарап және үшiншi төрешiнi Ұйымның Бас Хатшысы тағайындайды. Төрешiлер дауыстарының көпшiлiгi тараптар үшiн түпкі және мiндеттi болып табылатын осындай түрдегi шешiмдi шығару үшiн жеткiлiктi болады. Үшiншi төрешiге осы бапта айтылған тараптар арасында келiспеушiлiк туындағанда, кез келген жағдайда барлық рәсiмдiк мәселелердi шешуге уәкiлеттiк берiледi.
      (2) осы бапта айтылған тараптар арасындағы Сақтандыру және қайта

 

сақтандыру шарттарына байланысты туындайтын кез келген келiспеушiлiк

бұйрық берiлуi немесе нақты шартқа қатысы болуы тиiс ережелерге сәйкес

түпкi анықтау үшiн төрелiк сотқа өтiнiш жасауы тиiс.

     60-бап. Берiлген болып саналатын мақұлдау


     Корпорация жасауы мүмкiн кез келген әрекетке дейiн кез келген Мүшенi

мақұлдау қажет болатын әрбiр кезде, егер мүшенi ұсынылатын iс-әрекет

туралы хабардар ете отырып, Корпорация тағайындауы мүмкiн осындай

шарттасқан уақыт аралығында мүшелер қарсылық білдiрмесе, мақұлдау берiлген

болып саналады.

     IX ТАРАУ. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

     61-бап. Қол қою және сақтау


     (1) Осы Шарттың түпнұсқасы осы Шартқа А Қосымшада санамаланған


Банктiң штаб-пәтерiндегi 1993 жылғы 6 ақпанға сәйкес келетiн Қыжыраның 1413 жылғы Шабан айының 15 күнiне дейiн бiр данада араб, ағылшын және француз тiлдерiнде Банк және Мемлекет Үкiметтерi қол қою үшiн ашық қалдырылады. Бұл құжат бекiтiлгеннен кейiн Корпорацияның бас офисiнде сақталатын болады.
      (2) Банк Шарттың расталған көшiрмелерiн Корпорацияның Мүшелерi болып қабылданған барлық жазылғандарға және басқа мемлекеттерге жiберуi тиiс.
 
      62-бап. Бекіту және одан туындайтын салдарлар
 
      (1) Осы Шарт Банктiң және Шарттың тараптары болып табылатын мемлекеттердiң тарапынан бекiтуге немесе қабылдауға жатады. Қабылдау туралы бекiтiлетiн грамоталар немесе құжаттар осындай құжаттарды сақтауға қабылдау және осы қабылдау күнi туралы Шарттың басқа тараптарын тиiстi түрде хабардар ететiн Банкке сақтауға тапсырылады.
      (2) Осы Шартты бекiте немесе қабылдай отырып, осы Шарттың ережелерiне

 

сәйкес сақтандыру және қайта сақтандыру жөнiндегi қызметтердi осы

Мүше-мемлекеттің аумағында ұсынуға осы Мүше-мемлекет барлық уақытта

Корпорацияға уәкiлеттiк беретiн болып саналады.

     63-бап. Күшіне енуi


     Осы Шарт жарғылық капиталға жарналары жиынтығында Жиырма Бес Миллион

Ислам динарынан (ІD 25,000,000) кем емес құрайтын қабылдау туралы

бекiтiлген грамоталарды немесе құжаттарды Мүше-мемлекеттер сақтауға

тапсырған сәттен бастап күшiне енедi.

     64-бап. Қызметтiң басталуы


     (1) Басқарушылар Кеңесi өзiнiң бастапқы жиналысында Корпорация өз

қызметiн бастайтын күндi анықтау үшiн шаралар қолданады.

     (2) Корпорация оның қызметiнiң басталу күнi туралы өз Мүшелерiн

хабардар етуi тиiс.

     1992 жылғы 19 ақпанға сәйкес келетiн Қыжыра бойынша 1412 жылғы Шабан

айының 15 күнi Трипольда, Ұлы Социалистiк Халық Ливия Араб Жамахириясында

жасалды.



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады