Ғылыми зерттеулердiң тиiмдiлiгiн арттыру, Қазақстанның негiзгi астық өсiрушi аудандарында астық өндiру проблемаларына ғылыми-техникалық әлеуеттi шоғырландыру және қазiргi заманғы агротехнологиялар мен құнарлы топырақты қалпына келтiру технологияларын енгiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) "Ө.Ө.Оспанов атындағы Топырақтану институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын (бұдан әрi - Институт) 2002 жылдың 20 тамызына дейiн Алматы қаласынан Ақмола облысының Шортанды ауданындағы Научный кентiне көшіруді жүргiзсін;
2) Институтты көшiруге байланысты негiздеме мен шығыстар сметасын
әзiрлесiн және бiр апта мерзiмде Қазақстан Республикасының Қаржы
министрлiгiне енгiзсiн;
3) Институтты көшiруге байланысты мәселелердi шешсiн, сондай-ақ осы
қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Институтты көшiрудiң
бiрiншi кезектi шығыстарын қаржыландыру жөнiнде 2002 жылғы 10 шiлдеге
дейiн ұсыныстар енгiзсiн.
3. Ақмола облысының әкімі Институтты Ақмола облысы Шортанды ауданының
Научный кентіне орналастыруға байланысты ұйымдастыру мәселелерін шешуді
қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.